Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7_kaz_patologia_3_modulya_2014.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
222 Кб
Скачать
☆

Есеп № 3.

54 жастағы әйелде демікпе ұстамасы дамыды. Науқас төсегінің қырын ұстаған қалыпта отыр. Беті көкшіл түсті, ара-қашықтықта ысқырықты сырылдар естіледі. Кеуде клеткасы бөшке тәріздес кеңейген, кеуде клеткасының экскурсиясы шектелген. Тыныс алу жиілігі 22/мин. Өкпеде қорапты перкуторлық дыбыс, аускультативті: везикулярлы тыныс әлсіреген, тыныс шығарғанда шашыраңқы құрғақ сырыл естіледі. Тыныс шығару тыныс алуға қарағанда ұзағырақ. Жатқанда мойындұрық венасы кеңейген. Пульс 90/мин, АҚҚ 150/90 мм сын.бағ. Тиффно индексі 45 %.

11. Науқаста физикалдық көрсеткіштер қандай синдромды негіздейді?

А. плевралді аймақта ауаның жиналуы

В. плевралді аймақтаауа және сұйықтықтың жиналуы

С. плевралді аймақта сұйықтықтың жиналуы

D.+ өкпеге ауа толу

Е. өкпе тінінің тығыздалуы

12. Бронхтық өткізгіштіктің бұзылғандығын қандай көрсеткіш дәлелдейді?

А. артериялық қысым көлемі

В. +Тиффно индексінің көлемі

С. тыныс алу жиілігі

D. пульс жиілігі

Е. жүректің жиырылу жиілігі

13. Патоморфологиялық зерттеуде өкпе тініндегі альвеолярлы жолдардың кеңейюі, альвеолааралық перделердің жұқаруы, капиллярлардың босауы, интракапиллярлы склероз анықталған. Осы өзгеріске қандай патологиялық үдеріс тән?

  1. +өкпе эмфиземасы

  1. өкпе аплазиясы

  1. өкпенің гипоплазиясы

  2. өкпенің гипертрофиясы

  3. өкпе карнификациясы

14. Өкпе эмфиземасына аса тән рентгенологиялық белгілері.

A. өкпе суретінің күшеюі мен деформациясы

B. өкпе түбірінің кеңеюі

C.+ өкпе алаңы мөлдірлігінің жоғарылауы және өкпе суретінің азаюы

D. ошақты диссеминациясы

E. мөлдірлігінің төмендеуі және өкпе суретінің азаюы

15. Қандай препараттар бронх демікпесінде тікелей синергист болып табылады?

  1. верапамил — тербуталин

  1. аминофиллин — эпинефрин

  1. атропин — сальбутамол

  2. астемизол — платифиллин

  3. +сальбутамол — фенотерол

Есеп № 4.

19 жасар ер адамда физикалық күш түскен кезде бас айналуы, төс сүйектің артында қысып ауырсынуы және ентігу мазалайды. 5 жыл бұрын ревматизмдік шабуылды басынан өткізген. Терісі бозарған, пульсі әлсіз және баяу. АҚ – 120/80 мм.с.б., жүрек ұшының жоғарғы соққысы сол жақ ортаңғы бұғана сызықтан 2 см латералді VI қабырға аралық пальпация кезінде анықталады. Жүректің аускультациясы кезінде систолалық шу және оң жақ ІІ қабырға аралық тұста 2 тонның әлсірегені естіледі.

16. Берілген аускультациялық мәліметтер жүректегі қандай ақау туралы ойлауға мүмкіндік береді?

А. митральды тарылу

В. қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

С. екі жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі 

D. үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі 

Е.+ қолқа қақпақшасының тарылуы

17. Науқастың жүрек жеткіліксіздігі дамуындағы басты патогенетикалық фактор қандай?

А. қанағысы жылдамдығының күшеюі

В. өкпе тамырларында қанның іркілуі

С.+ жүректен шығатын қан көлемінің төмендеуі

D. орталық-веналық қысымның жоғарлауы

Е. үлкен қанайналым шеңберінде қанның іркілуі

18. Жүре пайда болван жүрек кемістіктерінің негізінде қандай патологиялық үдеріс жатыр?

  1. қақпақша эндокардының некрозы және тромбтың түзілуі

  2. қақпақшаның жақтауларының іріңді гистолизі және перфорациясы

  3. қақпақшасақинасының жыртылуы және периметрдің кеңеюі

  4. қақпақшасақинасының периметрінің кеңеюі және бірнеше ойықжаралар

  5. +қақпақшаның жақтауларының бірігуіжәне склероз,

19. Жүректің аорталді пішіні төмендеберілген ақаулардың қандайы кезінде байқалады?

A. митралді тарылу кезінде

B. үшжармалы тарылу кезінде

C. митралді жетіспеушілік кезінде

D.+ қолқа сағасының тарылуы кезінде

E. митралді тарылу және жетіспеушілік кезінде

20. Қандай препарат Na, Сl – ко транспортер-ді тежейді және берілген жағдайда қолдануға болады?

  1. +фуросемид

  1. спиронолактон

  1. маннит

  2. нитроглицерин

  3. каптоприл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]