Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
М 311.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77 Кб
Скачать
☆

1.2.Файлдық тип

Файлдық тип – компоненттері файлдық тип немесе компоненті файлдық тип болатын структуралық типтен басқа кез-келген тип болатын сызықты тізбектен тұрады. Компоненттер саны файлдық типті хабарлауда бекітілмейді. Файлдың әрбір элементі 0-ден бастап номерленеді. Паскальда файлдардың 3 түрі бар: типтелген, типтелмеген және текстік. Паскалдағы кез-келген файлдық айнымалы ол файлдық типтегі кез-келген айнымалы. Файлдық тип типті сипаттаудың келесі көрсетілген операторларының көмегімен сипатталады:

TYPE TF=FILE OF mun

Файлдық айнымалы қолданудың алдында ол ASSIGN процедурасынңкөмегі арқылы сыртқы файлмен байланыстыруы керек. Әдетте сыртқы файл сыртқы есте сақтау құрылғысындағы (СЕСҚ) аты аталған деректер жины, сондай-ақ ол пернелік немесе дисплей сыртқы құрылғыда болуы мүмкін. Сыртқы файлдарда файлдарға жазылған ақпарат сақталады немесе олар файлдан оқылатын ақпарат көзі ретінде қызмет атқарады. Сыртқы файлмен байланыс орнатылған кейін файлдық айнымалы енгізу немесе шығару операциясында дайындау үшін ол “ашылған” болуы керек. Бар файлды RESET процедурасының көмегімен ашуға болады, ал жаңа файлды REWRITE процедурасының көмегімен құрып, ашуға болады. Файлдарға қатынау әдетте жүйелік түрде ұйымдастырылады, яғни элемент стандартты READ процедурасымен оқылған кезде немесе стандартты WRITE процедурасының көмегімен жазылған кезде, файлдың ағымдағы позициясы реті бойынша келесі элементке көшеді. Анықталған READ және WRITE процедурасынан басқа да, END-OF-FILE жағдай туған кезде (басқаша айтқанда файлдан тыс жерден оқуға әрекет етілген кезде) TRUE мәнін қабылдайтын EOF логикалық функциясы жа жиі қолданылады. EOF функциясының форматы:

EOF (NAME)

Мұндағы NAME ретінде EOF жағдайына тексерілетін файлдың аты көрсетіледі. Программа файлмен жұмысын аяқталғаннан кейін ол CLOSE процедурасының көмегімен жабылуы керек. Файл жабылғаннан кейін онымен байланысқан сыртқы файл толығымен жаңартылады.

Кейіннен файлдық айнымалы басқа сыртқы файлмен байланыстырыла алады. Енгізу – шығарудың стандартты функциялары мен процедураларына қатынаған кезде қателерді тексеру өздігінен автоматты түрде орындалады. Қате табылған жағдайда, экранға қате туралы хабар беріледі және программа өзінің орындалуын тоқтатады. Қателерді автоматты түрде тексеруді компилятордың директивасынң көмегімен қосуға {$I+} немесе алып тастауға {$I} болады. Тексеруді алып тастаған кезде енгізу-шығарудың қатерлі программаның тоқталуына әкелмейді. Бұл жағдайда енгізу-шығару операцияларының орныдалу нәтижесін тексеру үшін бүтін сан қайтаратын IORESULT стандартты функциясы қолданады. Егер бұл функцияның нәтижесі 0-ге тең болса, онда алдынғы енгізу-шығару операциясы ойдағыдай аяқталған. Кері жағдайда бұл сан қатенің кодын көрсетеді. (олардың кейбіреуі төменгі кестеде келтірілген)

1.3 Текстік файлдар

Текстік файл – символдық қатардан тұратын файл. Барлық келтірілген прграммаларда текстік файлдардың қолданылуы күтпеген жағдай болуы

Мүмкін. Жеке түрде екі стандартты Input және UTPUT аталатын файл қолданылып келеді.

Қолданылатын Read және Readln процедуралары Input файылының символдық қатарынан мәндерін оқиды, ал Write және Writeln процедуралары

Output файылына литерлік қатарды жазады. Әлбетте, Input және Output үшін құрылғы ретінде қолданушы терминалы пайдаланылады деп пайымдалады.

Бұл бөлімде стандартты TEXT типіндегі файлдық айнымалысын пайдаланылатын енгізу/шығару операциялары сипатталады. Бір айта кететін жай, Паскальда ТЕХТ типі FILE OF CHAR типінен өзгеше. ТЕХТ стандартық файлдық типі жолдарға ретелген символдардан тұратын файлды анықтайды. Текстік файлдар төменде сипатталған енгізу/шығарудың арнайы процедураларын қолданады. Текстік файл ашылған кезде ол ерекше түрде интерпретацияланады, ол қатар соың символымен аяқталатын қатарларға топталған символдар тізбегінен тұрады деп есептеледі. Текстік файлдар үшін типі Char типінен өзгеше мәндері оқкға және жазуға мүмкіндік беретін оқу және READ және WRITE жазу операциясының арнайы түрі бар. Мұндай мәндер автоматты түрде символдық түрге және керісінше көшіріледі.

Мына кестеде процедуралар мен функциялар көрсетілген.

READ

Текстік бір немесе бірнеше мәнді айнымалыға оқиды.

READELN

READ жасайтын әрекеттерді орындайды, кейіннен келесі қатардың басына дейін өткізу жасайды

WRITE

Текстік файлға бір немесе бірнеше мәнді жазады.

WRUTELN

WRITE жасайтын әрекеттерді орындайды кейіннен файлға қатар соңы маркерін қосады.

EOLN

Файл үшін END – OF – LINE қатар соңы жағдайын қайтаратын функция.