Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ShYMKENT_test_2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
236 Кб
Скачать
☆

01_01_02_ Ішкі аурулар_ қаз

$$$001

I түрі аллергиялық реакциялардың анафилактикалық форманы тудыратын аллерегендер – бұл:

1 өсімдіктің тозаңы

2 емдік сарысу

3 үйдің шаңы

4 қандағы ақуыздың компоненттері

5 пенициллин

A) 3,4

B) 1,2

C) 1,3

D) 3,5

E) 2,3

(Дұрыс жауап) = А

$$$002

Ер адам М. 40 жаста. Тұншығу ұстамалары, экспираторлық ентігу. Тұншығу ұстамасын беротекпен басады, 2 жыл бойы тәулігіне 2 таблеткадан преднизалон қабылдайды. Тыныс шығарудың шектік жылдамдығы - 65%. Сіздің диагнозыңыз:

A) Бронх демікпесі, ауыр дәрежелі, өршуі, ТЖ II

B) Бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі, өршуі, ТЖ II

C) Созылмалы обструктивті бронхит, өршуі ТЖII

D) Созылмалы обструктивті бронхит, өршуі ТЖIII

E) Бронх демікпесі, ауыр дәрежелі, өршуі, ТЖ

(Дұрыс жауап) = А

$$$003

М. атты, 48 жастағы науқас тәулігіне 5-6 ретке дейін мазалайтын тұншығу ұстамаларына, шырышты көбікті қақырықпен жөтелге шағымданады, тұншығу ұстамасы түн сайын мазалайды. Қарғанда: ТАЖ – минутына 26 рет. Тыныс шығарудың шектік жылдамдығы - 55%. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ II

B) Бронх демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі, ТЖ II

C) Созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі ТЖ II

D) Созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі ТЖ III

E) Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ III

(Дұрыс жауап) = А

$$$004

55 жастағы ер адам 2 жылдан бері бронх демікпесімен ауырады. Тұншығу ұстамаларын беротекпен басады, гормонға тәуелді. Тыныс шығарудың шектік жылдамдығы - 66%. Қараған кезде – тыныштық күйде ентігу, аускультацияда – барлық өкпе алаңында ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Соңғы сағатта 3 рет беротекпен ингалятор қолданған. Осы науқасты жүгізу тактикасы:

A) Преднизолон 30-60 мг мөлшерде көк тамырға

B) Теофиллин per os

C) Эуфиллин 2,4% 10 мл көк тамырға

D) Вентолин небулайзер арқылы

E) Беротекпен ингаляцияны жалғастыру

(Дұрыс жауап) = А

$$$005

Науқас 42 жаста, бронх демікспесімен ауырады, аптасына бірнеше рет мазалайтын тұншығу ұстамаларына шағымданады. Дипроспан инъекциясынан кейін бір айға жуық уақыт бойы тұншығу ұстамалары болмаған. Дәрігерге қаралар алдында жөтел және беротекпен басылмаған ентігу пайда болған. Түнде жағдайы нашарлаған. Қарағанда: науқас мәжбүрлік қалыпта, ентігу айқын, дистанциялық сырылдар естіледі. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

A) Метилпреднизолон 120 мг, фенотерол к\т, оттегі

B) Фенотерол к/т, оттегі

C) Вентолин небулайзер арқылы, оттегі

D) Преднизолон к/т 30-60 мг, оттегі

E) Преднизолон к/т 30 мг, эуфиллин к\т, оттегі

(Дұрыс жауап) = А

«Кардиология» тақырыбы («Терапия» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні

01_01_03_ Ішкі аурулар_ қаз

$$$001

Жүрек ұшында систолалық діріл тән:

A) Митралді қақпақшасының жеткіліксіздігіне;

B) Аорта қақпақшасының жеткіліксіздігіне;

C) Митральді стенозға;

D) Аорта сабауының стенозына;

E) Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігіне.

(Дұрыс жауап) = А

$$$002

40 жасар науқас әйел. Айқын бұлшық еттің әлсіреуі, бұлшық еттің тартылуы, парестезиялар. АҚ 180/100 мм. сын. бағ. Экстрасистолия типі бойынша ырғақтың бұзылуы. ЭКГ-да барлық бөліктерде теріс Т тісше. Зәр анализінде – изостенурия, зәрдің сілтілік реакциясы. Артериалды гипертензияның мүмкін болатын себебі:

A) Біріншілік альдостеронизм

B) Феохромоцитома

C) Эссенциалды артериалды гипертензия

D) Бүйрек артериаларының фибромускулярлы дисплазиясы

E) Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық форма

(Дұрыс жауап) = А

$$$003

Науқастың ЭКГ-сында V1-V4 бөліктерінде ST сегментінің көтерілуі мен QS комплексі байқалды. 2 аптадан кейінгі ЭКГ-да сондай. Науқаста дамыған мүмкін патология:

A) Сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының аневризманың дамуы

B) Сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының қайталама инфарктысы

C) Рецидивирлеуші миокард инфарктысы

D) Миокард инфарктысының типтік ағымы

E) Перикардит

(Дұрыс жауап) = А

$$$004

34 жасар науқас, ауруханаға физикалық күштемеге байланысы жоқ жүрек маңындағы ауырсынуға, ентігуге, жүрек маңындағы іркіліске, аяқтарының ісінуіне шағымданып түсті. Анамнезінде ұзақ уақыт бойы ішімдік ішеді. Аптасына 2-3 рет 500-700г арақ ішеді. Әсіресе соңғы жыл бойы ішімдікті көп қабылдайды. Тексеру кезінде жүрек жақтан өзгерістер анықталды. Жүрек шекараларының солға кеңеюі, ЭКГ-да электрлік осі өзгермеген, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің бәсендеуі (PQ - 0,28с), кеуде бөліктерінде ST сегментінің төмендеуі, V4-V6 бөліктерде екі фазалы Т тісшесі. ЭхоКГ-да – сол жақ қарынша миокардының жиырылу қабілеттілігінің төмендеуі. Анағұрлым мүмкін диагноз:

A) Алкогольді кардиомиопатия

B) Миокардит

C) Идиопатиялық гипертрофиялық кардиомиопатия

D) Жүректің ишемиялық ауруы

E) Жүрек ақауы

(Дұрыс жауап) = А

$$$005

56 жастағы М атты науқас күрт әлсіздікті, қатты терлегенін, сол қолға берілетін төс артындағы қатты қысып ауырсынуды сезді. Нитроглицерин қабылдағанда ауырсыну басылды, бірақ 10-15 минуттан кейін ауырсыну қайталанды. Анамнезінде – ЖИА. Күштемелі стенокардия. Терапевт оны қарап, миокард инфарктісіне күдіктенеді және промедол екпесін жасады. 10 минуттан кейін ауырсынулар басылды. Әлсіздік, адиномия, тершеңдік жойылды. Тексергенде: жүрек тондары тұйықталған, жүрек ырғағы дұрыс, ЖЖЖ минутына 80 рет, АҚ 140/80мм с.б.б. Тексерілгенде: ЭКГ- да Гис будасының сол аяқшасының толық бөгемесі анықталды. Диагнозды анықтау үшін тексеру әдісін көрсетіңіз.

A) Коронарография

B) ВЭМ

C) ЭКГ динамикасында

D) ЭхоКГ

E) ЖҚА

(Дұрыс жауап) = А

$$$006

45 жастағы науқас қалтыраумен өтетін фебрилді қызбаға; жөтелге, қан түкіруге; буындардағы, бел тұсындағы ауырсынуларға шағымданады. Анамнезінде - фурункулез. Қарағанда: терісі «сүт қосылған кофе» түсті, аяқтарда – петехиалды бөртпелер; «барабан таяқшалары» мен «сағат шынысы» симптомы. Зерттегенде: эритроциттер - 2,9 млн, Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң өкпеде сына тәрізді көлеңке. Диагнозды дәлелдеуде неғұрлым деректі тәсіл:

A) Эхокардиография

B) Бронхоскопия

C) Сцинтиграфия

D) Буындардың рентгенографиясы

E) Өкпенің компьютерлік томографиясы

(Дұрыс жауап) = А

$$$007

67 жастағы науқас ауыр ентігуге, кейде түнгі уақытта тұншығуға, жатқан кезде пайда болатын құрғақ аз өнімді жөтелге шағымданады. Анамнезінде бірнеше миокард инфаркты. Зерттегенде: өкпе артериясында ІІ тон акценті, өкпеде дауыссыз сырылдар, гепатомегалия, аяқтарда айқын ісінулер, асцит. ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы-бүйір қабырғасының тыртықты өзгерістері. ЭхоКГ: айдау фракциясы - 36%. Алдыңғы қабырғада, аралық пердеде, жүрек ұшында және сол қарыншаның бүйір қабырғасында гипокинезия аймақтары. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Лазикс

B) Эгилок

C) Вазилип

D) Моноприл

E) Дилтиазем

(Дұрыс жауап) = А

«Ревматология» тақырыбы («Терапия» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]