1921 – 1922 Жылдардағы ашаршылық.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында көп қиыншылықтар кездесті. 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, 80 %-і қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды. 1921 жылғы қарашада 1 млн. 508 мың адам ашыққан болса, 1922 жылы наурызда олардың саны 2 млн. 303200 адамға жетті. Маусым айына қарай Семей және Ақмола губернияларының шаруаларынан азық – түлік салығы бойынша 4 млн. пұттан астам астық және 24,5 мың пұт май жинап алынды. Бұл жинап алынған өнімдер ең алдымен елдің пролетарлық орталықтары – Москваға, Петроградқа, Самараға, Казаньға, Саратовқа жіберілді. Соның нәтижесінде «аман–сау» аудандардың халқы ашыға бастады.
Кеңес үкіметі Қазақстанның ашыққан халқына көмектесу шараларын бірсыпыра кешігіп қолданды. Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетінің декретімен республиканың егін шықпаған аудандардың халқы азық – түлік салығынан босатылды. 1922 жылғы егіс көлемінің 80 % жуығына Кеңес үкіметі берген дән себілді. 1921 жылы 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды.
1922 жылы 4 тамызда Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің қаулысына сәйкес Қазақ АКСР – іне ауылшаруашылық машиналар мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн. сом бөлінді. Нақ сол жылы Кеңес үкіметі Қазақстанға егін шықпауынан зардап шеккен шаруалардың мал сатып алуы үшін 21131 мың сом бөлді. 575 балалар үйлері, 9 балалар баспанасы ұйымдастырылып, 18,5 мың баланы РКФСР – ге әкетті.
Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. 2 млн. пұт астық жіберді, Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды.
Осындай ауыр жағдайға қарамастан, 1921 жылы 7 қазанда В. И. Лениннің үндеуіне («Сіздерде Арал теңізінде балықтың аулануы жаман емес… Өздеріңіз аулаған балықтың бір бөлігін аштықтан ісінген қарттар мен қарияларға бөліңіздер». Ленин В. И. Шығ. толық жинаған 53- 247 бет) байланысты Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халыққа 14 вагон балық жіберді.
1921 – 1922 жылдардағы аштықтың салдары: 1) Демографиялық жағдай нашарлап кетті. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны 1/3 – ке дейін азайды. 2) 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.
11-билет. «Алаш» партиясының 1920 ж. Азаматтық қарсы тұру кезіндегі қызметі.
е де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған саясат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы болып табылады.
Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалы ескелі бері төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің кейде айлашарғысымен, кейде күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қасаң тарихи әдіснаманың көбесі сөгілді. Қиғаш пікір, оғаш ойлардың бұрыстығы дәлелденіп, бір саусағын ішіне бүккен зымиян саясаттың бет пердесі сыпырылды. Тарихшыларымыз бір ауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың да орны толтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта обьективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қайғылы тағдырлы. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазуда. Алаш партиясы құрылғаннан бастап, яғни 20-30 жылдарда көптеген пікірталастар болған, ол туралы көптеген ғалымдар, тарихшылар зерттеу жүргізген. Мәселен, А.Бочагов кезінде Алашты – «ұсақ ұлттық буржуазиялық партия» десе, С Брайнин мен Ш.Шафиро – «Бүкіл байлардың саяси ұйымы» деді, ал Құрамысов – «Жартылай феодалдық байлардың партиясы» деп өз ой-пікірлерін білдірген. М.Қ. Қозыбаев Алаш партиясының бағдарламасының жобасын және бүкілқазақстандық екінші сьездің құжаттарын талдай келіп, жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екенін айтты. Пікір алысуға қатынасушылардың біразы: М.Қ. Қозыбаев, М.Қойгелдиев, Қ.Нұрпейісов, Ә.Тәкенов 1917 жылғы революцияға дейінгі қазақ интелегенциясының тарихы мен Алаш партиясының тарихын шатастыруға болмайтындығын көрсетті. «Алаштың» ақиқатын кім айтады деген жалпы тақырыпта зертеушілер А.Григорьевтің, К.Нұрпейісовтың, Т.Кәкімевтің мақалаларында жазылады. Зерттеушілер мұнда Алаштың партия ретінде қалыптасуы, оның әлеуметтік тірегі қазақ қауымының қандай топтарынан тұратындығына басты назар аударады.Григорьев мақалада Алаштың қалыптасуы 1917 жылы аяқталған және кадеттер жолын қуған буржуазиялық-ұлтшыл партия деп анықтап, ал партия жетекшілерінің басты тірегі қазақ байлары болды деген өзінің пікірін қайталаған. «Алаш» партиясының құрылуы, мақсаты және қызметі
Бірінші бүкілқазақтық сеьзд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты. Сеьзге қатынасушылар саны аса көп болмағанына қарамастан (20-дан астам адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Бұл мәселелердің басым көпшілігі 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ сеьздерінде алдын ала талқыланған болатын және олардың ең маңыздылары болып саналғандары жалпықазақтық құрылтайға ұсынылған еді. Олар:1. Мемлекеттік басқару формасы.2. Автономия құру мәселесі.3. Жер мәселесі.4. Халық милициясын құру.5. Сот ісі.6. Дін мәселесі.7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.8. Құрылтай жиналысын шақыру.9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.11. Халық ағарту ісі.12. Земство13. Әйел мәсселесі14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сеьздіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.
Х. Досмұхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Ә.Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық сеьзд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай сьезіне дайындық және қазақтың саяси партиясынын құру проблемаларына аударды.
Жаңадан құлған партия «Алаш» деген атқа ие болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сьезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмұхамбетов, Бөкейден Уәлихан Таңашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сырдариядан Мұстафа Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды.Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық интелегенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері – М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов, т.б. кірді.Сьездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі кейінірек, 1917 жылғы «ҚАЗАҚ» газетінде қарашаның 21-күні жарияланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты.Алаш партиясының құрылуы қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға болды, өйткені ол тұңғыш ұлттық саяси ұйым еді. Алаш 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолында айтарлықтай қызмет атқарды. Бұл ең алдымен, партияның программасының жобасын дайындаудан, қазақ ұлттық мемлекетін құру ісіне белсенді түрде кірісуден, қазақ қауымынан Құрылтай жиналысына депутаттар ұсынып, оларды сайлау ісіне қажырлылықпен ат салысудан аса айқын көрінеді. Бұл әрекеттердің барлығы 1917 жылдың екінші жартысында жасалды. 1917 жылғы шілде айынан бастап Алаш партиясы сол кездегі мүмкіндіктер аясында саяси күреске белсене араласа бастады. Бұл күрестің түпкі мақсаты қазақ халқын отарлық езгіден құтқару мен буржуазиялық үлгідегі оның мемлекеттігіне қол жеткізу болды. Басқа сөзбен айтқанда Алаш қоғамдық – саяси қозғалысының көсемдері сан ғасырлар бойы Россия империясының отары болып келегн Қазақстанды тар шеңбердегі таптық тұрғыдан емес, керісінше жалпыұлттық мақсат-мүдделер негізінде дербес ел етуге ұмтылды. Кіріспеде айтылғандай, 20-30 жылдардағы әдебиетті былай қойғанда, соңғы 3-4 жылда осы тақырып бойынша жарық көрген еңбектердің өзінде Алаштың әлеуметтік тегі туралы мәселег байланысты ортақ тұжырым қалыптасқан жоқ. Зерттеулердің бірі Алаш ұсақ буржуазиялық партия десе, екіншісі либералдық-байшылдық пен ұсақ-буржуазиялық демократиялық партия деп бағалады, ал үшіншісі Алашты партия деуден гөрі қоғамдық-саяси қозғалыс деп анықтауды жақтайтынын білдірді.
Алаш партиясының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды.
«Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағыты: соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді.
Петроградта революция жеңіске жетіп, Қазақстанда Совет өкіметін орнату процесі жүріп жатқан кезде, «Қазақ» газетінің 1917 жылы қарашаның 21-інде 251 санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жоба 10 бөлімнен тұрды:n 1. Мемлекет қалпыn Россия демократиялық, федеративтік республика болу. (Демократия мағынасы — мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы — құрдас мем-лекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әркайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді.)n Үкімет басында Учредительное собрание мен Г. Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г. Дума алдында жауапты болу.n Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында хан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу.n Законды жалғыз ғана Г. Дума шығару һөм Г. Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г. Думада болу. Мемлекет салығы Г. Думасыз салынбау.n 2. Жергілікті бостандықn Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының федерациялык бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу.n «Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орын-дарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін кызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид1 қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза кызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады.n 3. Негізгі хұқықn 4. Дін ісіn 5. Билік һәм сотn 6. Ел қорғауn 7. Салықn 8. Жұмысшыларn 9. Ғылым-білім үйретуn 10. Жер мәселесі
12-билет. ХХ ғасырдың 60-80 жж. Қазақстандағы өндірістің дамуы
Өнеркәсіптің дамуы.
1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум өнеркәсіпті дамытуға арналды. Пленумда қойылған міндеттер: 1. Өнеркәсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару. 2. Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру. 3. Кәсіпорындар дербестігін арттыру. 4. Шаруашылық есепті дамыту. 5.Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтаулары көбейту.
КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азық – түлік т.б. кәсіп орыңдары біріктірілді.
60 жылдардын басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су – электір станциясы техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Екібастуз көмір кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. Ғылыми – техникалық жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы заводта жұміс технологиясы жақсартілді. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.
1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми – технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая тусті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді.
1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б.. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды.
Женіл өнеркәсіптер қатары өсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта-мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды.
Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғалыми-техникалық жаңалықтардың 3% - ы Қазақстанға тиесілі болды.
Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті) әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда өндіріс және ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның ішінде кәсіпорындар 1971 жылы – 97, ал 1985 жылы – 610 дейін өсті.
Бірақ шаруашылық реформа нәтижесі күткендегідей болмады. Оның себептері: - КСРО-да ҒТП негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғаса берді. - Мемлекетттік – монополистік меншік ҒТП – ты тежеп, экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді. - Өндірістік берлістіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді. Өндіріс саласындағы кемшіліктер: - Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды. - Республика өндірісінде-көмірдің 50-60%-ы; мұнайдың 70%-ы, темірдің 11,5%-ы рәсуа етілген. - Әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан жұмыс уақыты босқа жоғалды. - Кәсіпорындар құқы шектелді. - Орталықтың өктемдігі күшейді және де басқа ұнамсыз құбылыстар көбейді. - Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 1981-1985 жылдары әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді. - Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұқсан келтірді.
Нәтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды: 1. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер. 2. Жер мен су қорын есепсіз пайдалану. 3. Мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру. Нәтижесінде теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға құрғап қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 есеге өсті. Балық өнеркәсібі жойылды. Теңіз түбінен тұз бен шаң көтеріліп, Арал аймағының климаты күрт нашарлады. Адам өлімі, әсіресе балалардың шетінуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-ы әр түрлі сырқаттарға шалдықты. Экологиялық апат қазақ ұлтының генетиклық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу проблемасын көтерді.
Осындай экономикалық дамудағы кемшіліктерге қарамастан 70-жылдары өнеркәсіп жетекші орын алды. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цехтар бой көтерді: 1. Лисаков кен-байыту комбинаты, 2. Шерубай – Нұра шахтасы, 3. Талдықорған аккумулятор заводы, 4. Павлодар облысында Ертісте Шүлбі СЭС-і құрылысы басталды. 1970-1985 жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом жұмсалды (32%). 1970-1985 жылдары өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі – 2 есе, машина жасау, химия өнеркәсібі – 3 есе өсті.
13-билет. Егемен Қазақстанның экономикасы. Нарықтық қатынастарға көшу.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықгық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді.Нарықтақ экономиканың Бірінші кезені шағын жекешелендіруден басталдық Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың катарында ұжымдық меншікке берілгендердің саны 470-тен астам болды.Екінші кезең «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ,Ұлттық бағдарламасы» негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын жэне орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме сауда буынын қоса алғанда бүрынғы кеңеетік сауда жүйесін өзгерту басталды, Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар «Жекешелендіру туралы» Жарлықтан басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатында жүзеге асырылды.Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықты экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлерібиржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.
Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді.Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. «Жапондық», «Немістік» тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған «есеңгіретіп емдеу» деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді.Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда кажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы калыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты (инфляция).Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай калды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмады. Бесіншіден, Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын катаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан,қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.
Нарықтық реформаға көшудегі жіберілген тағы бір қате — ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі.Олардың білетіні Батыстың дамыған, қалыптасқан нарықтық экономикасы еді. Оған қоса ТМД елдерінде экономикалық дағдарыс капиталистік қоғамға тән классикалық артық өндіру дағдарысы емес, жетіспеушілік дағдарысы болатын. Екіншіден, ол елдерде ертеден тауар өндірісі, тауарлық қатынастар толық қалыптасқан. Ал бізде бұлар болған жоқ. Үшіншідең, ТМД елдерінде социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшу тез қарқын алды. Сондықтан шетел экономистерінің кеңесі тиісті нәтижесін бермей, аяқсыз қалды.Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996-1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама кабылдады. Онда реформаның ең күрделі деген мәселелерін шешу маңызды орын алды. Алайда, бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау, бірыңғай холдингтік, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды құру айтарлықтай нәтижелер берген жоқ.
Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мұқтаж болатын. Олар «Қазақстан — 2030″ ел дамуының Стратегиясында тұжырымдалды.1997 жылдың қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030″ деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе «Қазақстан барысын» қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді Онда елдің ішкі және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген.Олар: 1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау; 2) ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру; 5) энергетика ресурстарын жете пайдалану; 6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту: 7) демократиялық кәсіби мемлекетті құру. Тек осы аса маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірілді.Қазақстан геосаяси кеңістікте әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде лайықты орын алды. Қалыпасқан әріптестік саяси және экономикалық қатынастар мемлекетімізді барлық дүние жүзі елдерімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Тек 2000-2002 жылдары жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 35,5 пайызды құрады. Сауатты макроэкономикалық саясат еліміздің халықаралық беделін едәуір көтеруге жағдай жасады. Қазақстан бұл жылдары ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестициялар тарту жөнінен іс-шаралар бастады. Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндетгерді шешіп бердіӘлемдік рынокқа шығу және әлемдік шаруашьшық байланысқа белсенді кіріту қамтамасыз етілді. (Н.Назарбаев. Жаңа кезең — жаңа экономика. — Егемен Қазақстан, желтоқсан 2004).Сонымен, қорыта келгенде, жер жүзіндегі қазіргі 182 елдің 15 мемлекеті нарықгың қарқынды даму жолын игерген, 156 ел — нарықтық даму жолына түскен (соның бірі — Казақстан), тек 11 ел ғана — нарықтық қатынасқа әлі кірмеген. Әлемдік экономиканың заңдары мен талаптарына сай біз де елімізде нарықтық (кәсіпкерлік) қоғам құрып жатырмыз. Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықгық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
14-билет. 1917 ж. төңкерістен кейінгі кеңестік биліктің құрылуы және шаруашылық саласындағы алғашқы өзгерістер.
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.
Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:
ескі мекемелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;
Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;
шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;
ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;
төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;
кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;
заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;
кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;
облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды;
жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, срндай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.
Кеңес үкіметі өлкедегі ірі өнеркәсіпті, банктерді, тасымал жолдарын мемлекет қарамағына алды. Кәсіпорындарда 8 сағаттық, шахталар мен кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Капиталистер мен патша чиновниктерінің иелігіндегі 3,5 млн десятина жер кедей шаруаларға бөлініп берілді. Большевиктер «жоғарыдан» коммуналар мен ауылдарды көбейтуді жүзеге асырып, орташаларды социализмге күштеп енгізбек болды. 1918 жылы сәуірде Петроградта Семей облысына 200 отбасы орыс жұмысшылары көшіп келіп, ауылшаруашылық коммуналарын ұйымдастырды.
1918 жылы 17 мамырда «Суландыру жұмыстарына 50 млн. сом қаржы бөлү туралы» декрет қабылданды.
Қазақстанда осы жылдары мәдени құрылыс бағдарламасы жүзеге асырылды: - Мектептерде ана тілінде тегін оқыту енгізілді. - Ақмола халыққа білім беру бөлімінің бастығы С. Сейфуллин болды. - Бөкей облысының халыққа білім беру комиссары С. Мендешев болды.
15-билет. Қазақстандағы ұжымдастыру саясатының мәні мен зардаптары. Қазақстан трагедиясы (1931-1933)
Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында.
Жаңа экономикалық саясаты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды. Өндірістік кооперацияның негізгі үш түрі болды: 1.Коммуна — өндірісті қоғамдастыру. 2.Артель – жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал – саймандарды біріктіру. 3.ТОЗ – жер бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ – ды қалады. 1927 жылғы қазанның 1 – іне қарай Қазақ КСР – інде кооперация шаруа қожалықтарының 23,1% — ін қамтыды. Сол уақытқа қарай 1074 тұтыну қоғамы жұмыс істеді, оның 312 – і ауылдарда болды, қазақ даласының жекелеген түпкірлерінде 140 факторий құрылды. Қазақ шаруалары 1072 ұжымдық шаруашылықта, соның ішінде 101 коммунада, 17 артельде, жерді бірлесіп өңдейтін 294 серіктестікте (ТОЗ–да) ынтымақтастық пен өзара көмек мектебінен өтті.
Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал саны артты: 1929 жылы 10,5 млн. – ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар шаруашылықтары көбейіп, орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті. Патриархат көшпелі халықтың мәдениеті артты.
Алайда бұл ұзаққа созылған жоқ. Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф. И. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды.
Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн. га шабындық және 1,25 млн. га егістік жерді тартып алды.
Индустрияландыру бағыты азық – түлік қорлары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығын өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру бағытына көшіру көзделді.
1928 жылғы қаңтар – ақпан айларында И. Сталин Сібірге сапарға шықты. Осы жылы 3 ақпанда болған Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаға тартылды. 1928 жылғы 1 қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы – 277 шаруа атылды.
1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдардыкәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. Декретте бай – феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды: 1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды. 2.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді. 3.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.
Сөйтіп, бай – кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай – кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды.
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.
1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.
1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты.
Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.
Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.
Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер: 1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. 2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді. 3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. 4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.
Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% — і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % — і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % — дай ұжымдастырылды.
Азық– түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931–1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % — ын мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмысын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан – ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай – кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды. 1929 жылы 56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды. 1929 – 1933 жылдары ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386 адам, 3–10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды.
1930 жылы 30 мамырда республика үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді.
Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем – шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің Одақ бойынша товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 % — тен 3 % — ке кеміді.
Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 – 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 % — і, жекешелердің 51,8 % — і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды: 1. 1930 жылы – 313 мың адам; 2. 1931 жылы – 755 мың адам; 3. 1932 жылы – 769 мың адам қайтыс болды. 4. 1930 – 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 % — і жаппай қырылды.
1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» — Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазылды.
Онда көтерілген мәселелер: 1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда. 2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда. 3. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда. 4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.
1933 жылы наурыз айында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов Сталинге хат жазды. Азаматтық ерлігі жоғары және принципшіл адал Т. Рысқұлов өлкеде етек алған қасірет туралы шындықты ашып көрсетуден тайсақтамады. «Сізден осы жазбамен танысып шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін» деп жазды. Одан әрі хатта көрсетілген деректер бойынша: Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда; Орта Волгада – 40 мың; Қырғыз жерінде – 100 мың; Батыс Сібірде – 40 мың; Орта Азияда – 30 мың; Қарақалпақ жерінде – 70 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл «аш адамдардың тамақ іздеп босуы.
Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді.
Ақтөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71 %). Жаппай ұжымдастыру, аштық әсері халықтың көбін көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 10 мың адам (281230 шаруа қожалығы). Қытай, Иран, Ауған жеріне т. б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды.
Аштық зардаптары: 1930 – 1933 жылдары аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.
Зұлмат ауқымның зор болғаны сонша, 1930 – 1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.
Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы.
1929 – 1931 жылдары Қазақстан жарінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалысы болды. Семей округі — халық наразылығының ірі ошағы болды. 1930 жылғы ақпан – мамыр аралығында Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай аудандарында толқулар болып өтті.
Батпаққара көтерілісі бандиттік – басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы – көтерілісшілер – заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал – мүлкін қайтару, дін бостандығы, шаруаларға үдемелі табыс салығын салу, еріктілік ұстанымын сақтау, дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік сияқты талаптар қойды.
Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8 – дивизия күшімен талқандалып, 75 адамды атуға, 172 адамды 2 -10 жылға соттауға, көбін Шығыс Сібірге жер аударуға үкім шығарды.
Созақ көтерілісі табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді (басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. Көтеріліс Орта Азия әскери округі бөлімдерінің күшімен жанышталды.
Күштеу әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Қордай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.
Жазалау шараларының салдары: 1) 1929 – 1931 жылдары 5551 адам жауапқа тартылып, 883 – і атылды. 2) Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды.
Ұжымдастыру зардаптарына қарсы күрес.
Коммунистік партия (XX ВКП(б) Орталық Комитеті 1932 ж. 17 қыркүйек – «Қазақстан ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы туралы» арнаулы қаулы алды. Онда колхоз құрылысында болған асыра сілтеушілік қатты айыпталды. Ф. И. Голощекин. І. Құрамысов қызметтерінен босатылды) кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға кірісті. 1. Күшпен жасалған «жасанды колхоздар» таратылды. 2. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер ұйымдастырылды. 3. Күштеп қоғамдастырылған мал – мүліктер иелеріне қайтарылды. 4. Отырықшы аудандарға Кеңес үкіметі 2 млн. пұт астық және 30 млн. сом ақша бөлінді. 5. 1935 жылдан ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгісі бекітіліп, жүзеге асырыла бастады. 6. Малсыз шаруашылықтарына мал алуына көмек көрсетілді. 7. Совхоздардың біраз малын колхозшылардың жеке пайдалануына берілді. 8. Ф. И. Голощекин қызметінен (1933 ж.) босатылды.
Қолданылған шаралар нәтижесінде 2-бесжылдық жылдарында колхоз, совхоздар нығая түсті. Республика егістіктерінде техника көбейді. Бірінші бесжылдықта – 9 мың трактор, екінші бесжылдықта – 24 мың трактор, 8 мың комбайн жұмыс істеді. Екінші бесжылдық соңында (1933–1937 жж.) – 200 — ге жуық совхоз құрылды. Екінші бесжылдық соңында – отырықшы аудандарға 40 млн. сом қаржы бөлінді.
Жалпы, феодалдақ қалдықтарды жою тұрғысынан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісіне оң баға берілсе, көшпенді халық мүддесінің ескерілмеуі ірі апаттарға әкелді.
