Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 глава 2раздел.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72 Кб
Скачать
☆

5.2.2. Күйзеліске қарсы тұра алатындардың перцептивтік бағасы

Нұсқау. Тесттің әр сұрағына «иә», «жоқ», «білмеймін» деген үш жауаптың бірі болуы мүмкін. «Білмеймін» деп көбірек жауап беруден сақ болыңыз. Оны тек шынымен де «иә» немесе «жоқ»деп кесіп айта алмаған кезде ғана қолданыңыз.

Сауалнама

  1. Жұмысыңыз ауыр және қажытарлық па?

  2. Жұмыс жайында кешке немесе демалыс күндері жиі ойлайсыз ба?

  3. Сізге жұмыста ұзақ қалып қоюға немесе бітпеген жұмысты үйге алып келуге жиі тура келе ме ?

  4. Сізге ылғи уақыт жетпейтінін сезесіз бе?

  5. Жұмысты аяқтау үшін жиі асығып -аптығуға тура келе ме?

  6. Сіз сізден де баяу қимылдайтын адамды көргенде шыдамсыздық сезінесіз бе?

  7. Әңгімелесіп отырған серігіңіздің ойын жиі бөліп, айтар ойын өзіңіз аяқтайсыз ба?

  8. Біреуді күткенде шыдамсыздық сезінесіз бе?

  9. Егер сіз ренжісеңіз немесе ашулансаңыз оны жасыру сізге қиындық келтіре ме?

  10. Кезекте тұру сіздің шыдамыңызды жиі тауыса ма?

  11. Уақыт тез өтіп бара жатқандай жиі сезінесіз бе?

  12. Маңыздырақ жұмыспен айналысу үшін тезірек жүруді қалайсыз ба?

  13. Әрқашан сіз тез жүріп, жылдам қимылдайсыз ба?

  14. Барлық істе бірінші және ерекше болуға тырысасыз ба?

  15. Өзіңізді қуатты және жылдам адам деп санайсыз ба?

  16. Сізді әйеліңіз бен жақындарыңыз қуатты және жылдам деп есептей ме?

  17. Сіздің таныстарыңыз бен сізді жақсы білетін адамдар жұмысқа өте қатты мән береді деп есептей ме?

  18. Басқа адамды тыңдап отырып, өзіңіздің жұмыстарыңыз туралы ойлап отыратын кездеріңіз жиі қайталана ма?

  19. Әйеліңіз бен жақындарыңыз сізден жұмыспен азырақ айналысып, отбасына көңіл бөлуіңізді жиі өтіне ме?

  20. Ойындардан жеңіске жетуге күш саласыз ба?

Нәтижені өңдеу және қорытынды жасау

«Иә» деген әр жауап үшін 2 ұпай, «жоқ»деген жауап үшін — 0 ұпай; «білмеймін» — 1 ұпай жазылады. Тесттен алынған жауапт арыңызды санаңыз.

Егер сіз 0- ден 10- ға дейін ұпай жисаңыз, онда Б типіндегі адамдар қатарына жатасыз. Бұл типтегі адамдар өзінің мақсатын айқын біледі және оған жетудің оңай жолдарын таңдай алады. Олар қиындықты өздері жеңуге тырысады, қиыншылықтар мен олардың қалай туындағанын талдай алады, дұрыс қорытынды жасайды. Уақытты тиімді пайдалануды біледі. Оларды күтпеген жағдайлар сүріндірмейді. Бұл типтегі адамдар күйзеліске қарсы тұра алады..

Егер сіз 10- нан 20-ға дейін ұпай жисаңыз, онда Б типіне ұқсас адамдар қатарына жатасыз. Бұлар жиі күйзеліске қарсы тұра алғанымен әрдайым емес.

Егер сіз 30 -дан 40 -қа дейін ұпай жисаңыз, онда А типіндегі адамдар қатарына жатасыз. Бұл типтегі адамдар бәсекелестікке ұмтылыушылығымен, мақсатқа жетуімен мінезделеді, олар өзіне және жағдайға қанағаттанбайды сөйтіп жаңа мақсатқа ұмтылады. Олар жиі ашуланады, шыдамсыз, өте белсенді, олар жылдам сөйлейді, бет бұлшықеттері жиі тырысып тұрады.

Егер сіз 20-дан 50-ге дейін ұпай жисаңыз, онда А типіне ұқсас адамдар қатарына жатасыз. Күйзеліске қарсы жиірек тұра алмайды.