Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Есептер Хирургия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Кб
Скачать
☆
  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Сіреспеге қарсы сарысу керек пе?

  3. Сынама жүргізіңіз

  4. Жараға тігіс салу әдісін көрсетіңіз

  5. Бекіткіш таңбаны салу әдісін көрсетіңіз

Жауап:

  1. Білек ортасының кесілген жарасы

  2. Безредко бойынша салады

  3. Араласқан сарысудан 0,1мл. білектің 1/3 тері ішіне енгізеді, 20-30 минуттан кейін оқиды

  4. Жара айналасын йод, спиртпен өңдеп, жаймамен шектейді, жансыздандырады, қан ағу тоқтатылады, ине ұстағышпен инені жара шетінен 1,5см енгізіп, екінші жағына шығарады

  5. Айналмалы таңба салады

Хирургия

Сіз оташылық блоктың медбикесісіз, оташылыққа биксті қалай дайындайсыз?

  1. Бикстің ішін немен өңдейді?

  2. Биксті толтырудың түрлері қандай?

  3. Индикатор қайда салынады?

  4. Ашылмаған бикс қанша уақытқа жарамды?

  5. Биксті толтыруды көрсетіңіз

Жауап:

  1. Бикстің ішін 0,5% мүсәтір спиртімен өңдейді

  2. Арнайы, жалпы және материал түріне байланысты

  3. Материал арасына және бикс сыртына

  4. Ашылмаған бикс 2-3 күнге жарамды

  5. Төсеніштер, халаттар бикс биіктігіндей мөлшерде салынады

Хирургия

Қабылдау бөлімшесіне өз бетімен жарақаттанушы келді. Қарағанда үлкен жілік сүйегі қисайған, басқанда қытырлайды, ісінген

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Уақытша қандай жақтау қоясыз?

  3. Қандай зерттеу керек?

  4. Емдеу түрін таңдаңыз

  5. Сынықтарды қаңқадан тартып емдеуге қажетті құралдарды дайындаңыз

Жауап:

  1. Үлкен жілік сүйегінің сынуы

  2. Крамер жақтауы, тілерсек және тізе буынын бекітіп

  3. Екі бағытта ренгенге түсіру

  4. Қаңқадан тартып Беллер жақтауын ұстау

  5. Піспе, новокаин, спица, дрель, доға, Беллер жақтауы, жіп, гірлер

Хирургия

Сынықтарда қаңқадан тартып емдеуге қажетті құралдарды дайындаңыз

Жауап: піспе, новокаин, спица, дрель, доға, Беллер жақтауы, жіп, гірлер

Хирургия

Науқас оң жамбас аймағының ауыруына, қатаюына, жергілікті температурасының болуына шағымданған. 2 апта бұрын тұрмыстық жағдайда өз-өзіне бұлшық етіне дәрі еккен.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Сіздің көмек көрсету тактикаңыз

  3. Жамбас аймағына немен таңба саласыз?

  4. Антибиотик тағайындау керек пе?

  5. Оташылыққа қажетті заттарды жинаңыз

Жауап:

  1. Инъекциядан кейінгі асқыну

  2. Оташылық бөлімшесіне жолдама беру

  3. Гипертониялық ерітінді

  4. Антибиотик сезімталдығына сәйкес тағайындалады

  5. Піспе, новокаин, қандәуір, қысқыш пинцет, зонд, дренаждар, H2O2 , 10 % натрий хлор

Хирургия

Науқас оң жақ шатында дөңестіктің пайда болуына шағымданады.

  1. Сіздің диагнозыңыз

  2. Қандай тексеру жүргізесіз

  3. Оташылық аймағына не істеу керек?

  4. Оташылықтан кейін не киеді?

  5. Емдеу жолын таңдаңыз, қандай жансыздандыру қолданасыз?

Жауап:

  1. Шат аймағының «жарығы» - грыжа

  2. Табиғи «осал» нүктелерді саусақпен тексеру, «итеру» белгісі – жөтелгенде

  3. Оташылық аймағын қыру, құрғақ тәсілмен

  4. Оташылықтан кейін суспензорий кигізеді

  5. Оташылық, жергілікті жансыздандыру,сіңдірмелік – инфильтрациялық