- •2.ХvіІғасырдың екінші жартысындағы әдебиет және өнер, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы.
- •3. Хvіі ғ. Соңы мен хvііі бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы.
- •XVIII ғ басында жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі.
- •1.Қазақстан территориясындағы мезолит дәуірінің тұрақтары.
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы, хvііі ғ. Дейінгі қазақ-орыс қатынастары, Бухгольц экспедициясы.
- •Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде (неолит), неолит төңкерісі.
- •Әбілқайыр хандығы, хандық биліктің нығаюы және мемлекеттік құрылымы.
- •3.Хvііі ғ. Қазақстан мәдениеті.
- •Неолит ескерткіштері, Қазақстан территориясындағы неолит дәуірінің тұрақтары, рулық қауымның аналықтан аталыққа көшуінің басталуы
- •Мыстытас дәуірі (энеолит), алғашқы металл өндіру, мыс және қалайы, Орталық Қазақстандағы ежелгі металлургия
- •Темір мемлекеті (Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Қытай, Үндістан т.Б. Елдерге жорықтары), оның салдары
- •Қазақстандағы әкімшілік-территориялық басқару.
- •Қазақстан территориясындағы энеолит дәуірінің тұрақтары.
- •Моғолстан, жер аумағы және этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары.
- •Қола дәуіріндегі адамдардың қоғамдық-мәдени өміріндегі шаруашылық өзгерістер
- •2.Ақ Орданың ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •3.Қазақстанның хіх ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеті.
- •3.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, бірінші дүниежүзілік соғыс.
- •Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы, Қарғалы диадемасы.
- •Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.
- •2. Жетісудағы Қарақытайлар.
- •3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
- •Ғұндардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті.
- •3. 1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан.
- •3. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
- •1. Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі (жылқы өсіру, тәңірге сенім).
- •2. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы.
- •3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-нің мәдениеті.
- •1. Ежелгі Қазақстанның мәдениеті, рухани мәдениет, дәстүрлі әлем бейнесі.
- •3. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда.
- •1. Көшпелілердің әдет-ғұрпы.
- •2. Батыс-Түрік қағанаты (жер аумағы, халықтың әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы).
- •3. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заңы (1991 жыл 16 желтоқсан).
- •1)Ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты.
- •2. Түрік қағанаты.
Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде (неолит), неолит төңкерісі.
Жаңа тас ғасырының ерекшелігі. Неолит дәуіріндегі табиғи орта осы заманғы бейнедеболды. Осы кезеңде бұрын болмаған экономикалық және қоғамдық өрлеу басталды: адамдар жабайы жануарларды қолға үйретіп, кетпенмен жер өңдеудің қарапайым түріменайналыса бастады. Шаруашылықтың осындай жаңа түрлерінің шығуы адамзат қоғамының дамуында аса маңызды рөл атқарды және адамның кәсіби қабілетін кеңейтіп, мінез-құлқының сапасын жақсартты. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі - өнімді еңбектің пайда болуы. Осының нәтижесінде адамдар саз балшықтан жасалып, отта күйдірілген мықты қыш ыдыс – керамика жасауды үйренді. Сондықтан бұл дәуірді кейде «қыш құмыралар заманы» деп айтады. Бірақ, бұл ыдыстар қолмен жасалғандықтан өте қарапайым болды. Осындай қарапайым үй заттарының өзінен-ақ олардың сұлулыққа талпынысын байқаймыз. Ыдыстарға күйдірмей тұрып, жұмсақ кезінде, арнайы дайындалған сүйек және ағаш таяқшамен немесе қарапайым қалыппен онша күрделі емес геометриялық өрнектер салынған . Неолиттік егіншілер өздерінен бұрынғы аңшы бабаларына қарағанда, айналадағы табиғатқа мүлдем басқаша қарады. Бұрынғыдай тек жеуге жарамды шөптер мен даяр жемістерді жинау орнына нағыз шаруашылық еңбекқалыптасып, өнімді өздері өсіре бастады. Адам еңбегі табиғатты мол өнім алуға пайдаланып, өздерін тамақ қорымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етті. Ғылымда бұлқұбылыс "неолит төңкерісі" деп аталады. Мұнымен адамзаттың үздіксіз дамуыныңалғышарттары жасалды. Жаңа тас дәуірінде жер өңдеудің қалыптасуы әйелдер еңбегінің ауқымын кеңейте түсті. Олар тамақ жасап, бала тәрбиелеумен қатар жер жырту, егін егу, астық жинап, қамбаға тасу жұмыстарын атқарған. Әйелдер еңбегінің артуынан олар жетекші орынға шығып, қоғамда – аналық ру (матриархат) қалыптасты. Ендігі жерде туысқандық ана жағынан таралды. Аналық ру кезінде өндірістік еңбек құралдарына қауымдық меншіксақталды .Ру мүшелері бірге өмір сүріп, барлық мәселені ру кеңесі шешкен. Еңбек құралдарының дамуы. Ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелер ұрпақтан-ұрпаққа берілу нәтижесінде адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Бұл кезеңде тас өңдеу әдістері жоғары дәрежеге жетіп, адамдар тасты кесу, жону, жылтырата тегістеуәдістерін меңгерді. Олар пышақ, орақ жасауда кішкене тас қалақтардан сына дайындай білді немесе сүйек саптың ұңғысындағы қуысқа ұсақ тас жарықшағынан сынатығылып, қарамай немесе балық желімімен бекітілді. Сөйтіп өткір жүзді, жеңіл, оңтайлы құралдар жасалған. Адам осы кезден бастап әр түрлі тас түрлерін, соның ішінде нефритсекілді қатты тастарды әшекей заттар жасау үшін пайдалана бастады. Тастың тұтқыртүрлерінен балта,кетпен келі-келсап жасаса, граниттен – дән үккіш жасады. Жаңа тас дәуірінің адамы өзінен бұрынғылардан әлдеқайда озық тұрды. Осы кезеңде кен өндірудің алғашқы белгілері пайда болып, мыс, алтын, қорғасын секілді металдың жұмсақ түрлерін өндіру ісі жүзеге асты. Адамдар мыстан еңбек құралдары мен қару-жарақтарды, алтыннан сәндік бұйымдар жасай бастады. Сондай-ақ, сүйектен жасалған біз және ине көмегімен олар жүннен, өсімдік талшығынан мата тоқып, киім тігуді үйренді. Алғашқы қауым адамдарының өндіргіштік күштерінің артуы б.з.б. 2 мыңжылдықтың басында бірқатар мәдени және тұрмыстық өзгерістерге жеткізді: жаппайотырықшылыққа көшу басталды, қыш ыдыстар жасалынды, кен кәсібі мен тоқымашылық қолға алынды. Қорыта айтқанда, осылардың бәрі өндіруші шаруашылықтың тууына негіз болды
Неолиттік тұрақтар. Неолиттік тұрақтар Қазақстанда көптеп кездеседі. ОларғаШығыс Қазақстандағы Усть-Нарым, Қызылсу, Сатшықыз; Орталық Қазақстандағы Қосқұдық, Ырғыз, Қараторғай, Зеленая Балка; Солтүстік Қазақстандағы Қаратомар, Ботай, Железинка; Оңтүстік Қазақстандағы Қараүңгір, Қарақұдық, Бүркітті, Үшбұлақ тағы басқа тұрақтар жатады [11]. Бұлар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналасқан. Олар жаңа тас ғасырына яғни, б.з.б. 5 мыңжылдыққажатады. Қазақстан аумағында 600-ге жуық неолиттік тұрақтар табылған. Неолит тұрақтары орналасу сипатына қарай 4 түрге бөлінеді:
1) Бұлақ бойындағы тұрақтар 3) Көл жиегіндегі тұрақтар
2) Өзен жағасындағы тұрақтар 4) Үңгірдегі тұрақтар
Қазақстанның оңтүстігінде неолит дәуіріндегі тайпалар мен топтардың өмір сүргенін дәлелдейтін ескерткіштер бар. Сондай ескерткіштердің бірі – Арал өңіріндегі Сексеуілтұрағы Сексеуіл тұрағы кішігірім төбешіктің үстінде орналасқан. Тұрақтан онша алыс емес жерде жер бетіне шығып жатқан кварциттің, опальдың, халцедонның бай кендері бар. Ежелгі адамдар осы тастардың барлығын құралдар дайындауға пайдаланған. Сондай-ақ, ыдысжасайтын балшық та тұрақ маңынан алынған. Қазба жұмысы кезінде кварциттен жасалған көптеген жебе ұштары табылды. Олардың сүйір жағы тегіс егеліп, өте мұқият жасалған. Сонымен қатар ағаш немесе сүйек сапты көптеген тас құралдар мен керамикалық ыдыстар табылды, Тұрақтан жинап алынған сүйектердің басым көпшілігі сиыр мен қойдың, ал қалғандары жылқының сүйектері. Сексеуіл тұрағының тұрғындары негізінен аңшылар мен малшылар болған. Олар тастан өздеріне еңбек құралдарын, қарулар, әр түрлі өрнек салынған қыш ыдыстар жасаған және отқа тамақ пісірген.
Қаратоғай өзенінің алабынан неолит дәуіріне жататын бірнеше ескерткіштер табылды. Олар – негізінен аңшылардың тұрақтары. Солтүстік-шығыс Балқаш маңынан табылған құралдар яшма мен кварциттен жасалған. Қостанай облысындағы Ботай тұрағынан табылған жертөлені қазып зерттегенде жабайы жылқының сүйектері табылды .Кейбір сүйектер жылқылардың біразы қолға үйретілгендігін көрсетеді. Сонымен, Қазақстанның далалық аудандарында жылқыны қолға үйрету ісі басталған .
Қазақстанның әр түрлі аймағындағы неолиттік тұрақтардан табылып, зерттелген тас құралдар, керамикалар қазақстандық аңшылар мен балықшылардың Орта Азия, Батыс Сібір тайпаларымен қарым-қатынаста болғандығын көрсетеді. Қазақстанда табылған неолиттік ескерткіштер негізгі белгілері жағынан бір-біріне ұқсас.
