- •«Басқарушылық шешім» термині процесс ретінде және құбылыс ретінде
- •Басқарушылық шешімдердің экономикалық мәні неде?
- •3. Басқарушылық шешімдердің құқықтық мәні нені білдіреді?
- •Шешімді қандай белгілер сипаттайды?
- •Басқарушылық шешімдердің ерекшеліктері қандай?
- •«Басқарушылық шешім» түсінігінің мәнін ашыңыз.
- •Шешімдерді қабылдау процесі қандай сипатқа ие болуы мүмкін?
- •Басқарушылық шешімдердің ұйымдық мәнін сипаттаңыз.
- •Басқарущылық шешімдер қалай жіктеледі?
- •Тіркеу әдісі бойынша басқарушылық шешімдердің түрлерін атаңыз.
- •Интуитивті шешім дегеніміз не?
- •3. Пайымдауға негізделген шешімнің мәні неде?
- •«Басқарушылық шешім» термині процесс ретінде және құбылыс ретінде
- •Басқарушылық шешімдердің экономикалық мәні неде?
- •3. Басқарушылық шешімдердің құқықтық мәні нені білдіреді?
- •3. Басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асырудың ұйымдық құрылымын сипаттаңыз.
- •Ынталық-мақсаттық технологияның мәнін ашыңыз.
- •2. Ынталық-мақсаттық технологияны қолдану шарттары қандай?
- •3. Бағдарламалық-мақсаттық технология мақсатқа жетуге кепілдік бере ме?
- •Бағдарламалық-мақсаттық технология неге негізделеді?
- •Регламенттік технологияның мәні неде?
- •Регламенттік технология қандай шарттарда қолданылады?
- •П роцессорлық технологияның жиынтығын атаңыз.
- •Нәтижелер бойынша басқару технологиясының мәні неде?
- •3. Нәтижелер бойынша басқару технологиясын іске асыру кезеңдерін атаңыз.
- •1. Қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару технологиясы неге негізделеді? Ол қайда тиімді іске асырылады?
- •2. Тұрақты түрдегі тексерулер мен нұсқаулар арқылы басқару технологиясы шеңберінде басшының әрекеттері қандай?
- •3. Ерекше жағдай дегеніміз не? Оған не жатады?
- •1. Ерекше жағдайларда басқару технологиясы шеңберінде жұмысшының әрекеттерін сипаттаңыз.
- •2. Жасанды зерде негізінде басқару технологиясының мәнін ашыңыз.
- •3. Қызметті белсендендіру қандай түсініктерді біріктіреді?
- •1. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру қандай процедуралардан тұрады?
- •2. Сыртқы және ішкі келістіру дегеніміз не?
- •3. Басқарушылық шешімді қабылдау процедурасын сипаттап беріңіз.
- •1. Басқарушылық шешімді бекіту процедурасы кезіндегі әрекеттер қандай?
- •2.Басқарушылық шешімді орындауды ұйымдастыру процедурасының мәнін ашыңыз.
- •3.Басқарушылық шешімдерді дайындаудың негізгі формалары атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
- •1. Басқарушылық шешімдерді жүзеге асырудың негізгі формалары қандай?
- •2. Басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асыру формаларын бірлесіп қолданудың механизмі қандай?
- •3. Жүзеге асыру формасы дегеніміз не?
- •Абырой дегеніміз не? Оның түрлері қандай?
- •Қашықтық абыройы қай жағдайда тиімді?
- •3. Қызықсыз және ауыр жұмыстар үшін абыройдың қай түрін қолдану қажет?
- •Басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асыруға басшының қандай сипаттары ықпал етеді?
- •Сәтсіз басшыға қандай сипаттар тән?
- •1. Басқарушылық шешімді дайындау мен жүзеге асыру кезінде «белгісіздік» пен «тәуекелдік» түсініктерінің мазмұндары қандай?
- •2. Тәуекел мен белгісіздіктің өзара байланысын айқындап беріңіз.
- •2. Белгісіздіктердің көбеюінен пайда болатын типтік қателердің тізімі
- •3. Басқару ісінің сипаты мен белгісіздіктің деңгейіне байланысты тиімді шешімдердің облыстары қандай?
- •1. Модель дегеніміз не?
- •2. Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі моделінің жіктелуін атаңыз
- •3. Индуктивті және дедуктивті модельдерге сипаттама беріңіз.
- •1. Модельдерді қолдану қай кезде орынды болып табылады?
- •2. Модельдердің негізгі элементтерін атаңыз.
- •3.Басқарушылық шешімді дайындау мен жүзеге асыру кезінде әдістер мен модельдердің әрекеттестігі қандай?
- •Проблеманы шешу үшін не қажет?
- •Экономикалық және материалдық жауапкершіліктердің айырмашылықтары неде?
- •Жауапкершіліктің гуманитарлық түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •Жауапкершіліктің мәні неде?
- •Жауапкершілікті қалай жіктеуге болады?
- •3. Жауапкершіліктің технологиялық түрлерін атаңыз.
Интуитивті шешім дегеніміз не?
Интуитивті шешім – бұл басшыда шешім дұрыс деген сезім болуы негізінде қабылданған шешім. Мұнда басшы барлық мүмкін нұсқаларды қарастырмайды, олардың барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін есепке алмайды және жағдайды түсінуді қажетсінбейді.
3. Пайымдауға негізделген шешімнің мәні неде?
Пайымдауға негізделген шешімдер жиі интуитивті сияқты көрінеді, себебі олардың логикасы айқын емес. Мұндай шешім – бұл біліммен немесе жинақталған тәжірибемен шартталған таңдау.
Емтихан билеті № 5
«Басқарушылық шешім» термині процесс ретінде және құбылыс ретінде
нені білдіреді?
Басқарушылық шешім – бұл ұйым мақсатына жетуге бағытталған және басшының лауазымдық өкілеттігі мен құзырлығы шеңберінде ол жүзеге асырған баламаларды таңдау.
«Басқарушылық шешім» термині екі негізгі мәнде қолданылады – процесс ретінде және құбылыс ретінде. Процесс ретінде басқарушылық шешім – бұл жеті негізгі процедураны орындау: ақпараттық дайындық, нұсқаларды әзірлеу, бір нұсқаны таңдау, бекіту, іске асыру, басқарушылық шешімдердің орындалуын бақылау және шешім инициаторын ақпараттандыру.
Басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыру процесі жауапты болып табылады, отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық және әдістемелік жұмыстарын, сонымен қатар жинақталған және жүйелі практикалық тәжірибені қолдануды талап етеді. Басқарушылық шешім – бұл басқарылатын жүйенің қызмет етуінің субъективті заңдарын білу негізінде және оның қызмет етуі туралы ақпаратты талдау негізінде басқару субъектісінің шығармашылық, жігерлі әрекеті. Ол проблеманы шешу бойынша ұжым қызметінің мақсатын, бағдарламасы мен тәсілдерін таңдаудан және бар мақсатты өзгертуден тұрады. Басқарушылық шешім басқару процесінің негізін құрайды. Кәсіпорын немесе ұйым шеңберінде басқарушы шешімдердің барлық типтерін қабылдайды. Сондықтан да басқарушылық шешімдердің инициаторынан технологиялық салаларда да жақсы білімдер талап етіледі
Басқарушылық шешімдердің экономикалық мәні неде?
Басқарушылық шешім компанияның экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, құқықтық және технологиялық мүдделеріне әсер етеді. Сондықтан басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру басқарушыдан шешім құрамы мен мүмкін нәтижелерге кең көзқарасты талап етеді.
Басқарушылық шешімдердің экономикалық мәні – кез келген басқарушылық шешімді әзірлеу мен іске асыру үшін қаржылық, материалдық және басқа ресурстар қажет етілуінен тұрады. Сондықтан әрбір басқарушылық шешім нақты өзіндік құнға ие. Ол басқарушылық қызметінің нәтижесі болып табылады және компанияға тура немесе жанама табыс әкелуі керек. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асырудан материалдық пайда мүмкіндігі мен шығындарды салыстыру арқылы бұл жұмысты өткізу орындылығын анықтауға болады.
3. Басқарушылық шешімдердің құқықтық мәні нені білдіреді?
Басқарушылық шешімдердің құқықтық мәні – берілген шараларды құқықтық өрісте жүзеге асыру мүмкіндігінде жатыр, яғни ҚР заң актілерін, халықаралық міндеттемелерді, компанияның жарғылық және басқа құжаттарын қатаң сақтау. Құқықтық өрісте басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру мүмкін еместігі шешімді жоюға алып келуі керек. Егер әзірленген шешім жойылатын болса, компания едәуір жоғалтуларға тап болуы мүмкін, ал шешімді заңсыз іске асыру жағдайында айыппұл есептелуі немесе басқарушылық шешім инициаторларының біреуіне қылмыстық қудалау болуы мүмкін. Заңдылықты білмеу заң бұзушылықты жауапкершіліктен босатпайды.
Емтихан билеті № 6
1. Шешімдерді қабылдау процесіне қандай факторлар әсер етеді? Шешімдерді қабылдау процесін модельдеу кезінде мұндай модельдердің негізгі элементтері туралы анық түсініктері болуы керек, оларға келесілер жатады:- шешімді қабылдау жағдайы;- шешімді қабылдау үшін уақыт;- шешімді жүзеге асыру үшін қажетті ресурстар;- шешімді қабылдайтын тұлғада немесе ұйымда бар ресурстар;- басқарылатын факторлардың жүйесі;- басқарылмайтын факторлардың жүйесі;- басқарылатын және басқарылмайтын факторлар арасындағы байланыстардың жүйесі;- шешімдердің баламалы нұсқалары;- қабылданатын шешімдердің нәтижелерін бағалау үшін критерийлер жүйесі (бағалау жүйесі).
2. М. Мескон бойынша басқарушылық шешімдердің типологиясы қандай? «Модель» термині әртүрлі авторлармен әркелкі түсіндіріледі.Мескон, Альберт және Хедоури модель деп ол қолданылатын нақты өмірлік жағдайды жеңілдету деген; Шеннон модель деп тұтастықтан ерекше түрдегі объектінің, жүйенің немесе идеяның түсінігін айтады.Медоуздың «модель» түсінігіне берген анықтамасы ең жақсы болып көрінеді.Бұл анықтамаға сәйкес, модель – бұл күрделі жүйе туралы ұсыныстардың қарапайым реттелген жиынтығы.Модельдер талданатын проблемаға қатысты бақылауларды, тәжірибелерді, сезінулерді және т.б. іріктеу жолымен объектінің қызмет етуінің аспектілерін анық түсіну үшін қолданылады.Модель моделденетін объектке қарағанда аса күрделі емес, және басшыға нақты жағдайды жақсы түсінуге және дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
3. Бағдарланған және бағдарланбаған шешімдердің айырмашылығын атаңыз. Ұйымдық шешімдер бағдарланған және бағдарланбаған болып жіктеуге болады.Бағдарланған шешім математикалық теңдеуді шешу кезінде қолданылатын ұқсас әрекеттер немесе қадамдардың белгілі реттілігін іске асыру нәтижесі. Әдетте мүмкін баламалардың саны шектелген және ұйым белгілеген бағыттар шегінде таңдау жасалуы қажет.Бағдарланбаған шешімдер. Бұл типтегі шешімдер белгілі түрде жаңа, іштей құрылымды емес немесе белгісіз факторлармен байланысты жағдайларда қажет болады. Қажетті қадамдардың нақты реттілігін алдын ала құру мүмкін емес болғандықтан, басшы шешім қабылдау процедурасын әзірлеу керек. Бағдарланбаған шешімдерге келесі типтегі шешімдерді жатқызуға болады: ұйымның мақсаттары қандай болуы керек, өнімді қалай жақсартуға болады, басқарушылық бөлімшенің құрылымын қалай жетілдіруге болады, бағыныштылардың мотивациясын қалай күшейтуге болады..Тәжірибеде кейбір басқарушылық шешімдер ғана таза түрде бағдарланған немесе бағдарланбаған болады. Кейбір бағдарланбаған шешімдер соншалықты құрылымданған, оларды қабылдайтын тұлғаның жеке бастамасы толығымен жойылады. Ең күрделі таңдау жағдайында да бағдарланбаған шешімдерді қабылдау әдістемесі пайдалы болуы мүмкін.
Емтихан билеті № 7
1. Шешімді әзірлеу және шешімді іске асыру дегеніміз не? Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастыру басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асырудың барлық процедураларында басқарушы да, басқарылатын да жүйеге қатысты белгілі ұйымдық-әкімшілік шараларды өткізуді талап етеді Бұл процедураларға әзірлеу, келістіру, қабылдау, бекіту және орындауды ұйымдастыру кіреді. Әрбір процедура басқарушылық шешімдерге қойылатын талаптарды есепке алумен орындалуы керек.Басқарушылық шешімдерді әзірлеу процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушыға келесі әрекеттерді жүзеге асыру керек:1) нақты тапсырманы, персонал құрамы мен олардың бағыну жүйесін, тапсырманы орындау уақытын, орындалу барысын бақылаудың аралық кезеңдерін, бөлінген ресурстарды көрсетумен жұмысты орындау туралы құжаттаманы ресімдеу;2) басқарушылық шешімдер әзірлеушілерін басқарушылық шешімдер әзірлеу бойынша жұмысты орындау туралы ұйымдық құжаттардың мазмұнымен таныстыру мен түсіндіру;3) Басқарушылық шешімдер әзірлеушілеріне жұмысты орындау кезінде олардың құқықтарын, жауапкершіліктері мен құзыреттілігін түсіндіру;4) жұмысты сәтті орындау үшін есепке алынбаған жағдайларды басқарушылық шешімдерді әзірлеушілерімен талқылау;5) басқарушылық шешімдер әзірлеу бойынша ұсынылатын жұмыстың маңыздылық дәрежесіне ерекше назар аудару;6) қызметкерлерге қажетті ұйымдық техниканы, бөлмені беру және қажетті іскерлік ақпаратың көздерін көрсету;7) заңгер немесе референт жағынан әзірленіп жатқан басқарушылық шешімдер нұсқаларының күші бар заңнамаға немесе компанияның жарғылық құжаттарына сәйкестігін бақылауын өткізу;8) басқарушылық шешімдер нұсқаларының техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық орындалуы туралы қорытынды жасау;9) экономикалық, экологиялық және басқа салалардағы басқарушылық шешімдерді болашақта іске асырудың қауіпсіздігі туралы сыртқы сарапшылардың қорытындысын алу.
2. Басқарушылық шешімдер қайда қолданады? Стратегиялық жоспарлау ұйымның мақсаттарына жету үшін нақты стратегияларды әзірлеуге алып келетін басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыру процесі.Басқарушылық қызметті басқару басқару аппаратының кәсіпқойлығын жетілдіру мақсатымен қабылданатын басқарушылық шешімдермен байланысты.Ішкі және сыртқы ортамен коммуникациялар басқарушылық шешімдерге компания қызметі үшін қолайлы жағдайды қалыптастыруға бағыт береді. Бұл басқарушылық шешімдер жабдықтаушылармен және тұтынушылармен, клиенттермен, өз компанияның қызметкерлерімен және жақын жердегі халықпен қатынастарды қозғайды.Адам ресурстарын басқару – бұл жағдайда басқарушылық шешімдер ынталандыруды, белсендендіруді және жұмылдыруды көрсетеді.Басқарушылық кеңес беру жағдайлық типтегі басқарушылық шешімдермен байланысты. Бұл шешімдер персоналдың немесе азаматтардың (жеке сұрақтар бойынша қабылдау), басқа ұйымдардың басшыларының, мемлекеттік, жергілікті немесе корпоративтік басқарудың бақылаушы органдарының жолығуларымен байланысты дайындалады және іске асырылады. Берілген қызмет шеңберінде басқарушылық шешімдер талаптарға, мүдделерге, сұрақтарға және т.б. жауаптарды көрсетеді.
3.Қызмет көрсетуші және өндірістік қызметті басқарудағы басқарушылық шешімдер. Қызмет көрсетуші және өндірістік қызметті басқару басқарушылық шешімдерді ұйымның пайдаланудағы жүйесін, оны қайта құрусыз, жетілдіруге бағытталған. Басқарушылық шешімдер бухгалтерия, кадр бөлімі, маркетинг бөлімі қызметтерін, өндірістік цехтарды басқаруды және т.б. жетілдірумен байланысты.
Емтихан билеті № 8
1. Шешімдерді әзірлеу мен қабылдау міндеттерінің ерекшеліктерін атаңыз. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу, қабылдау мен іске асыру мінеттері көптеген ерекшеліктерге ие.Мұндай ерекшеліктерге жататындар:- сындарлық, шешімнің терминалды нұсқасын таңдау құндылықтардың тиісті жүйесі негізінде және нақты басқарушылық проблеманың мазмұнымен сәйкес жүзеге асырылатынын білдіреді;- терминалдық, процесс қабылданған шешімді іске асырумен аяқталатынын білдіреді;- бейресмилік, нақты басқарушылық шешімдерде қажетті толықтықпен және дәлдікпен мазмұндала алмайтын элементтердің болуын білдіреді;- белгісіздік, ақпараттық жоспарда басқарушылық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және іске асыру міндеттері әдетте алуан түрлі белгісіздік жағдайларында шешілетінін білдіреді;- тәуекелдік пен жауапкершілік, басқарушылық міндеттердің көбі тәуекелдік және онымен байланысты шешімді қабылдайтын тұлғаның жауапкершілігі жағдайында шешілетінін білдіреді;- байланыстылық және ие болушылық, басқарудың нақты міндеттері тәуелсіз болып табылмайтынын, олардың өзара байланысқан, өзара әсер ететін, дәйіктілікпен және біруақытта шешілетін міндеттердің қандай да жалпы жүйесіне кіретінін білдіреді
2. Басқарушылық шешімдерге қандай талаптар қойылады? 1.Басқарушылық шешімдердің күші бар заңдылықпен және компанияның жарғылық құжаттарының ережелерімен сәйкестігі. 2. Басқарушылық шешімдер мәтінінде анық мақсатты бағыттылық пен атаулықтың болуы (атқарушыларға әзірленетін шешім неге бағытталатыны және қандай құралдар қолданатыны айқын болуы керек).3 Басқарушылық шешімдер нысаның оның мазмұнына сәйкестігі.4 .Уақыттылықты қамтамасыз ету (озуға да, қалуға да болмайды).5. Шешім мәтінінде өз-өзіне немесе бұрын іске асырылған шешімдерге қарама-қайшылықтарын болдырмау.6.Басқарушылық шешімдердің техника- лық, экономикалық және ұйымдасты- рушылық орындалуының мүмкіндігі.7. Басқарушылық шешімдердің орындалуының ішкі немесе сыртқы бақылауы үшін параметрлерінің болуы.8. Экономикалық, әлеуметтік, экология- лық және басқа салалырында басқа- рушылық шешімдерді іске асыру кезінде мүмкін жағымсыз салдарларды есепке алу.9. Негізделген жағымды нәтиже мүмкіндігінің болуы.
3.Басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыру процесінің негізгі қатысушыларын атаңыз. Басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыру процесінде төрт негізгі қатысушыны бөліп көрсетеді: шешімді тапсырушы, шешімді жасаушы, шешімді орындаушы және шешімді пайдаланушы. Әрбір қатысушыны бірнеше адам, топтар немесе ұйымдар көрсетуі мүмкін. Шешімді тапсырушылар бір уақытта шешімді жасаушылар мен орындаушылар болуы мүмкін.Шешімді жасаушылар ретінде болуы мүмкін: жеке мамандар, соның ішінде басшылар, жобалық ұйымдар, заң және бақылау органдары, қоғамдық ұйымдар.Шешімді орындаушылар ретінде қызметтік нұсқауларға немесе келісімдерге сәйкес мұндай міндеттерге ие компаниялардың немеме қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері болуы мүмкін.Шешімді пайдаланушылар болып табылады: персонал немесе халық, олар үшін шешім дайндалады, іске асырылады, басқарудың сәйкес деңгейінің басшылары, ұйымдар немесе бөлімшелер.
Емтихан билеті № 9
1. Шешімді жасаушылар ретінде кімдер болуы мүмкін? Басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыру процесінде төрт негізгі қатысушыны бөліп көрсетеді: шешімді тапсырушы, шешімді жасаушы, шешімді орындаушы және шешімді пайдаланушы. Әрбір қатысушыны бірнеше адам, топтар немесе ұйымдар көрсетуі мүмкін.
Шешімді жасаушылар ретінде болуы мүмкін: жеке мамандар, соның ішінде басшылар, жобалық ұйымдар, заң және бақылау органдары, қоғамдық ұйымдар.
2. Шешімді пайдаланушылар болып кімдер табылады? Шешімді пайдаланушылар болып табылады: персонал немесе халық, олар үшін шешім дайндалады, іске асырылады, басқарудың сәйкес деңгейінің басшылары, ұйымдар немесе бөлімшелер.
