Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Көркем шығарманы СТО.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
771 Кб
Скачать
☆

4.Хикаялық проза-репродуктивтік ә.Б.Т

5. Қазақ прозасындағы символикалық әуездер. Символ - суреткер сомдаған кермек туындының түпнегізін төркіндеттіретін аса мәнді өзектердің бірлігінен, тектестігінен туындайтын деректі бейне. Абай орыс және Европа әдебиеттерінің классик. үлгілерін сің істірді. Оның М. Ю. Лермонтовтан аударған «Жалау» атты өлеңінде албырт жанның алып ұшқан ынтызарлығы мәңгі бұрқанған дүлей теңіздің тылсым сырымен үндестік табады. Осы ер алуан құбылыстың - адам табиғаты мен дүлей табиғаттың өзектестігі кек теңіздің бетінде асау толқынмен арпалысқан «жалғыз жалаудың» Символдық бейнесі ретінде көрініс тапқан.

Қазақ прозасында символды қолданудағы шеберлікті Ғ.Мүсіреповтің «Өмір жорығы», «Қыран жыры», М.Мағауиннің «Құмырсқа қырғын» аттыәңгімелерінен көруге болады. «Құмырсқа қырғын» атты философиялық ойға құрылған әңгіме табиғат құдіретіне бас июді ғана емес, өмір үшін күрес, қазіргінің жалғасы, болашақтың тұтқасы – жас ұрпақ пен  ертеңіміздің кепілі – жер-анамызды қастерлеу туралы сыр десе де, болады. Автор-кейіпкер құмырсқа илеуін көркемдік деталь ретінде ала отырып, оны бір қауым елдің, тіпті мемлекеттің символдық (рәміздік) белгісіне айналдырады. М.Мағауиннің бұл әңгімесіндегі көзге түсетін, көңілге ұялайтын ерекше жәйттар – символикалық пен философиялық сипаттардың берік жымдасып, табиғи кіріге түсуі. «Құмырсқа қырғынындағы» өзгешеліктің бір ұшығы осында. Қаламгер бұл шығармасында тырнақ ұшындай көзге көрінер-көрінбес құмырсқалар тіршілігін адамдар өмірімен қатарластыра алады. «Жекелеген құмырсқалар ішке кіріп, тары дәнінен сәл ғана үлкен, сопақша жұмыртқаларды тістеп алып шыға бастады. Мұндағы ең үлкен олжа – болашақ ұрпақ өндімек панасыз жұмыртқалар. Өз илеуіне апарады. Шайқап шығарады. Содан соң… ата-тегін білмейтін жетімдерді түгел жұмыскер – мұндағы билеуші жұртқа тегін азық-түлік жинайтын құл-құтан немесе басқа бір, жат әулетпен соғысқа, тіпті, кешегі өз нәсіліне қарсы майданда алға салатын жанкешті жауынгер етіп шығарады. О, құдірет! Тура өзіміздің мәңгүрттер!» [19, 103 б] – деп, терең философиялық тұжырымның да мәнін ашады. Дүниедегі ең кішкентай жәндіктер тіршілігіндегі әділетсіздік, теңсіздік арқылы адам баласына ой салу, мәңгүрттік сананың тамыр-тегін ұқтырудағы авторлық қолтаңба барлығы да бүгінгі прозаның ерекше бітімі ретінде зерделенді. Қазақ халқының ғасырлар бойғы жаратқан ең аяулы қасиеті – өзара ауызбіршілік пен өзін-өзі құрметтеу, жатқа берілмеу, ұрпақ болашағын ойлау мұраты тұспалданғандығы талданды.

Ұлт әдебиетіне ортақ жаңа сапалар, өлшемдердің елеулісінің бірі – қазіргі қазақ прозасының символикалық сипаты. Біздің басты назар аударатынымыз да бұрыннан бар тәсілдің қазіргі заманғы жаңа болмысты прозадағы өзгеше жаңғыруы мен түрленуі болмақ. Осы тұрғыдан алып қарағанда, М.Мағауиннің тағы бір алып отырған символикасы – Қасқыр – Бөрі. «Қасқыр – Бөрі» [19, 329 б] атты шағын әңгімесі өзінің құрылымдық жағымен ерекшеленеді. Шағын әңгіменің «Қазақтың қасқыры – қасқыр емес, шене, құрт кезінде, яғни бағзы заманда әлемдегі ең айбарлы аң болған» дейтін бастауынан бастап бабамыздың байрағына түсіп, жүрек пен рухтың, қайтпас ерліктің ұранына айналған боз құрт, шене туралы толғанысы назар аудартады. Бөрінің орнына қасқыр келді, бірақ шын мәнісінде екеуі – бір-ақ аң: бөрі деген – қасқыр, қасқыр деген – бөрі. Сырттай қарағанда, атау ғана ауысқан тәрізді болып көрінеді. Ал, шын мәнісінде… бәрі өзгерді. Кейінгі қасқыр бұрынғы бөрідей бола алмады. Абыройсыз істің бәрі қасқырға телінді. Баяғы құрт пен шенеден, кешегі бөріден қалған бақ, көшкен рух қасқырға қонбапты. Бұрын батырды бөріге теңесе, енді қадыр-қасиеттен ада зұлым адамды қасқырға теңейтін болыпты. Дегенмен, қасқыр мен бөрі – атауы бір, түп негізі ортақ, бір-ақ мақлұқ емес пе? Қасқыр қанша азса да, оның бөрі атауының ескірмеу себебі неде, қасқырға қашан, қалай айналғаны туралы ой толғайды.  «Ал мен көрген сияқтымын. Бөрінің қасқырға емес. Қасқыр атанған бөрінің қайтадан әуелгі – бөрі кейпін тапқанын» [18, 330 б], – деп әңгіменің ішіндегі  әңгімені бастайды. Ырсиған, арық, қу сүйек қасқырдың жалаңаш денесі мен иленген теріні бір-біріне антитеза пішінінде қарама-қарсы алады. Ырсиған қасқырдың жалаңаш денесі қандай аянышты болса, жаны жоқ, тіпті ішкі  мүрдесі де жоқ иленген тері сондай. Мұхтар Мағауиннің «Қасқыр – Бөрі» атты әңгімесі қазіргі қазақ әңгімесіне құрылымдық, түрлік өзгешелік әкелген соны туынды болып табылады. Сондықтан бұл әңгімені – аманат  әңгіме деп пайымдауға толық негіз бар. Біз өткен ғасырдың 20-ыншы жылдарында дүниеге келген «Көксерек» повесін қазіргі қазақ прозасындағы «қасқыр-бөрі» бейнесін ашу мақсатында салыстырдық. Асқар Алтайдың «Алтай элегиясы (Қызыл бөлтірік)» повесть-притчасының, Думан Рамазанның «Көкжалының», Жанат Ахмадидың «Кезінгеннің кезі», «Ажал аузында», «Кие» атты әңгімелерінің негізінде іздену жалғастығы мәселесін қарастырдық.

М.Әуезовтің соңғы сөйлемі, Көксеректі басқа тебуімен аяқталды. Өлі қасқырды басқа тепсе, ал керісінше Жанат Ахмадидің «Кие» әңгімесінде авторлық ой басқаша өрбиді. Автор хайуанаттар паркіне қамауға түскен Қызылшолақтың іс-әрекетінің өзін өзгеше суреттеп кесек бейнелейді. М.Мағауиннің «кейінгі қасқыр – бұрынғы бөрідей бола алмады…» дегеніндей Қызылшолақ қасқыр өзінің бөрі қалпын сақтап қалған – кейінгі қасқыр. Оны мынадан көруге болады. Қызылшолақ өзінің тектілігін көрсетіп, хайуанаттарды бағып-күтетіндердің берген тамағын кісі көзінше жемейді. Еті бар кесек сүйектерді алдына тастағанда оған көз қиығын ғана салып қойып, мойнын қырыс бұрып жатып алады. Жаратылысынан сонша ашқарақ жыртқыш әшейінде өлгенше күресуге бар тамақ үшін басын да игісі келмейді. Автор Қызылшолақтың қайсар қиқарлығынан нағыз бөріге тән тектілікті көрсеткендей. Қырыс, қияс – деп қасқыр мінезін портрет арқылы берген жазушы Көкшұңқырдай көк мұнар тауын аңсаған көкжал тұтқынның қамауға көнгісі келмей, тамағы тоқ болса да ыстық қамау жеп қойған арып-аршыған жабағы түрі – табиғаттың өз таразы өлшемі бұзылғандықтан деп пайымдайды. Қызылшолақ бейнесі осы зоопарктегі аңдар патшасы деп саналатын арыстан мен жолбарыстардың, түлкінің өзімен психологиялық паралеллизмен қатарластыра алады да бір-біріне антитеза тәсілі арқылы қарсы қояды. Автор осы үш түз тағысының тас қамауда өздерін қалай ұстайтындарына оқырман назарын аудара отырып салыстырмалы-салғастырмалы түрде өз ойын ортаға салады. «Қасқыр атаулының зоопаркте ұйығып, бөлтірік ертіп күшіктегенін көрген кісі бар ма екен? Ұрпағын қасіретке бөлегісі келмегендіктен бе, әлде кекшіл, қайсарлығынан ойынды қойып, ұйығуға да қырыстана ма екен?» ­– деп автор риторикалық сұрақ қояды. Қасқыр өзінің еркіндігіне, еркіне шек қойғызбайтындығының бір мысалы: цирк өнеріне қасқырдан басқа жыртқыш біткеннің бәрін де, тіпті аң патшасы арыстанды да, сонан кейінгі жолбарысты да баулуға болады екен. Тек қасқыр ғана адам баласының айтқанына көніп, айдауына жүрмейді екен.

Автор бұл шығармасында кие концептісін негізгі арқау етіп алған. Ш.Уәлиханов «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты еңбегінде: «Қазақтар киеге үлкен мән береді. …Кейбір жануарлар мен құстар, көшпелі тұрмысқа қажет заттарды киелі деп қастерлейді. Жан-жануарлардың киесін қадірлемеу киенің қаһарын туғызады. Киенің ашуы, қаһары кесір деп аталады» [20, 302 б], – деп түсініктеме берген. Қазақ халқындағы «киіктің де киесі бар», «иттің иесі болса, қасқырдың тәңірі бар» деген мақал-мәтелдер – соның айғағы. Қызыл шолақты құрықпен ұстаған Адырқұлды қасқырдың киесі атады. Ж.Ахмадидің Қызылшолағы жоғарыда атап өткен М.Мағауиннің қасқыр бөрісіне айналғанын, кешегі тектілікті бойына жиған бөрілердің символын береді.

«Ойнақтап толқын, жел гулеп, Майысар діңгек сықырлап, Ол жүрген жоқ бақ іздеп, Кашпайды бақтан бойды ұрлап». Осы секілді сәйкестік жүйелерін Абайдың басқа өлендерінен де ұшыратуға болады. «Жартас»атты аударма өлеңінде кәрі жартасты мешеу қарт бейнесінде, оның басына қонып кетіп тұратын ұшпа бұлтты таңсығы басылмаған жас қыз бейнесінде суреттеп, сол табиғат құбылысы мен адам мінезінің құбылмалық сипатын ортақ С-мен белгіледі. Ал өзінің «Сегіз аяқ» өлеңінде: «Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Онан да шықты жаңғырық, Естісем үнін, Білсем деп жөнін, Көп іздедім каңғырып. - Баяғы жартас - бір жартас, «Қаңқ» етер, түкті байқамас», - деп жартас бейнесін жалаң табиғат көрінісі емес, адам мен табиғатқа ортақ қоғамдалған шындықтың деректі бейнесі ретінде суреттеді. Жалпы Абай өлеңдерінде Символ тәсілін қүбылыстардың егіздеуіне, ішкі сәйкес тіктер жүйесіне орайластыра қолданды.

Символ (таңба) (символ (знак); character, symbol) —

1) таңбалық жағдайда басқа объектінің орнына қолданылатын объект;

2) бедербелгілік тізбекше немесе қандай да бір нәрсені белгілеуге пайдаланылатын бірнеше бедербелгі;

3) белгілі бір алфавит бірлігі, таңбасы. Стандартты әріптік, цифрлық белгілерден немесе арнайы таңбалардан тұратын символ;[1]

Символдың табиғатыӨңдеу

Символдың табиғаты мағынасын ашып, түсінуді қажет етеді. Сондықтан да өзіндік таным, тіршілігіне байланысты белгілі бір символдар тілінде түсінісетін топтың қалыптасуына мәжбүрлейді. Символ астарлы мағынаға бай болғандықтан әркім өзінің ұғым-түсінігінің дәрежесіне сай тереңдеп түсініп, өз мүмкіндігіне лайық қажетті мәнді табады. Философия тарихында Символ негізінен транцедентті, хикметті әлемді бейнелеп, тану үшін қолданылған. Мәселен, Сократ “болмыс ақиқатын” ақиқаттың көз қарықтырар нұрынан қорынғандықтан тікелей емес, жанама бейнелермен тануға шақырды. Э.Кант символды қоршаған дүниені рухани тұрғыда игеретін эстетикалық құрал ретінде таниды. Неокантшылдық бағыттағы Кассириер символды рухани әлемді танытатын әмбебап құрал деп түсіндіреді. Дінде символдың орны ерекше. Көптеген діни салт-жоралғылар мен рәсімдер символдық мәнге ие.

Символ (грекше symbolon — танымдық белгі, таңба, бернелеу)

лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді;

өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Символ көркем бейне мен ұғымның аралығында екеуінің де қызметін атқара алады. Алайда символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай, ал көркем бейнеден гөрі нақтылы мәнге ие. Символдың символикалық формасы сақтала отырып, ишаралайтын нәрсесімен салыстыра тану барысында көпқырлылығы ашылады, бұл оның ерекшелігі болып табылады.

Ғ.Мүсіреповтың "Жапон балладасы" символдан тұрады

Шығармада адамзат тарихында тұңғыш қолданылған атом бомбасының Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қаласына , адам мен табиғатқа тигізген зардабы жайлы жазылған. Сонымен қатар балладада ядролық жарылыстың ауыр зардабын шеккен жапон халқының жан түршігерлік трагедиясы сипатталған. Оны жазушы поэзиялық леппен, терең сыршыл сезімталдықпен жеткізе білген. Баллада негізінен 3 әңгімеден тұрады : «Арқаның әңгімесі», «Көздің әңгімесі», «Тастың әңгімесі». Осы арқылы XX ғасырдың ең сұмдық, ең жауыз қасіреті — атом апатын әшкерелейді. Жазушы қара мрамор тасты сөйлету арқылы сұрапыл апат жайын, темір өртенген күн, тас өртенген күн жайын, адам баласының бұл маңайда түгел қырылып жоқ болғанын баяндайды. "Көздің әңгімесінде" жиырма жыл бойы жарық дүниені көрмеген қыз көруден өз үмітін үзбейді. Ал "Арқаның әңгімесінде" дәрігердің: "Арқаң Жапонияның географиялық картасындай", — деген сөздері арқылы автор ауыр апаттың азабын дәлелдей түседі. Ол: "Мен бұл апатты ешкімге тілемеймін. Әсіресе тоқсан қабат, жүз қабат үйлердің мұндай апатқа ұшырауын тілемеймін. Сол үйлерде құмырсқа илеуіндей ығы-жығы тұратын адамдардың үйіліп, өртеніп жатқанын тілемеймін", — деп жан даусымен үн қатады. Ал "Арқаның әңгімесінде" дәрігердің: "Арқаң Жапонияның географиялық картасындай", — деген сөздері арқылы автор ауыр апаттың азабын дәлелдей түседі. Ол жігіт жиырма жыл ішінде арқасын он алты рет жаматқан.Атом бомбасынының әсерінен екі үлкен қаланың қақ жарты халқы қас қаққанша қырылып, жоқ болғанын, атом бомбасының ауыр зардаптары мен зиянын жазушы шебер суреттеген.

Символизм — 19 ғасырдың соңғы ширегі мен 20 ғасырдың басында Еуропада әдебиет пен өнерде өріс алған ағым. Символизмнің шығуына буржуазиялық мәдениеттің дағдарысқа ұшырап, тарихи-әлеуметтік жағдайдың өзгеруі себеп болды. Символизм ағымында жазылған шығармалар шындықтан аулақтап мистикаға, декаденттік сарындарға бой ұрды. Көркемөнердің қоғамдық-әлеуметтік мәнін мансұқтап, адам болмысын танытудан гөрі қаһарманның дарашылдығын жақтады, әлеуметтік мәселелерден бой тартты. Символизм эстетикасының негізі 19 ғасырдың 60 — 70-жылдарында П.Верлен, С.Малларме, А.Рембо, т.б. шығармаларында көрініс тапты. Символистер теориялық түп қазығын немістің идеалист философтары А.Шопенгауэр, Э.Гартман, Ф.Ницше еңбектерінен алды. Ресей символистері батыстық символистердің ұстанған бағытын қабылдап, идеалистік философия тұрғысында шығармалар жазды (Д.Мережковский, Ф.Сологуб, З.Гиппиус, К.Бальмонт, т.б.). Орыс символистері сөз өнерін тереңдете мәнерлей түсті. Алғаш символизм ауқымында біраз шығармалар жазған орыстың көрнекті ақын-жазушылары А.Блок, В.Брюсев, т.б. кейінірек бұл бағыттан мүлдем бас тартты. Қазақ әдебиетінде символизм кең өріс алмағанымен, оның әсері 20 ғасырдың алғашқы ширегінде М.Жұмабаев, Б.Күлеев, С.Дөнентаев, т.б. қаламгерлер шығармаларында бой көрсетті. Реализм мен импрессионизм бағытынан бас тартқан символист-суретшілер картиналарының сюжетін көбіне мифология, мистикалық немесе фантастикалық сюжетке құра отырып, осыған орай кескіндемелік туындыларында адамның психологиялық көңіл-күйі мен сезім иірімдерін пошым, сызық пен бояу түсі арқылы беруге ұмтылды. Бейнелеу өнерінде Г.Моро, О.Редон, П.Гоген, А.Беклин, Э.К. Берн-Джонс, М.К. Чюрленис, М.А. Врубель сынды қылқалам шеберлері символистік бағытта көркем туындылар жасады.

6. Қазақ прозасындағы мифология ақпараттық - рецензия әдісін қолданыңыз. Қазақ әдебиетіндегі мифология өзіндік тарихы бар, іргелі сала ретінде қалыптасқан, орныққан зерттеу нысаны. Мифология туралы зерттеулер жүйесінің бастауы мифтер, яғни мифтік сюжеттер.

Аңыздар мен мифтерді көркем әдебиетте әдеби тәсіл ретінде қолдану ХХ ғасырдың 70 – 80 жылдарынан бастап, кеңінен өрістеп дамыды. Бұл тек қазақ әдебиетіне емес, көршілес елдерге де тән құбылыс. Кеңестік дәуірдегі сөз зергерлері В. Быков, А. Мұхтар, Т. Ахтанов, В. Астафьев, Р. Ғамзатов, А. Ким, В. Белов, С. Наровчатов т.б. қаламгерлер шығармаларынан аңыздық прозаның айшықты үлгілерін жаңа мазмұндық формада пайдаланғанын көреміз. Қырғыз халқының көрнекті жазушысы Ш.Айтматов фольклорлық сарындарды, мифтік мотивтерді өз туындыларына қолданудың шебері. Оның «Боранды бекет», «Ақ кеме», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» сияқты романдарындағы халықтық аңыз-әңгімелер, мифтер адам тағдырымен, адам ғұмырымен сабақтас өріледі. Әсіресе «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» романы пенде бойындағы сарқалмас қуаттың, өшпес рухтың белгісін көрсете отырып, оны мифологиямен байланыстырады.

Мифтік шығармашылықты әдебиетте қолдану сонау фольклорлық шығармалардан келе жатқан құбылыс. Өзінің сакральдік, яғни киелілік қабатынан адамзат қоғамының дамуы барысында біртіндеп ажыраған миф түрлі ертегі, хикаят, аңыз, әпсана, т.с.с ауыз әдебиеті үлгілерінің жасалуына материал болды. Бірақ бұларда мифтік сана, яғни шынайы болмысты қиялмен қабылдайтын пайым жанр поэтикасының талабына сәйкестік міндетті түрде болды. Ал адам санасына «мифтік емес» сипат тән кейінгі ғасырларда миф түсінігіне қатысты барлық категориялар «аяқ – қолын жиыстырып» автордың қаламына тән стильдік ерекшелікті һәм даралықты көрсететін көркемдік тәсіл қызметін иеленді. Мифтік шағармаларда жиі қолданылатын мотивтер оның шындығында, есте жоқ ерте замандарда пайда болғанын айғақтайды.

Жалпы қазақ әдебиеттануында мифтик шығарма тілі мен әдеби тілдегі өзара сабақтастық жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Десек те, әдебиет пен мифологияның өзара байланысын, мифологиялық дүниетанымның көркемдік ойлау жүйесіндегі орнын өз еңбектерінде зерттеу обьектісі ретінде алған біршама ғылыми еңбектер бар. Атап айтар болсақ, А.Жақсылықовтың «Қазақ әдебиетіндегі діни мазмұнды шығармалардағы әуен, идея және образдар (типология, эстетика, генезис)», Г.Пірәлиеваның «Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері (түс көру, бейвербалды ишараттар, заттық әлем)» атты докторлық, А. Мәуленовтің «Қазіргі қазақ прозасындағы аңыздар мен мифтердің көркемдік қызметі», Л. Мұсалының «Символ және оның көркемдік қызметі», Г. Шаинованың «Роллан Сейсенбаев прозасындағы мифологизм» кандидаттық диссертацияларын атауға болады. Аталған авторлар негізінен прозалық туындылардағы мифологизм мәселесіне әр қырынан келіп, салмақты ойлар тұжырымдаған. Сондай-ақ ұлттық мифологияны арнайы зерделеген С.Қондыбайдың төрт кітаптан тұратын еңбегін айтуымызға болады.

Қазақтың белгілі ақыны Есенғали Раушанов «...Қауырсын боп мен неге жаралмағам?» деп ұлт санасында киелі құс аққудың қанатын айту арқылы мифтік құбылушылықты жақсы қолдана білген. Халық ұғымындағы киелі құс – аққудың қанатына жырды телу – ақындық қиялдың жемісі ғана емес, табиғатқа деген шексіз ынтызарлық пен сүйіспеншіліктің де көрінісі. Мифті зерттеуші С.Қондыбай «қазақтың тектік танымында аққудың орны айрықша» екенін атап көрсете отырып, «Мифологияда аққу – үш кеңістікте, яғни, суда, жерде, аспанда қозғала алады, сондықтан да үш кеңістікті жалғастыру қабілетіне ие аққуды мифтік медиаторлар қатарына жатқызады», – дейді. Құстар әлемі Есенғали шығармашылығынан ерекше орын алатынына құстар тақырыбындағы лирикалық әуенге толы танымдық мақалалары дәлел. Сондай-ақ құсқа айналу желісі – оның поэзиясындағы тұрақты сарын деуге болады.

Мифтік сана сілемінде өлімді бір табиғи түрден екінші түрге өту деп қараған сенім бар. «О дүние», «бұ дүние», «тірілер әлемі», «өлілер әлемі» арасындағы шекара туралы таным-түсініктер құбылушылықпен де байланысты. Өлім, яғни өлілер патшалығына – қызығушылық туғызады. Мифтегі, хикаядағы, ертегілердегі есімдерге келетін болсақ: Д.Досжановтың «Пайғамбар» повесіндегі пайғамбар, А.Мекебаевтың «Жезтырнақ» повесіндегі жезтырнақ, М.Жұмабаевтың «Ертегі» поэмасындағы жезтырнақ, Д.Исабековтың «Ертегі елінде немесе қоштасу вальсі» повесіндегі «дию», «пері», «албасты», «сайтан», «шорту-марту» есімдері кезінде фольклорда өз орындарын тапса, енді қазіргі қазақ прозасымен үндестік тауып, қайта жаңғырып отыр. Қазақ прозасында реминисценция үлгісіне «жезтырнақ» бейнесін алуға болады. Бұл М.Жұмабаевтың «Ертегі» поэмасынан және А.Мекебаевтың «Жезтырнақ» повесінен көрінеді. «Жезтырнақ» – әйел кейпіндегі жын (дух). Ол орманда өмір сүреді. Жезтырнақ туралы аңыздар көп», – деп жазады Ш.Уәлиханов.

Ал, А.Мекебаевтың «Жезтырнақ» повесіндегі жезтырнағы былай суреттеледі: «Ең азабы – көз алдына елестейтін қаныпезер қорқаудың өз анасына ұқсайтыны. Сосын еріксіз әжесінің жеңіне күдіктене қарайды. Тұла бойы түршігеді. Ту сыртындағы қоң етіне алмас тырнақты он саусақ сүңги еніп тұрғандай, жұлын тұтасындағы он нүкте, сыздап сырқырап қоя береді».

М.Жұмабаевтың «Ертегі» поэмасындағы жезтырнағы ол фольклорда ертеден бар жезтырнақ. Ал А.Мекебаевтың «Жезтырнағы» түрленіп, өзгеріп, жаңарып келген жезтырнақ. Екеуі де авторлық танымға қызмет атқарып тұр. М.Жұмабаев Сыздық батырдың қырағылығын, ержүректілігін, батырлығын ашу үшін жезтырнақты қолданып тұрса, ал А.Мекебаевтың «жезтырнағы» бір үйдің шаңырағын ортасына түсіріп, өш алу құралына айналады. Қазақы танымдағы зәрені алатын жезтырнақ образы қолдан жасалып, Тұрманқожа жезтырнақ кейпіне еніп, мола басында құран оқып отырған Жұмағұлды жезтырнақ болып қорқытып, ақыры өлтіріп тынады. «Әзірейіл қол шошаңдататындай, тайраңдап билейтіндей, қарқылдап күлетіндей, артынан айқайлап қол безейтіндей. Ол сана айқындығын үрейдің соқыр тұманымен тұмшалады да манаурай ауырсынып, ұйқыға ұқсас түйсіксіз болмыстың құрдымына шын батты». Бұл жерде автор оқиға сюжетіне «үрейді» кіргізе отырып, психологиялық сезімдік нақыштарға қатты мән берген.

Пері, албасты, жезтырнақтан қорқатын қазаққа «жезтырнақ» атын пайдаланып Тұрманқожа өзінің арам ойын іске асырады. Авторлық ой гротескілі формамен берілген.

«Аспанда сұп-сұр, жер де сұп-сұр. Тымырсық көктің төсіне тұтаса түнеріп түбіт жүні түтіле сіркіреген бура бұлттар жерге енді-енді жүрелеп жата кетердей төнеді. Бұтақтары жауынға шалынған жас жыңғылдар қан қызыл. Қара барақтар, итсигектер маужырай тұнып күлтеленіп тұр. Бойына ылғал тартқан бұйрат құмға ат тұяғы тисе астынан бұрқырап құрғақ ақ топырақ көрінеді». Неліктен автор сұр түсті қалап тұр? Ақын Абай «сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан», Д.Г.Байрон «көңілім менің сұп-сұр» деп табиғат пен адам көңілі арасындағы байланысты психологиялық параллелизм әдісімен бейнелегендей «сұр түс» бұл жерде ақкөңілі кірленіп, күдік пен күмән басып, сұп-сұр болып, жезтырнақтан кек алуға бел байлаған кейіпкер характерін береді. Градация формасымен берілген бұл пейзаж көрінісімен осы бір отбасына, Әуез басына төніп келе жатқан қауіп-қатер, трагедияның да ұлғайып келе жатқанын психологиялық прапллелизм тәсілімен орынды берген. Автордың айтпағы «жезтырнақ» деген суық сөздің өзі бір отбасына қаншама қайғы, мұң, зар әкелгендігі. Поэтикалық дамудағы жаңа белестер көркемдік көкжиектің кеңеюіне әкелері анық. Қазақ әдебиетіндегі мифтің мән мағынасын ашу арқылы ата- бабаларымыздың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы, әдет-ғұрпындағы, мәдениетіндегі толып жатқан құндылықтарын танып- білуімізге болады. Олардың білімнің, ғылымның , мәдениеттің, өркениеттің дамып жетілген уақыттағы жазба әдебиетімізге қосқан үлесінің молдығын сол шығармаларды оқып, шығарма бойындағы мифтер тамырына терең бойлап қана көз жеткізуімізге болады.