Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика лекция 1 den 50.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
343 Кб
Скачать
☆

2.Синхронды аударма және оның ерекшеліктері.

Жазбаша аударма дегеніміз-аудармашы жазбаша тексті көзбен көріп,жазбаша аударылат ын аударманы айтамыз.Жазбаша аударманы бітіргенге дейін аудармашы аудармасын қайта оқуға, қарауына болады. Ауызша аударма дегеніміз-аудармашы оригиналды немесе тексті бірақ тыңдайды, қайтадан салыстыруға, түзетуге мүмкіншілігі болмайды. Бұл дегеніміз аудармашы оригиналды тыңдайды да қайтадан ауызша аударады.

Ауызша аударманың 2 қосымша түрі бар:синхронды және (последовательный) іле-шала аудару.

Синхрондыаударма дегеніміз-аудармашы оратордың (сөйлеушінің сөзін тыңдай отырып, бір уақытта 2-3 сек қалып) аударады.

Синхронды аударма, әдетте техникалық құралдың көмегімен оратордың сөзі аудармашыға наушник арқылы берілетін арнайы кабинада жасалынады, аудармашы микрофонмен сөйлейді де сол арқылы аударма рецепторға жетеді. Осындай құрылыс болғандықтан аудармашының дауысы оған оригиналдв естуге кедергі жасамайды.

Синхронды аударма-қиын, күрделі аударма болып саналады.Өйткені ол аудармашыдан бір мезетте әр түрлі сөйлеу әрекетін жасауды талап етеді.

Аудармашы бір тілді таңдап оны 2-ші тілге аударуы керек және оратордың сөйлеу темпінен қалыспау керек.

Синхронды аудару 3 түрлі әрекеттің байланысымен орындалады:есте сақтау жұмысы, мұқият тыңдауц оны тек жеткізу.

Ізінше Ілеспе

Іле-шала аудару (последовательный) –аудармашы оратордың бүкіл сөзін сөйлеп болғаннан кейін, немесе сөзінің бір бөлігін айтып болғаннан кейін аудара бастайды.

Аударылатын сөздің мөлшері әр түрлі болады. Жеке сөлемдерден бастап оратордың 20-30 мин сөйлеуінен кейін аудару. Бұл аударма аудармашыдан айтылған сөздің мазмұнын ұзақ уақыт аударғанға дейін есте сақтап тұруын талап етеді. Егер оригиналдың көлемі жеткілікті мөлшерде көп болатын болса, онда аудармашы тыңдап тұрған кезде қысқартып жазып алуына болады. Ауызша аударма мен жазбаша аударманың айырмашылығы оларға берілетін уақытта.

Жазбаша аударма кезінде аудармашы кез-келген уақытта аудармасын тоқтатвп, аударған бөліміне қарауға сөздік, анықтама қолдануына,

Арнайы мамандардан ақыл кеңес сұрауына болады. Бұл кез-келген тексті (әдеби, хабарламалы) болсын табысты аударуға мүмкіндік береді.

Ал,ауызша аудармада аудармашының ісі (жұмысы) уақыт жағынан шектеулі. Ол оратордың сөзінің темпінен қалыспау керек. Сондықтан ауызша аудармашының ойлануға, басқа вариант таңдауға сөздің немесе анықтама қолдануға мүмкіндік жоқ.

Сондықтан ауызша аудармашыларға аударманы автоматты орындауға дағдылану , өзгермейтін сәйкес келетін аудармаларды білу керек. Аудармашыларға кейде адаптандырылған аударма,яғни кейбір керек емес жерлерін тастап аударуға , тексті компресс жасап (қысқартып)аударуға тура келеді.Ауызша синхронды аудармада қысқа уақыт ішінде сөйлеу әрекетінің тездігі психологиялықжәне физикалықжағынан аудармашыға үлкен күш түсіреді, сондықтан синхронды аудармашы 20-30 минут жұмыс істейді.Олар ауысып отыруы керек.Жазбаша аударма мен ауызша аударманың тағы бір айырмашылығы аудармашы аударманың әр түрін жасай отырып әр түрлі мәтінмен жұмыс істейді.Жазбаша аудармада аудармашы түпнұсқадан қарап отырып бір сөйлемнің соңынан бір сөйлемді аударады,және қасында бүкіл мәтін болады.Сөйлемдер бірін –бірі толықтырып отырады.Ауызша аудармада оратордың сөйлегенін бөлшектеп тыңдап аударуға мәжбүр.Сөйлеушінің ары қарай не айтатыны белгісіз.

Жазбаша және ауызша аударма сонымен бірге тіл аралық қатынас жасаушылардыңбайланысына қарай да ажврвтылады.Жазбаша аудармада аударма процесі кабинетте және аудармашы тіл аралыққатынас жасаушылармен байланыста болмайды.Алауызша аудармада аудармашы тіл аралық қатыныс жасаушылармен тікелей байланыста болады .Ауызша аудармашы ауызша сөйлеген сөздіқалай оратордың сөйлеу мәнері мендыбысталуының ерекшелігіне ,оның сөйлемінің дұрыс құрылғанына ,тіліне қарамай ауызша тілді қабылдап ,сөйлеуші ментыңдаушының арасында өзара түсінікті қамтамасыз етуге тиіс.

Парақ бетінен аудару(ПБА)

Бұл аударма ауызша аударудың бір түрі болып саналады , бірақ жазбаша аудармаға жақынырақ. Хабар құлақпен есту арқылы емес , көзбен көру арқылы( мәтін түрінде ) статьялар хаттар , факстар ауызша аудармадағыдай қабылдау анализ синтез бір уақытта өтеді. Инофирмаға өткізілген сұрақтарға қарағанда ПБа офистердегі жұмыс кезіндегі кеңінен тараған аударма болып саналады.ПБА-дың 2 жақтылығы аудармашылық түрде алғанда қарапайымдылығына қарамастан (ауызша аудармада тыңдау қиындығы болса ,ПБА-да хабардың мәтін түріне сүйенеді)ПБА-да ерекще дайындықты талап етеді. Берілген бөлікті көру арқылы қабылдау процесі нде барлығын бірдей толықтай қабылдау дағдысын жаттықтыру қажет, өйткені барлық уақытта мәтінді қарап шығу мүмкін бола бермейді. Сондықтан информацияның көп бөлігін көзбен қара( көз жүгіртіп )түсіну қажет және ешқандай үзіліссіз аударып ыңқыл-сыңқылдан аулақ болу қажет.

Кейде мәтіннің негізгі мазмұнын ғана беру керек .Салыстырмалы түрде мұны жасау қиын емес. Мысалы іс-қағаздарына байланысты клише, штамп ,сөз орамдарына көңіл бөле отырып ,мәтіннің тек негізгі мазмұнын беруге болады.

ПБА-да таныс емес мөздер мен орамдарға бас қатырмай олардың мағынасын жалпы контекстпен шешуге тырысу керек .Аудармашыларға соның ішінде ауызша аудармашыларға жақсы есте сақтау қажет.Айтылғандарды тез жазып алу әрине көмектеседі, бірақ есте сақтауды жаттықтыру керек.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1 Ілеспе аударма деген не, оның ерекшеліктері қандай?

2 Синхронды аударма деген не, оның ерекшеліктері қандай ?

3 Екі жақты ауызша аударма деген не?

4 Абзацты –фразалық аударма қандай аударма?

5 Парақ бетінен аудару деген не?

Тақырып№9:Аударманың эквиваленттілігі

Мазмұны: 1.Түпнұсқа және аударма текстінің мағыналық жақындығы. Олардың

Коммуникативтік тепе-теңдігінің негізі ретінде.

2.Әртурлі тілдегі текстер мазмұнының өзгешелігі.

3. « Аудрма эквиваленттілігі» және «аударма дәлдігі» ұғымдары

Аудармашының ең басты міндеттерінің бірі оригиналдың мазмұнын барынша толық беру, жалпы оригинал мен аударма мазмундарының ортақтығы (бірдейлігі)өте маңызды.

Екі турлі эквивалентілікті ажыратуға болады;

1.Потенцмалды жетістікке жеткен эквивалент (немесе күшті эквивалент )

2.Аудармалық эквивалент.

Потенциалды жетістікке жеткен эквивалент деп- ұқсас емес екі түрлі тілдегі текстердің мазмұндарының барынша ортақтығын айтамыз. Аудармалық эквивалент деп- аударма процессі кезінде аудармашы жеткен оригинал мен аударма текстінің нақты мағынылық жақындылығын айтамыз.

Аудармалық эквиваленттіліктің шегі болып аударма оригиналдық мазмұнының лингвистикалық деңгейін барынша сақтау мүмкіндігі болып табылады.Бірақ әрбір жеке аударма оригиналға мағыналық жақындық әртурлі деңгейде және әртүрлі жолдармен тәсілдермен жетеді.

Бастапқы тіл мен аударма тілі жуйесіндегі айырмашылық және бұл тілдердің әрқайсысының текстері жасау ерекшеліктері әртурлі деңгейде аударма оригиналдың мазмұнын толықтай сақтау мүмкіндігіне шек қояды. Сондықтан аудармалық эквиваленттілік оригиналдағы мазмұн мағынасының әртүрлі элементтерінің әртүрлі деңгейі (типі) анықталады. Эквиваленттіліктің кез-келген деңгейінде аударма тіл аралық қарым-қатынасты қамтамасыз ете алады.

Кез келген текст қандай да бір қарым-қатынастық қызмет атқарады: қандай да бір фактілерді хабарлайды, эмоцияны (көңіл-күйді) білдіреді, қарым-қатынас жасаушылардың арасында байланыс орнатады.

Аударма эквивалентігінің І типі

Аударма эквивалентігінің І типі дегеніміз – оригинал мазмұнның қарым-қатынас мақсатын құрайтын (мақсатқа байланысты) бөлігінің ғана аударылуын айтамыз. Мысалы:

Мay be there is some chemistry between us that doesn`t mix. – Бывает, что люди не сходятся характерами.

That`s a pretty thing to say. – Постыдился бы!

Those evening bells, those evening bells, how many a tale their music tells. – Вечерный звон, вечерный звон, как много дум наводит он.

Бірініші мысалда, қарым-қатынас мақсаты айтылатын ой мазмұнның негізгі бөлігін құрайтын ауыспалы мағынаны беруде болып тұр. Мұнда қарым-қатынастың күшті әсер (немесе нәтиже) адам қатынастарының химиялық элементтермен ұқсас өзара әсері өзгеше көркем бейнелеудің есебінде жетістікке жетіп тұр. Берілген бұл хабарды бұлай жанама ауыспалы суреттеу аударма тілінде жарамды емес, сондықтан аудармашы оны аударма тіліндегі қолданылатын бейнелірек оймен ауыстырып аударған, бірақ қарым-қатынастық әсері сақталған.

Екінші мысалда, қарым-қатынас мақсаты, яғни ойдың мақсаты сөйлеушінің өзнің сөйлесіп отырған адамына кейігіне көңіл-күйін көрсету. Бұл жерде аудармашы бұл мақсатты көрсету үшін орыс тіліндегі кеюшілікті білдіретін ұқсас фразаны қолданған, бірақ аудармада оның тілдік бірліктері оригиналдағы бірліктермен сәйкес келмейді.

Үшінші мысалда, аудармашы барлық тәсілмен сақтап қалуға тырысқан оригиналдың ортақ(жалпы) қызметі, дыбыстарға, рифмаға, көлемге негізделгенпоэтикалық (өлеңді) әсер. Оны сақтап қалу үшін аудармшы бастапқы хабарды аударма тіліндегі поэтикалық әсерді іздеп алмастырған.

Бұл мысалдан көріп отрығанымыздай, қарым-қатынас мақсаты айтылтын ой мазмұнының ортақ бөлігі болып табылады.

Оригинал мен аударма арасындағы қатынас үшін бұл типке тән нәрсе:

синтактикалық ұйымдастыру мен лексикалық құрамның салыстыруға келмейтіндігі;

оигинал мен аударманың лексикасы мен құрылысын семантикалық басқаша өзгертіп айту немесе синтактикалық алмастыру негізінде байланыстырудың мүмкін е,местігі;

оригинал мен аударма хабарларының арасында, 2 жақта да, айтайын дегені бір-ақ ой екендігін білдіретін нақты немесе тура логикалық байланыстың болмауы;

оригинал мен аударма мазмұндардың эквиваленттілік болып саналатын барлық басқа аудармалармен салыстырғанда орақтығының ең аздығында.

Эквиваленттіліктің ІІ типінде

оригинал мен аударма мазмұндарының жалпы бөлігі бірдей қарым-қатынас мақсатын беріп қоймай, сонымен бірге бірдей тілдегі тыс жағдайларды бейнелейді.Ситуация (жағдай) дегеніміз-объектілердің (жиынтығы) және----*- кезінде суреттелінетін объектілердің арасындағы жиынтық.Кез-келген текст нақты немесе елестету сияқты жағдайлар хабарларынан тұрады.

Эквиваленттің 2 типі 1 типпен,яғни қарым-қатынас мақсаты ғана сақталып аударылатын типпен салыстырғандаоригинал мазмұнын толығырақ бергенмен,оригиналдың барлық мағыналық элементтерін бере алмайды.

Ситуация ұқсастығы мен оны сипаттау жолдарының арасындағы айырмашылық тіл мен ойдың және суреттелінетін нақты істің арасында өзіндік қарым-қатынасты бейнелейді.Әрине,ойдың мазмұнында ситуацияның өзі мен оның белгілері қатыспайтыны,тек қана олардың ойлы образдары,яғни белгілі бір мәлімет не хабар түрінде берілетіндігі белгілі.

Көрсетілген типтің хабарды құрудың әртүрлі жолдары сипатталынатын ситуацияның ұқсастығымен біріктіреледі.Олардың мазмұнының ортақтығы толықтай коммуниканттардың экстра лингвистикалық тәжірбиесіне негізделеді.Нақты тәжітибеден бізге белгілі бір орында адамды көру үшін ол сол жерге келу керек,сол жерде болуы керек.Бұдан шығатын қорытынды,мына ойлар «ол ол жерде мүлдем болмайды», «біз ол жерде оны сирек көреміз» дегендер «бір ойды» білдіреді.

Эквиваленттіліктің II типіне тән нәрсе оригинал мен аудармада бір ситуацияның әртүрлі жолдармен сипатталса да ұқсастығы.Әртүрлі тілдегі текстердің мағыналық ұқсастығының негізі болып мұнда тіл мен экстра лингвистикалық шындықтың арасындағы қатынастың жалпылық сипаты болып табылады.

Эквивалеттіліктің 2 типі аударманың оригиналға мағыналық жақындығы,қолданылатын тілдік құралдардың мағыналарының ортақтығына негізділмейтін аударма болып табылады.Мысалы:He answered the telephone.-Он снял трубку.Ол телефонды алды.You are not fit to be in a boat.-Тебя нельзя пускать лодку.You see one bear,you have seen them all.-Все медведи похожи друг на друга.Теңестірілген бұл мысалдардағы әртүрлі тілдегі ойларда оригиналдың көп сөздермен синтатикалық құрылысы аударма тексінде тікелей сәйкестік таба бермейді.Сонымен бірге бұл топтың оригиналы мен аудармасының арсында эквиваленттіліктің 1 типіне қарағанда мазмұн ортақтығының көптігі бар.Мына аудармаларды салыстырып көрейік.

1)That`s a pretty thing to say.-Постыдыился бы!

2)He answered the telephone.- Он снял трубку.

Бірінші мысалда әңгіме екеуінің арасында қандай да бір нақты байланыс жоқ мүлдем әртүрлі құбылысты көрсетеді.Оригинал мен аударма ортақтығы тек қана,2 жағдйда да сөйлеушінің өзімен сөйлеушісінің алдындағы жасаған ескертпесіне эмоционалдық (көңіл-күйлік) қатынасының бірдей деп қорыту (жабу)да болып тұр.

Екінші мысалда оригинал мен аударманың салыстыруға келмейтін тілдік құралдары бірдей істі,яғни телефонды (телефон трубкасын алу арқылы) алу арқылы телефонмен сөйлесуге болатынын сипаттайды.Әңгіме мұнда әртүрлі жолмен берілгенімен бір-ақ ойды білдіргенінде болып тұр.Мұндай ойларды сөйлеу тілінде «бір ойды басқа сөздермен жеткізу» деи те атайды.

Оригинал мен аударма арасындағы қатынас үшін бұл типке тән нәрсе:

лексикалық құрам мен синтатикалық ұйымдастырудың салыстыруға келмейтіндігі;

оригинал мен аударманың семантикалық басқаша өзгертіп айту немесе синтактикалық ауыстыру тұрғысынан алғанда лексика мен структураны байланыстырудың мүмкін еместігі;

аударма қарым-қатынас мақсатын сақтау,яғни ойдың басты функциясын сақтау эквиваленттіліктің міндеті шарты болып табылады;

аудармада әртүрлі тілдер хабарлрының арасында болатын логикалық байланысты дәлелдейтін бір ситуацияны ,яғни 2 жағдайда да «бір ойды білдіретін хабарды жеткізуді» сақтау.

Эквивалеттіліктің 3-ші типін

Мына мысалдардан көруге болады:Scrubbing makes me bad-temped.От мытья полов у меня настроение портится. London saw a cold winter last year-В прошлом году зима в Лондоне была холодной. That will not be good for you-Это может для вас плохо конч ится.Бұл типтің түпнұсқасы мен аудармасын салғастырғанда мынадай ерекщеліктерді көруге болады:

1)Лексикалық құрам мен синтактикалық құрылыстардың паралеллдігінің жоқтығы ;

2)Түпнұсқа мен аударма структураларын байланыстыруда синтактикалық ауыстырудың мүмкін еместігі;

3)Аудармада түпнұсқадағы сияқты ситуация ұқсастығы мен қарым- қатынас мақсатының сақталуы;

4) Аудармада жалпы ұғымның яғни түпнұсқадағы ситуацияны суреттейтін ұғымдардың сақталуы.Бұл жағдайда түпнұсқадағы хабарды аудармада семантикалық жағынан басқаша өзгертіп айтуға болатындығы.

Мұндай жағдайларда түпнұсқа мен аударма мазмұндарының арасындағы қатынас түсініктер арасындағы формальді –логикалық қатынастармен топтастырылады ,маңызы бірдейлілі,бағынушылықтар қарама-қарсылық, табыну. Мұндай байланыстардың болуы түпнұсқа мен аударманың бұл типінде көп мағыналылық ортақтықтың қосымша көрсеткіштері ретінде қызмет етеді. Негізгі түсініктердің ортақтығы түпнұсқа мен аудармадағы ситуацияны сипаттау ушін толардың бірдей белгілері таңдалынатын хабарлардың структураларын сақтауды білдіреді. Егер эквивалеттіліктің алдыңғы типтерінде аудармада түпнұсқаның мазмұны не үшін хабарланады және онда не хабарланады дегенге қатысты мәліметтер сақталынсы , мұнда яғни 3-ші типте түпнұсқада не хабарланса сол беріледі.

Ситуацияны сипаттаудың бір ғана жолы шеңберінде семантикалық ажыратудың әртүрлі түрлері болуы мүмкін . Негізінде ситуация сақталынатын мағыналық категорияны таңдау берілетін хабарды ұйымдастыруды толықтай анықтамайды. Ойды жеткізуді ұйымдастыруды семантикалықварианттылығы мағыналардың едәуір ортақтығыменбайланысты синонимдік структураларды жасайды.Осыған байланысты 3-ші тип аудармасында хабарлар структураларыныңтолықтай сәйкес келуі ,сонымен бірге аудармада синонимдік структураларды қолдану байқалады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1 Аударманың ең басты міндеті не?

2 Потенциялды эквивалент деген не ?

3 Аудармалық эквивалент деген не?

4 Аударма эквиваленттілігі және аударма дәлдігі ұғымдарының мәні неде ?

Тақырып№10: Эквиваленттіктің деңгейлері мен түрлері

Мазмұны:

1.Семантикалық және прагматикалық эквиваленттілікті қарсы қойып салыстыру.

2.Аударма варианттарының көп түрлілігі.

3.Эквиваленттілік деңгейін таңдауды анықтайтын факторлар.

Ой мазмұнының функциональды-ситуациялық аспектілері ондағы барлық хабарды құрамайды. Екі ойдың мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, тіпті олар бірдей қарым-қатынас мақсатын білдірсе де, сонымен бірге бірдей жалпы ұғымдар көмегімен бірдей ситуацияны сипаттасады. Олардың мазмұндарының толықтай бірдей болуы үшін оларды құрайтын лексикалық бірліктер (сөздер) мен олардың арасындағы синтактикалық қатынас толық тура келу керек. Кез-келген хабар әрқайсысы өзінің жеке мағынасы бар, белгілі-бір хабарды жеткізетін тілдік бірліктерден тұрады.Ой мазмұны тілдік бірліктердің мағынасынсыз өмір сүре алмайды.Cонымен бірге тілдік бірліктер ойды жеткізуде ой мазмұнының функциональды-ситутивті аспектілерін білдіреді сонымен бірге берілетін хабарды жеткізуде қосымша мағына береді.Қарым-қатнастың әртүрлі жағдайларында бірінші кезекте ойды жеткізудің кейбір мағыналық элементтері тұру мүмкін, (онда) сол кезде сөзді таңдау немесе синтактикалық структураны таңдау бүкіл хабар мазмұнының жеткізуде маңызды ролге ие болады.

Егер эквиваленттіліктің бірінші 3 типінде әңгіме оригинал мен аударма мағыналарының элементтерін тілдік құралдар біраз сәйкес келмесе де сақтап аудару болса, мұнда яғни тілдік бірліктердің семантикасын беруде, бастапқы тілдің тілдік бірліктерінің мағыналарына эквиваленттілік табу талап етіледі.Әртүрлі тілдердің бірліктерінің мағыналарына толықтай сәйкес келмейтіндіктен, оригинал мен аудармада бірін-бірі алмастыратын элементтер әдетте мағыналары жағынан бірдей болмайды. Соған қарамастан,көп жағдайларда оригиналдың тілдік құралдарындағы хабардың көп бөлігін аудармада беруге болады. Эквиваленттіліктің келесі 2 типінде оригинал мен аударманың мағыналық ортақтығы қарым-қатнас мақсатын сақтау, ситуацияны оны сипаттау тәсілін көрсету ғана емес сонымен бірге синтактикалық және лексикалық бірліктердің мағыналық сәйкес келушіліктерінің жақындығын қамтамасыз ету.

Эквиваленттіліктің 4 типінде 3 типке сақталынатын мазмұнының 3 компонентімен бірге, аудармада оригиналдық синтактикалық структура мағыналарының көп бөлігі беріледі. Оригиналдың структуралық ұйымдастырылуы аударылған текстің жалпы мазмұнына енетін белгілі хабарды таныстырады. Ойды жеткізудің синтактикалық құрылыс мазмұнының бірінші кезекте қарым-қатнас әрекеті ретінде бөлігін анықтайды және ондағы белгілі бір типтегі сөздердің белгілі тәртіппен және сөздер арасындағы белгілі бір байланыстармен қолданылу мүмкіндігін жасайды.

Сондықтын аудармада оригиналдың синтактикалық ұйымдастырылуын барынша сақтау мүмкіндігі оригинал мазмұнының толығырақ берілуіне мүмкіндік жасайды. Онда басқа (сонымен бірге) оригинал мен аударманың синтактикалық параллелдігі бұл текістердің кейбір элементтерінің сәйкес келушілігіне негіз береді.

Оригиналға қатысты синтактикалық ұйымдастырудың параллелизмі болады.

Эквиваленттіліктің 4 типінде оригинал мен аударма арсындағы қатынас мынандай ерекшеліктермен белгіленеді:

Лексикалық құрамына едәуір параллелдігі-оригиналдың көпшілік сөздер үшін аудармада мазмұны жақын сәйкес келетін сөздерді табуға болады;

Аудармада оригинал структурасына ұқсас синтактикалық структураларды қолдану аудармада оригиналдың синтактикалық структураларының мағыналарын мүмкіндігінше барынша беру;

Аудармада оригинал мазмұнының барлық 3 бөлігін сақтау – эквивалеттіліктің 3 типі қарым – қатынас мақсаты,ситуацияны көрсету және оны сипктту тәсілдері;

Синтактикалық параллелизмді толдықтай сақтау мүмкіндігі болмаған жағдай синтактикалық мағыналардың біраз деңгейде болса да өзгермеуі (ұқсастығы) аудармада ұқсас әртүрлі синтактикалық структураларды қолданумен іске асады.Эквиваленттіліктің 4 типінде әртүрліліліктің негізгі 3 түрі анықталады:

Тікелей немесе кері ауыстырумен байланысты синонимдік структураларды қолдану;

Сөздердің орнын ауыстыру арқылы болатын ұқсас структураларды қолдану;

Структуралардың арасындағы байланыс типтерін өзгерту арқылы ұқсас труктураларды қолдану;

Әрбір тілде бастапқы структурадан шығаруға (жасауға) болатын немесе керісінше белгілі бір қайта жасалынған структурамен қайта жасалынатын синонимдік структуралар болады.Мысалы:берілген немесе бастапқы негізгі мағынадағы структурадан осы негізгі мағынаны сақтайтын бірақ турадан осы негізгі мағынаны сақтайтын,бірақ қосымша синтактикалық мағыналарымен ажыратылатын бірнеше структура шығаруға болады: «мальчик читает – бала оқып отыр», «чтение мальчика – баланың оқуы», «читающий мальчик – оқып отырған бала», «прочитанное мальчиком - бала оқыған» т.б.Осындай барлық жағдайларда айтар ойдың мазмұны едәуір ортақ болады.

Көп жағдайларда синонимдік қатарлардың бір мүшесін басқамен ауыстыру ойдың жалпы мазмұнын соншама өзгерте қоймайды.Сондықтан аудармада сисомдік қатарларды эквивалаенттіліктің 4 типі шеңберінде қолдану оригиналдағы синтактикалық структуралық мағынасын жеткілікті мөлшерде толық сақтайды.I told him what I thought of her.- Я сказал ему свое мнение о ней.He was never tired of old songs.- Старые песни ему никогда не надоедали.It is very strange this domination of our intellect by our digestive argans.Странно,до какой степени пищеварительные органы властвуют над нашим рассудком.

Ағылшын тілінде сөздердің тұрақты орын тәртібі болғандықтан,басқалармен салыстырғанда инверсие (сөздердің тура орын тәртібінен алшақтау) сирек ойды жеткізудің эмоционалдық жақтарын көрсетудің тиімді тәсілі ретінде қолданылады.Ал орыс тілінде инверсия (кері орын тәртібі) жиі хабардың коммуникативті орталығын көрсету үшін қолданылады.Инверсия орыс тілінде ойдың эмоционалдығын көрсету үшін қолданылмайды.Сондықтан бұндай жағдайларда оригиналдағы «кері» орын тәртібі аудармада болмауы мүмкін,ал эмоционалдықты білдіру үшін басқа тәсілдер қолданылуы мүмкін,сонымен бірге лексика – фразиологиялық тәсілдер де қолданылуы мүмкін.Mine is long and a sad tale.- Повесть моя длинна и печальна.Open flew the gate and in came the coach. – Ворота распахнули настежь,и карета уже была во дворе.Him I have never seen.- Я его никогда не видел.

Аудармада оригиналдағы ұқсас структураларды қолдану ең ірі синтактикалық бүтін бірлік шеңберінде структуралапрдың арасындағы байланыс типтерін өзгертумен де болуы мүмкін.

Мұнда жай сөйлемдер мен,сабақтас ,салалас құрмалас сөйлемдер арасында әртүрлілік болуы мүмкін .Сөйлем типтері арасындағы айырмашылықтың белгілі-бір қарым-қатынастың мәні бар. Мысалы мынадай сөйлемдер мағыналарымен айырмашылығы «Начался дождь».Мы пошли домой .Начался дождь и мы пошли домой. Мы пошли домой потому что начался дождь. Олардың екі оқиға арасындағы байланыстың себептерінің бірдей еместігінде .Әртүрлі тілдегі бір типтегі сөйлемдердің мағыналық ,стилистикалық қызметтері сәйкес келмеуі мүмкін , соның нәтижесінде аудармада эквиваленттілікішкі құрылыстары ұқсас бірақ әртүрлі типті сөйлемдермен болуы мүмкін. Басқаша айтқанда ,аудармада жек сөйлемдердің саны , типі өзгеруі мүмкін.

Эквиваленттіліктің 4-ші типінде сөйлем санының және типінің өзгеруі аудармада керісінше ,яғни жеке сөйлемдердіңкішіреюімен болуы мүмкін.Despite all opposition these sections have organised a powerfull trade –union movement The mass of the Civil Servants have successfully established important political rightsfor themselves –Қарсы шығушылыққа қарамастан ,мемлекеттік қызметкерлердің бұл тобы үлкен кәсіподақтық қозғалыс ұйымдастырды және ,мемлекеттік қызметкерлердің көп бөлігін едәір дәрежеде өздерінің саяси құқықтарына жетті.

Эквиваленттіліктің 5-ші типі

Соңғы эквиваленттіліктің 5-ші типінде әртүрлі тілдер мәтіндерінің арасында болатын түпнұсқа мен аударма мазмұндарының барынша жақын деңгейіне жетеді .Эквиваленттіліктің бұл типін мына мысалдардан көруге болады:Isaw him at the theatre –Мен оны театрда көрдім.The houae was sold for ten thousand dollars-Үй 10 мың долларға сатылды. He was sure we shold bothfall ill-Ол екуміздің де ауыратындығымызға сенімді болды.

Бұл типтің түпнұсқа мен аударма арасындағы қатысына тән нәрселер мыналар:

1)Мәтінді структуралық жағынан ұйымдастыруда параллелизмнің жоғары деңгейі ;

2)Лексикалық құрамның барынша сәйкес келуі ;

3)Аудармада түпнұсқа мазмұнының барлық негізгі бөліктерін сақтау.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1 Эквиваленттіліктің қандай түрлері мен деңгейлері бар?

2 Семантикалық және прагматикалық эквиваленттілікті қарсы қойып салыстырудың мәні неде ?

3 Аударма варианттарының көптүрлілігі неге байланысты ?

4 Эквиваленттілік деңгейін анықтайтын факторлар қандай?

Тақырып№11: Аударма прагмматикасы

Мазмұны: 1.Аударма прагмматикасы ұғымы.

2. Аударылатын текстердің прогмматикалық классификатикасы.

Кез-келген текст коммуникативті, яғни хабар көзінен қабылдаушы белгілі бір хабарды, мәліметті алады. Қабылдаушы хабар көзінен хабарды қабылдай отырып, текстпен белгілі бір қарым қатынасқа түседі. Оны прагмматикалық қарым қатынас дейді. Текст пен Қабылдаушының арасындағы қарым-қатын.ас әр түрлі мүмкін болу керек. Текст кейде қабылдаушыға соншама әсер ете қоймайтын, оған қатысты емес тек бір оқиғаларды, фактілерді, хабарларды білу көзу болып қызмет етеді. Сонымен бірге текстен алынған хабар қабылдаушыға үлкен әсер етуі мүмкін. Текст қабылдаушының сезіміне, көңіл-күйіне әсер етуі мүмкін, белгілі бір әрекеттерге талпынуы мүмкін. Тексттің осындай қабылдаушыға әсер ете алуын тексттің прогмматикалық аспектісі немесе прагмматикалық потенциалы, немесе текстің прогмматикасы деп ат айды. Аударма процессінде әр түрлі тілдердің тілдік жүйелерін салыстыремен бірге олардың әртүрлі мәдениетінде салыстырыладлы. Әдетте, бастапқы текст өз тілінде сөйлеушілірге арналып жазылған. Ағылшын тілінде жазылған тексті ағылшын қабылдаушысы толықтай түсіне алады. Өйткені ол өз халқының мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін біледі. Аударма процессінде текст басқа мәдениеттің адаптация жасалынады, яғни қабылдаушыға түсінікті болу үшін текстке кейбір төзгертулер еңгізіледі, түсініктемелер беріледі. Мәселен В.Н. Камиссаров мынадай мысал береді: It was Friday. So they will soon go out and get drunk. Бұл сөйлем орыс не қазақ оқырмандарына түсініксіз болуы мүмкін. Ол қандай жағдайда түсінікті болады. Ол сөйлемге прогматикалық адаптация жасап, яғни түсіндірме берген жағдайда, яғни Англияда фабрика жұмысшыларына жалақыларын аптаның жұма күндері беретінін қосымша айту керек. Прагматикалық адаптациямен бірге былай болады:

Аударма процесінің екінші этабында аудармашы бастапқы хабарда аударма қабылдаушысының түсінуін қамтамасыз етуге талпынады. Ол оригин,ал қабылдаушысына қарағанда аударма қабылдаушысының бөтен тілдің иесі екенін, оның білімі, өмірлік тәжірибесі, басқа тарихы, мәдениеті бар екенін ескереді. Осындай алшақтаулар бастапқы хабарды толыққынды түсінуге кедергі болатын жағдайларда, аудармашы бұл кедергілерді аударма текстіне тиіс өзгертулер жасау арқалы жоя алады.

Аударма қабылдаушысында тиісті басқа тілдер, ұлттар туралы жан-жақты білімі болмаған жағдайда берілген хабарға түсініктеме жасап, аударма текстіне толықтурулар түсіндірулері жасауды қажет етеді. әсіресе бұл оригиналда адам аттары, географиялық аттаулар, мәдениет және тұрмыс жағдайындағы ұлттық болмысқа қолданылған жағдайда болады. Географиялық атаулар: мысалы Американың Massachusets, 0klahoma, Virginia, Канаданың Albert, Monitoba немесе Англияның Middlesex, Surrey т.б. қазақ не орыс тілдеріне аудару барысында әдетте «штат, провинция, графство» деген т анықтауларды қосып аудару керек. Себебі оны қазақ, орыс оқырмандары түсінбеуі мүмкін. Мысалы: Массачусец штаты, Алберта провинциясы, Мидлсекс графствосы, т.б. анықтап түсініктеме беретін элементтер мекеме, фирма, басылым органдары т.б атауларын аудару барысында қажет болуы мүмкін. Мысалы: The strike movement Spain is on the increase, “Newsweek” reports. –Как сообщает журнал «Ньюсуик» в Испании растет-движение.

Осыған ұқсас қосымша түсініктемелер бөтен елдің тұрмыс-салтқа байланысты әр түрлі реалиилердің атауларын түсінуді қамтамасыз етеді.

For desert you got Brown Betty, which nobody ate…

На сладкое – «Рыжая Бетти», пудинг с патокой, только его никто не ел.

Бұл жерде оқырман тәтті орнына берілетін «Рыжая Бетти» деген сөздің не екенін қосымша берілген түсініктемеден ұға алады. Against my will I felt plesed that he should have considered my remarks interesting, thought I knew that it was Dale Cornegie stuff, a small apparently cansual compliment. Я был невольно польщен тем, что он находит мои замечания интересными, хотя и понял, что это был дешевый трюк – как бы случайно брошенный комплимент по рецепту Дейла Карнеги. Бұл сөйлемге аударма ескерту беру керек. Дейла Карнеги – «Қалай достар тауып, айналандағыларға әсер етуге болады.» деген атақты кітаптың авторы – деп. Кейбір жағдайларда текстің прогматикалық потенциалын беру, аударма қабылдаушысына белгісіз детальдарды аудармада түсіріп тастау арқылы берілуі мүмкін. There were pills and medicine all over the place, and everything smelled like viccks’ Nose Drops. - Везде стояли какие-то пузырки , пилюли, все пахло каплями от насморка. Мұнда аудармада viccks’ деген сөз түсіп қалған. Ол тамшының фирмалық аты.

Аударма қабылдаушысының берілген хабарды адекватты түсінудің қамтамасыз етуі үшін аудармашыға кейде берілген хабардың кейбір түсініксіз элементтерін қосымша хабарлармен ауыстыруына тура келеді. Солай етуге мәжбір бола алады. Мысалы: The Prime-Minister spoke a few words from a window in number 10. Бұл жерде Лондандағы Даудинг көшесіндегі 10 үйде премьер министрдің резиденциясы орналасқандығын кез-келген ағылшындық біледі. Бөтен елдің адамы оны білмеуі мүмкін, сондықтан аудармада: премьер министр произнес несколько слов из окна своей резиденции – деп №10 деген сөз резиденция сөзімен ауыстырылады.

Жиі мұндай ауыстурулар генрализация сипатында болады, яғни ол дегеніміз – сөздерді аудармада қабылдаушысына түсінікті болу жалпы мағынасын беріп ауыстыру: ...“a sweept” yard that was never swept where Johnson grass and rabbit – tabacco grew in a bundunce.

... «чистый» двор, который никогда не подметался и весь зарос сорной травой. Бұл ориганалдағы «джонсова трава» және «кроличный табак» деген арам шөптердің аты. АҚШ-тың оңтүстік штаттарындағы тұрғындарға ғана белгілі. Сондықтан орыс, қазақ оқырмандарына ол түсініксіз болғандықтан аудармада бұл атаулар арам шөптер деп жалпыламаны аударылған, оның устіне бұл жерде аулада қандай шөптер өскені емес, ауланың таза емес шөп басып кеткені қаралмағаны.

Жиі жалпылау жалқы есімдерді жалпы есіммен ауыстыруда қолданылады.(негізінен фипмалық атаулар)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1 Аударма прагматикасы деген не?

2 Аударылатын мәтіндердің прагматикалық классификациясы қандай ?

3 Прагматикалық адаптацйя деген не?

4 Прагматикалық адаптация не себептен жасалады?

Тақырып№12: Аударма прогмматикалық тұрғыдан өңдеудің принциптері мен тәсілдері.

Мазмұны: 1.Қысқартылған және жеңілдетілген аударма

2.Алғашқы жазылған, жұмыс және ресми аударма

3. Аударма сапасына жалпы баға беру

Аударманың прагматикалық проблемасы оригиналдың жанрлық ерекшелiктерi мен қабылдаушының типiне байланысты. Оригиналдың прогмматикалық потенциялын беруде негiзгi қиыншылықтармен көркем әдебиет аудармашылары кезiгедi. Кез келген тiлдiң көркем әдебиет шығармалары сол тiлде сөйлейтiн адамдарға арналған, бiрақ сонымен бiрге олардың жалпы адамзаттық құндылығы бар. Сонымен бірге оларда сол халықтың тарихы, әртүрлі әдебиетi, тұрмыс- салты, ұлттық тағамдарының аты, киiмдерi т.б мен байланысты уақиғалар мен факторларды сиппаттау жиi кездеседi. Оның барлығы аударма қабылдаушысының текстi адекватты түсiнуiн қамтамасыз ету үшiн бастапқы тiл мен аударма тiлiнiң арасындағы прагмматикалық айырмашылықты жою үшiн тузетулер енгiзудi талап етедi.

Прагматикалык жағынан қайта құру өте жиі ғылыми-техникалық материалдарды аударуда кажет болады. Бұл әртілде сөйлегенмен берілген кұбылысты түсінетін мамандар үшін қажет болады. Бұл жерде түсініктеме фирмалардын атаулары, өлшем бірліктері, арнайы номенклатуралык атауларға т.б. береді

Текстің прагматикалык аспектісінің ерекше проблемасы шет елдерге арналып жазылған текстерге байланысты. Бул жерде әңгіме шетелдік аудиторияға арналған біртүрлі хабарламалы-пропогандалық материалдар және экспортқа шығарылатын товарлар жарнамалары жөнінде. Негізінде мұндай текстердің авторлары оларды сол шетел тындаушыларының ерекшеліктерін ескере отырып жазулары тиіс.

Мұндай жағдайда аудармашының жұмысы жеңілдетіледі. Аудармашыға аударма кабылдаушысының хабарды толық тусінуін қамтамасыз ету кажеттігі болмай калады, себебі ол жагын оригинал авторы қамтамасыз етіп кояды. Бірақ өте жиі оригинал авторлары олай қамтамасыз ете бермейді, сондықтан аудармашыға текстің прагматикалык ерекшелігін ескеріп тиісті тузетулер жасауына тура келедг

Аударманың прагматикалык адекваттығын камтамасыз етуге сол тілде сөйлейтін белгілі бір топтардың тіліндегі (сөйлеуіндегі) айырмашылық болатын социо-лингвистикалық факторлар да маңызды рөл атқарады. Негізінде, берілген хабарды аударма қабылдаушысының жан-жақты түсінуін қамтамасыз етуде қосымша қиыншылықтар оригинал тексте бастапқы тілдің жалпы халықтық нормасынан ауытқулардың болуымен байланысты туындауы мумкін. Мысалы: территориялық диалектілер, социальды диаклектілер

.Негізінде бастапқы тілдегі оригиналдардағы территориялық диалектілердің элементтері аудармада берілмейді. Оригиналда мұндай диалектілерді колданудың екі жақты сипаты болуы мүмкін. Бір жағынан оригиналдың бүкіл тексі белгілі бір диалктте жазылуы мүмкін. Мұндай жағдайда диалект карым-катынас жасау кұралы ретінде болуы мүмкін. Сондықтан аудармада дәл солай аударылуы керек. (Мұнда аудармашыға белгілі мөлшерде сол диалектіне үйренуіне тура келеді). Екінші жағынан диалектілер негізінде, әсіресе көркем әдебиетте, белгілі бір кейіпкердің тілдік сипатын, сол диалектіде сөйлейтін районның тқрғыны екенін көрсету үшін қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайда бастапқы тілдің диалектілік ерекшеліктерін бергенмен ештеңе шықпайды. Ол аударма қабылдаушысына түсініксіз болуы мүмкін. Мысалы: ағылшын оригиналындағы кейіпкер Лондон диалектісімен «кокни» сезге «h» дыбысын қосып айтатын болса, ал ол норма бойынша олай айтылмауы керек ал, норма бойынша айтылатын жерде ол дыбысты түсіріп айтса. («Е» «аs а gооd hеаr - Не has a good ear ») мұны орыс аудармаларда осы ерекшелігін көрсетіп айтса «Нон хобладает 'орошим слухом» онда ол мағынасынан айырылады.

Ерекше қиындық (проблемалар) аудармада түпнұсқада кездесетін шетелдіктердің бұрмаланған, дұрыс сөйленбеген сөздерін беруде кездеседі (Мысалы: ағылшын тілінде сөйлейтін индиялык. Оның ағылшыншасы оригиналдық емес). Түпнусқада бұрмаланған формалар еріксіз, лажсыздан немесе әдейі бұрмалануы мумкін. Бірінші жағдайда сөйлеуші (шетелдік) шет тілін еркін меңгермегендіктен еріксіз бұрмалап колданады. Мұндай бұрмаланған, қате сөйлеуді қабылдау қиынға соғады және бірден сөйлеушінің өз тілі емес екені аңғарылады. Мұндай қате сөйлеуді қабылдағанда тыңдаушы оны тілдің дұрыс формасымен сәйкестендіріп, сөйлеушінің қандай форманы айтқысы келгенін біле қоюы керек. Сөйтіп, бұрмаланған тілді формаға «аударып» екі жұмыс жасайды

.Осы сияқты басқа тілге аудару процесінде де ең алдымен аудармашы бұрмаланған тілді дұрыс формамен сәйкестендіріп, сонан кейін аударады. Мысалы: орысша сөйлейтін шетелдіктер барлығына тән нәрсе етістіктің түрлерін таңдауда қателік жасау (бұрмалау). (Я буду уходить - Я уйду; Моя брат принесла пиво).

Аударма жасалынуы тиіс коммуникативтілік тиімділікті оригиналдың доминантты кызметі ретінде анықталынады. Көркем әдебиет шығармалары үшін қабылдаушыға әсер ету оқырмандарға танымал болған текстің әдеби жетістіктеріне байланысты. Мұндай текстерді аударудағы негізгі прагматикальк міндет аударма тексін де аударма қабылдаушысына тура сондай көркем эстетикалық әсерететінде қылып құру (аудару).Шекспирдің, Диккенстің, Бернстің шығармаларының қазақша аудармаларын оқи отырып,қазақ оқырмандары оригинал авторының әдеби талант күшін сезінуге тиіс,неге ол өз Отанында ұлы драматург, жазушы немесе ақын екенін ұғына алуы тиіс.Егер аудармашы осындай жетістікке жете алса,онда оригиналдың коммуникативтілік тиімділігі тең дәрежеде жасалынды деп айтуға болады.

Ғылыми – техникалық материалдардың доминантты функциясы болып қоршаған әлемнің объектілерін үндеуге (жариялауда) суреттеу,түсіндіру немесе сілтме жасау болып табылады.Бұл жерде қабылдаушыға прагматиалық әср ету оған ғылыми немесе техникалық сипаттағы белгілі бір істі атқаруы үшін қажет хабарларды жеткізе алуында болады.Егер хабарды қабылдаушы сол жеткізілген хабардың негізінде көрсетілген эксперименті орындай алып немесе прибормен немесе станокпен операцияларды жасай алса,онда текстің коммуникативті тиімділігіне жетті деп атауға болады.

Ең қиын проблема болып аударма текстіне нақты бір қабылдаушының жағынан болатын қажетті реакциясы қамтамасыз ету міндеті болып табылады.Бұл жерде аудармашыға оригиналдың қабылдаушыға ықпалына,әсері емес,аударма қабылдаушысының жеке ерекшеліктерін ескеруге тура келеді.Адамның мінез-құлқын,психикалық жағдайын жақсы білгенде ғана (сенімді түрде) берілген хабарға адамның көңіл-күйі,реакциясы қалай болатынын айтуға болады.Әдетте,аудармашы өз алдына --- эффект міндетін қоймайды.Ал,егер ондай міндет қойылатын болса,онда оның орындалуы текстің прагматикалық адаптациялануын,яғни оригиналға---- жағынан тең болуы үшін,аударма шеңберінен текст құру процесінде шығуын талап етеді.Шет тілінде аудару барысындағы мұндай адаптация мыс., берілген товарды қамтамасыз ететін реклама тексі өте жиі аударма тілінде болашақ сатып алушылардың талғамы мен талантына сай ерекшеліктерін ескеретін жаңа параллель тексті (co-writing) жасауға мәжбүр етеді.

Тіларалық коммуникацияны орындау процесінде прогматикалық проблеманың тағы бір типі шығады.Олар аударма қабылдаушысына қатысты аудармашыда қосымша прагматикалық міндеттердің пайда болуына байланысты.Осыған байланысты аудармашы аударманың негізгі прагматикалық міндеттерімен байланысты емес (тәуелді емес) қосымша мақсаттарды бақылауына тура келеді.Әрине,мұндай прагматикалық «жоғары міндет» (сверхзадача) аударма процесіне және оның нәтижесінің бағасына әсер етпей қоймайды.

Прагматикалық «жоғары міндет» оригинал тексіне тікелей қатысы жоқ,бірақ аудармашының аударма қабылдаушысына тиісті ықпал жасап,текст мазмұнының идеясына,автордың творчестволық манерасына т.б.аудармашы мен аударма қабылдаушысының қатынасын білдіретін факторлардан туындайды.

Нақты бір аударма әрекетінде прагматикалық «жоғары міндет» орындауға тырысу үшін аудармашы кейде аударманың прагматикалық потенциалымен және хаба көзінің ойларымен сәйкес келмейтін бірақ аударма қабылдаушысына әсер етуге жету үшін максимальды эквивалентілікке жетуден бас тартып,немесе таңдап аударумен қанағаттануына болады.

Нақты бір аударма әрекетінің прагматикалық міндеттерін сәйкес аудармашы оригиналының эмоционалды-стилистикалық және ассоциональды-бейнелік аспектілрін ескермей тек ғана «жалаң мағына» яғни,тексттің заттық-логикалық мазмұнымен шектеліп беруге тырысу басқа нәтижелерге әкеледі.Мұндай міндет өте жиі аудармашыға өте қысқа уақытта аударма қабылдаушысын хабардың негізгі мазмұнымен таныстыру қажет болған жағдайда туындайды.Мұндай қысқартылған аударма толық аударма текстін дайындаудағы аудармашының жұмыс процесінің алдын-ала дайындық этабы ретінде қарастырылады.Осыған байланысты үш түрлі категориядағы аудармашы ажыратуға болады.Бұлардың әрқайсысы белгілі бір талаптар типіне сәйкес келеді:Нобай (черновой),жұмыстық (рабочий),обзорный----және ресми (официальный) (басуға дайын) аударма.Бірінші категориядағы аударма ситуацияны көрсету деңгейінде орындалады.

АҚШ, оригиналда не туралы айтылатынын ғана бередi кейде кeйбip жерлерiн тастап, тiптi аударма типнiң нормасынан ауытку да болады. екiншi категорияның аудармалары оригиналдын заттык-логикалык мазмунын (ситуацияны суреттеу тәсiлi деңгейiнде) толык бередi аударма типiнiң нормасын сактайды, 6ipaқ оригиналдың — аспектiсiн беруде адекватты болмауы мумкiн, сондыктан жоғалған хабарды толыктыру үшiн түсiнiктемелер беруге тура келедi. З-шi категориядағы аудармалар оригналының аударма тiлiнде коммуникативтiлiгi жағынан толыққанды ауыстырылуын жасайды. Оригинал мазмұнының функционалды релевантна элементтерiн, оның прагматикалық потенциалын қоса бередi.

Аударма тексiн негiзiнен өзгертетiн прагматикалық жоғары мiдеттiң ерекше түpi больш аударманың оригиналды модернизациялауға ұмтылуы (тырысуы) болып табылады. Аударманың уақыты және орны оригиналдың уақыты мен орнынан өте қатты айырмашьшығы болуы мүмкiн.

Аудармашы өте жиi баска тарихи эпохада құрылған оригиналдармен, сонымен 6ipre өз ана типiнде де сол уақытта өзrepicтep болған, тiптi өзгерiстердiң болғаны соншалык баска тiл сиякты болып көрiнетiн аудармамен icтec болады. Бұрыңғы уакытта болған текстiң аудармасы аудармашынын алдына бiрқатар қосымша проблемалар қояды. Аударманың қaзipгi тiлмен жасалмағандығы туралы факт аударма тексiнде қандай да бip жолмен көpceтiлyi тиiс. —Аударма тiлiнiң сөздер мен структураларын пайдалана отырып, аудармада хронологикалық алыстықты көрсету кажеттi туады, Қaзipгi заманғы қабыддаушыға түсiнiктi, 6ipaқ архаизм ретiнде аз колданылып есiлетiн.

— Ескiрген лексикалық элементтердi қолданумен 6ipre текстiң архаизмдiлiгi аудармашының тiлдiң қaзipri замандағы немесе қазipri заманғы өмip мен тұрмыска байланысты қолданаттын сөздер мен сөз тiркестерiн қолданбауымен қамтамасыз етiледi өйткенi, оригинал құрылган кезде ол сөздер мен сез тiркестерi болған —

Аударма қaзipri қазақ тiлiне аударылғанмен Англияда XIV ғасырда өмiр сүрген оригинал авторы және оның кейiпкерлерi аудармада мынадай сөз тiркестерiн: «ic-canapғa шығу - ездить в канку», «өндiрiстен қол үзбей оқу- Заниматься чем-либо без отрыва от производства», «кадрлар ipiктey -подбирать кадры», «өзектi мәceлeлepдi шешу-решать проблемные вопросы» т.б.

Оригиналдың уақыт қашықтығына коммуникативтi жағынан толық сәйкес келу үшiн аудармашы аударма талаптарын бұзып, беретiн хабарды модернизациялауға тырысады, ягни казiргi заманғы автордың жасағанындай қылып. Мұндай мiндеттен тыс (жоғары мiндеттi) орындау аударма тексiнде нeriзгi өзгерiстердiң болуына алып келед!, аз колданылатын архаизмдердiң орнына, кepiciншe Қaзipri заманғы, күнделiтi қолданылатын лексикалар қолданылады. өзrepicrep ситуацияны сипаттауға да катысты болады. Егер библиялық текстiң ағылшын аудармада дiнге сенушiлер 6ip-6ipiмeн кезiккенде суйетiн болса, (greeted one another with a holy kiss) модepнизaцияланған вариантанда олар қол алысады. (gave one another a hearty handshake all around).

Накты 6ip аударма актiсiнiң арнайы мақсаты оригиналдың мазмұнымен немесе оның прагматикалық потенциалымен тiкелей байланысты емес жағдайында аударма кабылдаушысына әсер ету мақсатында болуы мумкiн.

Аударма npoцeci аудармашының өзiнiң немесе тапсырыс берушiнiң немесе жумыс берушiнiң өздерiнiң қандай да 6ip мақсат - ниеттерiне байланысты аударманы толық берудi емес, сол оригиналды өз мақсаттарына жету үшiн пайдалану үшiн жасалануы мүмкiн. Мұнын нәтижесiнде аудармашының алдында оригиналға тең дәрежеден коммуникативтi аударма тексiнiң жасау емес, аудармашы өз алдына пропагандалық мақсат қоюы мүмкiн.Ол аударма қабылдаушысына суреттелген оқиғаға қатысты оригинал авторына өз көзқарасын, қатысын бiлдiрiп бiрнәсеге кезiн жеткiзуге тырысуы мүмкiн. Ол экономикалық, политикалық (саяси) конфликтiге келмеу, кepiciншe конфликтi тудыру сиякты көзқарастар болуы мүмкiн. Мұндай жағдайда оригинал толықтай бұзылуы мүмкiн, сондықтан әдетте профессиональды аудармашы аударма процесiнде өзiнiң жеке мақсаттарың болдырмауға тырысады. Солай болса да кейбiр жағдайда кейбiр факторларға байланысты оригинал-элементтердiң дұрыс аудармашыдан саналы турде бас тартуға тура келедi.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1 Аударманың прагматикалық проблемасы қайдан туындайды?

2 Мәтінді прагматикалық жағынан қайта құру деген не?

3 Аударманы прагматикалық тұрғыдан өңдеу қай жанрларда жиі кездеседі ?

4 Қысқартылған және жеңілдетілген аударма деген не?

5 Алғашқы жазылған жұмыс және ресми аударма деген не?

Тақырып13: Аударма модельдері

Мазмұны: 1.Аударма моделі ұғымы

2.Аударма процесін аударма моделдерінің көмегімен сипаттау

3.Денотаттық(ситуациялық)трансформациялық-семантикалық және

құрылымдық -әрекеттік моделі

Аударма деп тар мағынада бұл термин аудармашының аударма мәтінін жасаудағы әрекетін атайды. Аударма процесі кем дегенде 2 этапты: аудармашының оригиналдың мазмұнын анықтауы және аударма вариантын таңдауы. Осы этаптардың нәтижесінде оригинал мәтінінен аударма мәтініне өту орындалады.Бұл жағдайда аудармашы жиі өз жүрегімен әрекет етеді, кейде варианттарды таңдауда нені басшылыққа алғанын да білмейді, бірақ бұлай жасау үнемі еркін өз білгенін істеу деген емес. Ол көп жағдайда бастапқы тіл мен аударма тілі хабарларын құру тәсілдерінің сәйкестігімен анықталады. Аударма теориясы оригинал мәтінінен аударма мәтініне өту қалай өтеді, аудармашы әрекетінің негізінде қандай заңдылықтар жатқанын анықтауға тырысады.

Нақты аударма процесі аудармашының миы арқылы орындалады және оны тікелей бақылап, зерттеу жасау қиын. Сондықтан аударма процесін зерттеу жанама жолмен әртүрлі теориялық модельдердің көмегімен, яғни аз не кем мөлшердегі жақындықпен аударма процесін толықтай немесе оның белгілі бір жағын сипаттайтын теориялар арқылы жасалады. Аударма моделі деп аудармашының бірқатар ойлау операцияларын орындай отырып бүкіл түпнұсқаның немесе оның кейбір бөлігін аударуын шартты сипаттауды айтады. Лингвистикалық аударма теориясында аударма модельдері тілдермен тілдік бірліктердің ой операциялары түріндегі аударма процесін білдіреді, яғни таңдау оригиналдың тілдік ерекшеліктерімен және аударма тіліндегі сәйкес құбылыстармен анықталатын лингвистикалық операция дегенді білдіреді. Аударма моделі шартты түрде болады, себебі аударма мәтінін жасау процесіндегі аудармашының шын әрекетін міндетті түрде бейнелемейді. Өзінің практикалық жұмысында аудармашы бізге белгілі аударма модельдерінің ешқайсысымен сәйкес келмейтін қандай-да бір жолмен қажетті нәтижеге жете алғанмен де, мұндай моделтдерді білу оған кейбір қиын аудармалық міндеттерді шешуге көмектеседі.

Ситуациялық (денотаттық) аударма модельі әдетте денотаттар деп аталатын құбылыстар, қандай да бір заттарды бейнелейтін барлық тілдік бірліктердің мазмұны. Тілдің көмегімен құрылатын хабар қандай да бір ситуация туралы хабардан тұрады, яғни бір-бірімен белгілі бір қатынасқа түсетін денотаттардың сәйкестігі. Тілдердің әртүрлілігін есепке алмасақ, бүкіл адамзат үшін бізді айнала қоршаған орта бірдей. Қоршаған ортаның, биологиялық құрылыстардың өнеркәсіптік, өмір процестері барлық адамдарда, олардың тілдерінің бөлектігіне қарамастан ортақ, бұл дегеніміз барлық адамдар бір-бірімен ой алмасқанда бірдей құбылыстарды көру арқылы болады. Кез-келген хабардың негізгі мазмұны белгілі-бір тілден-тыс ситуацияның бейнесі екенін ескерсек, аударманың ситуациялық моделі аударма процесін аударма тіліндегі ситуацияны, түпнұсқа тіліндегі сипатталған ситуацияның көмегімен беру процесі ретінде қарастырады. Бұл жағдайда аудармашының әрекеті мынадай түрде бейнеленеді. Аудармашы оригинал мәтінін қабылдай отырып, осы мәтінді құрайтын бірліктерді өзіне белгілі аударма тіліндегі тілдік бірліктермен теңдестіреді және олардың мағынасын контекстті аудара отырып түпнұсқа қандай ситуацияны сипаттап отырғанын анықтайды. Одан кейін аудармашы осы ситуацияны аударма тілінде сипаттайды. Сөйтіп аударма процесі түпнұсқа мәтінінен аударма мәтініне өту кезінде болады. Кейбір жағдайларда бұл процесс қысқа жолмен өтеді, яғни мәтінді немесе оның кандайда бір бөлігін аудару алдын ала жасалынса және аудармашыға бастапқы тілдің белгілі бірліктері аударма тіліндегі бірдей заттарды немесе құбылыстарды көрсеткен жағдайда. Бұл негізде ол тікелей түпнұсқа бірліктерін аударманың сәйкес бөліктерімен ауыстыра алады. Ситуациясыз қарапайым сөйлемді түсіну қиын. Мысалы: ағылшын сөйлемі The table is on the wall - Таблица кабырғада- деп аударылады, себебі шынайы әрекетте қарым-қатынас жасаушыларға екі сөздің біреуін table – стол және таблица деген мағыналардың бұл жағдайда таблица алынатын, себебі әдетте қабырғада стол емес таблица ілінетіні белгілі болғандықтан болып тұр. Аударманың ситуацялық моделі түсіндіру күшіне ие. Ол аударма процесін бара-бар сипаттайды, яғни аударма тілінде коммуникативті тең мәтін жасау үшін аудармада бастапқы тілде қандай ситуация сипатталса соны аударма тілінде жеткілікті мөлшерде көрсету. Басқа сөзбен айтқанда, осы модельдің көмегімен ситуацияға ұқсас деңгейдегі эквиваленттілікке жетуге болады. Ситуациялық модель негізінде мынадай үш түрлі жағдайда болады: 1) эквивалентсіз лексиканы аудару кезінде; 2) оригиналдағы суреттелінетін ситуация бірмезгілде аударма, вариантын анықтаған кезде; 3) оригиналды немесе оның қандай да бір бөлігін түсіну және аудару хабарда қолданылған тілдік бірліктердің мағынасына еңбейтін ситуацияны анықтаусыз мүмкін болмаған жағдайда. Бастапқы тілдің эквивалентсіз бірліктерінде дайын сәйкестік болмағандықтан мұндай бірліктерге кез-келген окказиональды сәйкестіктерді жасау тәсілі ситуацияны еске алумен

байланысты. Тіпті аударылатын сөзге немесе сөз тіркесіне жасалынған сәйкестіктер (транскрипция немесе калька) бүкіл ситуацияны анықтау негізінде таңдалынады:

The plan is to use a system called “dense pack” which would put the missiles into a narrow strip 14 miles long and one mile wide.- План предусматривает использование системы, именуемой «плотная упаковка» при которой ракеты размещаются на узкой полосе длиной 14 миль и шириной в 1 милью.

Эквиваленттіліктің екі типін ситуация деңгейіндегі сипаттауда мынадай жағдайлар ситуациялық оригиналда қалай сипатталғанына байланыссыз аударма тілінде берілген ситуацияны сипаттаудың бір ғана жолы болатындығы айтылды. Мұндай жағдайда аудармашы шынайы әрекетте жүгіну ғана арқылы ситуативті эквиваленттілікпен істейтінін анықтай алады: егер ағылшын оригиналына және ғана боялған нәрсені (Wet paint) онда бұл ситуация орыс аудармасында «осторожно, накрашено», деп ал сынғыш нәрселер оралған упаковкадағы (Fragile) орысша «осторожно, стекло» деп аударылады. Осындай ұқсас жолмен ситуация едәуір мөлшерде аударма вариантын таңдауды аударма тілінде бұл ситуацияны бір ғана емес бірнеше сипаттау жолымен анықтайды. Осы тәсіл көптеген жағдайларда аудармада қолданылады.

Keep off the grass. – По газоном не ходить.

To sit up late. – Поздно лечь спать.

To swallow the bait. – Попасть на удочку. Орыс тілінде бұл сөз тіркестерін басқа жолмен беруге болса да, әдетте ситуацияға жүгіну аудармашыға дұрыс аударма жасауға көмектеседі.

Stop, I have a gun!- Стой, я буду стрелять! Және орыс тілінде қолданылмайтын «Стой, у меня ружье!» сипатталынатын ситуацияға жүгіну мынадай жағдайларда аударма вариантын таңдауда сөйлемдегі мазмұн жеткіліксіз болған жағдайда шешуші роль атқарады.Біз келген ситтуацияны егжей –тегжейлі сипатталмайтынын білеміз және оның белгілерінің жиынтығын белгілеу арқылы болатынын білеміз.Сонымен бірге аударма вариантын таңдау кейде берілген ситуацияның шын мәніндегі әрекетте болатын басқа ,бірақ түпнұсқада қолданылған ситуацияны білдірмейтін белгілеріне байланысты болады.Бұл жағдайда аудармашы берілген ситуация жайында мәліметтер іздестіре отырып аударады.Қарапайым мысалды қарастырайық. Мысалы: бізге мынадай ағылшын сөйлемін аударуымыз керек:

Her aunt must be made to tell then about it. Бұл сөйлемнің жалпф мазмұнын түсіну қиын емес, бірақ aunt зат есімімен made етістігіне орыс тілінің сәйкестікті таңдау қосымша хабарды талап етеді. “aunt” – тетя, тетушка, тетка болуы мүмкін, ал “must be made” – заставить, убедить немесе попросить дегенді білдіруі мүмкін. Бұл сұрақты шешу үшін, шын мәнінде қандай адамдар туралы сөз болып отыр, олардың арасындағы қатынас қалай, осы туысқан адам туралы тиісті хабар алу үшін қандай тәсіл қолдану керектігін анықтап алу қажет. Нақты ситуация жайлы керекті мәлімет кейде әртүрлі әдеби кітаптардан немесе әртүрлі справочниктерден алынады. Мысалы, мына мысалда аудармашыға Англияның тарихының негізін білуге тура келеді.

Cromwell and Bradshaw not the guide man, but the King Charles’s head man likewise sojourned here. (J.K.Jerome). асты сызылған сөздерді аудару тек аудармашыға Дж. Бредшоның Англияда Карл І-шіні өлім жазасына кескен соттың председателі болғанын білген жағдайда ғана мүмкін болады. Мәтінде өзіне не тар шеңбердегі немесе кең шеңбердегі контекст guide man және King Charles’s head man сөз тіркестерін дұрыс түсіндіруге көмектесе алмайды. Сөйтіп, аударманың ситуациялық моделі аударма процесінің кейбір маңызды жақтарын дұрыс бейнелейді және аудармашының шынайы әрекетке жүгінуі мен байланысты және оны аударма тілінің құралдарымен сипаттайтын аударма варианттарын таңдау ерекшеліктерін түсіндіруге мүмкіндік беретін модель. Сонымен бірге бұл модельдің аз күшке ие, өйткені ол аударма процесінің орындалуының кейбір тәсілдеріне ғана ие. Белгілі, сипатталынатын ситуация көп жағдайда әртүрлі тәсілдермен сипатталынатын болғандықтан аударма вариантын таңдауды үнемі бір жақты анықтай бермейді. Ондай жағдайларда нақты оригинал сипаттайтын ситуацияны дәл анықтау аудармашыға бұл ситуацияның қандай белгілерін аударма тілінде хабарды құруда көрсету керектігін білдірмейді.

Аударманның ситуациалық моделі түпнұсқаның коммуникация мақсатын беру үшін аудармашы сол ситуацияны сипаттаудан бас тартқан жағдайда қолданылмайды. Егер бұл ситуация түпнұсқа қабылдаушысына қарағанда аудрма қабылдаушысына басқа асссоциациямен байланысты тиісті қортынды жасауға мүмкіндік бермесе, онда аудармашының сол ситуацияны аударма тілінің құралдарымен сипаттауы тіларалық коммуникацияны мүмкіндігін қамтамассыз етпейді.

Бұл айтылғандардан шығатыны ситуациялық модель аударма процесін дұрыс түсіндірмейді. Ол аударма процесін адекватты түрде мынандай жағдайларда

Оның орындалуы үшін түпнұсқадағы сипатталынатын ситуацияны анықтап оны аударма тілінің құралдарымен берген жағдайда бере алады. Бірақ оның түсіндіру күші оның түпнұсқасының сол бөлігінің мазмұнын аудармада берілу қажеттігін ескрмейтіндігімен шектеледі.

Аударманың трансформациялық семантикалық моделінің ситуациялық модельден айырмашылығы, аудармада оригинал бірліктерінің мағыналарын беру іске асатындығында. Ол аударма процесін аудармашының бастапқы тіл бірліктерінен аударма тіл бірліктеріне олардың арасында эквиваленттілік қатынасын орната отырып өтетін бір қатар кайта құру деп қарайды. Сөйтіп трансформациялық модель түпнұсқамен аударма структураларымен лексикалық біріліктерімен тікелей байланысына бағытталған.Сәйкес келетін бірліктер аудатма процесінің бастапқы және соңғы жағдайы ретінде қарастырылады.Трансформациялық семантикалық модель бойынша аударма процесі 3 этаптан өтеді.Бірінші этапта-анализ этабында бастапқы тіл шеңберіндегі бастапқы синтатикалық структураларды ықшамдап ауыстыру жасалады.Түпнұсқаның структуралары қарапайым және жеңіл формаға қайтадан жасалады.Мұндай қарапайым «ядролық» структуралар әртүтлі тілдерде бір –біріне жақын,және аудармада бір-бірін жеңіл ауыстырады.Мысалы,She is a good dancer сөйлемі неғұрлым анық структураға She dances well деп ауыстырылады; немесе The thought worried сөйлемі екі ықшамдалған сөйлем түрінде берілуі мүмкін: he thought,he worried.

Анализ стадиясында ықшамдалған қайта құруларда элементарлы мағынадағы кейбір сөздерде жатады.Мағынанаың мұндай элементі сөз мағынасында оның өзімен жақын сөздердің мағыналарын салыстырумен және оларлың арасындағы айырмашылықты көрумен анықталады.Мұндай семантикалық қатарлардың құрамынан мағыналардың ортақ элементтерін де ,сонымен бірге әрбір синонимнің басқа қатарлардан ажырататын айырмашылықтарында табуға болады .Мысалы,мынадай ағылшын сөздері қатарларында:speak,sing ,whistle,whisper,hum мағынаның жалпы «ядролық» компоненті болып, »дыбыстарды сөйлеу аппаратының көмегімен дыбыстау» болып табылады.Ал, мағынасы мысалы: whisper-«сыбырлау» осы ядролық мағынадан тұрады,және екі қосымша ажы рататын белгілері онда дыбыс жоқ,ал speak-sing сөзімен ажыратылады.

Осындай ұқсас жолмен кез-келген жақын мағналы сөздердің элементарлы мағыналарын анықтауға болады: Мысалы run, walk, jump, hop etc., немесе кейбір «туыс – түр» жағынан байланысты сөздер: animal және mammal, dog және poodle т.б.

Ұқсастық немесе айрмашылық элементтерін әртүрлі тілдердің мағыралары жақын сөздердің салыстыру арқылы да табуға болады. Мысалы студент сөзіне анализ жасау мынадай семантикалық белгілерді: жоғары оқу орнының оқушысы (мектептегі оқушыдан айырмашылығы), оқушы (оқытушыдан айырмашылығы), жекеше түр (студенттерден айырмашылығы).Ағылшын тілінде student бірірші сема жоқ, қалған екеуі сәйкес келеді.Семалардың әйтеуір бір бөлігінің сәйкес келуі әртүрлі тілдердің сөзіне эквивалент болуына мүмкіндік береді.

Анализ этабырда синтактиалық структураларды және лексикалық бірліктердің мағынасын ықшамдау аударманың екінші этабын –«өту» этабын яғни ,аударма тілінің негізгі структураларына және семантикалық компоненттеріне өтуге мүмкіндік береді.Айтылып өтілгендей,мұндай структуралар және элементарлық семалар деңгейінде әр түрлі тілдерде едәуір ұқсастық байқалады.Сондықтан негізінде бұл деңгейдегі эквиваленттік бірліктер салыстырмалы түрде тез табылады.Егер She is a good singer сөйлемі белгілі бір профессионалды әншіге қатысты болмаса,бұл сөйлемді оңай « She sings well” деп ауыстыруға болады. Осыған ұқсаc he was humming a merry tune сөйлемін аударуда қазақ сәйкестігін табу жеңіл, егер ағылшын семасы hum to produce musical tones және without words дегенді білдіретінін еснпке алсақ, яғни сөзсіз ыңылдап өлен айту.

Үшінші этапта -“реструктура жасау” яғни структураны қайта жасау-оригиналдың соңғы структуралары мен бірліктерін аударма тіліне ауыстыру болады (жасалады).Бұл жағдайда тілдің нормасына сәйкес мынадай формальді белгілер,сөз тәртібі,сөйлем құрылысы ,семантикалық бірліктердің саны оларды бөлу өзгереді.

Аударманың трансформациялық- семантикалық моделі тусіндіру күшіне ие.Ол аударма процесінің тікелей бақылауға келмейтін көптеген жақтарын сипаттауға мүмкіндік береді.Әсіресе ситуациялық моделден айырмашылығы бұл модель бастапқы мәтінінің мазмұнындағы тілдік бірліктердің мағынасының рөлін, және бұл бірліктердің аудармада қолданылатын аударма тілі құралдарына тәуелділігін көрсетуге мүмкіндік береді: Last year saw a rapid growth of industrial production-Өткен жылы өндіріс өнімдерінің тез өсуі байқалды. She was preceded by her father.- Ол әкесінің соңынан ілесе кірді.

Мұндай парафразалар сол сияқты түсіріп тастау немесе қосып аудару тәсілдері арқылы жасалады.

Mc Dennot spoke briefly into the telefone, then waited again.-Макденнот телефоннан қысқа бұйрықтар берді де, қайтадан күте бастады.

As he stood there he heard a shot friend.- Кенет ол оқ атылғанын естіді.

Сонымен бірге трансформациялық семантикалық модель универсалды емес, ол кез-келген аудармалық әрекетте қолданылады.Ол түпнұсқа мен аудармадағы синтактикалық структуралар мен лексикалық бірліктердің арасында трансформациялық қатынас болмаған және екі мәтіннің эквиваленттілігі сипатталынатын ситуацияның ортақтығына негізделіп қана аударылатын жағдайларды қарастырмайды.

Ағылшын тілінің Answer the telephone мен қазақ тілінің трубканы ал дегеннң бірдей болуы to answer мен алу етістіктерінде жалпы семаның болуынан емес,

шын мәнінде телефон қонырауына жауап бере отырып, телефон трубкасын алу керектегін білгендіктен, сондықтан екі сөйлем де бірдей ситуацияны әртүрлі айта отырып “бірдей нәрсені” білдіреді. Мұндай жағдайларда аударма процесін түсіндіру үшін эквиваленттіліктің екінші типінде аударманың ситуациялық моделі жақсы “жұмыс істейді”.

Трансформациялық- семантикалық модель аударма процесінде коммуникацея мақсетын беру үшін ситуацияларды ауыстыру болған жағдайда және түпнұсқа мәтінімен байланысты бейнелі немесе тағы басқа байланыстарды беру қажет болған жағдайда қолданылмайды. Басқаша айтқанда, трансформациялық- семантикалық модель аударма процесін сипаттау үшір эквиваленттіліктің бірінші типінде қолданылмайды.

Different brands of courage, “ Charles said.” Serge and barathea”.- “Себебі батылдықтын әртүрі бар»- деді Чарльз.-Біреуі-сержанттық, ал екіншісі- офицерлік».Мұнда Serge және barathea сөздерімен сипатталынып тұрған ситуация маңызды емес, бұл жерде Рецептордың бұлардың тканьдердің екі түрі екенін, біріншісі қарапайым арзан ткань, екіншісі қымбат екенін білгендіктен өзінше қорытынды жасай алуында.Қазақ тілінде мұндай тканьдер жоқ болғандықтан дәл солай аударуға келмейді. Сондықтан аудармада ағылшын сөйлемнің айтайын деген ойын білдіру үшін басқа ситуация қолданылады. Мұдай жағдайда да аударма процесінде ситуациялық модель қолданылмайтынын атап айту керек.

Аударманың ситуациялық және трансформациялық-семантикалық моделі аударманың шартты бейнесін береді,ол аудармашының нақты әрекеттеріңе толық сәйкес келмейді.Аудармашының әрекетін толық бейнелеу үшін модельге осындай әрекетті қамтамасыз ететін психикалық процестерді суреттеуді енгізу қажет. Осы мақсатпен сөйлеу әрекетінің теориясын қолданатын аудармарың психолингвистикалық моделі жасалынады. Аударманың психолигвистикалық моделі сөйлеу әрекеті теориясын иайдаланады.Сөйлеу әрекет мақсатымен сөйлеушіде алдымен болашақта айтылатын хабардың алдымен ішкі программасы жасалынады да,одан кейін ойды сөзбен жеткізуге айналысады.Бұдан шығатаны психолингвистикалық модель аудармашы аударма процесін жасай отырып,ең алдымен оригинал мазмұнын өз түсінігінше қайта құрады да ,яғни өзінің ішкі программасын жасайды,сосын бұл программаны аударма тексіне айналдырады.

Ішкі программа сөйлеушінің субьективті формасында болатындықтан аударма процесі 2 этаптан тұрады.Бастапқы тілден ішкі кодқа “аудару” және ішкі кодтан аударма тіліне “аудару”.

Аударманың психолингвистикалық моделі толықтай аударманы сөйлеу әрекетінің түрі ретінде түсіндіреді.Өкінішке орай,бұл модельдің түсіндіру күші біздің ішкі программа қалай жасалынып ,оның аударма мәтініне айралдыру қалай өтетінін білмейтінімізбен шектеледі.Сондықтан аударманың психолингвистикалық моделін ары қарай жіктеп зерттеу аударма теориясының маңызды міндеті болып саналады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1 Аударма моделі ұғымының мәні не?

2 Аударманың қандай моделдері бар ?

3 Аударманың денотаттық моделі деген не?

4 Аударманың трансформациялық-семантикалық моделі деген не?

5 Аударманың құрылымдық-әрекеттік моделі деген не?

Тақырып№14: Аударама процессі

Мазмұны: 1 Аударма процесін сипаттаудың негізгі принциптері.

2.Аударма процесінің кезеңдері: түпнұсқаны түсіну және аударма вариантын таңдау.

Аудама процесі немесе аударма деп тар мағынада бұл термин аудармашының аударма тексін жасаудағы әрекетін атайды.Аударма процесі кем дегенде екі этапты :аудармашының оригиналдық мазмұнын анықтауы және аударма вариантын таңдауы.Осы этаптардың нәтижесінде оригинал тексінен аударма тексіне өту орындалады. Бұл жағдайда аудармашы жиі өз жүрегінен әрекет етеді,кейде варианттарын таңдауда нені басшылыққа алғанын да білмейді.Бірақ,бұлай жасау үнемі еркін,өз білгенін істеу деген емес. Ол көп жағдайда бастапқы тіл мен аударма тілі хабарларын құру тәсілдерінін сәйкестігімен анықталады. Аударма теориясы оригинал тексінен аударма тексіне қалай өтеді,(қандай)аудармашы әрекетінін негізінде қандай заңдылықтар жатқанын тырысады.

Аударма процесі кезінде аудармашы бастапқы тіл мен аударма тіл бірліктерін, яғни оригинал бөлігі мен оған сәйкес аударма тексті бөлігін бір тілден екінші тілге ауыстыра отырып үнемі салғастырып отырады.Аудармашының бүкіл сөйлеу әрекеті бастапқы тілді және аударма тілін қолдану әрекеті деп бөлуге болады.Аудармашы бастапқы тілді қолдана отырып оригинал текстін түсінуді орындайды,ал аударма тілінің көмегімен ол аударма тестін жасайды.Сөйтіп, аудармашы әрекетінде сөйлеу әрекеті жағынан әртүрлі аударма процесінің өзара байланысты 2 этапты көруге болады.Бірінші этапқа аудармашының оригиналдан хабарды алу әрекеті жатады, екінші этапқа аударма текстін жасаудағы аудармашының аударма тіліндегі бүкіл тиісті тәсілдерді таңдау процесі жатады.Оригиналдан хабарды алу этапын әдетте "мағынаны анықтау" деп атайды.Бұл этапта аудармашы аударылатын оригиналдың бөлігінен сонымен бірге лингвистикалық және ситуациялық контекстен тұратын және сол хабардың негізінде келесі этапқа қажет мазмұн туралы тиісті қорытынды жасайтын хабар алуы тиіс.Аударылатын текстің мазмұны қабылдаушыдан сол мазмұнды түсіну үшін ойлау әрекетін қажет ететін күрделі комплекс болып табылады.Бұл жұмысты аудармашы да істеуге тиісті, өйткені ол аудармалық әрекеттің 1-ші этабында өзі де оригинал текстін қабылдаушы болып саналады.

Белгілі бір қатынаста аудармашының оригиналды түсінуі- ерекше түсіну болып табылады.Себебі ол сол тексті аудару ниетінде емес жай қабылдаушының түсінуінен өзгеше.Аударма ниетіндегі түсінудің 2 ерекшелігі бар.Аударылатын бөліктің мазмұны туралы соңғы қорытындының міндеттілігі және аударма тілінің структурасының шарттылығы."Қарапайым" қабылдаушы тексті шамалап түсінседе қанағаттанады.Керісінше аудармашы аудармада қандай мазмұнды беру керек екенін нақты анықтауға тиіс болады.Мысалы, мына ойды білдіруді түсіну үшін: If it is important to get clear which are the structural and institutional impediments that prevent Britain from making the best use of its resourses ағылшын қабылдаушысына institutional сөзінің мағынасын анықтаудың қажеті жоқ.Өйткені ол institute сөзінен шыққан және (жалы түсінуге) берілген тексте жалпы түсіну үшін оның қай мағынада (учреждение,қоғам,мекеме) қоғамдық институт па қолданылып тұрғанын анықтап жатудың қажеті жоқ.Бұл жерде Англияның бүкіл салтының, заңының мекемелер мен қоғамдық институттардың оның экономикасының тиімділігіне әсер ететіндігі айтылатындығын жобалап түсінуге болады.Ал бірақ аудармашыға мұндай жалпы түсіну

жеткіліксіз.Себебі ол сөздің мазмұнының жалпы мағынасын емес, оның осы текстегі нақты мағынасын беруі тиіс.Сондықтан оған нақты мүмкін мағынаны таңдауы керек.

"Соңғысы" болып аудармашының оригиналдың синтактикалық структурасы туралы қорытындысы туралы болу керек.Егер бұл структура екі жақты мағыналы болатын болса, аудармашыға оригиналдың мазмұнын анықтауда қай мағынаны алуы тиіс екенін шешуге тура кледі:The level of future supplies depends on the farmers decisions taken well in advance and not always on the best information and advice.Сырт қарағанда, бұл сөйлемнің структурасы on предлогының мағынасына қарай әртүрлі аударылады.Егер оны to depend етістігін басқарушы байланыс көрсеткіші ретінде қарасақ, онда сөйлемнің бірінші бөлімінде былай болады: болашақ қамтамасыз ету деңгейі фермерлердің қабылдаған шешімдеріне байланысты.Ал егер екінші предлог (on) to take a decision on the best of information онда мынадай ойды білдіреді:болашақ қамтамасыз ету фермерлердің бірнеше алдыңғы жылдарға дұрыс хабар мен ақылдың негізінде үнемі бола бермейтін қабылдаған шешімдеріне байланысты.Аударма процесінің 2 этапы, яғни, аударма текстін жасауға тілдік құралдарды (тәсілдерді) таңдау.Ал аудармашының аударма тіліндегі тілдік әрекетін білдіреді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Аударма процесі ұғымының мәні не?

2 Аударма процесін сипаттаудың негізгі принциптері қандай ?

3 Аударма процесі неше кезеңнен тұрады?

Тақырып№15: Аудармалық трасформация және түрлері

Мазмұны: 1. Аудармалық трансформация ұғымы және түрлері: лексикалық-семантикалық, грамматикалық және лексикалық-грамматикалық.

2. Генерализация (жалпылау) мен конкретизация (нақтылау), ұғымының мағыналық дамуы тәсілі, метонимиялық және антонимдік аударма

3. Орын ауыстыру, алмастыру, қалдырып кету тәсілдері.

4. Аудармалық компенсация. Транслитерация, транскрипция, калькалау, суреттемелік аударма.

Аудармалық немесе тіларалық трансформация дегеніміз - қайта жасап өзгертудің көмегімен оригинал бірліктерінен аударма аударма бірліктерінен өтуді айтады. Аудармалық трансформация мазмұн мен мәнері бар тіл бірліктерімен жасалатындықтан олар формальды-семантикалық сипатқа ие, әрине бастапқы бірліктерді форма жағынан да мағына жағынан да өзгерте ді

Аударма процесін сипаттау шеңберінде аудармалық трансформация статистикалық жағынан, яғни бастапқы тіл бірліктерімен олардың сөздіктегі сәйкес келушілігінің арасындағы қатынасты талдау емес, динамикалық жағынан, яғни аударма тәсілі(әдісі) ретінде, аудармашы әртүрлі оригиналды аудару кезінде сөздік сәйкестігі жоқ, контекст бойынша қолдануға келмейтін жағдайда қолдана алатын аударма тәсілі ретінде қарастырылады. Бастапқы тіл бірліктерінің сипатына (түріне) қарай аудармалық өзгертулер лексикалық және грамматикалық болып 2-ге бөлінеді. Сонымен бірге күрделі лексика-грамматикалық өзгертулер, яғни бір мезгілде оригиналдың лексикалық және грамматикалық өзгерту немесе деңгей аралық, яғни лексикалық бірліктен грамматикалық бірлікке не керісінше грамматикалық бірліктен лексикалық бірлікке өту түрі болады. Аударма процесінде қолданылатын лексикалық өзгерулердің негізгі типтері мынандай аудармалық тәсілдерден тұрады: аудармалық транскрипция және транслитерация, калькирование және лексикалық-сематикалық ауыстырулар (конкретизация-нақтылау,генерализация-жалпылау және модуляция). Ең көп тараған грамматикалық өзгертуге: синтактикалық ұқсасу (уподобление) (дословный перевод – сөзбе-сөз, өзгеріссіз), сөйлемді мүшелерге бөлу, сөйлемдерді біріктіру, грамматикалық ауыстыру (сөздің формасын, сөз табын немесе сөйлем мүшесін) ауыстыру жатады. Күрделі лексикалық-грамматикалық өзгертуге: антонимдік аударма, экспликация (описательный-перевод - сипаттау) және компенсация жатады.

Транскрипция және транслитерация

Дегеніміз – оригиналдық лексикалық бірліктерінің формасын аударма тілінде әріптердің көмегімен қайта жасайтын аударма тәсілі. Транскрипция бойынша (арқылы) бөгде сөздің дыбыстық формасы қайта жасалынды, ал транслитерация арқылы сөздің графикалық формасы (әріптік құрамы) қайта жасалынады. Қазіргі заманғы аударма практикасында транскрипция транслитерацияның кейбір элементтерін сақтай отырып басты тәсіл болып табылады. Тілдердің фонетикалық және графикалық жүйелері бір-бірінен өзгеше болатындықтан бастапқы тілдің сөздерінің формасын аударма тілінде беру шартты және жуық түрде алынады: absurdist –абсурдист (автор произведения абсурда), kleptocracy – клептократия (воровская элита), skateboarding – скейтбординг (катание на роликовой доске). Әрбір қатар тілдер үшін бастапқы тілдің сөзінің дыбыстық құрамын берудің ережелері жасалынады, транслитерацияның элементтері сақталынғаны жайлы көрсетіледі. Ағылшын – орыс аудармаларында ең көп кездесетін транскрипцияларда транслитерация элементтері негізінен кейбір айтылмайтын дауыссыз дыбыстармен редукцияға ұшыраған дауысты дыбыстар боп келеді. Мысалы: dorset [do:sit] - дорсет, Campbell [‘kœmbәl] - кэмпбелл), сонымен бірге дауысты дыбыстар арасындағы қос дауыссыз дыбыстарды және сөздің аяғындағы дауыстыдан кейін келетін дауыссыз дабыстарды беру: Bonners Ferry – Боннерс Ферри, (boss-босс), аудармада әлдеқашан белгілі үлгіге сөздердің дыбысталуын жақындастыратын, сөздердің орфографияларының кейбір ерекшеліктерін сақтау: (Hercules missile – ракета «Геркулес», deescalation – деэскалация , Columbia – Колумбия). Әдеттегі кейбір бағынбайтын сөздер: тарихи тұлғалардың есімдері және кейбір географиялық атаулар: (Charles I – Карл І, William III – Вильгельм ІІІ, Edinborough - Единбург).

Калькирования дегеніміз – оригиналдың лексикалық бірліктерін, олардың құрамдас бөліктерін – морфеманы немесе сөзді ---- олардың аударма тіліндегі лексикалық сәйкестіктерін ауыстыру жолымен болатын аударма тәсілі. Калькированиянің мәні бастапқы лексикалық бірліктің структурасын көшіре отырып, аударма тілінде қайтадан жаңа сөз немесе тұрақты сөз тіркесін жасау болып табылатын. Мысалы: Superpower – «Сверхдержава», mass culture – «массовая культура», green revolution – «зеленая революция». Кейбір жағдайларда, калькирования тәсілін қолдану калькаланатын элементтердің тәртібін өзгерту жағдайында болады: First-strike-weapon – оружие первого удара, land-based-missile – ракета неземного базирования, rapid deployment force – силы быстрого развертывания. Кейде аударма процесінде транскрипция мен калькирование бірмезгілде болады: transnational – транснациональный, petrodollar – нефтедоллар , mini-skirt – мини-юбка.

Лексикалық, логикалық-семантикалық, грамматикалық, антонимдік компенсация.

Лексикалық-семантикалық ауыстырулар дегеніміз- оригиналдың лексикалық бірліктерін аударма тілінің бастапқы тілдің бірліктерімен мағыналық жағынан сәйкес келмейтін, бірақ белгілі бір логикалық қайта жасаудың көмегімен жасалынатын тәсіл. Мұндай ауыстыруларға негізінен нақтылау, жалпылау және модуляция (мағыналық даму) жатады.

Нақтылау дегеніміз – бастапқы тілдің кең көлеміндегі заттық-логикалық мағыналы сөздері мен сөз тіркестерін аударма тіліндегі тар шеңбердегі мағыналы сөздер мен сөз тіркестерімен ауыстыру.

He was at the ceremony.

Он присутствовал на церемонии.

Кейбір жағдайда нақтылау әдісін қолдану аударма тілінде кең мағыналы сөздердің жоқтығына байланысты. Мысалы: ағылшын зат есімі thing өте абстрактылы мағына береді және қазақ тіліне үнемі нақтылау әдісімен аударылады: «зат, пән, іс, факт, жағдай, жанды нәрсе». Кейде аударма тіліндегі нақтыланған сөз мағыналардың коннотативті компоненттерінің алшақтығынан қолданыла алмайды. Мысалы: ағылшын сөзі meal әртүрлі сөйлеу стилинде кең қолданылады, ал орыс және қазақ тіліндегі «прием пищи» арнайы сөздермен болмаса, басқа көп жерлерде қолданылмайды. Сондықтан аудармада meal сөзі неғұрлым нақты сөзбен ауыстырылады: «завтрак, обед, ужин т.б.»

At seven o’clock an excellent meal was --- in the dining room. - В семь часов в столовой был подан отличный обед.

Жалпылау дегеніміз- нақтылауға қарама-қарсы яғни тар мағынадағы бастапқы тілдің бірліктерін аударма тілінің кең мағыналы бірліктерімен ауыстыру. Жасалынған сәйкестік жаңа ұғым (жаңадан туған) яғни бастапқы түрді сақтай отырып жаңа ұғым білдіреді.

He visits me practically every week-end. Он ездит ко мне почти каждую неделю. Жалпылама мағынасы бар сөзді қолдану аудармашыға автордың «уик – энд» айта отырып, сенбі ме жексенбі ме анықтап жатудан сақтайды. Кейде мұндай ауыстырудың қажеттілігі стилистикалық себептерге байланысты. әдеби шығармаларда қазақ тілінде адамдардың бойын белгілі бір өлшем бірліктерімен (қадам, метр) тура өлшеп айту деген болмайды. Ал ол ағылшын тілінде солай қалыптасқан. Мысалы: A young man of 6 feet 2 inches дегенді аудармада неғұрлым жалпылау әдісімен кең ұғымды қолданамыз: «ұзын бойлы, орта бойлы, тапал»

Модуляция немесе мағыналық даму дегеніміз – бастапқы тілдің сөздері мен сөз тіркестерін аударма тіліндегі, яғни мағыналары логикалық түрде бастапқы тілдің бірліктеріне шығатын бірліктермен ауыстыру өте жиі аударма мен оригиналдың сәйкес келетін сөздерінің мағыналары себеп – салдарлық қатынасы байланыста болады: I don’t blame them - (я их понимаю). Мен оларды түсінемін. Мен оларды кінәламаймын, себебі мен оларды түсінемін. Себеп-салдармен ауыстырылып отыр . He always made you say everything twice. – Ол үнемі бір нәрсені қайта сұрайтын. (Сіздің айтқаныңызды қайталауға тура келетін, себебі ол қайта сұрайтын). Модуляция тәсілін қолдануда себеп –салдарлық қатынас үлкен мәнге ие, бірақ дегенмен логикалық байланыс әрқашан сақталады. Мысалы: He would cheer up somehow, begin to laugh again and draw skeletons all over his state, before his eyes were dry. Он снова приободрялся, начинал смеяться и рисовал на своей грифельной доске разные фигурки, хотя глаза его еще были полны слез.

Синтактикалық ұқсасу (сөзбе – сөз, өзгеріссіз) аудару дегеніміз – оригиналдық синтактикалық құрылысын аударма тілінің ұқсас структурасымен қайта жасау әдісін айтамыз. «нольдік » ауыстырудың бұл типі оригинал мен аударма тілінде параллель синтактикалық структуралар болған жағдайда қолданылады. Синтактикалық ұқсасу оригинал мен аудармадағы тілдік бірліктердің санының толықтай сәйкес келуін және олардың орын тәртібінің сәйкес келушілік жасайды: I always remember his words. – Я всегда помню его слова. Мен үнемі оның сөздерін есімде ұстаймын. Бірақ, кейде синтактикалық ұқсасуды қолданғанда, кейбір структуралық компонентерді өзгертуге тура келеді. Ағылшын тілін қазақ не орыс тіліне аударғанда мысалы: артикльдер, байланыстырушы – етістік, кейбір көмекші сөздер, түсіп қалуы мүмкін, сонымен бірге морфологиялық форма мен лексикалық бірліктер өзгеруі мүмкін.

One of the greatest events in the period following World War I and the Russian Revolution, and closely connected with them both was the growth of the world Communist movement. Одним из вожнейших событии периода, последовавшего за первой мировой войной и социалистической революцией в России, событием, тесно связанным с войной и революцией, был рост коммунистического движения во всем мире. Бұл сөйлемді аудару кезінде артикльдер түсіп қалған, кейбір предлогтар түсіп, кейбір предлогтар қосылған, сөздердің морфологиялық формалары өзгерген, ағылшын тексіне тура сәкестігі жоқ кейбір сөздер қолданған. Аударманы «событие» сөзін қайталаған, «социолистическая» сөзін қосқан, «с ними обеими» деген сөз тіркесін «с войной и революцией» деген неғұрлым жақын (сәйкес) сөз тіркестерімен алмастырған. Бұл барлық өзгертулер сөйлемнің негізгі структурасына тиісті, яғни ұқсас орыс (қазақ) тілінің структурасының көмегімен, сөйлем мүшелерінің бірдей санын және орын тәртібін сақтайды. Синтактикалық ұқсасу ағылшын-орыс (қазақ) тілдері аудармаларында жиі қолданылады. Аудармада сөйлемнің құрылысын өзгертудің себебі, сөзбе -сөз, өзгеріссіз аудару тәсілімен аударма эквивалентін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда болады.

Сөйлемді мүшелерге бөлу тәсілі дегеніміз – оригинал сөйлемінің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп предикативті структураларымен қайта қайта жасау тәсілін айтамыз. Сөйлемді мүшелерге бөліп ауыстыру бастапқы тілдің жай сөйлемін аударма тіліндегі күрделі сөйлеммен өзгертуге немесе жай сөйлемді не күрделі сөйлемді екі немесе одан көп жеке сөйлемдермен ауыстыруға алып келеді:

The annual surveys of the labour fovernment were not discussed with the workers at any stage, but only with the employers. Ежегодные обзоры лейбористского правительства не обсуждались среди рабочих ни на каком этапе, они обсуждались только с предпринимателями.

Both engine crews leaped to safety from a collision between a parcels train and a freight train near Morris Cowley, -------. Вблизи станции Морис Коули в графстве ------- произошло столкновение почтового и товарного поездов. Члены обеих поездных бригад остались невредимы, спрыгнув на ходу с поезда.

Сөйлемдерді біріктіру тәсілі деп – оригиналдың синтактикалық құрылысын аудармада екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге біріктіру жолымен өзгерту тәсілін айтады. Бұл сөйлемді мүшелерге бөлуге қарама-қарсы тәсіл:

That was a long time ago. It seemed like fifty years ago. Это было давно - казалось, что прошло лет пятьдесят. Бұл бұрын болса да 50 жыл өткендей көрінеді.

Грамматикалық өзгертулер тәсілі дегеніміз–оригиналдың грамматикалық бірлігін аударма тілінің басқа грамматикалық мағыналарымен өзгерту тәсілін айтамыз. Бастапқы тілдің кез-келген деңгейдегі грамматикалық бірлігі : сөз формасы, сөз табы, сөйлем мүшесі, белгілі типтегі сөйлем ауыстырылуы мүмкін. Аударма кезінде бастапқы тілдің формасын аударма тілінің формасына ауыстыру болатыны түсінікті. Грамматикалық ауыстыру аударманың ерекше тәсілі ретінде аудармада аударма тілінің формасын жай ғана қолдану емес, сонымен бірге аударма тілінің формасын қолданудан бас тарту, яғни бастапқы тілге ұқсас, өзге тілге мұндай форманы ауыстыру грамматикалық мағынасы жағынан олардан өзгеше болатын формадан бас тарту болып табылады. Мысалы, ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде зат есімнің жекеше және көпше түрі бар және әдетте оригинал мен аударманың алынған зат есімдері сол берілген түрде жекеше не көпше түрде қолданылады, мынадай жағдайлардан басқа: ағылшын тіліндегі жекеше түрге орыс тілінің көпше түрінің сәйкес келгенде : (money-деньги,ақша) керісінше ағылшын тілінің көпше түріне орыс тілінің жекеше түрі сәйкес келгенде (struggles-борьба,күрес). Бірақ белгілі бір жағдайларда аударма процесі кезінде жекеше, көпше түрді ауыстыру окказиональды сәйкестікті жасау құралы ретінде қолданылуы мүмкін:

We are searching for talent everywhere.- Мы повсюду ищем таланты.

They left the room with their heads held high. – Они вышли из комнаты с высоко поднятой головой.

Аударма процесінде грамматикалық ауыстырудаң ең көп тараған түрі сөз табын ауыстыру болып табылады. Ағылшын –орыс, қазақ аудармалары үшін көбінесе зат есімді етістікпен және сын есімді зат есіммен ауыстыру тән.

Ағылшын тілінде іс -әрекетті жасаушылар ( әдетте -er жұрнағымен келетін ) тек қана белгілі бір мамандарды білдіріп қоймай, сонымен бірге маман емес әрекеттердіде білдіреді. ( ал орыс тілінде «писатель, художник, певец, танцор»). Мұндай зат есімдердің мағыналары аудармада қазақ,орыс тілінің етістіктерінің көмегімен беріледі;

He is a poor swimmer.– Он плохо плавает. Ол жаман жүзеді.

She is no good as a letter –writer.- Она не умеет писать письма.

I am a very rapid packer.– Я очень быстро укладываюсь.

Етістіктермен жиі басқа типтегі етістіктен жасалынған зат есімдер де ауыстырылады.

It is our hope , that an agreement will be reached by Friday. Мы надеемся, что к пятнице будет достигнуто соглашение.

(it was as hot as hell and the windows were all steamy.- Жара была адская, все окна запотели. Had the decision been taken in time, this would never have happened. – Если бы решение было принято своевременно, это никогда бы не произошло.)

Антонимдік аударма тәсілі дегеніміз аудармада оригиналдың болымды формасы аударма тілінің болымсыз формасымен немесе керісінше, болымсыз мағынаның болымды мағынамен ауыстырылуы бастапқы тілдің лексикалық бірліктерін аударма тілінің қарама-қарсы мағыналы формаларымен ауысатын лексикалық – грамматикалық ауыстыру.

Nothing changed in my home town. Все осталось прежним в моем родном городе.

Ағылшын – орыс, қазақ аудармасында бұл ауыстырудың түрі өте жиі қолданылады, себебі оригиналда болымсыз форма болымсыз префикспен келген сөздермен қолданылады.

She is not unworthy of your attention.

Она вполне заслуживает вашего внимания.

Сонымен бірге болымсыз шылаулар until және unless пен келген болымсыз формада осы ауыстыруға жатады:

The United States did not enter the was until April 1917. – Соединенные Штаты вступили в войну только в апреле 1917г.

Additional expenditures shall not be made unless authorized. – Дополнительные расходы должны производиться лишь с особого разрешения.

Антонимдік аударма шеңберінде бастапқы тілдің бірліктері тек тікелей аударма тілінің қарама-қарсы бірліктерімен ауыстырылып қоймайды, сонымен бірге қарама-қарсылықты мағына беретін басқа да сөздермен, сөз тіркестерімен ауыстырылады:

The railroad unions excluded negroes from their membership. – Профсоюзы железнодорожников не принимали в свои ряды негров. –Теміржолшылар кәсіподағы өз қатарларына негрлерді қабылдамады.

Сонымен бірге болымсыздық мағынасы басқа тәсілдермен, мысалы, without шылауының көмегімен жасалынатынын ескеру керек:

He never came home without bringing something for the kids. – Приходя домой, он всегда приносил что - нибудь детям. Ол үйге келгенде әрқашан балаларға бірнәрсе әкелетін.

Антонимдік аударманы қолдану жиі басқа ауыстыруларды (лексикалық немесе грамматикалық) қолданумен бірге жүреді:

The people are not slow in learning the truth.

Люди быстро узнают правду.( Антонимдік аударма сөз табын өзгертумен – сын есімді үстеуге ауыстырумен қоса жүреді).

Экспликация немесе суреттеу (сипаттау) аудармасы дегеніміз – бастапқы тілдің лексикалық бірлігі аударма тілінің сөз тіркестерімен, яғни олардың мағынасын сипаттау (суреттеу) арқылы толық түсінік немесе анықтама беретін лексикалық – грамматикалық ауыстыруды айтамыз. Экспликацияның (суреттеудің) көмегімен оригиналдағы кез-келген эквивалентсіз сөздің мағынасын беруге болады: conservationist қоршаған ортаны қорғауды жақтаушы, whistle –stop speech – сайлау алдындағы үгіт жұмысы кезіндегі кандидаттың сөйлеуі.

Компенсация тәсілі дегеніміз – оригиналдағы бастапқы тіл бірліктерінің элементтерінің мағыналарының жойылуы немесе түсіп қалуын аударма тілінде қандай-да бір басқа тәсілдерімен орнына келтіру тәсілін айтамыз.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1 Аудармалық трансформация деген не?

2 Аудармалық трансформацияның қандай түрлері бар ?

3 Жалпылау мен нақтылау тәсілдерінің мәні неде?

4 Ұғымның мағыналық дамуы тәсілінің мәні не?

5 Метонимиялық антонимдік аударма тәсілдерінің мәні неде?

6 Орын ауыстыру, алмастыру, қалдырып кету тәсілдері деген не?

7 Аудармалық компенсация қандай тәсіл?

8 Транскрипция , транслитерация тәсілдерінің мәні не?

9 Калькалау тәсілі деген не?

10 Суреттемелік аударма тәсілі деген не?

Тақырып№16: Аудармалық сәйкестілік

Мазмұны: 1. Аудармалық сәйкестілік ұғымы

2.Бірлік және көптік сәйкестіліктер

3. Контекст (тар және кең) пен тілден тысқары ситуация:Олардың аударма барысында мәтіндегі сөзді анықтап, оның сәйкестігін таңдаудағы ролі

4.Окказионалды сәйкестік (контекстік орын басқыштар) ұғымы.

5.Эквивалентсіз бірліктерді аударудың негізгі әдіс-тәсілдері.

Аударманың оригиналға мағыналық және структуралық жағынан барынша жақындығына тырысу аударма процесі кезінде эквивалент болып тек қана біріктірілген текстер ғана емес, сонымен бірге бастапқы тілмен аударма тіліндегі олардың бірліктері болып табылады. Бастапқы тілдің бірлігін аудару үшін жиі қолданылатын аударма тілінің бірлігі аудармалық сәйкестік деп аталады. Аудармалық сәйкестікті екі тілдің жуйесінде ұқсас орын алатын, аударма процесіне қатысатын бірліктерді салыстыру арқылы емес, аудармада бірігетін коммуникативті жағынатын тең дәрежедегі сөйлемдерді салғастыру арқылы анализі кезінде іске алады.

Сәйкестерді бастапқы тілдің бірліктері үшін тіл жүйесінің кез-келген деңгейіндегі анықтауға (табуға) болады:дыбыстан бастап сөйлемге дейін.

Дыбыс деңгейіндегі сәйкестіктер:lady-леди,speaker-спикер, Liverpool-Ливерпуль т.б.

Морфема деңгейіндегі сәйкестік: Table-s-стол-ы; back-bencher заднее-скамееч-ник;strict-ness қаталдық, строг-ость т.б.

Сөз деңгейіндегі сәйкестік:he came home-он пришел домой,

I looked at her-Я посмотрел на нее, my brother lives in Astana-Мой брат живет в Астане.

Мұндай түрдегі сөз сайын аударма күрделі структуралы сөйлемдерді аударғанда да қолданылады. The Industrial Revolution brought into being the

Industrial-Промышленная революция вызвала к промышленной, proletaant and with it the fight for civil and political-пролетариат и вместе с ним борьбу за гражданские и политические, rights,trade unions and the right to voice- права, тред-юнионы и права на голосы.

Әр сөз сайын аудармада оригиналдың әрбір элементіне абсолютті (шексіз) сәйкестік ұйғарылмайды, себебі қазақ немесе орыс тілдерінде әдетте, ағылшын артикильдерінде және кейбір көмекші сөздеріне тура эквивалент жоқ. Көбінесе

сөз сайын сәйкестік оригиналдарының кейбір сөздері үшін табылады, ал қалған (басқа) сәйкестік басқа деңгейде бекітіледі.

Сөз деңгейіндегі сәйкестер:to take part-принимать участие (қатысу), to spill the beans- выдать секрет, to come to the wrong

Shop-обращаться не по адресу. Бұл жағдайда оригиналдағы және аудармадағы сөз тіркестері негізінде эквивалентті (баламалы) бірақ олардың құрамында бір-біріне сәйкес келетін сөздер жоқ.

Сөйлем деңгейіндегі сәкестіктер: кеер оff the grass!-по газонам не ходить, there’s a good boy!-вот умница! Will you leave a massage? –что ему передать? Оригинал мен аудармадағы эквивалентті сөйлемдердегі бір-біріне сәйкес келетін сөз бен сөз тіркестері жоқ. Бұл жағдайда орыс /қазақ сөйлемдері ағылшын сөйлемдеріне сәйкес келетін мағыналар үшін қолданылады, оларға толықтай сәйкес келетін болуы керек. Сәйкес келушілік аударылатын бастапқы тіл бірліктерінің қатынасына оның бастапқы тіл бірлігінің белгілі бір деңгейде сәйкес келуіне байланысты классификацияланады. Сәйкестіктің бірінші белгісі бойынша ол екіге: бірлік сәйкестік және көптік сәйкестік болып бөлінеді. Екінші белгісі бойынша: лексикалық, фразеологиялық және грамматикалық болып бөлінеді. Бірлік сәйкестік дегеніміз бастапқы тілдің оригиналдың барлық жағдайында қолданылатын, бұл мағынада контекстен тәуелсіз берілген бірліктерін аударудың тұрақты тәсілі. Ол бірлік сәйкестігі оның мағынасын толық беретін аударылатын бірліктің тұрақты эквиваленті болып табылады. Бірлік (тұрақты) сәйкестіктер, негізінен терминдерде, жалқы есімдерде, географиялық атауларда, сонымен бірге кейбір сөздер мен сөз тіркестерінде кездеседі: oxygen-кислород, capitalism-капитализм, House of Commons-Палата Общин, Roosevelt-Рузвельт, doctrinarianism-доктринерство, contrabandist-контрабандист. Көптік сәйкестіктер дегеніміз-контекстің шартына байланысты анықталатын бастапқы тілдің берілген бірліктерін аударудың жүйелі тәсілі. Бұл жағдайда әртүрлі сәйкестіктік әрбіреуі берілген бірліктің тек қана соған мағынасы жағынан ұқсас мағынасын береді. Мысалы: attitude-отношение, позиция, политика; actual-действительный, подлинный, текущий, современный. Варианттық (әртүрлі) сәйкестіктер бір мағыналы сөздер де, көп мағыналы сөздердің әртүрлі мағыналары бар сөздер де болуы мүмкін, мысалы: trade-union-профсоюз, трэйд юнион, Labour party-рабочая партия, лейбористская партия, sincerity-искренность, чистосердечие, прямота, честность, chamber-1. комната, горница, апортаменты, покой; 2. зал, палата, конференц-зал; 3. контора, камера, кабинет т.б. Кейде варианттық сәйкестіктер аударма тілінің синонимдерінен жасалады, мысалы, importance-важность, значение значимость; slander-кливита, поклеп, навет (жала жабу); writing-пишущий, письменный, писчий, писче-бумажный; flying-летающий, летательный, летный, летучий.

Сәйкестіктерді тұрақты және вариантық деп бөлу негізінен лексикалық және фразеологиялық сәйкестіктерде қолданылады. Оригиналдың грамматикалық бірліктеріне сәйкестік басқаша жағдайда болады. Грамматикалық бірліктер жинақталған хабарлардан тұрады және грамматикалық сәйкестік жасалынатын лексикалық бірліктердің мағыналарымен тығыз бірлікте болады және анықталады. Аудармада грамматикалық форманф таңдау оригиналдың грамматикалық бірліктерінен анықталмайды. Ол беріетін хабарды айтуда толықтай жеткізуді ұйымдастырады. Сондықтан бастапқы тілдің грамматикалық бірліктері үшін бірлік (тұрақты) сәйкестіктер (табылмайды), яғни тұрақты немесе ең болмағанда кейбір жағдайда аудармада кездеспейді. Бастапқы тілдің грамматикалық бірліктеріне көптік (варианттық) сәйкестіктер де лексикалық варианттық сәйкестіктерден ерекшеленеді.

Лингвистикалық контекст дегеніміз – текстте тілдің осы немесе басқа бірліктері қолданылатын тілдік орта сөздің контексі деп қолданылған сөздердің айналасындағы сөздердің грамматикалық формалар мен конструкциялардың сәйкестігі. Контекст тар контекст (микроконтекст) кең контекст (макроконтекст) деп бөлінеді. Тар контекст дегеніміз – сөз тіркестері мен сөйлемдердің контексі, яғни сөйлем көлеміндегі осы бірліктердің айналасындағы тілдік бірліктер. Кең мағынадағы контекст деп осы бірліктердің сөйлем шеңберінен шығып кететін тілдік айнала, бұл – текстік контекст, яғни, аралас сөйлемдердегі тілдік бірліктердің сәйкестігі. Кең көлемдегі контекстің нақты шегін көрсетуге болмайды, себебі бұл сөйлем топтарының контексі, абзацтық, бөлімнің тіпті бүкіл шығарманың, мысалы әңгіменің немесе романның болуы мүмкін. Тар шеңбердегі контекст өз кезегінде синтактикалық және лексикалық контекстер болып бөлінеді. Синтактикалық контекст дегеніміз-берілген сөз, сөз тіркесі немесе бағыныңқылы сөйлем қолданылатын синтактикалық конструкция. Лексикалық контекст дегеніміз-айналасында осы бірліктер қолданылатын лексикалық бірліктердің сөздердің және тұрақты сөз тіркестерінің сәйкестігі. Ситуациялық контекст дегеніміз-ойға қатысты жағдайы, уақыты, орны ескерілетін контекст. Аудармалы сәйкестіктерді қолдану үнемі оригиналдың аударылатын бірліктері қолданылатын контексті есепке алуды талап етеді. Сәйкестіктер дегеніміз – бастапқы тілдің бірліктерінің мағыналарына жақын аударма тілінің бірліктері, сондықтан ең алдымен оригиналда бұл бірліктің қандай мағынада тұрғанын біліп алу керек. Тілдік бірліктердің көпшілігі көп мағыналы, бірақ олар контексте әдетте өздерінің көп мағынасынан өзіне тиісті мағынасында қолданылады. Басқа жағдайларда контекстте сөздің мағынасын анықтау үшін кең шеңбердегі контестке көңіл аударуға тура келеді.

Сәйкестіктің 3 типі бөгде тілдің бейнелі бірліктері калькирование жолымен жасалады: Бұл типтегі сәйкестікті қолдану тек қана мынадай жағдайда және оның аудармасы аударма қабылдаушысына берілетін ауыспалы мағынаны түсінуге мүмкіндік берген жағдайда қолданылады, мысалы, орысша түсінікті арбаны жылқының алдына қою бір істі кері, дұрыс жасамау дегенді білдіреді. Егер оригиналда фразеологиялық қолданылса, яғни тура мағына мен ауыспалы мағынаның байланысы жеткілікті мөлшерде түсінікті болмаса, онда бейнелі колкирование фразеологиялық бірліктердің мағыналарын бұзады. Мұндай жағдайларда жиі фразеологиялық сәйкестіктерді қолданудан бас тартуға тура келеді және аударылатын тіркестің негізгі, яғни ауспалы мағыналарын зерттеу арқылы беруге болады, мысалы, to dine with Duke Humphrey-ходить голодным, остаться без обеда, to grin like a ch erish cat-широко улыбаться.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1 Аудармалық сәйкестік деген не?

2 Бірліксәйкестік деген не ?

3 Көптіксәйкестік деген не ?

4 Тар шеңбердегі контекст деген не?

5 Кең шеңбердегі контекст деген не?

6Контекстің аударма барысында мәтіндегі сөзді анықтап оның сәйкестігін таңдаудағы маңызы қандай ?

7 Окказионалды сәйкестік деген не?

Тақырып№17: Тілдік бірліктердің лексикалық мағынасының компонентері мен олардың аудармада берілуі.

Мазмұны: 1. Мағыналық денотаттық, коонотаттық және ішкі лингвистикалық компоненттерін аудару мәселелері;

2. эмоционалды лексика мен стилистикалық бояу бар сөздерді аудару;

3. метафора, метонимия, сөз құбылысы және тағы да басқа сөзді қолданудың образды стилистикалық тәсілдерін аудару.

Қазіргі заманғы лингивистика тілдік бірліктің мағынасын, ол бірліктің өзінен тыс затқа қатынасы ретінде анықтайды. Тілдік бірлік денотатпен, яғни сол бірлікті білдіретін зат немесе құбылыспен байланысты болады. Тілдік бірлік сигнификатпен, яғни денотаттың біздің санамыздағы бейнесімен байланысты болады. Сигнификат денотаттың жай ғана бейнесі емес. Сигнификат сонымен бірге денотатпен байланысты әртүрлі жанама ұғымдарды да білдіреді. Тілдік бірліктің мұндай жанама мағыналары коннотация деп аталады: түлкі – қулық, қоян – қорқақтық.

Тілдік бірліктің мағынасы өзінен тыс затқа қатынасына байланысты денотаттық, конотаттық және ішкі лингвистикалық мағына болып бөлінеді. Денотаттық мағына заттың немесе құбылыстың тек объективті бейнесін білдіреді.

Коннотаттық мағына әртүрлі болады:

А)белгілі бір этникалық қоғамға тән денотатпен байланысты тұрақты мағыналар: вол – безропотное трудолюбие, мотылек – непостоянство т.б.

ә) денотатпен байланысты символикалық мағына: снег – высшая степень белизны.

Б) денотаттың белгілі бір тілдік мәдени ортағына байланысты мағыналар: канцлер – Германия, Австрия, выски – Англия, Шотландия,; балайка – Россия т.б.

В) белгілі бір тарихи дәуірлерге байланысты мағыналар: городовой – Царская Россия; стахановец – СССРбірінші 5 жылдықтар кезеңінде т.б.

Мұндай коннотациялар әр тілде әртүрлі, өз ерекшеліктері болады.

Мәселен орыс тіліндегі вол - өгіз, еңбекті сүюді білдірсе, неміс тілінде ол ақымақ ұғымын білдіреді. Бастапқы тіл мен аударма тілі денотаттық, конотаттық мағыналарын толықтай, жартылай немесе варианттық сәйкестері болған жағдайда аудармада еш қиындық келтірмейді. Аудармада қиындық келтіретіні екі тілдің тілдік бірліктерінің денотаттық, коннотаттық мағыналары сәйкес болмауы немесе сәйкестік мүлдем болмаған жағдайда. Ондай сәйкестігі жоқұ лексикалық бірліктерді эквивалентсіз лексика деп атайды. Эквивалентсіз лексика негізгі неологизмдер, әр халықтың өзіне тән ұғымдар, ұлттық болмысқа байланыстыц реалиалар арасында болады. Эквивалентсіз лексиканы аударудың әртүрлі тәсілдері болады. Аудармашылар әртүрлі тәсілдерді қодана алуы тиіс.

Бастапқы тілдің сөз мағынасы коннотаттық аспектілерін аударуда олардың эмоциалдық, стилистикалық және бейнелі компоненттерін берудің маңызы зор. Аудармада эмоционалды лексикам мен стилистикалық бояуы бар сөздерді беруде аудармашының міндеті түпрнұсқадағы эмоционалды аударма тілінде дәл сондай мағынада берілуі керек.

Бірақ екі тілдің өзгешеліктеріне байланысты сәйкестігі болмаған жағдайда аудармашы әртүрлі тәсілдерді қолданады. әр тілдің өзіне тән экспрессивті-стилистикалық құралдары болады. Ағылшын тілінде экспресивті құралдардың арасында басты орныды метафора және метонимия алады.

Метафора дегеніміз – бейнелілікті беру үшін екі сәйкес келмейтін ұғымды салыстыру арқылы берілетін стилистикалық тәсіл. Метафора қазақ орыс тілдерінде де кеңінен қолданылады. Бірақ ағылшын тіліне тән метафоралық образдар қазақ, орыс тілдерінде жиі болмауы мүмкін немесе керісінше. Сөзбе-сөз аудару мағынаны бұзады. Сондықтан аудармашы оларды басқа образдармен ауыстыруына тура келді. Мұндай ауыстырулыр бейнелілікті сақтау үшін қолданылады. Бастапқы тілдің эмоционалдығын сақтап аударуға төмендегі тәсілдер көмектеседі:

Метафораны аудару:

Толық аударма тәсіілі бастапқы тіл мен аударма тілінің метафоралары сәйкес келген жағдайда қолданылады.

Ауыстыру тәсілі екі тілдің метафоралары сәйкес келмеген жағдайда қолданылады.

Структуралық қайта жасау тәсілі екі тілде метафоралар грамматикалық жағынан сәкес келмеген жағдайда қолданылады. Мұндай жағжайда, мәселен, төмендегі типтегі метафоралар: a dream of a dress , a beast of a car, a barrel of a man. не теңеуге ауыстырылады(не плтье,а мечта не машина ,а зверь, не человек, а бочка какая-то), не эпитетке (бочкоподобный толстяк). Метонимдерді аударуда да толық аударма, структуралық қайта жасау тәсілдері қолданылады. I raged at the stupidity of the country police – Меня возмущала глупость местной полиции. Very soon afterwards there was a concerned official face staring at me though the jagged hole in the glass of the kitchen door.-Вскоре из дыры в стекле куханной двери на меня уставилось озабоченное лицо представителя закона.

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Тілдік бірліктердің лексикалық мағынасының қандай компоненттері болады?

Мағыналық денотаттық компонент деген не?

Мағыналық конаттаттық компанент деген не?

Ішкі лингвистикалық компанент деген не?

Эмоционалды лексика мен стилистикалық бояуы бар сөздер деген не және оларды аудару жолдары қандай?

Метафора, метонимия қандай жолдармен аударылады?

Тақырып№18: Лексиканың кейбір топтарын аудару ерекшеліктері

Мазмұны:1.Ғылыми-техникалық және қоғамдық-саяси терминдерді аудару.

2.Жалқы есімдер, географиялық атаулар, мекеме, фирма, басылым орындары тағы басқа атауларын аудару.

3.Неологизмдер аудармасы.

4.Интернационал және псевдоинтернационал лексиканы аудару.

5. Реалияларды аудару.

Жалқы есімдер, географиялық атаулар, мекеме, фрима, басылым орындары, адам аттары әртүрлі тәсілдермен беріледі. Олар:транслитерация, трансаударма және аралас тәсіл.

1. географиялық атаулар:

А)аударылады: Lake Superior – Жоғарғы көлше, The Pacific Ocean-Тынық мұхиты, Rocky Mauntains-Құздф тау

Б)Транскрипция тәсілі қолданылады.Мысалы: New Mexico-Нью Мексика,

Pearl Harbor-Перл Харбор

В)Аралас тәсілімен беріледі.

North Dakota-Солтүстік Дакота

Аудармадаағылшын тіліне басқа тілден келген атаулар аудармалық традициямен беріледі, яғни өзінің дәстүрлі аталуын сақтайды:Мехико, Munich-Мюнхен.

Мекеме,фирма атаулары транскрипцияның көмегімен аударылады.

Paramount Pictures-Парамаунт Пикчерз.

ВВС-Би-Би-Си

General Electric Corp-Дженерал Электрик Корпорейшн.

Басылым орындары, кеме, көше, алаң, театр атаулары да транскрипция тәсілімен аударылады.

The Wall Street Journal-Уолл Стрит Джорнал ( артикль түсіп қалады).

Downing Strut-Даунинг-стрит

Bedford Square-Бедфорд Сквер.

Партиялардың, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік қызмет атаулары аударылады:Conservative,Party-Консервативная партия, U.S.Department-of State –Госдепартамент США.

Ерекше берілетін жолдары да бар:Labour Party-Лейбористская партия

Foreign office-Форнен Офис (иностранная контора емес) МИД Соединенного Королевства.

Адам аттары:1)транскрипция бойынша аударылады:Charles Dukens-Чарльз Дикеннс.