- •1.1 Алгоритмдеу негіздері
- •1.2 Borland Delphi бағдарламалау тілі
- •Borland Delphi–дің артықшылықтары
- •Өнімнің негізгі сипаттамалары.
- •1.3 Қолданылған компоненттердің сипаттамасы
- •2.1 Borland Delphi бағдарламалау тілінде графиктер тұрғызу элементтерін көрсететін бағдарлама
- •2.2 Бағдарламамен жұмыс істеу нұсқауы
2.1 Borland Delphi бағдарламалау тілінде графиктер тұрғызу элементтерін көрсететін бағдарлама
Менің курстық жұмысымның тақырыбы Borland Delphi бағдарламалау тілінде графиктер тұрғызу элементтерін көрсететін бағдарлама. Ең алдымен Microsoft Office Access-те кесте құрастыру керек.
Кесте кұрастырмас бұрын оның конструкторын құрастырамыз.
Сурет 2.1.1 MS терезесінде кесте құрастыру
Кестеге Күнді, Доллар, Евроны енгіземіз.
Сурет 2.1.2 Дайын болған кесте
Болған соң кестені сақтаймыз, Borland Delphi бағдарламасын іске қосамыз
Пуск/программы/Borland Delphi / Delphi. Командасын қолданамыз. Кейін экранда Delphi-дің негізгі терезесі пайда болады.
Сурет 2.1.3 бағдарламасының терезесі негізгі терезесі
График тұрғызу үшін:
Форма
конструкторының терезіне құрал
саймандар тақтасындағы ADO
компоненттер палитрасынан ADO
Table
компонентін енгіземіз.
Сурет 2.1.4 ADO Table компонентін енгізу.
Одан кейін форма конструкторының терезесіне құрал-саймандар
тақтасындағы Data Access компоненттер палитрасынан DataSourсе компонентін енгіземіз.
Сурет 2.1.5 DataSourсе компонентін енгіземіз.
Ado
Table
компоненті үшін объектілер инспекторының
терезесінің рropertits қасиетіндегі
Connection
String
командасын басқанда нәтижесінде мынадай
терезе пайда болады.
Сурет 2.1.6 ADO Table Connection String терезесі
Осыдан кейін Microsoft Jet 4.0 OLE DB Provider командасын таңдаймыз.
Мәліметтер базасын таңдаймыз.
Сурет 2.1.7 Мәліметтер базасын таңдау терезесі.
«Curs» құжатын таңдап алып, «ашу» батырмасын басамыз сосын «байланысты тексеру» батырмасын басып байланысты тексеремізде «ок» батырмасын басамыз.
Әрі қарай объектілер инспекторының терезесінің Рropertits қасиетіндегі TableName-дің оң жағын басып «Curs»-ты аламыз.
DataSourсе комненті үшін объектілер инспекторының терезесінің Events қасиетіндегі DataSet командасына ADO Table1-ді енгіземіз.
ADO Table1 компонентін шертеміз объектілер инспекторының терезесінің Рropertits қасиетіндегі Active командасын True-ге өзгертеміз.
Одан кейін форма конструкторының терезесіне құрал-саймандар
тақтасындағы Standard компоненттер палитрасынан Panel компонентін енгіземіз.
Сурет 2.1.8 Panel компонентін енгізу.
Panel компоненті үшін объектілер инспекторының терезесінің Рropertits қасиетіндегі Align командасын alTop-қа өзгертеміз.
Форма конструкторының терезесіне құрал-саймандар тақтасындағы Data Controls компонентінен DB Chart компонентін енгіземіз.
Сурет 2.1.9 DB Chart компонентін енгізу
TDB Chart-ты екі рет шертемізде пайда болған серия терезесінде доллар мен евроның серияларын жеке-жеке енгіземіз де параметрелімен текстерді енгіземіз.
Сурет 2.1.10 Текстермен параметрлерді жөндеу терезесі.
Borland Delphi бағдарламасындағы форма конструкторының терезесіне құрал-саймандар тақтасындағы Run батырмасын басып, бағдарламаның орындалуын күтеміз.
2.2 Бағдарламамен жұмыс істеу нұсқауы
Сурет 2.2.1 Borland Delphi бағдарламалау тілінде графиктер тұрғызу элементтерін көрсететін бағдарлама.
Бағдарламаны іске қосқаннан кейін графикті тышқанның сол жақ батырмасын ұстап тұрып төбеден астыға қарай тінтуірмен жылжытса графиктің масштабы өзгереді, ал қайтадан қалпына келтіру үшін оңнан солға қарай тінтуірдің көмегімен жылжытуға болады.
Сурет 2.2.2 Графикті жылжытқанда оның масштабының өзгеруі
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келсек, бұл курстық жұмыстың мақсаты Delphi ортасының графикалық мүмкіндіктерін көрсететін программа және теориялық материал дайындау болды. Ізденістерімнің нәтижесінде мен көптеген қызықты жайттарға тап болдым. Және де көп материалды игеріп қана қоймай, графикалық мүмкіндіктерін үйрендім. Жалпы курстық жұмыс мен үшін өте пайдалы болды.
Қазіргі кезде жаңа информациялық технологияның жетістіктері, идеялары қолданбайтын саланы айту қиын. Ғылымның әр саласының есептері программалау тілдерінің көмегімен шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді. Программалау технологияларының негізгі бағыттарының бірі – объекті бағытталған программалау тілі. Delphi интегралды ортасы объекті программалау принципіне негізделген. Бұл ортада күрделі қосымшалар, анықтамалық және тестілеу жүйелерін, электрондық оқулықтар, мәліметтер қорын құруға болады.
Қазақстан Республикасында ақпараттандыру процессі басталған кезден бастап-ақ оны қолданудың тиімді жолдары іздестіріле басталды. Басында текст теру, электронды кестемен жұмыс жасау сияқты дайын программалардың көмегіне жүгінсе, қазіргі уақытта әр-түрлі салада өзіне әмбебап бағдарламалар дайындауға көшті.
Оған дәлел қай жұмыс орнына қабылдаған кезде компьютерлік біліміңізді сұрайды, тексереді. Міне, осыдан бастап-ақ бағдарламашылардың жұмысының өрісі кеңейюде деп айқын айтуға болады. Батыс Қазақстанда дәл осы жұмыспен айналысатын фирма жоқ, дегенмен де бағдарламашылар тобы осы жұмысты алысқа шаптырмай-ақ тындырып бағуда.
Қазіргі жоғарғы оқу орнындағы ақпаратты жүйелер немесе информатика мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің дипломдық жобасының өзі бір саланы автоматтандыруға немесе бір пән бойынша ақпараттандырылған жұмыс орны және тағы да сол сияқты үлкен жобаларды орындауды талап етеді. Бұл орайда менің де курстық жұмысымды айта кеткен жөн деп есептеймін.
Ақпараттық технологияларды жұмыс орнында пайдалану өте тиімді екенін сезінген адамдар оны қолданысқа енгізуге үлкен құлшыныс білдіріп отыр. Апталап жасайтын жұмысты компьютер көмегімен жылдам жүзеге асыруға болады. Сол себепті де ақпараттық технологияларды пайдалану өте тиімді.
Электронды мәлімет алмасу көптеген жолға кететін қаражатты үнемдейді. Оған қоса ақпараттың толық және жылдам жетуіне сенімді болуға болады. Есеп беру жүйесінің сол бойда берілуі ақпараттық технологияларға көшуге басқа мүмкіндік қалдырмай отыр.
Себебін айтып жатудың өзі артық фирмалардың ашылу сәтінен бастап-ақ ақпараттық технологиялар бөлменің қайсі бір түпкірінде және көптеген отырып жұмыс жасайтын қызметкердің алдында болады.
Тіпті мектептерде ақпараттық технологиялардың барлық түрі, атап айтар болсақ: компьютер, сканер, принтер, факс және басқа да технологиялармен қамтылған. Бір кездері бір мектепте бір ғана басу машинкасымен көптеген жұмыс орындалаған. Қазір ол заман кетті.
«Қазақстан — 2030″ стратегиялық бағдарламасы приоритеттерінің бірі ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясымен және Казақстан білім жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктірумен сипаталатын білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде индустриялдық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға және оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді тұрақты түрде дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, яғни негізгі рөлді информацияны алу, өңдеу, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану істерді атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр. Информациялык. қоғамға ауысу информациялық және коммуникациялық технологияларды дамьггу мен күнделікті тұрмыста пайдалану (конвергенциялау) жолымен, яғни қоғамды ақпараттандыру (информация) істерін дамыту арқылы іске асырылады.
Информациялық қоғамға көшу процесінде информация құндылығы өзгеріп, біздің уақыт, кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы да түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениетті — информациялық мәдениеттің тууына себепші болды. Информациялық мәдениетті информациялық процестерді ұйымдастырудағы адамдардың информациялық қарым-қатынасын қанағаттандыру, қабылданған шешімдердің тигізетін әсерін болжап, әлемді біртұтас күйде көрсете алатын информацияны жасау, сақтау, өндеу, тасымалдау, бейнелеу және пайдалану істерін тиімді ұйымдастыру жолындағы жеткен деңгей түрінде қарастыру керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Кандзюба С.П. Delphi 6\7. Базы данных и приложения. Лекции и упражнения. Спб.: ООО «ДиаСофтЮП», 2002. –576с.
2. Архангельский А.Я. Object Pascal в Delphi. -М., 2002г.
3. Гофман В.Э., Хомоненко А.Д. Delphi 5. –СПб.: БХВ – Санкт-Петербург, 1999. – 800 с.:ил.
4. Дарахвелидзе П.Г., Марков Е.П., Котенок О.А. Программирование в Delphi 5. –СПб.: БХВ-Питербург, 2001.
5. Епанешников А.М., Епанешников В.А. Delphi 5. Язык Object Pascal. –М: «Диалог –МИФИ» 2000
6. Епанешников А.М., Епанешников В.А. Программирование в среде Delphi: Часть 3. Проектирование программ. –М: «Диалог –МИФИ» 1998
7. Культин Н. Delphi 6. Программирование на языке Object Pascal.
8. http://stud.kz/referat/lists/1/1
9. Конопка Рэй Создание оригинальных компонент в среде Delphi. Киев: DiaSoft Ltd, 1996г. -512с
10. YouTube видеохостингі. Borland Delphi графиктерді тұрғызу.
