Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Этап_ОСКЭ_каз_ВД.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70 Кб
Скачать
☆

«Жүрек-қантамыр жүйесі»

Экзаменаторға ақпарат: студенттердің зерттеу әдісін анықтауы, кеуде торы мүшелерінің сәулелік анатомиясын білуі, рентгенограммаларды интерпретациялауы бойынша тәжірибелік дағдыларын төменде келтірілген критерийлерге сәйкес бағалаңыз.

қадам№

Қадамдарды бағалау критерилері

Максималды балл

Өте жақсы (асқан)

қолайлы

Түзетуді талап етеді

қолайсыз

1

Коммуникативті дағдылар: студент сәлемдесті, өзін-өзі таныстырды

5

3

1

0

2

Рентгенограмманы негатоскопқа дұрыс орналастыру. Кеуде торы мүшелерінің рентгенограммасын негатоскопқа дұрыс орналастырғанда суреттің сол бөлімінде – қолқа доғасы, жүрек көлеңкесінің 2/3, көкеттің сол күмбезінің астында асқазанның ауа толған түбі анықталады.

10

7

7

0

3

Зерттеу әдісін анықтау. Зерттеу әдісі - кеуде торы мүшелерінің тура бағыттағы жалпы шолу рентгенограммасы.

15

11

6

0

4

Зерттеу әдістемесін дұрыс сипаттады.

14

11

7

0

5

Рентгенограммада жүректің кардиометриялық өлшемдеін анықтау. Жүректің сол контуры сол жақтық бұғана ортаңғы сызықтан аспауы тиіс. Кардио-торакальный индекс (КТИ) – жүректің көлденең өлшемінің кеуде торының көлденең өлшеміне қатынасы (қ.ж. 0,4-0,5). Жүректің көлденең өлшемі оң жүрекше доғасының алыс жатқан нүктесінен орталық сызыққа дейін және сол қарыншаның алыс нүктесінен орталық сызыққа дейін жүргізілген сызық арқылы анықталады (қ.ж. -12-13см). Кеуде торының көлденең өлшемі көкеттің оң күмбезі деңгейімен анықталады.

15

11

7

0

6

Кеуде торы мүшелерінің тура бағыттағы рентгенограммасында жүрек және ірі қантамырлар доғаларының контурын анықтау және бағалау.Кеуде торы мүшелерінің тура бағыттағы рентгенограммасында оң жақта жүрек және ірі қантамырлардың 2 доғасы анықталады (жоғарыда қолқаның жоғарлаған бөлімі, төменде оң жүрекше контуры);

Сол контуры бойынша 4 доғаны анықтайды (1 – қолқа доғасы, 2 – өкпе артериясының бастау алған орны, 3 – сол жүрекше құлақшасы, 4 – сол қарынша контуры).

15

12

8

0

7

Кеуде торы мүшелерінің тура бағыттағы рентгенограммасында жүрек патологиясының белгілерін бағалау. Жүректің көлденең өлшемінің өзгеруі, кардио-торакальді индекстің өзгеруі, оң атрио-вазалды бұрыштың ығысуы, жүрек доғаларының өзгеруі, қолқа және өкпе сабауының өзеруі, өкпе түбірлері мен өкпе суретінің өзгеруі.

15

12

8

0

8

Осы рентгенограммадағы белгілерді негізге алып қандай қорытынды жасауға болады?

11

8

6

0

- патологияның скиалогиялық суретіне анықтама бере алмады

- зерттеуді қорытындылай алмады және уақытында орындап үлгермеді

Кафедра отырысында қаралды және бекітілді. Хаттама № 3, 25 қазан 2014 жыл.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.д ., профессор Ж. Ж. Жолдыбай

«Келісілген»

морфологиялық пәндер ББК

Төрайымы

Дюсембаева А.Т. ___________

Хаттама № 3, 20.11.2014ж.

«Бекітемін»

Базалық пәндер оқу департаментінің директоры

Мустафина К.К. _________________

«____»___________2014ж