Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақ Жол Сервис.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
639 Кб
Скачать
☆

6.4 Өндірістік жеке жұмыс. Жеке жұмыс стильі. Күнделікті жұмыс жоспары, жұмыс үстелі. Жай қателермен өзін -өзі бақылау.

6.5 Құжаттармен жұмыс. Мақсат -минимум құжат. Жұмыстың жүйелілігі, топтық құралдардың жұмысы. Маслихаты ұйымдастыру.

Құжаттармен жұмыс жүргізудің тиімді бір тетігі құжат айналымы есебін алу және оның жай – күйін талдау жасау болып табылады. Жалпы құжат айналымы, деп ұйымдағы құжаттардың жасалған немесе алынған сәтінен  бастап толық жүзеге асқанға немесе  адресатқа  жөнелтілгенге дейінгі  қозғалысын айтамыз. Талдау құжат айналымы  көлемін тұрақты есепке алу  нәтижелері бойынша  жүргізіледі.  Құжат айналымының көлемі  кіріс, шығыс құжаттары мен ішкі құжаттар санын жинақтай есептеу  арқылы шығарылады. Кіріс және шығыс құжаттарын  есептеу кезінде  тіркеу – бақылау картотекалары, тіркеу журналдары пайдаланылады. Кіріс және шығыс  (бастамалық)  құжаттарға арналған тіркеу  карточкалары өз  алдына  есептеледі, тіркелмегендері  — істерге қосылғандарын (анықтамалар, актілер, мекемеде түзілген мәліметтер) санау жолымен  айқындалады. Құжат – адам ойлап тапқан  тәсілмен материалды  жеткізушіде  бекітілген ақпарат. Ол бекітілу жазу, хат, дыбыс жазбасы арқылы жүзеге асады.

Құжат – заттық қасиетке ие, құжат үшін тұрақты затты форма маңызды. Құжаттар ой елегінен өткізілген әлеуметтік ақпаратты кеңістік  пен уақытта  тарату мен сақтау мақсатында, арнайы  құрастырылған қоғамдық  әрекетте пайдалану үшін адам жасап шығарған материалдық объект.

Десек те, соңғы жылдары іс қағаздарын жүргізу мен мұрағат қызметі едәуір жандана түсті. Көптеген мекемелер, кәсіпорындар құжаттарды ведомствалық сақтау мәселелері бойынша кеңес алуға келушілер қатарының көбеюі, ұйымдардың сараптау қызметінің жолға қойылуы осының айғағы.

Ұйым басшылары құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету секілді маңызды мәселелерге түсіністікпен қарай бастады.  Көптеген мекемелер, кәсіпорындар құжаттарды ғылыми – техникалық өңдеуден өткізу жұмыстарын дербес жүргізетін жағдайға жетті.

Кешенді тексерулер жүргізіп отыру мекеме қызметкерлеріне жұмыс орнында практикалық көмек көрсетуге, іс қағаздарын жүргізу мен  құжаттарды ведомствалық сақтау жұмыстарында орын алған кемшіліктерді  айқындауға, тиісті нормативтік – әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Vіі Блок 2.4 Қызметкерлер және ұйым.

7.1 Кадрлік саясат немесе кадрлік қызмет.

"Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС Қазақстанда қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын өздерінің бірегей инновациялық орталықтарында ең алғаш болып енгізді.

Жаңа офистердің дизайні негізінде урбанистік хай-тек элементтері бар футуризм жатыр. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС 2 негізгі аймақтан тұрады: қызмет көрсету аймағы, Plug&Play .Әр аймақ клиенттердің түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.

Қызмет көрсету аймағы менеджердің клиенттерге барынша көңіл бөле отырып, тез әрі сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін «Электрондық кассир» технологиясымен жабдықталған.

Өзіне өзі қызмет көрсету және өз бетімен білім алу Plug&Play аймағында интернетке еркін кіруге болады, клиенттерге операцияларды жүзеге асыруға, видео-тренингтердің көмегі арқылы бизнесті басқарудың тиімділігін көтеруге, сондай-ақ  Microsoft Office бағдарламаларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

"Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС сіздің қызмет көрсету туралы түсінігіңізді толығымен өзгертеді.