- •Дәріс тезистері
- •1 Агрохимия ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы
- •2 Агрохимия ғылымының міндеттері мен зерттеу әдістері
- •3 Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттырудың басты факторы
- •Дүниежүзінің кейбір мемлекеттерінде бір гектар егістікке қолданылған минералды тыңайтқыш мөлшері мен дақылдан алынған өнім
- •Қазақстан Республикасында тыңайтқыш қолдану жағдайы
- •Өсімдіктің қоректенуі мен оны реттеу әдістері
- •1 Өсiмдiктiң химиялық құрамы
- •2 Өсiмдiктiң қоректенуi, оның түрлері.
- •4 Өсiмдiктiң қоректенуiне сыртқы орта факторлардың әсерi
- •5 Тұздардың физиологиялық реакциясы
- •Өсімдіктің қоректенуі және тыңайтқыш қолданумен байланысты топырақтың қасиеттері
- •1 Топырақ құрамы
- •2 Топырақтың сіңіру қабілеті
- •3 Топырақ қасиеттері
- •4 Қазақстанның негізгі топырақтарының агрохимиялық қасиеттерi
- •Тыңайтқыштар туралы негізгі түсінік. Азотты тыңайтқыштар
- •1 Тыңайтқыштар туралы түсінік және оны жіктеу
- •2 Өсімдік үшін азоттың маңызы
- •3 Топырақтағы азот қосылыстары және олардың өзгеруі
- •4 Азот тыңайтқыштарының құрамы мен қасиеттері және тиімділігін арттыру жолдары
- •Фосфорлы тыңайтқыштар
- •1 Өсімдік үшін фосфордың маңызы
- •2 Топырақ құрамындағы фосфор қосылыстары және олардың өзгеруі
- •3 Фосфор тыңайтқыштары, оларды алу жолдары, құрамы мен қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі және қолдану ерекшеліктері
- •Калий тыңайтқыштары
- •1 Өсімдік үшін калийдің маңызы
- •2 Топырақ құрамындағы калий қосылыстары және олардың өзгеруі
- •3 Калий тыңайқыштары, оларды алу жолдары, қасиеттері және қолдану. Калий тыңайтқыштарының тиімділігін арттыру жолдары
- •Микротыңайтқыштар және кешенді тыңайтқыштар
- •1 Өсімдік үшін микроэлементтердің маңызы. Топырақ құрамындағы микроэлементтердің мөлшері
- •2 Микротыңайтқыштар, құрамы, қасиеттері ауылшаруашылық дақылдарына қолдану ерекшеліктері
- •3 Комплексті тыңайтқыштарды жіктеу
- •4 Күрделі тыңайтқыштар, құрамы, қасиеттері, ауылшаруашылық дақылдарына қолдану ерекшеліктері
- •5 Күрделі-аралас тыңайтқыштар, қасиеттері, ауылшаруашылық дақылдарына қолдану ерекшеліктері
- •6 Аралас тыңайтқыштар, тыңайтқыштарды араластыру техникасы мен ережелері, қолдану ерекшеліктері
- •Органикалық тыңайтқыштар
- •1 Төсенішті көң, құрамы, түрлері, сақтау әдістері, қолдану ерекшеліктері
- •2 Қордалар, құс саңғырығы, жасыл тыңайтқыштар (сидераттар)
- •Құс саңғырығы құрамындағы қоректік элементтердің орташа мөлшері, %
4 Күрделі тыңайтқыштар, құрамы, қасиеттері, ауылшаруашылық дақылдарына қолдану ерекшеліктері
Аммофос құрамында 11-12 % азот, 46-60 % фосфор бар, аммиакты фосфор қышқылымен бейтараптау арқылы алады:
NH3 + H3PO4 = NH4H2РО4
Түйіршікті, ақшыл-сұр түсті, суда жақсы еритін тыңайтқыш. Барлық топырақтарға қолданады. Біздің республикамызда астық дақылдарына тұқыммен бірге, ал қара қоңыр, боз өсімдіктеріне топырақты суармалы егісте техникалық, көкөніс пен жеміс дақылдарына күзде және үстеп қоректендіруде пайдаланады.
Аммофоста азот пен фосфордың арақатынасының алшақ (1:4) болуы оны қолдануды шектеуі мүмкін.
Диаммофос тыңайтқышын фосфор қышқылын аммиакпен қанықтыру арқылы өндіреді:
2NH3 + H3PO4 =(NH4)2HPO4
Құрамында 18% азот, 50% фосфор бар, ақшыл-сұр түсті, түйіршікті, суда жақсы еритін тыңайтқыш. Бұл тыңайтқышты аммофос сияқты қолданады.
Калий селитрасы калий хлоридін натрий нитратымен ыдырату арқылы алады:
KCl + NaNO3 = KNO3 + NaCl
Құрамында 42-45% калий және 13% азот бар, сарғыштау-сұр түсті, ұсақ кристалды, суда жақсы еритін тыңайтқыш. Калий селитрасын хлорға сезімтал дақылдарға (жүзім, темекі) қолданған жөн. Сонымен бірге оның құрамында азот нитратты күйде болғандықтан үстеп қоректендіру кезінде пайдаланады.
Фосфоаммомагнезия немесе магний-аммоний фосфаты құрамында 8% азот және 40% фосфор болатын суда нашар еритін тыңайтқыш. Күзде сүдігер жыртар алдында береді.
Полифосфаттарды (жалпы формуласы Нп+2РпО3п+1), полифосфор қышқылдарының негізінде өндіреді. Полифосфор қышқылдарының түзілу процесі:
Полифосфор қышқылдарын ортофосфор қышқылының молекуласын конденсациялау арқылы алады. Полифосфор қышқылының құрамына HPO3-метафосфор, Н4Р2О7 -пирофосфор, Н5Р3О10-үшполифосфор, Н6Р4О13-тетраполифосфор тағы басқа қышқылдар енеді.
Аммоний полифосфатын полифосфор қышқылдарын аммиакпен әрекеттестіру арқылы алады. Құрамында 15% азот, 60% фосфор бар, түйіршікті, суда нашар еритін тыңайтқыш.
Калий полифосфатын полифосфор қышқылдарын калий хлоридімен әрекеттестіру арқылы өндіреді. Құрамында 48% фосфор, 26% калий бар.
Калий метафосфатын калий гидрооксидін метафосфор қышқылына қосу арқылы алады. Құрамында 60,13% фосфор және 39,87% калий бар.
Аммоний метафосфатын аммиакты метафосфор қышқылына қосу арқылы алады. Оның құрамында 17% азот, 80% фосфор болады.
Полифосфаттарды барлық дақылдарға күзде сүдігер жыртар алдында қолданады. Топыраққа ендіргенде полифосфаттар мына схема бойынша гидролизденеді:
2HPO3 + H2O = H4P2O7;
H4P2O7+ H2O=2H3PO4
H5P3O10 + 2H2O = 3H3PO4
Гидролиз процесінің жүруіне ең қолайлы температура 30-350С. Ал температура 7-120С төмендесе гидролиз баяулайды.Сондай-ақ, гидролиз процесінің қарқыны топырақтың биологиялық белсенділігіне, топырақ реакциясы мен оның минералогиялық құрамына байланысты болады.
5 Күрделі-аралас тыңайтқыштар, қасиеттері, ауылшаруашылық дақылдарына қолдану ерекшеліктері
Нитрофоскалар. Бұл тыңайтқыштарды өндіру фосфоритті азот қышқылының көмегімен ыдыратуға негізделген:
Ca3(PO4)2 · CaF2 + 8HNO3 = 4Ca(NO3)2 + 2H3PO4 + 2HF
Реакция барысында гигроскопиялығы жоғары кальций нитраты пайда болады. Бүл тұз тыңайтқыштың физикалық қасиетінің нашарлауына әсер етеді. Сондықтан реакция нәтижесінде түзілген қоспаны одан әрі өңдейді.
1. Ыстық күйінде қоспаға аммиак пен күкірт қышқылын және калий хлоридін қосады. Сонда реакция мынадай бағытта жүреді:
4Са(NO3)2+2H3PO4+8NH3+4H2SO4+12H2O=
=8NH4NO3+4CaSO4+2CaHPO4 ·H2O
NH4NO3+KCl=NH4Cl+KNO3
Пайда болған тыңайтқышты күкірт қышқылды нитрофоска дейді. Оның әрбір түйіршігінде CaHPO4·2H2O, NH4NO3, NH4Cl, KNO3, KСl, СaSO4 тұздары болады. Құрамында 13% азот, 10% фосфор және 13% калий бар.
2. Сульфатты нитрофосканы фосфориті азот қышқылымен өңдеу арқылы түзілген қоспаға күкірт қышқыл аммоний тұзын ендіру арқылы алады:
Са(NO3)2+(NH4)2SO4=NH4NO3+CaSO4
NH4NO3 + KCl = NH4Cl + KNO3
Сульфатты нитрофоска құрамында 12% азот, 12% фосфор және 12% калий бар, түйіршікті тыңайтқыш.
3. Фосфорқышқылды нитрофосканы ыстық қоспаға аммиак пен фосфор қышқылын қосып алады:
4Сa(NO3)2+5H3PO4+9NH3+8H2O= 8NH4NO3+4CaHPO42H2O+NH4H2PO4
NH4NO3+KCl=NH4Cl+KNO3
Құрамында 16% азот, 16% фосфор, 16% калий бар. Жалпы фосфордың 80 проценті суда жақсы ериді.
4. Карбонатты нитрофоска тыңайтқышын бастапқы қоспаға көмір қышқылын, аммиакты және калий хлоридін қосып алады.
Сa(NO3)2+2NH3+H2CO3+H3PO4+2H2O=2NH4NO3+CaHPO42H2O+CaCO3
NH4NO3+KCl=KNO3+NH4Cl
Құрамында 35-37% қоректік заттар (азот, фосфор, калий) бар. Негізгі тыңайтқышты күзде сүдігер жыртар алдында береді.
5. Бастапқы қоспаны - 50 С температурада мұздатады да оған фосфор қышқылын және аммиак қосады. Сонда аммоний фосфаты, кальций дифосфаты және аммоний нитраты түзіледі:
Сa(NO3)2+H3PO4+NH3 =NH4H2PO4+CaHPO4 +NH4NO3
Сонан соң оның үстіне калий хлоридін қосады:
NH4NO3+ KCl=NH4Cl+KNO3
Бұл нитрофоскада 40-50% қоректік заттар болады.
Нитрофос табиғи фосфатты азот қышқылымен немесе азот, фосфор қышқылдарының қоспасымен ыдырату арқылы өңдіреді. Құрамында 20% азот және 20% фосфор болатын, түйіршікті тыңайтқыш. Күзде, тұқыммен бірге және үстеп қоректендіру үшін қолданады.
Нитроаммофос азот және фосфор қышқылдарының қоспасын аммиакпен бейтараптау арқылы өндіреді. Құрамында 24% азот, 24% суда еритін фосфор бар, ақшыл-сұр түсті, түйіршік күйінде шығарлады.
Нитроаммофоска нитроаммофос тыңайтқышына калий хлоридін қосып алады. Құрамында 47-52% қоректік заттар болады, түйіршікті, қызғылт түсті, суда жақсы еритін тыңайтқыш.
Диаммонийфосфат негізінде алынатын тыңайтқыштарды диамонийнитрофос және диаммонийнитрафоска деп атайды.
Карбоаммофоска тыңайтқышын мочевина , фосфор қышқылы, аммиак және калий тұздарын әрекеттестіру арқылы алады. Оның құрамында 60% қоректік заттар ( 20% азот,20% фосфор,20 % калий) бар, түйіршікті тыңайтқыш.
Мочевина фосфаты тыңайтқыштын фосфор қышқылын мочевинамен әрекеттестіру арқылы өндіреді. Қүрамында 27% азот және 27% фосфор бар. Суда жақсы ериді.
