- •Инорматиканы оқыту әдістемесі пәнінің тарихы
- •Информатиканы оқытудың дәстүрлі формалары мен әдістері
- •Компьютерлік сауаттылық, компьютерлік білімділік және ақпараттық мәдениеттілік
- •Информатика кабинеті, оның жабдықталуы мен қызметі
- •«Информатика және есептегіш техника» курсын оқыту мақсаттары
- •Алгоритм түсінігін меңгертуге арналған логикалық жаттығулар
- •Бастауыш сыныпта сызықтық алгоритм тақырыбына арналған логикалық жаттығулар
- •Винни қонжығы бал жегісі келді.
- •Бастауыш сыныпта тармақталу алгоритмі тақырыбына арналған логикалық жаттығулар
Информатика кабинеті, оның жабдықталуы мен қызметі
Есептегіш техника кабинеті (ЕТК) дегеніміз – оқу есептегіш техника комплектісімен, оқу көрнекілік құралдарымен жабдықталған “Информатика және есептегіш техника ” курсы бойынша теориялық және практикалық класта, кластан тыс және факультативтік сабақтар өткізу арналған жалпы білім беретін орта мектептегі оқу – тәрбие жүргізетін орын. ЕТК – оқу – тәрбие процесін тиімді басқаруға арналған әртүрлі оқу пәндерін оқыту үшін де пайдалынылады.ЕТК – де жүргізілетін сабақ төмендегідей қызметтер көрсетеді.
- оқушылардың компьютерлік сауаттылығынан бастап информациялық мәдинетін қалыптастыру – қазіргі есептегіш техниканың құралы, басқарылуы жайлы білім мен ЭЕМ –де есеп шығару дағдысы мен іскерлігі ;
- оқушыларды есептегіш техниканың өндірісте, жобалау – конструкторлық ұйымдарда, ғылыми – мекемелерде , лқу процесі мен басқару орындарында қолданылумен таныстыру;
- информатика негіздерінт оқу процесінде оқушылардың теориялық ойлауын дамыту;
- оқыту әдістерін жетілдіру мен мектептегі тәрбие процесін ұйымдастыру.
Есептеуіш техника кабинетінде жүргізілетін сабақтар:
ИЕНТ – курсы бойынша сабақ немесе есептегіш техника, кинофильм, диапозитив, кестелер басқа да оқу құралдарын пайдаланатын жалпы білім беретін жеке оқу пәндерін оқыту;
Мектептің қажеттілігіне қарай оқушылардың немесе мектеп басшылығымен оқушылардың құратын қолданбалы программмаларын жасау;
ИЕНТ – курсы бойынша кластан тыс және факультативтік сабақтар;
Эксперименттік және практикалық сабақтар;
Жабдықталған есептегіш техника кабинетінің жұмысын қабылдау үшін (пайдалануға жіберу үшін) мектеп директоры қабылдау камиссиясын ұйымдастырды. Оған: мектептегі кәсіподақты ұйымдастыру өкілдері, негізгі кәсіпорын және халыққа білім беру ұйымдарының өкілдері, негізігі кәсіпорын және халыққабілім беру ұйымдарының өкілдері қатысады. ЕТК пайдаланылуға жарамдылығы бар акт болмаса рұқсат етілмейді. ЕТК – бір немесе бірнеше мектепке қызмет етуі мүмкін. Кабинетттегі оқушылардың жұмыс орны 9-12 – ге дейін болады, кейде оқушыға арналған компьютерлердің санына қарай болады. Компьютермен практикалық сабақтар өткізу үшін класс екі ішкі топқа бөлінеді. Жоғарыда аталған жабдықтармен қатар, есептегіш техника кабинетінде:
оқытуда дербес әдісті жүзеге асыруға аоналған, компьютердегі жаттығулар мен оқушылардың өз бетіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған тапсырмалар;
ғылыми – танымал анықтамалық, әдістемелік әдебиеттер тобымен;
оқушылардың ЭЕМ – да өздері құрған таңдамалы программалар;
ОЕТ комплектісінде әрбір жұмыс орнын пайдалану журналымен;
машиналарды жөңдеу жұмысы атқару журналы;
оқушылардың жұмыс көрсетуге арналған қабырға газеттері мен кестелерді қыстарғыштар;
мектеп директоры бекіткен, ЕТК – нің жабдықталуы жөнінде инвентарлық кітап;
алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған дәрі – дәрмектер;
өрт сөндіру құралдары болуы тиіс.
Дербес ЭЕМ – нен жабдықталған оқушының жұмыс орны мемлекеттік стандартқа сәйкескелетін екі орынды столмен жабдықталуы тиіс. Оның өлшемі 13000х700 кв.мм. – ден кем болмайтын стол , орындық және принтермен графопостроительге және т.б. құралдарға арналған екі тумбомен жабдықталуы тиіс. ЕТК – гі оқушылардың жұмыс орнын сабақ кезінде емін – еркін кіріп шығатындай етіп орналастыру керек. Екі орынды столды біріктіріп қоюға рұқсат етілмейді. Егер стол қатар бойынша орналастырылса, олардың арқашықтығы 1,0 –,1,1 м болуы керек, әрбір қатардың соңындағы столдың қабырғадан қашықтығы 80см – ден кемболмауы керек.
ЕТК–дегі дербес компьютердің (ДК) орналасуына
және жабдықталуына қойылатын талаптар
1.ЕТК – і табиғи жарықпен жарықталынуы керек. Терезе солтүстік , солтүстік шығысқа бағдарлнуы тиіс.
2. ЕТК – і подвалда және іргетас үстінде үй қабырғасының төменгі бөлігінде орнласпауы қажет.
3. ЕТК – і шуды көп шығаратын орындардан алыс орналасуы қажет (машиналық зал, гимнастика, шеберхана және т.б.)
4. ЕТК – дегі бір ДЭЕМ – нің (бір жұмыс орны) алатын ауданы 6кв.м.–ден , ал бөлменің биіктігі 4 метрден кем болмауы қажет.
5.ЕТК-дегі ДЭЕМ –дер саны 10- нан кем болмаса, ауданы 18 кв. м. болатын лаборант бөлмесі берілуі тиіс.
6. Еденнің беті тегіс, тазалауға ыңғайлы болуы тиіс.
7. ЕТК- не өзінің құрамынан зиянды химялық заттар бөліп шығаратын құрылыс материялдарын пайдаланылуға рұқсат етілмейді.
8. ДЭЕМ қойылған столға электр қауіпсіздігі сақталған жергілікті желінің кабелі жүргізіледі.
9. Оқушыға арналған жұмыс орнының столының ұзындығы 70 см- ден, ал ені клавиатураның алдынан 30 см- дей асып тұруы қажет. Столдың монитор орналасатын беті горизонталь болуы, ал клавиатура орналасатын беті 12- 15 0- қа көтеріңкі болуы қажет.
ЕТК- н ұйымдастыруға гигиеналық нұсқаулар
ЕТК- де ДЭЕМ жұмыс кезінде температура жоғарылап, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы азайып, ауаның құрамы өзгеретіні белгілі. Сондықтан кабинетте төмендегідей микроклиматтың үйлесімді параметрлерін ұстаған жөн.
ЕТК- гі жаңды азайту үшін:
– сырт аяқ киімін ЕТК- де алмастыру қажет;
ЕТК- ның кіре берісінде портфель, сумкаларды сақтайтын полкалы шкафтар болғаны дұрыс;
бормен жазылатын классс тақтасы фламастермен жазылатын тақтамен алмастыру қажет (ол сулы шүбірекпен сүртуге жеңіл). Немесе тақтаның орнына мұғалімнің столындағы ДЭЕМ-ға жалғастырылған демонстрациялық телевизорды пайдалануға болады.
ЕТК- нің жарықтылығын түстермен және жарықпен реттеуге болады.
Видеомонитор экранына қарсы қабырғаны қара, қоңырқай түстермен бояуға болмайды. Жұмыс столының бетінің түсі табиғи ағаш түсі, немесе ашық жасыл, ашық көк болғаны абзал.
Классс тақтасының түсі қара жасыл, қара қоңыр болуы керек. Терезенің жақтаулары міндетті түрде ақ майлы бояумен боялуы қажет. Терезеге ілінген шторлар табиғи жарықты жібермеу керек. Қара түсті шторды терезеге құруға болмайды.ЕТК- гі ДЭЕМ- ға жеке қосымша шам арқылы жарық түсіруге рұқсат етілмейді.
Жұмыс столы мен классс тақтасының ең төменгі жарықталынуы 400- 500 люкс болуы керек.
Ауаның температурасы – 19 –210С , салыстырмалы ылғалдылығы – 62 –55% , ауаның қозғалыс жылдамдығы – 0,1м/с болуы тиіс. Кабинеттегі микроклиматты сақтау үшін күн радиациясы тіке түспейтін жаққа (солтүстік, солтүстік шығыс) орналастыру қажет. Ауаның ылғалдылығын жоғарылату үшін қыздырғыш құралдардың тұсына үлкен көлемді аквариумдарды орналастыруға болады.
ЕТК – і жоспарланбай салынған мектептерде жоғарыда аталған микроклиматты ұстап тұру үшін кабинетттің ауасын есік- терезе арқылы желдетіп тұру қажет. Желдету уақыты 10 минуттан кем болмауы тиіс. Ауаны тазартудың басқа жолы терезеге орналастырылған кондиционер арқылы ауа алмастыруға болады. ЕТК-гі ауа алмасу кабинеттің ауданы мен кубатурасына байланысты.
ЕТК- нің жұмысын ИЕТН оқытушыларының бірі басқарады, ол кабинеттің жабдықталуын, оқушылармен мұғалімдердің ИЕТН пәні және басқа сабақтардағы қолдану жұмысын ұйымдастырады.
Оқушылардың ДЭЕМ– мен жұмыс кезіндегі отыруына қойылатын талаптар.
ДЭЕМ- мен жұмыс істеу кезінде оқушы санитарлық гигиеналық талапқа сай отыруы тиіс. Стол мен орындық оқушының бойының ұзындығына сай таңдалуы тиіс. Орындық столдан 3 –5 см ішке еніп тұруы, оқушының басы 5 –7 0 бұрышқа иіліп тұруы тиіс.
Оқушы тік отырған жағдайдағы оқушының өзі экранның центрінің тұсында болуы қажет. Монитор экрандағы символдарды көру бұрышы 20 бұрыштық минуттан кем болмауы тиіс.
ДЭЕМ экранындағы символдарды көру қашықтығы 0,6- 0,7 м аралығында болуы тиіс.
ИНФОРМАТИКА БОЙЫНША БІЛІМДЕРДІ БАҚЫЛАУ
Бақылаудың функциялары
Бақылау-оқыту үрдісінің бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Оның мәні келесідей: оқытудың міндетті түрдегі минимумына сәйкес келетін, оқушылардың білімді меңгеру деңгейін анықтауда.
Бақылаудың функциялары:
-тәрбиелілік;
-дамытушылық;
-білім берушілік;
-тексерушілік;
Бақылау түрлері:
• Ағымдағы-бұл оқушылар білімін әр сабақта жүйелі түрде тексеру, бұл сабақтың құраушы бөлігі ретінде оқытудың нақты сабақта бағалануы болып табылады.
• Периодты түрдегі бақылау-бағдарламаның үлкен тарауларынан кейін немесе оқыту ұзақ уақыт жалғасқаннан соң іске асырылады.
• Қорытынды бақылау немесе нәтижелік бақылау-келесі сыныпқа ауысу кезінде жүреді. Оның міндеті: ары карайғы оқуын қамтамасыз еиетін, дайындықтың сол қажетті минимумын белгілеу.
Жалпы бақылау функциясының мақсаты білім алудың барлық сатысында білім меңгеру деңгейін белгілеу, оқыту үрдісі мен үлгерімнің әсерлілігін өлшеу. Бақылау әдістері:
1. Ауызша бақылау -әңгімелесу, әңгіме, түсіндіру, оқу. Ауызша бақылау негізін оқушылардың монологты жауабы мен сұрақ-жауап түрдегі әңгімелесу құрайды. Әр сабақ сайын жекеше түрде жүреді. Фронтальды немесе комбинирленген түрде. Экзамен- тексерудің айтарлықтай толығырақ түрі болып табылады.
2. Жазбаша бақылау- бақылау жұмысы, реферат, өздік жұмыс. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың терең жәнежан-жакты білімдерін тексеруін қамтамасыз етеді, себебі мұнда оқушыға теориялық білімі мен оны практикада қолдана алатындығын көрсетуі қажет.
3. Практикалық жұмыстар- тәжірибелік жұмыс теориялық мәліметтерді зерттеу базасындағы әдіс-тәсілдерін, білімін құрастырып жинақтау үшін қажет
Тәжірибелік жұмыстың мазмұнына келесілер кіруі керек:
1. Жұмыстың мақсаты;
2. Тапсырмалар;
3. Қондырғыларды қолдану (сипаттамалары бар ЭЕМ сияқты)
4. Тапсырманын физикалық, математикалық немесе ақпараттық үлгілерінің мазмұны;
5. Есепті шығару алгоритмі;
6. Бағдарлама;
7. Шығарылатын немесе бастапқы мәліметтер;
8. Кесте түріндегі алынатын нәтижелер;
9. Қорытындыларды тұжырымдау; Ю.Тесттер (компьютерлік, бланктік)
Бақылаудың қорытындыларын бағалау мен талдау оқытудың жоспарланған нәтижелерімен оқушының қол жеткізген нәтижелерінің сапасы мен деңгейін салыстыру болып табылмақ. Мұнда оқыту нәтижеларі белгілерін дұрыс таңдаудың маңызы аса зор. Сондай-ақ, жауаптарды бағалау мен талдаудың тәсілдері де маңызды рөл атқарады. Нақтырақ айтатын болсақ талдаудың әділдігінің артуы жауаптардың әр элементтік талдауын қолдануында жатыр.
Бақылаудың барлық түрлеріндегі сияқты бұл ағымдық бақылауға да жалпы дидактикалық міндеттер тән. Мақсаттары мен әдістемелік құралдарына байланысты оқу процесінде тексеру бірнеше функцияларды орындауы мүмкін. Әдістеме мен дидактикада оқыту нәтижелерін тексерудің мынандай міндеттері бөлініп алынған: Бейімділік, диагностикалық, оқытушылық, тәрбиелік, себептік, дамытушылық, бақылаушылық және басқалар. Кез-келген тексеру бір сәтте бірнеше міндет атқаратындықтан олардың міндеттері бойынша тексерулерді бірыңғай бағалау тым күрделі. Алайда әр нақты жағдайда бақылаудың бір-екі басым бағыттарын бөліп алуға болады. Олар тексерудің құралдарымен және әдістерімен, мақсаттарымен ерекшеленеді. Оқыту нәтижелерін ағымдық тексерудің негізгі міндеттері- оның оқу процесіндегі рөлін қарастыру. Осы бақылауға тән мақсаттар мен ерекшеліктер оның маңызды міндеттері мыналар болып табылады:
1. Бақылаудың есептеу міндеті: ол оқыту нәтижелерін жүйелі анықтау арқылы көрініс тауып, әр оқушыға қатысты үлгерімін, оқыту жұмыстарындағы кемшіліктер мен жетістіктерді ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді.
2. Бақылау- түзетушілік және диагностикалык міндеттер: бұлар сыныптың дайындық деңгейін, оқушылардың білім деңгейіндегі кемшіліктерден туындайтын тақырыптық түрлі сұрақтар арасында оқыту уақытын бөлу, оқыту әдістемесіне өзгертулер енгізу үшін "мұғалім-оқушы" орнына кері байланысын қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижелері оқытушыға оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді болдырмауға бағыттауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, оқытушы оқушылардың білімі мен дағдысын анықтайды. Олар өз кезегінде жаңа оқу материалдарын игеруге негіз болады. Тексеру оқушылардың білім нәтижелерінің жағдайларын анықтап қана қоймай, білім мен біліктілігін, кемшіліктері мен қателіктерін ашып көрсетуге міндетті. Оның диагностикалық міндеті осыдан көрініс таппақ. Дәл қазіргі кезде информатиканы оқытуда бақылаудың осы міндеттерінің маңызы аса зор. Әзірге осы пән мен оны оқытудың әдістемесі қалыптасу кезеңінде тұрғанда аталмыш маңыздылықтың мәні арта түседі.
3. Бақылаудың оқытушылық міндеті: ағымдық бақылаудың аса маңызды міндеті оқушылар білімін тереңдетуге әсер етіп, негізгі қателіктерді көрсетеді. Оқытушы сыныптың назарын курстың маңызды дүниетанымдылық идеяларымен басты сауалдарға аударады. Бұл маңызды міндет сондай-ақ материалды бекітумен қайталау нәтижесінде оқушылардың біліктері мен дағдыларының, білімінің жағдайын тексеру процесі арқылы көрініс табады. Сынақтық тапсырмаларды орындау оқушылар білімін жүйелеп, кеңейте түседі. Өзін-өзі бағалау мен тексеру дағдыларын, оқу еңбегін тиімді пайдалануды қалыптастыруға жол ашады.
4. Бағалау мен бақылаудың тәрбиелік міндеті: ол оқушыны одан әрі оқу жұмысына , өз білімін тереңдетуге ынталандырады. Оқытушы оқушының жұмысын бағалау арқылы оның дағдылары мен біліктерін, білімінің жағдайын анықтап қана қоймай, оқушыны оқу жұмыстарына бағыттап, қосымша себептер береді және танымдық әрекетке деген қажеттілігін дамытады. Ағымдық бақылау оқу процесіне тікелей негізіліп, негізінен оқу дайындығындағы олқылықтарды анықтап оны жоюға бағыттайды, оқушының білімін тексеру мен байытуға қызмет етеді. Осы бақылау оқу материалының шағын бөлігін оқытумен бейнеленеді және тәртіп бойынша әр сабақта орындалады. Ағымдық бақылау нәтижесі бойынша мұғалім оқушылар келесі оқу материалын толыққанды игеруге дайын ба деген мәселені шешуге тиісті.
Ағымдық тексерудің тәрбиелік маңызы оқушыларды тәртіпке үйрету, сынып және үй тапсырмаларына жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, жүйелі еңбекке үйретуі, білімдер мен біліктерді игеруге, өз бетімен жұмыс дағдыларын қалыптастыруға көмектесуі арқылы көрініс табады. Сонымен бірге ағымдық тексеруде оның оқушыларға психологиялық әсерін де ескеру қажет. Дұрыс қойылған жағдайда ол оқушыларды тікелей сабақта оқу еңбегіне дұрыс қарым-қатынасқа ынталандырады. Оқу нәтижелерін бағалаудың да үлкен тәрбиелік маңызы бар. Оны дұрыс қолдану арқылы мұғалім оқушының өз білімдері мен біліктерін жетілдіруге, еңбек сүйгіштігін дамытуға, өз бетінше және шыншыл ойлануына, өз еңбегін өзі бағалауға және дұрыс бағалауға тұжырымдарын жасауға тұрақты түрде ынталануына қол жеткізеді. Ағымдық бақылаудың өзіндік ерекшелігі тарау немесе тақырыпты оқытудың барлық кезеңдерінде өткізілуі болып табылады: Оқу материалымен танысу, білімдер мен біліктіліктерді қалыптастыру мен дамыту, оларды бекіту мен тереңдету. Бұдан шығатын қорытынды төмендегідей: Ағымдық бақылау процесі барысында оқушылардан оқу материалын игерудің нақты кезеңімен қарастырылатын танымдық деңгейдегі білім ғана талал етіледі. Білім мен білік әлі қалыптаспаған кезде оқу дайындығына талапты күшейту- оқыту нәтижелерін жөнсіз бағалаудың басты себептерінің бірі.
ЭЕМ-ң орта мектептерде енгізу кезеңдері
1. Бұрынғы Одақтағы 50- ші жылдардың басында алғашқы ЭЕМ –ң пайда болуы.Осыған байланысты, адам қызметінің жаңа саласы дами бастады. Программалардың қалыптасу кезеңінде тілдік құралдар мен әдістер жеткіліксіз болды. Соған қарамастан оқушылардың программалауды түсініп игеруіне ешқандай принципті қиыншылық болған жоқ.Алғашқы ЭЕМ-р пайда болғанан кейін көп кешікпей ғылыми-зерттеу мекемелерінде және ірі жоғары оқу орындарында программалауды және ЭЕМ-да жұмыс істеуді зерттейтін топтар пайда бола бастады.
2. Матиматикаға бейімделген мектептер кезінде программаға мамандандыру.ЭЕМ жұмысын үйретуге бағыталған эксперимент жүргізуді бастады.Мұндай мектептерде жалпыға бірдей орта білім негізінде программист дайындау көзделген болатын. Оқушыларды программалауға үйретуге арналған мақалалар мен әдістемелік талдамалар көптеп шыға астады. Бұл жылдары матиматикаға бейімделген мектептер үшін дайындалған оқу құралдары кең таралды және бұл құралдар белгілі бір программалау жүйесі негізінде жасалды.Осы жинақталған матиралдар программалар бойынша факультативтік курстардың қалыптасуында маңызды роль атқарды.
3. Арнайы факультативтік курстардың ашылуы.Факультативтік курстың мақсаты – оқушылардың жан-жақты мүмкіндіктерін дамытуға және білімдерін тереңдетуге бағытталған жаңа оқу жұмысының түрі ретінде қарастырылады.Дәл осы кезеңде арнаулы факультативтік курстар бойынша оқыту мазмұны мен әдістерін жасау мәселелеріне байланысты әдістемелік мәселелер В.М.Монаховтың және т.б көптеген ғаламдардың еңбектерінде өз шешімін тапты. Мектептер мен есептегіш техникасы бар өндіріс орындары арасындағы байланысты қалыптастыру тәжірибесі жинақталды. Бұл тәжірибе кейін оқу- өндірістік комбинаттары арқылы мектептегі оқыту ісіне есептегіш техниканы енгізу негіз болды.
4. Оқу өндірістік камбинаттары негізінде мамандар дайындау.Оқу- өндірістік комбинаттары негізінде оқушыларды есептегіш техниканы меңгеру және пайдалануға байланысты көптеген мамандықтарға дайындау мүмкін болды. Атап айтқанда ЭЕМ операторы, ЭЕМ үшін мәліметтерді дайындау құрылғыларын жөндеу және күту бойынша электромеханик, электронды аппаратураны реттеуші, программалаушы лаборант, есептеу жұмыстарының операторы дайындалды.
5. Жалпы білімдік бағдардың дамуы.Матиматикаға бейімделген мектептерде,әсіресе,ОӨК-ның пролграммаларында оқушыларға программалауды оқытудың арнаулы кәсіби бағдардағы мүдделері қарастырылады.Сонымен қатар, программалаудың жалпы білімдік әсері және алгоритмдеудің мектептегі дәстүрлі пәнге пәнаралық әсерінің мазмұндық-әдістемелік мәселелері зерттелді.
