- •Мазмұны
- •1 Қолдану саласы
- •2 Нормативтік сілтемелер
- •3 Анықтамалар
- •4 Жалпы ережелер
- •5 Диплом жұмысының (жобаның) тақырыптарына қойылатын талаптар
- •6 Диплом жұмысының (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар
- •7 Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны мен құрылымы
- •8 Диплом жұмысын (жобасын) ресімдеу тәртібі
- •9 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі
- •10 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі
- •11 Диплом жұмысын (жобаны) сақтау тәртібі
- •Библиография
- •050704- Мамандығы – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
10 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі
10.1 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.
10.2 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен ашық отырысында өткізіледі.
Диплом жұмысын (жобаны) қорғау студенттердің, шығарушы кафедр оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері шақырылады, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады.
10.3 Бір диплом жұмысын қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша, бір студентке 30 минуттан аспауы қажет.
Нормалар белгілеу:
|
Дипломдық жобаны (жұмысты) басқару, МАК жұмысы - Дипломдық жобаны (жұмысты) басқару және кеңес беру
- дипломдық жобаны (жұмысты) рецензиялау
- МАК жұмысына қатысу |
30 сағат әрбір дипломшыға, оның ішінде 24 ак. сағат бір жобаға (жұмысқа)
3 ак. сағат бір жобаға (жұмысқа)
0.6 ак. сағат бойынша МАК төрағасына және әрбір мүшесіне және әрбір студентке |
Бір жетекшіге 5 дипломшыдан кем емес бекітіледі, басқа жағдайда, бір профессорға, тәжірибесі бар доцентке 8 дилошыға дейін бекітіледі
МАК құрамы – 5 кем емес, шағын топта 10 студенттен көп болмау керек |
10.4 Диплом жұмысын қорғау барысында студент мемлекеттік аттестациалық комиссияның және қатысушылардың алдында 15 минуттан кем емес уақыт аралығында баяндама жасап қорғайды.
10.5 Диплом жұмысын (жобаны) талқылауға барлық қатысушылар сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатысады.
10.6 Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір және пікірді оқып таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз сөйлейді). Сын пікір және/немесе пікірдегі ескертпелердің барлығына студент дәлелді түсіндірмелер береді.
10.7 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда студенттің теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.
10.8 Диплом жұмысын (жобаны) қорғаудың қорытындысы әр студент бойыншамемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен ресімделеді және өткізілу күнінде хабарланады.
11 Диплом жұмысын (жобаны) сақтау тәртібі
11.1 Диплом жұмыстарын (жобаларды) қорғалғаннан кейін шығарушы кафедра жоғары оқу орнының архивіне тізбе арқылы, кафедра меңгерушісінің бекітуімен тапсырады.
11.2 Диплом жұмыстары (жобалар) жоғару оқу орнының архивінде 5 жыл сақталады. Бұл мерзім өткеннен кейін диплом жұмысы (жоба) ректордың бұйрығымен құрылған комиссияның актісімен, істен шығарылады.
11.3 Оқу-әдістемелік көмек көрсету, конкурсқа қатысу, өндірісте қолдану үшін оқу ісі жұмыстары жөніндегі проректордың рұқсатымен диплом жұмысының көшірмесі түсіріліп және мүдделі жаққа беріледі.
12 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына өзгертулер және қосымшалар енгізу тәртібі
12.1 Толықтыру мен өзгерту оны әрі қарай жетілдіру МЖМБС-ның негізгі ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында қолданыстағы мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына енгізіледі.
12.2 МЖМБС-ға толықтырулар мен өзгерістер енгізуді жүзеге асырады:
- білім беру мекемелері;
- білім саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
- Білім беру жөніндегі техникалық комитет 47 (47 ТК).
12.3 Қолданыстағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарындағы толықтырулар мен өзгерістерге білім беру ұйымдарының немесе 47 ТК ынтагерлік білдірген жағдайда, ұсыныстар мен ескертулер ҚР Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі.
12.4 Білім және ғылым министрлігі бастамашылардан түскен ұсыныстар мен ескертулердің негізін және мақсаттылығын анықтауды 47 ТК-ге міндеттейді.
12.5 Қолданыстағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына ұсынылған толықтырулар мен өзгерістерге 47 ТК сараптама жүргізеді және оларды мақұлдағаннан кейін шешім қабылдау үшін ҚР-ның Білім және ғылым министрлігіне жібереді.
12.6 ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына толықтырулар мен өзгертулер өзгертілген стандарттың жаңа басылымы немесе қолданыстағы стандарттарға салма-кітапша түрінде басылып шығады.
А қосымшасы
(анықтамалық)
