Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГАК жертану ландшафттану КФГ600 2015.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163 Кб
Скачать
☆

Ландшафттану 200

  1. Ландшафттану - бұл әр түрлі геологиялық және географиялық бағыттарда тығыз байланысқан, соның бірі - гляциология болып табылады, ол оқытады:

  1. геологиялық жыныстардың құрамы, құрылысы және пайда болуын

  2. жердегі геофизикалық процестер

  3. мұздар мен әр түрлі мұздықтардың пайда болуын.

  4. жер асты суларының қалыптасуын+

  5. жердің дамуы мен пайда болуын

  1. Ландшафттанудың бір саласы - геотектоника, ол оқытады:

  1. жер асты сулары, оның пайда болуы, тарихи дамуын

  2. жердің қозғалысы мен деформациясы +

  3. жердің әр түрлі географиялық бөліктерінде тірі организмдердің таралуы;

  4. тау жыныстарының минералдық құрамы, құрылысы мен құрылымын;

  5. жердің геофизикалық процестері

3. Жер қыртысында әр түрлі жер ландшафттысы түзілетіні белгілі. Материктегі жер қыртысының қабаттары:

  1. шөгінді, гранитті, базальтті+

  2. шөгінді, гранитті

  3. шөгінді, базальтті, гранитті

  4. базальтті, шөгінді, гранитті

  5. шөгінді

4. «Терраса» терминіне түсінік:

  1. өзен аңғарлары беткейіндегі, көлдер мен теңіздердің жағасындағы сатыланған жер бедері+

2. тау жыныстары мен массивтері арасындағы ойыстанған учаскесі

3. шөгінді жыныстардың сатыланып орналасқан шөгінділері

4. жер қыртысының органикалық дамуы кезіндегі қатпарлы құрылым типі

5. екі ойыс учаске аралығында шығып тұрған тау жынысы

5. «Фация» ұғымы, бұл:

  1. геологиялық формациялардың бөліктерінің жиынтығы;

  2. «пелагиаль» ұғымының синонимі;

  3. тау жүйесінің биіктік белдеулерінің бірі;

  4. географиялық ландшафттың қарапайым морфологиялық бірлігі+

  5. терең сулы ойыс

6. Азияның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Кембрийге дейінгі платформа, ол аталады:

  1. Оңтүстік – Азиялық

  2. Оңтүстік - Қытай +

  3. Шығыс

  4. Қытай – Корей

  5. Оңтүстік платформа

7. Ландшафттану пәнінің құрылымы бөлінеді:

  1. Екіге+

  2. Үшке

  3. Төртке

  4. Беске

  5. Алтыға

8. Стратиграфиялық әдіс,бұл:

1. тау жыныстарының жасын радиографиялық әдіспен анықтау

2. жыныс қабаттары бойынша жасын анықтау.+

3. сейсмикалық толқындарды пайдалану

4. модельдеу әдісінің синонимі

5. статистикалық әдістердің бір түрімен

9. Ландшафттану ғылымына берілетін анықтама:

1. Жер бетінің жамылғысы туралы ғылым

2. Территориялық табиғи кешен туралы ғылым+

3. Өсімдік пен жануарлардың жер бетінде таралуы туралы

4. Қоршаған ортаға адамның әсері туралы ғылым

5. Жер қыртысы туралы ғылым

10. «Геожүйе» терминін ғылымға енгізген ғалым:

  1. И.Г. Гмелин

  2. Петр Паллес

  3. И:И.Лепехин

  4. Л.С. Берг

  5. Б.В. Сочава

11. Ландшафттанудың құрылымдық бөлімдері:

  1. Физикалық – географиялық

  2. Жалпы, материктік

  3. Құрлықтық, мұхиттық

  4. Жалпы, аймақтық+

  5. Жерортатеңіздік, құрлықтық

12. Жер қыртысындағы мәңгілік тоң зонасын зерттеумен геологияның саласы айналысады:

  1. Геокриология+

  2. Петрография

  3. Глянциология

  4. Стратиграфия

  5. Гидрогеология

13. Мрамор-метаморфтық тау жынысы, ол ..... шөгінді жыныстардан түзіледі:

  1. құмтастар

  2. саз

  3. әктас+

  4. граниттер

  5. доломит

14. Геогенді құрамдас бөліктерінің бірі:

  1. Жер қыртысы+

  2. Күн энергиясы

  3. Өсімдіктер

  4. Жануарлар

  5. Топырақ

15. «Тақыр» ұғымына сипаттама:

  1. шөл және шөлейттерде кездесетін беті тегіс, сазды учаскелер +

  2. физикалық және химиялық үгілуден нәтижесінде қыраттардың пайда болуы

  3. желдің әсерінен бархандардың түзілуі

  4. тау беткейлерін жаңбыр мен қар суының шаюы нәтижесінде үгілуінің процесінде

  5. тез еритін тау жыныстарының еруі нәтижесінде қалыптасатын бедер

16. «Трог» ұғымына сипаттама бер:

  1. фирндік мұздың учаскесі

  2. карст үңгірінің негізі

  3. тасқынды ағынның жоғарғы бөлігі

  4. астау тәрізді тау мұздық аңғары +

  5. жер асты суларының артезиандық су көзі

17. Екі немесе одан да көп фациялардан құралған ландшафт бөлігі:

  1. Жергілікті жер

  2. Қоныс+

  3. Географиялық жер

  4. Физикалық географиялық аудан

  5. Ландшафттық облыс

18. Жердің ішкі энергиясына байланысты ландшафттың қалыптасуы ... заңдылықпен түсіндіріледі:

  1. Азоналық+

  2. Зоналық

  3. Секторлық

  4. Мередиандық

  5. Бойлық

19. «Опырық» (грабен) сөзіне сипаттама:

  1. мұздықтардан қалған қатты жыныстар

  2. сел тасқынының іздері

  3. кепкен өзен сағасы

  4. ежелгі жыныстардың жерден шығуы

  5. жер қыртысының жарықтар арқылы төмен түскен бөлімі +

20. «Пенеплен» ұғымына сипаттама:

  1. төбелі жазық+

  2. жел эрозиясы өнімдері

  3. жер бетіне ежелгі жыныстардың шығуы

  4. «шөгінді жыныстардың» синонимі

  5. үстіртті білдіретін ұғымдардың бірі

21. Материктер жер қыртысының шөгінді қабатының орташа қалыңдығы:

  1. 5 - 12 км+

  2. 20 - 30 км.

  3. 30 - 40 км.

  4. 50 - 60 км.

  5. 60 - 70 км.

22. Зоналық бөліктердің жіктелуі:

  1. Аймақ, облыс, аудан

  2. Орталық, облыс, аудан

  3. Географиялық белдеулер, зона, зонашық+

  4. Жергілікті жер, қоныс, фация

  5. Жергілікті жер, фация

23. Гранит ..... тау жынысының тобына жатады:

  1. Магмалық +

  2. метаморфтық

  3. шөгінді

  4. гляциальді

  5. аллювиальді

24. Аридтік ландшафтқа тән өсімдіктер тобы:

  1. псанмофильдер

  2. петрофильдер

  3. ксерофиттер +

  4. гигрофиттер

  5. гидрофиттер

25. Жерорта теңіздік зона маңына .... физикалық-географиялық белдеуге тән:

  1. субтропиктік белдеу +

  2. тропиктік белдеу

  3. қоңыржай белдеу

  4. экваторлық белдеу

  5. субэкваторлық белдеу

26. Физикалық-географиялық аймақты көрсетіңдер:

  1. Батыс Сібір жазығы +

  2. Көкшетау провинциясы

  3. Орал сырты даласы

  4. Күнгей Алатау

  5. Жоңғар Алатауы

27. Альпі-Гималай тау жүйесі пайда болады:

  1. Байкал қатпарлығында

  2. Альпі қатпарлығында +

  3. тау түзілудің герциндік кезеңі

  4. гөт қатпарлығы дәуірі

  5. каледон қатпарлығы дәуірі

28. Жер қыртысының 60-70 км қалыңдығындағы географиялық ауданды көрсет:

  1. Гималай, Тянь-Шань +

  2. Шығыс Европа жазығы, Батыс Сібір жазығы

  3. Қазақтың ұсақ шоқысы, Торғай үстірті

  4. Гренландия аралы, Жаңа Жер аралы

  5. Тынық және Үнді мұхиттарының орташа мұхиттық жоталары

29. Жер қыртысының 5-10 км қалындығындағы географиялық аудан:

  1. теңіздер мен мұхиттардың табаны+

  2. континенталды ойпаттар

  3. жазықтар

  4. таулы жоталар

  5. аралдардағы жер қыртысы

30. «Физикалық-географиялық аудандастыру» ұғымына анықтама:

  1. өзіндік табиғи белгілеріне және басқа да табиғат компоненттеріне қарай аудандастыру;+

  2. зоналық белгілері бойынша жекелеген аймақтарға бөліну

  3. азоналық белгілері бойынша жеке аймақтарға бөліну

  4. тек биогеохимиялық провинцияларға бөліну

  5. мекен және фация бойынша бөліну.

31. Жер шарындағы ландшафттар ұзақ тарихи кезеңдерде дамып жетілді. Жердің дамуындағы ірі табиғи кезеңдерді орналастырыңдар:

  1. Архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой +

  2. протеразой, палеозой, кайнозой, архей, мезозой

  3. мезозой, архей, палеозой, протерозой, кайнозой

  4. кайнозой, мезозой,

  5. протерозой, палеозой, кайнозой, мезозой, архей

32. Жер қыртысының кайнозой заманының қалыптасуы .... жылға созылды:

  1. 350 млн.жыл

  2. 70 млн.жыл +

  3. 350 млн.жыл

  4. 2 млн.жыл

  5. 175 млн.жыл

33. Азоналық бөліктері бөлінеді.

  1. Физикалық-географиялық ел, облыс, аудан+

  2. Зона, облыс, аудан

  3. Географиялық белдеу, зона, зонашық

  4. Жергілікті жер, қоныс, фация

  5. Жергілікт жер, фация

34. Жер қыртысында ландшафттың қалыптасу процесінде топырақ факторының алатын орны ерекше, оны .... атайды:

  1. климаттық

  2. орографиялық

  3. педафикалық+

  4. геохронологиялық

  5. геологиялық

35. Жер қыртысында ландшафттың түзілу процесінде жер бедері фактордың рөлі өте зор, оны .... атайды:

  1. топырақ

  2. геологиялық

  3. геохронологиялық

  4. орографиялық+

  5. климаттық

36. Кез келген табиғи ландшафт түзілуіндегі «биогеохимиялық цикл» ұғымы бұл:

  1. табиғи экожүйедегі энергия айналымы

  2. трангрессия және регрессия заңдылықтары

  3. тірі және өлі компоненттердің түзілуіндегі қоректік заттар айналымы +

  4. табиғи экожүйедегі өлі компоненттердің айналымы

  5. табиғи экожүйедегі тек тірі компоненттердің айналымы

37. «Тектогенез» ұғымына түсінік бер, бұл:

  1. жер қыртысының құрылысының өзгерісіне әсер ететін заттар жиынтығы;+

  2. топырақ қабатының үгілу процесі

  3. атмосферадағы ауа массаларының ауысуы

  4. теңіз ағыстарының қалыптасу процесі

  5. табиғи ландшафттағы энергия айналымы

38. Қазіргі геологиялық, географиялық әдебиеттерде қолданылып жүрген «геосистема» ұғымының синонимі:

  1. биогеохимиялық провинция

  2. физикалық-географиялық зона

  3. фация

  4. табиғи-территориялық кешен+

  5. биіктік белдеу

39. Орманды тундра зонасы ..... физикалық-географиялық белдеуге жатады:

  1. антарктикалық

  2. субарктикалық+

  3. қоңыржай

  4. тропиктік

  5. субтропиктік

40. Тайга маңы зонасы..... географиялық белдеуге кіреді:

  1. қоңыржай+

  2. субтропиктік

  3. полярлық

  4. субполярлық

  5. тропиктік

41. «Мореналық шөгінділер» терминіне түсінік:

  1. батпақты шөгінділер

  2. құрлықтағы су ағысының әсерінен болған шөгінділер

  3. желдің әсерінен түзілген шөгінділер

  4. теңіз шөгінділері

  5. мұздықтардың сырғуы мен жылжитын түрлі кесек тау жыныстарының үйіндісі +

42. Зоналық қатардағы ең ірі ландшафт бірлігі.

  1. Географиялық қабық

  2. Территориялық табиғи кешен

  3. Физикалық-географиялық зона

  4. Географиялық белдеу+

  5. Жергілікті жер

43. Гвиан қалқаны ........ платформаға жатады:

  1. Шығыс-арктикалық

  2. Солтүстік-америкалық

  3. Оңтүстік-америкалық+

  4. Австралиялық

  5. Сібірлік

44. «Формация» ұғымына түсінік бер:

  1. тектоникалық түзілу нәтижесінде біріккен жыныстардың байланысу заңдылықтары

  2. биогеохимиялық провинциядан тыс жыныстардың байланысу заңдылықтары

  3. әр түрлі типтегі шөгінді жыныстар қабаттарының орналасуының ырғағы +

  4. тектоникалық опырылу процесінде түзілген опырықтардың сатылы жүйесі

  5. жанартау атқылауынан түзілген тау жыныстары.

45. Азоналық ең ірі ландшафт бірлігі.

  1. Географиялық қабық

  2. Физикалық географиялық ел+

  3. Физикалық-географиялық зона

  4. Географиялық белдеу

  5. Жергілікті жер

46. «Материктік қайраң» ұғымын түсіндір:

  1. жағалық беткей шекарасынан тереңдігі 200 м-ге дейінгі+

  2. 200 м-ден 2500 м тереңдікке дейінгі материктік беткей

  3. 2500 м-ден 6000 м-ге дейінгі мұхит шарасы

  4. 2000 м төмен мұхит және теңіз ойысы

  5. 8000 м-ден төмен терең сулы ойыс

47. 200м-ден 2500 м-ге дейінгі тереңдіктегі учаскенің (материктік беткей) терминіне сәйкес:

  1. Абиссальді облыс

  2. Батиальды облыс+

  3. материктік қайраң

  4. терең сулы ойыс

  5. маржанды зона

48. Тірі организмдердің нектон деп аталатын тобы:

  1. сулы ортада белсенді жылжуға бейімделген едәуір қашықтыққа жүзе алатын су организмдері +

  2. су түбінде тіршілік етушілер

  3. суда белсенді жылжи алмайтындар

  4. тек қана тереңде тіршілік ететін өсімдік ағзаларының жиынтығы

  5. тек мезозой заманының палеонтологиялық материалдарының жиынтығы

49. Ландшафттың генезис кезеңдері мен оның өзгеру процесінің салдарын көрсететін ғылым:

  1. ландшафт морфологиясы

  2. геогенді ландшафт

  3. консервативті ландшафт

  4. палеоландшафт+

  5. прогрессті ландшафт

50. Құрлықта атмосфера және жер қыртысы, ал теңізде құрлық пен су қалыңдығы және атмосферадан тұратын жіңішке қабат.

  1. Географиялық қабық

  2. Географиялық орта

  3. Ландшафттық сфера+

  4. Биосфера

  5. Геожүйе

51. Жер шарының ландшафтысы жердің қатты қабығында орналасқан, ол аталады:

  1. Атмосфера

  2. Гидросфера

  3. Биосфера

  4. Геосфера

  5. Литосфера+

52. Ландшафттық сфера ұғымын енгізген ғалым:

  1. П.И.Браунов

  2. Ф.Н.Мильков

  3. С.В.Калесник

  4. Е.М.Лавренко

  5. Ю.К.Ефремов+

53. Торғай қолатының негізгі белгілері болып табылады:

  1. ежелгі аллювиальді және көлді аллювиальді суглинкалы аңғар.+

  2. кеңейтілген пенепленді көрсетеді

  3. әлсіз бөлінген суайрықтар кешені

  4. төрткүл үстіртті жазықтар мен аккумулятивтік ойпаттардың кезектесуімен сипатталады

  5. лессті жамылғылы ылғалды құмды ойпат

54. Жердің геологиялық хронологиялық кезеңінде фанерозой түсінігін қамтиды:

  1. палеозой, мезозой, кайнозой+

  2. Архей, палеозой, протерозой

  3. мезозой, кайнозой

  4. архей, протерозой

  5. протерозой, мезозой, кайнозой

55. «Криптозой» бұл жердің геологиялық тарихи кезеңі, құрамына .... геологиялық эраларды қамтиды:

  1. архей, протерозой+

  2. архей, палеозой

  3. архей, протерозой, палеозой

  4. мезозой, кайнозой

  5. кайнозой, фанерозой

56. Жердің биогеоценоздық беткі қабаты:

  1. Эпигенема+

  2. Фитосфера

  3. Биогеосфера

  4. Геосфера

  5. Эпигеосфера

57. Тіршіліктің қалыптасуы мен дамуы үшін физикалық-химиялық жағдайы қолайлы болатын Жер бетінің бөлігі.

  1. Эпигенема

  2. Фитосфера

  3. Биогеносфера+

  4. Геосфера

  5. Эпигеосфера

58. Ағын су әрекетінен қалыптасқан ландшафт:

  1. Флювиалды ландшафт+

  2. Криогенді ландшафт

  3. Эолдық ландшафт

  4. Нивалды-гляциалдық ландшафт

  5. Биогенді ландшафт

59. Қазақстанда негізгі ..... ландшафты қалыптасқан:

  1. дала және шөл+

  2. тундра және орманды тундра

  3. дала және орманды дала

  4. қылқан жапырақты ормандар

  5. жалпақ жапырақты ормандар

60. Ежелгі мұз басу жерлерінде қалыптасқан ландшафттар.

  1. Флювиалды ландшафт

  2. Криогенді ландшафт

  3. Эолдық ландшафт

  4. Нивалды-гляциалдық ландшафт+

  5. Биогенді ландшафт

61. Ландшафт құрылымының қарсы факторлар әсерінен немесе бұзылудан кейін өз қалпына келу мүмкіндіктерін сақтау дегеніміз:

  1. Ландшафт динамикасы

  2. Ландшафт тұрақтылығы+

  3. Ландшафт генезисі

  4. Ландшафт тіршілігі

  5. Ландшафт эволюциясы

62. Техникалық құралдар мен техникалық байланыстармен жабдықталған географиялық қабық:

  1. Техносфера+

  2. Ноосфера

  3. Мәдени ландшафт

  4. Ландшафт сферасы

  5. Географиялық орта

63. Саналы адамның пайда болуы мен эволюциясымен байланысты биосфера дамуының жоғарғы сатысы:

  1. Техносфера

  2. Ноосфера+

  3. Мәдени ландшафт

  4. Ландшафт сферасы

  5. Географиялық орта

64. Табиғи географиялық кешен, физикалық географиялық аймақ ұғымдарының бірі:

  1. Ландшафт+

  2. Лагуна

  3. табиғат зонасы

  4. табиғи ресурс

  5. зонашық

65. Жер бетіндегі табиғи территориялық кешендердің орналасуы бейнеленген карталар:

  1. топырақ карталары

  2. ландшафт карталары+

  3. өсімдік картасы

  4. дүние жүзі картасы

  5. саяси карта

66. Табиғи территориялық кешендер, олардың құрылымы, өзара байланысы, географиялық компоненттерінің өзара әсері туралы ілім:

  1. ландшафттану+

  2. топырақтану

  3. саясаттану

  4. жертану

  5. өсімдіктану

67. Ландшафттану зерттейді:

  1. топырақ түзілуін

  2. табиғат территоиялық кешен+

  3. өсімдік жамылғысын

  4. жер бедерін

  5. топырақ

68. Ландшафттың қалыптасуына қатысатын - тектоникалық процестер, климат, су,тау жыныстарының үгілуі, мұз жамылғысы және оның әрекеті:

  1. ландшафт түзуші факторлар+

  2. антропогендік факторлар

  3. абиотикалық факторлар

  4. биотикалық факторлар

  5. климат түзуші факторлар

69. Ландшафттануда - географиялық ландшафттың қарапайым морфологиялық бірлігі:

  1. жергілікті жер

  2. фация+

  3. қоныс

  4. резерват

  5. табиғат компоненттері

70. С.В.Колесник дүниежүзілік мұхит әлемін ландшафт зонасына бөлді:

  1. 12

  2. 14

  3. 16

  4. 8+

  5. 10

71. Осы кездегі жер беті ландшафттысының түзілуі мен дамуында .... факторлардың рөлі зор:

  1. Биотикалық

  2. Абиотикалық

  3. Геологиялық

  4. климат түзуші

  5. антропогендік факторлар+

72. Жер шары ландшафттысын адам әрекетінің әсеріне қарай топқа бөледі:

  1. 2+

  2. 4

  3. 6

  4. 8

  5. 10

73. Ландшафттардың пайда болуындағы адам әрекеті:

  1. биотикалық фактор

  2. абиотикалық фактор

  3. антропогендік фактор+

  4. антропогендік ландшафт

  5. аридті ландшафт

74. Көпжылдық омбы қар мен мұздық ландшафттыларының тараған жері:

  1. Гляциальді-Нивальді зона+

  2. Гумидті зона

  3. Аридті зона

  4. активальді табиғат кешені

  5. мортмасса

75. Климаты жылы және ылғалды жердегі ландшафт:

  1. нивальды ландшафт

  2. гумидті ландшафт+

  3. аридті ландшафт

  4. антропогендік ландшафт

  5. консервативті ландшафт

76. Адамның шаруашылық әрекеттерімен оның қажеттіліктерін өтеу үшін жасалған табиғи орта:

  1. Техносфера

  2. Ноосфера

  3. Мәдени ландшафт+

  4. Ландшафт сферасы

  5. Географиялық орта

77. «Техносфера» грек тілінен аударғанда мағына береді:

  1. шебер, шар+

  2. сана, шар

  3. күш, шар

  4. адам, шар

  5. мәдениет, шар

78. Адамның инженерлік, химиялық, тау-кен техникалық процестері нәтижесінде қалыптасқан антропогендік ландшафт түрі:

  1. Техногендік ландшафт+

  2. Агроландшафт

  3. Көліктік ландшафт

  4. Рекреациялық ландшафт

  5. Қоныстық ландшафт

79. Ландшафттың мередиандық таралуы:

  1. азоналы жүйе

  2. зоналық жүйе

  3. секторлық жүйе+

  4. ендік заңдылық

  5. біртұтас заңдылық

80. Ландшафттының жыныс қабаттары:

  1. литогенді негіз+

  2. моласса

  3. түпкі

  4. морфоқұрылым

  5. морфомүсін

81. Ландшафттың жылу балансына байланысты таралуы:

  1. азоналық жүйе

  2. секторлық жүйе

  3. зоналық жүйе+

  4. бойлық заңдылық

  5. біртұтас заңдылық

82. «Ноосфера» терминін ғылымға енгізген ғалым:

1. Э.Леруа+

2. В.И.Вернадский

3. Л.С.Берг

4. Б.Б.Полынов

5. А.А.Григорьев

83. «Белгілі бір жайылым, шабындық, жыра, орман алқаптары, климат, грунт, топырақ осы аудандарға тән ауыл шаруашылық мәдениетіне сәйкес болуы керек» деп есептеген ғалым:

1. Э.Леруа

2.В.И.Вернадский

3. Л.С.Берг

4.Б.Б.Полынов

5. В.В.Докучаев+

84. Ландшафттының даму формаларын алғаш рет зерттеп тұжырымдаған:

1. В.В.Докучаев

2. Л.С.Берг+

3. В.М.Чупахин

4. С.П.Хромов

5. П.П.Семенов - Тянь-Шаньский

85. Ландшафттың ішкі және сыртқы күштердің әсерінен өзгеруі ... жүйемен анықталады:

1.5

2.7

3.3+

4.4

5.10

86. Ландшафттың геогенді құрамдас бөлігі:

1. жануар

2.өсімдік

3. күн энергиясы

4. ішкі энергия

5. жер қыртысы+

87. Мұздық дәуірде мұздық астында болған жер:

1. аридті ландшафт

2. мореналық ландшафт+

3. консервативті ландшафт

4. антропогенді ландшафт

5. географиялық ландшафт

88.Мұхиттардың территориялық табиғат кешендері:

1. агрокешен

2.территориялдық табиғат кешені

3. биогенді кешен

4. геоморфологиялық кешен

5. аквальді табиғат кешені+

89. Территориялық табиғат кешендерін құрайтын құрамдас бөліктер .... жіктеледі:

1.2

2.3+

3.4

4.5

5.6

90. Сыртқы күштер (жел,су,мұздық,т.б.) әсерінен түзілетін жер бедері пішінінің кешені:

1. литомасса

2. морфоқұрылым

3. жазық

4. морфомүсін+

5. инсоляция

91. Оазис бұл:

1. жер қыртысының жарықтары арасынан көтерілген бөлігі

2. жер қыртысының жарықтар арқылы төмен түскен бөлімі

3. жер бедерінің пішіні, биіктігі,ені

4. шөл мен шөлейттегі тұщы суы бар көгалды алқап+

5. таудағы мәңгі қар басқан белдеу

92. Алматыда ландшафттанушы ғалымдардың Бүкілодақтық кеңесі өтті:

1. 1969 жылы

2.1963жылы+

3.1973жылы

4.1965жылы

5.1970жылы

93. Ландшафттың биогенді құрамдас бөлігі:

1. су

2. топырақ+

3. ауа

4. тау жынысы

5. бедер

94. Ландшафттық сфераға жатпайды:

1. атмосфера

2. литосфера

3. гидросфера

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]