Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
normo_kontrol_tek_bakal_2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
653 Кб
Скачать
☆

4 Курс студенті Байшанова а.Ә.

Ғылыми жетекші

б.ғ.к., аға оқытушы Кулбаева М.С.

Норма бақылаушы

б.ғ.к., аға оқытушы Кулбаева М.С.

Алматы, 2013

Құрылымы

Дипломдық жұмыс

4

Реферат

тұжырым

5

Резюме

Рефератта көрсетілуі тиіс:

  • жұмыстың көлемі, иллюстрация, кестелер мен суреттер, пайдаланған әдебиеттер саны;

  • кілттік сөздер тізімі;

  • жұмыстың мақсаты мен міндеттері;

  • қолданылған әдістемелер мен аппараттар;

  • алынған нәтижелер;

  • практикалық құндылығы.

Реферат көлемі 1000 белгілерден аспау керек (1 бет)

Реферат

Дипломдық жұмыс 61 беттен, 6 кестеден, 10 суреттен тұрады, пайдаланған әдебиеттер тізімі 90, соның ішінде 20 шетелдік болып табылады.

Кілтті сөздер: вибрация, биопотенциал, биологиялық активті нүкте, биологиялық ырғақ, фаза, ортафаза, акрофаза, период, жиілік, мезор, амплитуда.

Жұмыстың мақсаты: жануарлардың терісіндегі биоактивті нүктелердің электрофизиологиялық көрсеткіштері бойынша вибрацияның әсерін зерттеу.

Жұмыстың міндеттері: қалыпты жағдайдағы қояндардың аурикулярлы биологиялық активті нүктелерінің биопотенциалын зерттеу.

Стресс фактор әсеріне түскен қояндардың аурикулярлы биологиялық активті нүктелерінің биопотенциалының көрсеткіштерін анықтау.

Қалыпты және вибрацияға түскен қояндардың терісіндегі аурикулярлы биологиялық активті нүктелерінің биопотенциал көрсеткіштерінің хроноқұрылымдық параметрлерін айқындау.

Зерттеу обьектісі және әдістері: алға қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін тәжірибеге виварий жағдайында өсірілген қоянның шиншилла тұқымдасы алынды. Тәжірибеге алынған қояндар екі топқа бөлінді. Бірінші топтағы қояндар (бақылау - қалыпты) ешқандай әсер алмаған қалыпты жағдайда ұсталған қояндар тобы, екінші топта 10 Гц-ке тең жалпы вибрация тудыратын арнайы «Виброн » аппаратында ұсталған қояндар.

Тәжірибеге алынған екі топтағы қояндардың аурикулярлы биоактивті нүктелерінің биопотенциялдары зерттелді. Биопотенциалдарын тіркеп алуға «Биопотенциометр» арнайы аспап пайдаланылды. Терідегі сигналдарды тіркеп алу арнайы Э1 және Э2 электродтары арқылы орындалады. Э1 электроды - активті электрод, тері бөлігінен потенциалдарды өлшеуге арналған, ал Э2 электроды - пассивті электрод, медициналық дәкімен тазаланған құлақ қалқанының ұшына тіркеледі. Тәулік ішіндегі 12, 15, 18, 21, 24, 03, 06, 09, 12 сағат аралығында өлшеу жұмысы жүргізіледі. 2-ші топтағы жануарларды белгіленген уақыттардан 1 сағат алдын тәжірибеге қойылады.

Алынған нәтижелер: қалыпты және вибрация әсеріндегі қояндардың терісіндегі аурикулярлы биоактивті нүктелердің биопотенциалының көрсеткіштерінің тәуліктік динамикасының ерекшеліктері мен хроноқұрылымдық параметрлері талданды.

Практикалық маңыздылығы: бұл жұмыстың нәтижелері хронофизиология саласына қосқан үлес болып табылады. Биоырғақтардың хроноқұрылымдық параметрлерінің өзгерістерін анықтайтын ақпараттық индикаторды вибрация әсерлеріне ағзаның бейімделу мүмкіндіктерін анықтауда пайдалануға болады.

Енгізу туралы нәтижелері: баспадан шыққан мақалалардың жалпы саны 3. Оның ішінде 2 мақала, 1 тезис. Конференцияның жұмысына қатысуы – 1.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]