- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1 Вариант
- •02_03_Балалардың жұқпалы аурулары ( қаз)
- •02_08_Детская неврология_каз
- •02_01_01_ Амбулаторно - поликлиническая педиатрия _каз
- •02_01_02_ Неонатология_каз
- •02_01_03_Пульмонология_каз
- •02_01_04_Гастроэнтерология_каз
- •02_01_05_Эндокринология_каз
- •02_01_06_Кардиология_каз
- •02_01_07_Нефрология_каз
- •02_01_08_Гематология_каз
- •02_01_09_Ревматология_каз
- •02_02_Фтизиатрия_каз
- •02_03_ Балалар жұқпалы аурулары_каз
- •02_04_ Клиникалық фармакология_каз
- •02_05_ Балалар хирургиясы_каз
- •02_06_ Реанимация және қарқынды терапия_каз
- •02_01_01_Амбулаторлық-емханалық педиатрия_қаз
- •02_01_01_Амбулаторлы-емханалық педиатрия_каз
- •02_01_02_Неонатология_каз
- •02_01_03_Пульмонология_каз
- •02_01_04_Гастроэнтерология_каз
- •02_01_05_Эндокринология_каз
- •02_01_06_Кардиология_каз
- •02_01_07_Нефрология_каз
- •02_01_08_Гематология_каз
- •02_01_09_Ревматология__каз
- •02_02_Фтизиатрия__ каз
- •02_03_Балалар жұқпалы аурулары__ каз
- •02_04_Клиникалық фармакология__каз
- •02_05_Балалар хирургиясы__каз
- •02_06_Реанимация және интенстивті терапия__каз
- •02_07_Визуалды диагностика__каз
- •02_08_Балалар неврологиясы__каз
- •02_01_01_Амбулаторлы-емханалық педиатрия_каз
- •02_01_02_Неонатология_каз
- •02_01_03_Пульмонология_каз
- •02_01_04_Гастроэнтерология_каз
- •02_01_05_Эндокринология_каз
- •02_01_06_Кардиология_каз
- •02_01_07_Нефрология_каз
- •02_01_08_Гематология_ каз
- •02_01_09_Ревматология__каз
- •02_02_Фтизиатрия__ каз
- •02_03_Балалар жұқпалы аурулары__каз
- •02_04_Клиникалық фармакология___каз
- •02_05_Балалар хирургиясы__каз
- •02_06_Реанимация және интенстивті терапия__каз
- •02_07_Визуалды диагностика__каз
- •02_08_Балалар неврологиясы__каз
- •16 Жасар, н. Науқаста, идиопатикалық оң жақты плевритпен экссудат анализі жасуша құрамында лимфоциттер басым болуы анықталды. Ең нәтижелі дәрігерлік іс-әрекеттер болуы мүмкін:
02_07_Визуалды диагностика__каз
$$$089
Туберкуломаға тән негізгі белгілер:
A) Көлеңке ішінде ыдыраудың болуы
B) Көлеңке айналасында инфильтрация болуы
C) Көлеңке айналасында ошақтардың болуы
D) Көлеңкеде шашырап орналасқан ізбесті қосындылар
E) Сұйықтық деңгейлері
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}= 1
{Оқулық}= (Лучевая диагностика, Труфанов Б.Н., 2009 г.)
{Курс}=7
{Семестр}=13-14
$$$090
7 жастағы балаға бүйректерінің ультрадыбыстық зерттеуі жүргізілді, онда келесі сурет анықталды: бүйректер қалыпты орналасқан, оң жақ бүйрек 13,0*6,5 см паренхима қалыңдығы 1,8 см, сол жақ 12,8*6,0 см, паренхима қалыңдығы 1,7 см. Екі жақ бүйректе көптеген домалақ пішінді, жиектері айқын анэхогенді ошақтар анықталады, олардың артқы қабырғасының эхогенділігінің күшеюі байқалады. Тостағанша астауша жүйесі деформацияланған. Балада қандай жағдай орын алады:
A) Бүйректер эхинококкозы
B) Көптеген екі жақты гидрокаликоз
C) Екі жақты гидронефроз
D) Екі жақты нефросклероз
E) Бүйректер поликистозы
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.; Основы нефрологии детского возраста, Возианов А.Ф. и др., 2002 г.)
{Курс}=7
{Семестр}=13-14
$$$091
15 жасар науқас қозғыштыққа, жылай беруге, ыстықтау сезіміне, арықтауға, жүрек қағуы мен көз алмасының қатты шығып тұруына шағымданады. Тұрғылықты адамдардың көбінде зоб анықталатын жерде өмір сүреді. Қараған кезде: шапшаң қозғалады, күйгелек. Терісі ыстық, ылғалды. Қалқанша безі көзге көрінерлік ұлғайған, пальпация кезінде – бүртікті. Пульсі – 110 рет/мин, АҚ – 135/80 мм сын. бағ. Жүрек тондары қатты, жүрек ұшында жұмсақ систолалық шу естіледі. Экзофтальм. Мебиус, Грефе, Штальваг, Мари симптомдары оң. Науқасқа қандай аспаптық зерттеу жүргізу қажет және одан нені күтуге болады:
A) Эхокардиография: жүрек қуыстарының кеңеюін
B) Электрокардиография: импульс өтуінің бұзылуын
C) Қалқанша безін УДЗ: без көлемінің үлғаюын
D) Сонограмма: кистозды түзілістердің пайда болуын
E) Компьютерлік томография: мүшелерді қабат бойынша зерттеу
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2002 г.)
{Курс}=7
{Семестр}=13-14
$$$092
Баланың бауырының ультрадыбысты зерттеуі кезінде бауырдың оң және сол жақ бөліктерінің ұлғаюы, бұрыштарының доғалдануы, құрылымының біркелкі еместігі, айқын және төмен эхогенді аймақтардың кезектесуі анықталды. Бауыр контуры біркелкі, айқын, капсуласы калыңдаған. УДЗ мәліметтері қандай ауруға сәйкес келеді:
A) Билиарлы бауыр циррозына
B) Гепацеллюлярлы обырға
C) Созылмалы гепатитке
D) Холецистохолангитке
E) Милиарлы бауыр туберкулезіне
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Лучевая диагностика, Труфанов Б.Н., 2009 г.)
{Курс}=7
{Семестр}=13-14
$$$093
Науқас 12 жаста. Бүйректердің ультрадыбыстық зерттеуін жүргізгенде анықталды: оң жақ бүйрек 10,5*5,2 см, сол жақ бүйрек 10,5*5,3 см, полюстер аймағында паренхима қалыңдығы 2,4 см. Бүйрек жиектері тегіс емес, толқын тәрізді. Паренхимасының диффузды жоғарлауы анықталады, қыртысты және медулярлы қабаттарының акустикалық ажыратылуы айқын емес. Қантамыр суреті біртекті емес. Тостаған-астауша жүйесі деформацияланған. Осы ауруға және созылмалы гломерулонефритке тән ортақ ультрадыбыстық белгіні атаңыз:
A) Паренхиманың ошақты анэхогенді өзгерістері
B) Тостаған-астауша жүйесінің деформациясы
C) Қантамыр суретінің диффузды кедейленуі
D) Қыртысты қабаттың ошақты гиперэхогенді өзгерістері
E) Бүйректер паренхимасының тотальді қалыңдауы және оның эхогенділігінің
төмендеуі
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.; Основы нефрологии детского возраста, Возианов А.Ф. и др., 2002 г.)
{Курс}=7
{Семестр}=13-14
$$$094
Науқас 14 жаста, эндоскопиялық зерттеуден кейін диспепсиялық және ауырсыну синдромына байланысты шағымдарына байланысты, көрсетілім бойынша асқазан-ішек жолының барий ерітіндісімен рентгенологиялық зерттеуі жүргізілді. Асқазан көленкесі контурында айқын емес шекарасымен мөлшері 1 см жартылай доғал шығынқы анықталады. Осы ауру мен асқазан Дивертикулына сай келетін ортақ белгіні көрсетіңіз:
A) Жақсы дамыған мойны
B) Қабыну қатпарының болуы
C) «Көрсетуші саусақ» белгісінің болуы
D) Қап тәрізді шығынқының болуы
E) Біркелкі доға тәрізді контурдың болуы
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2002 г.)
{Курс}=7
{Семестр}=13-14
