- •5B060700 – «биология мамандығы»
- •IV. Қорытынды бөлім
- •Реферат
- •Қысқарған сөздер.
- •1Әдебиеттерге шолу
- •Қазақстандағы қоршаған ортаның ауыр металдармен және тұзданумен ластануы мәселелері
- •1.2 Өсімдіктерге ауыр металдар әсерінің физиология-биохимиялық ерекшеліктері.
- •1.3 Өсімдіктер мүшесіне ауыр металдардың таралуы және жинақталу ерекшеліктері
- •2. Тәжірибелік бөлім Петри табақшасында өсірілген маш өсімдігі
- •Зертхана жағдайында маш өсімдігі
- •Зертхана жағдайында маш өсімдігі
- •Зертхана жағдайында маш өсімдігі
- •Зертхана жағдайында маш өсімдігі
- •Зертхана жағдайында маш өсімдігі
- •1.3 Ауыр металдардың (Cu, Cd, Zn, Pb) өсімдіктерге тигізетін улы әсері
- •Зертхана жағдайында маш өсімдігі
- •Зертхана жағдайында маш өсімдігі
- •Зертхана жағдайында маш өсімдігі
- •Зертхана жағдайында маш өсімдігі
- •Зертхана жағдайында маш өсімдігі
- •Зертхана жағдайында маш өсімдігі
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қысқарған сөздер.
мг/л – миллиграм/литр
мг – миллиграм
см – сантиметр
мм – милиметр
ИСҚ – индол сірке қышқылы
ААS 1 – атомдық – абсорбциялық спектрофотометр 1
рН – сутегі иондарының орта көрсеткіші
І. Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХ ғасырдың басында, ғылым мен техниканың дамуы өндіріс орындарының жедел өсуіне ықпал етті. Осыған орай алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі мен таралуы, және олардың тірі ағзаларға зиянды әсерін жүйелі түрде зерттеу өзекті мәселелер қатарынан орын алды [1].
Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ауыр металл иондарының әртүрлі концентрациясында өсірілген бидай сорттарының анатомиялық және физиологиялық белгілерін салыстырып бағалау.
Зерттеудің міндеттері:
1.Зертханалық жағдайда өсірілген бидай тұқымының өну қарқындылығы мен өсу жылдамдығын анықтау;
2.Бидайдың әртүрлі сорттарының тамыры мен жер үсті мүшелерінің өсу көрсеткіштеріне ауыр металдардың (Сu,Cd) бірлескен әсеріне төзімді бидай сорттарының физиологиялық ерекшеліктерін бағалау.
Зерттеу обьектісі: Зерттеу обьектісі ретінде () 2 сорты
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Ауыр металдардың (Сu,Cd) бірлескен әсері төзімділігіне анатомиялық, физиологиялық, көрсеткіштерін зерттеу нәтижесінде алғаш рет Қазақстанда кең таралған бидай сорттары анықталды.Ауыр металдардың (Сu,Cd) бірлескен әсеріне төзімді бидай сорттары анықталды.Ауыр металдардың (Сu,Cd) бірлескен әсерінен ауыр металдар иондарының түсуіне қорғаныстық реакция ретінде жапырақ және тамырдың анатомиялық көрсеткіштерінің өзгергендігі анықталды.
Диплом жұмысы көлемі: Диплом жұмысы 58 беттен, кіріспеден,77 әдебиеттерге шолудан, зерттеу обьектісі мен әдістерінен, зерртеу нәтижесінен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.Зерттеу нәтижелері 16 диаграмма,39 сурет,оның ішінде 10 микрофотографиялармен дәлелденген.
1Әдебиеттерге шолу
Қазақстандағы қоршаған ортаның ауыр металдармен және тұзданумен ластануы мәселелері
Қазақстандағы ірі өндіріс кешендер және үлкен шаруашылықпен айналысатын қалаларда топырақ және судың едәуір бөлігі ауыр металдар мен пестицидтер және фосфор тыңайтқышын қолданудан кадмий иондарымен ластанған.Қазақстандағы екінші экологиялық мәселе-тұздану.Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында суармалы жерлерде су қоры жеткіліксіз.Қазақстанның суармалы жерлерінің суы өте күшті минералданған, олардың деңгейін жер асты сулары жоғарлатады.Осының нәтижесінен тұздану процесі туындайды.Тұздану мен ауыр металдардың бірлескен әсерінің нәтижесі бүтіндей экожүйеге тән.
Кенді Алтайдың сульфидті-полиметалл аймағы түрлі-түсті металлургия үшін негізгі шикізат орны және онымен энергетика, машина жасау,мысты алу мен өңдеу бойынша АҚ «Балқашмыс» және АҚ «Жезказганмыс» мыс сияқты кәсіпорындар, 8 бос жыныс және кен үйіндісі, 4 қалдық қоймасы және 3 шлак үйіндісі бар.Табиғат пен тұрғындарға ең қауіптісі ол аса улы заттардан тұратын қалдық қоймалары.Ол обьектілер өсімдік жамылғысы мен топырақты ғана ластап қоймай, желмен ондаған шақырымға таралады.
Қалдық үйінділерінің қоршаған ортада жинақталуы сол аймақта тіршілік ететін халыққа зиянды әсері бар.Осы жинақталған аймақ тек топырақты,өсімдіктерді ғана залалсыздандырып қоймай, айналасындағы мыңдаған киллометрге дейін зиян келтіреді.Өндірістік қалдықтар Балқаш көліне қарасты, сол территорияның топырақтарын, суын ластайды.Су қоймасы өте қатты ластанған[1-3].
Балқаш көлінің топырағы мен суы өндіріс қалдықтарымен ластануда.
Қазіргі уақытта Балқаш көлі бассейніндегі экологиялық жағдайға су ресурстарының, атмосфералық ауаның ластануы, улы және қауіпті қалдықтардың жинақталуын жатқызуға болады.Олар Балқаш көлінің тартылуы ғана суының сапасының күрт төмендеуіне, флорасы мен фаунасының жұтануы, биологиялық әртүрліліктің жойылуына себеп болады.Көл суының негізгі ластану себебі, ірі металлуриялық комбинаттың болуы.Комбинаттың қатты қалдықтар сақтайтын қоймасы аса экологиялық қауіп туғызуда.Экологтардың есептеуінше, көлге 25 мың тоннадан аса концентраттар желмен түседі екен.Жауын-шашын болғанда қалдықтар шайылып, Балқаш көліне құятын өзендерге жетеді.Қалдық сақтайтын қоймалар Балқаш көлі жағасынан 300 метр қашықтықта орналасқан. [1].
Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында су ресурстарына негізгі қауіп – ол суармалы егіншілік.Қазақстан даласында жер асты сулары өте күшті минерализацияланған, тиісінше бұл сулар жер асты суларына қосылып, олардың деңгейін көтереді.Нәтижесінде жердің сортаңдану процесі жүзеге асады.Ауыр металдардың миграциялануы қалдық қоймасынан ПО БЦМ арқылы жүзеге асады [ ].
Балқаш тау-металлургиялық комбинатының ағынды суларында мыстың ШМК 400 есе, сульфаттар – 7,8-ден 8,9 есе,хлоридтер – 1,3-тен 1,5 есе артқан.Сонымен қоса, көл суы санитарлық тазалық талаптарға сәйкес келмейді,мырыш (зеттеуге алынған үлгінің 23,5%), фторид (98%), фенол (30%).Комбинаттың қалдықтарына талдау жасау барысында атмосфераға шекті мүмкін концентрациядан 300 есе көп мыс түскені анықталған. Қатты қалдықтарды сақтайтын қоймаларды қауіпсіз деп айтуға болмайды. []. Ол аймақта топырақтың дегумификациялануы мен тұздануы болады. Қазақстан Республикасы жер ресурстарын бақылау агенттігінің мәліметтері бойынша тұзданған және сортаңданған жерлер 94,9 млн.га – 42,1% құрайды. Шөлейттенудің басты факторы суармалы жерлердің топырағының тұздануының екі ірі проблемасы бар: ағынсыз бассейнде сорлы шөлдің өсуі және суармалы жерлердің екінші ретті тұздануы.Барлық суармалы жерлердің 20% тұзданған топырақтар құрайды.
Бұл аудандарда ауыл шаруашылық дамыған,бидай мен басқа да дақылдар егіледі.Басқа елдерде қарағанда Қазақстанда бидайды өсіру арта түсуде [].
Оның ішінде басты орын күнбағыс (103,9 мың гектар) және жаздық бидай 74,15 мың гектарды алып жатыр []. Суармалы жерлерде орын алған экологиялық жағдай өсімдік шаруашылығынан алынатын өнімді 1,6-1,8 есеге төмендеткен. []. Осыған орай, ғалымдардың күн тәртібіндегі негізгі міндеттері антропогенді ластанудан кері әсерін азайту.Экологиялық нашар аудандарда жер өңдеуді дамытудан тиімділігі аталған факторларға төзімді болып келетін ауыл шаруашылық дақылдарымен сорттарын өсіру.Ауыл шаруашылық дақылдары сорттарының ауыр металдар мен тұздануға төзімділігін идентификациялайтын тест жасау қажеттілігі туындайды. Сондықтан, аталған аймақтарда ауырэкологиялық жағдайда ауыл шаруашылық дақылдары сорттарының ауыр металдар мен тұздануға төзімді түрлерін анықтау, құрылымдық физиология және биохимиялық тест – жүйе жасау ауылшаруашылығын дамытудан бірден бір жолы.
