Есеп 3.
54 жастағы ер адамда демікпе ұстамасы дамыды. Тыныс алу жиілігі 22/мин. Өкпеде қорапты перкуторлық дыбыс, аускультативті: везикулярлы тыныс әлсіреген, тыныс шығарғанда шашыраңқы құрғақ сырыл естіледі, дем шығару дем алуға қарағанда ұзаруы байқалады. Пульс 90/мин, АҚ 150/90 мм с.б. Тиффно индексі 45 %. Бронхиальді демікпе ұстамасымен науқасқа ингаляциялы препартат тағайындалды. Бронхоспазм басылды, бірақ тахикардия, жүрек аймағының ауырсынуы, тремор пайда болды.
11. Бронх демікпесі кезінде науқастың қақырығында қандай өзгерісті байқауға болады?
А. Фридлендер диплобациллі
В. +Шарко-Лейден кристаллдары
С. Кох таяқшалары
D. Френкел пневмокогы
Е. эритроциттер
12. Бұл жағдайда Тиффно индексі нені көрсетеді?
А. өкпеде патологиялық қуыстардың барлығын
В.+ өкпе желденуінің обструкциялық түрде бұзылғандығын
С. өкпе желденуінің рестрикциялық түрде бұзылғандығын
D. компенсациялық гипоксиялық полиглобулия дамығанын
Е. спонтандық пневмоторакс дамығанын
13. Бронхиальді астма ұстамасында бронх қабырғасында қандай морфологиялық өзгерістерді көруге болады?
+бронхспазм, бронх саңылауында қоймалжың шырыш, қабырғасында эозинофилді инфильтрат
бронх қабырғасында некроз, саңылауында іріңді экссудат, бронхоспазм
бронхоспазм, бронхылар эпителийінің десквамациясы, бронх саңылауында ұйымалы экссудат
пневмосклероз, бронх және альвеолаларда қабынулық экссудат
обтурациялық ателектаз, лимфоцитті инфильтрат және қабырғасында микроабсцестер
14. Өкпе эмфиземасы үшін төменде берілген рентгенологиялық белгілердің ішінен қайсысы тән?
А. өкпе алаңы мөлдірлігінің төмендеуі
B.+ өкпе суретінің азаюы
C. өкпе суретінің болмауы
D. өкпе суретінің күшеюі
E. көкет күмбезінің жоғары орналасуы
15. Науқасқа қандай адреномиметик тағайындалды?
эпинефрин
+сальбутамол
фенилэпинефрин
добутамин
норэпинефрин
Есеп 4.
Миокард инфарктісі бар науқаста ентігу күшейіп, қызғылт түсті көбіктенген қақырығы бар жөтел пайда болды. Объективті түрде: ортопноэ. Тері жамылғысы бозғылт, акроцианоз. Тыныс алу қозғалыстарының жиілігі - 26/мин. Өкпеде ылғалды түрлі түрлі калибрлі сырылдар тыңдалды. Жүрек үндері әлсізденген дыбыста, ырғағы дұрыс, ЖСЖ - минутына 88 рет. АҚ - 100/80 мм. с.б.
16. Науқаста миокард инфарктісінің асқынуын атаңыз ?
А. жедел оң қарыншалық жеткіліксіздігі
В. +жедел сол қарыншалық жеткіліксіздігі
С. Дресслер синдромы
D. созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
Е. кардиогендік шогы
17. Науқастың өкпесінде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдың пайда болуы негізінде қандай патогендік фактор жатыр?
қанның осмостық қысымының төмендеуі
бүйрек шумақтарында ультрафильтрацияның жоғарлауы
+өкпе капиллярларында гидростатикалық қысымның жоғарлауы
қанның онкотикалық қысымының жоғарлауы
шумақтарда фильтрациялық қысымның төмендеуі
18. Микроскопиялық зерттеу кезінде өкпе тінінде алвеолааралық перделерінің толыққандылығы, альвеолада сұйықтық анықталған.Қандай патологиялық үрдіс туралы айтылған?
интерстициалді өкпелік сусіңділену
респираторлы дистресс-синдром
+альвеолярлы өкпелік сусіңділену
ұйымалы-десквамациялық пневмония
гиалинді мембрана
19. Өкпенің альвеолярлы типті ісінуі үшін қандай рентгенологиялық белгілері тән?
A. Керли сызығының болуы
B.+ «көбелек қанаттары» симптомы
C. өкпе суретінің күшеюі және плевралық қуыстағы сұйықтық
D. «ауалы бронхография»симптомы
E. «ауалы бронхография»симптомы және плевралық қуыстағы сұйықтық
20. Қандай препарат жүрекке дейінгі жүктемені төмендетеді, жүрек жұмысының жағдайын жақсартады және осы жағдайда тағайындауға болады?
октадин
клонидин
пропранолол
+нитроглицерин
новокаинамид
Есеп 5.
Науқастың тісін жұлған соң апта бойы дене температурасы 38о-39оС дейін жоғарылап, басы айналып, төс сүйегінің астында қысатын ауырсынуы бар жүрек соғуы пайда болды. Жүректі аускультациялау барысында: жүрек ұшынан жоғары жерде І тоны әлсіз, қолқа үстінде ІІ тон әлсіз, қолқа үстінде және Боткин нүктесінде жұмсақ протодиастолалық шу анықталды. АҚ 160/30 мм с.б.
21. Берілген аускультациялық мәліметтер жүректегі қандай ақау туралы ойлауға мүмкіндік береді?
А. митральды тарылу
В.+ қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі
С. екі жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
D. үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
Е. қолқа қақпақшасының тарылуы
22. Науқастың систолалық қысымының жоғарлауына қандай этиологиялық фактор ықпал етті?
А. коронарлық қан айналымның күшеюі
В. +жүректен шығатын қан көлемінің жоғарлауы
С. қанның минуттық көлемінің төмендеуі
D. қанның орталық веноздық қан келуінің жоғарлауы
Е. қанның соққы көлемінің азаюы
23. Жедел сүйелді қақпақшалы эндокардиттің морфологиялық сипаттамасын көрсетіңіз:
перфорация, қақпа жарғақшаларының склерозы және тромбозы
+қақпақша жарғақшаларындағы тромбылық шөгінділер, некроз және сусіңділену
қақпалық сақина аймағының кеңеюі және жыртылуы
қақпалық сақина аймағының кеңеюі және көптеген ойық жаралардың болуы
іріңді еру және қақпалардың тромбозы
24. Жүрек – тамыр көлеңкесінің аорталді конфигурациясы үшін қандай рентгенологиялық белгілері тән?
A. сол жақ контуры бойынша 2 және 3 доғаның үлкеюі, белінің тегістелуі, оң жақ атриовазалді бұрыштың жоғары қарай ығысуы
B. доғаларда оның контурының айқындылығының жоғалып жүректің біркелкі үлкеюі
C. сол жақ контуры бойынша 2 және 3 доғаның ойыстынуы, олардың арасындағы бұрыштың кішіреюі, оң жақ атриовазалді бұрыштың жоғары қарай ығысуы доғаларда оның контурының айқындылығының жоғалып жүректің біркелкі үлкеюі
D.+ сол жақ контуры бойынша 1 және 4 доғаның үлкеюі, «белінің» айқындылығы, оң жақ онтуры бойынша 1 доғаның үлкеюі
E. оң жақ атриовазалді бұрыштың төмен қарай ығысуы, қолқа орнының және енінің өзгерісі, сол жақ контуры бойынша 1 және 3 доғаның ойыстануы, 4 доғаның үлкеюі
25. Берілген ауруда қандай антибактериальді препарат тиімді?
+ванкомицин
тетрациклин
левомицетин
линкомицин
полмиксин
Есеп 6.
60 жастағы ер адам нитроглицеринмен емдегенде ауру тоқтамайтын, өлім қорқынышымен бірге жүретін төс сүйегі артындағы қарқынды ауырсыну сезімдерінен оянды. Бақылау барысында: дене температурасы 370 С, терісі бозғылт, суық термен жабылған. Өкпеде тынысы везикулярлы, қосалқы тыныстық шулар анықталған жоқ. Жүрек тондары әлсіз дыбысты, ырғағы дұрыс, ЖСЖ минутына 100 соғу, АҚ - 100/70 мм с.б.
26. Жүректің қандай ауруы туралы ойлауға болады?
қабатталған қолқа аневризмасы
жедел миокардит
+жедел бұлшықет инфарктісі
жедел перикардит
кардиомиопатия
27. Науқастың төс астында ауырсынуының дамуы негізінде қандай механизм жатыр?
жүректен шығатын қан көлемінің артуы
үлкен қанайналым шеңбері тамырларында қанның іркілуі
өкпе капиллярларында қанның іркілуі
+коронарлық қан ағысының төмендеуі
коронарлық қан ағысының жоғарлауы
28. Микроскопиялық зерттеу кезінде жүрек тінінде кардиомиоциттің коагуляциялық некрозы, толыққандылық аймағы және лейкоцитарлы инфильтрация байқалған. Қандай патологиялық үрдіс осы өзгерістермен сипатталады?
+миокард инфарктысы, некроз сатысы
миокард инфарктысы, организация сатысы
миокардтың ишемиялық дистрофиясы
іріңді-некрозды миокардит
созылмалы өнімді миокардит
29. 1-ші қиғаш бағытта жүрек-тамыр көлеңкесінің артқы контурынан қалыпты жағдайда қандай доғалары шығады?
A. оң жақ қарынша, сол жақ қарынша
B.+ сол жақ жүрекше, оң жақ жүрекше
C. сол жақ жүрекше, сол жақ қарынша
D. сол жақ жүрекше, оң жақ жүрекше
E. оң жақ жүрекше, сол жақ қарынша
30. Берілген жағдайда опиоидты рецепторларды белсендіретін қандай күшті анальгетик ұсынылады?
метимазол
+морфин гидрохлориді
дротаверин
налоксон
нифедипин
