Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Naziev_2014_OSKE.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Бекеттегі стандартталған пациенттің анасы үшін нұсқаулық

Сіздің балаңыз: Омаров Аскар Талғатұлы.

Сіздің балаңыз 5 жаста.

Бұл сіздің осы себеп бойынша бірінші рет келуіңіз

Сіздің балаңыз сусынды асығып ішеді, дәл қазіргі уақытта құсу, құрысу жоқ. Балада жөтел жоқ, тыныс алуы жеңіл, диарея бар, тамақта ауырсыну жоқ, құлағы жақсы естиді.

Сіздің балаңыз 2 күн бұрын ауырып қалған, яғни шайналмаған тамақ тілімдерін екі рет құсқан. Содан кейін күніне 10 реттен болатын сары түсті сұйық нәжіс қосылған.

Аталған шағымдарды балаңыз бала-бақшаға барғаннан кейін байқадыңыз. Бала- бақшадан келгеннен соң 1 сағаттан кейін баланың жағдайы нашарлады. Соңғы күндері шөлдің қанбауы байқалған.

Үйде сіз өздігінен балаңызға кисель, күріш бұқтырмасын бердіңіз.

Екпесі жоспарға сәйкес. Анасының қолында екпе картасы бар.

Бастан кешкен аурулары: ЖРВИ

Аллергиялық анамнез: ерекшеліксіз

Тұқым қуалаушылық анамнезі ерекшеліксіз.

Боткин, балалар инфекциясымен, Tbs-пен ауырмаған

Балаңыз мектепке дейінгі балалар ұйымының орта тобына барады.

Сізбен және күйеуіңізбен 3 бөлмелі пәтерде тұрады

Интернге арналған бекеттегі тапсырма

Объективті жағынан: Баланың есі бар, мазасыз, ашушаң. Дене қызуы 36,80С дейін көтерілген. Салмағы 18 кг, бойы 110 см. Тері жамылғылары таза, құрғақ және ұстағанда жылы. Тері қатпары баяу жазылады. Перифериялық л/т үлкеймеген, ауырсынусыз. Өкпедегі тыныс везикулярлы, сырыл жоқ. ТАЖ минутына 24 рет. Жүрек шекаралары қалыпты. Жүрек тондары әлсіреген дыбыста, ырғақты, ЖЖЖ минутына минутына 100 рет, АҚ 100/60 мм сн.бғ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Тербеліс симптомы екі жақтан да теріс. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Нәжісі сұйық, күніне 9-10 рет.

  1. Науқастың жағдайын анықтаңыз

  2. Баланың жағдайына баға беру мақсатында анасынан сұраңыз

  3. Негізгі симптомды топтастырыңыз

  4. Алғашқы диагнозды қойыңыз

  5. Емдеуді анықтаңыз. Рецепт жазып беріңіз

  6. Келесі келуді тағайындаңыз

Емтихан алушыға арналған мәлімет

5 жасар Омаров Аскар Талғатұлының анасы баласының нәжісінің сұйытылуына шағымданады. Бұл себеп бойынша олар бірінші рет шағымданып тұр.

Анамнезінен: бала 2 күн бұрын ауырып қалған, яғни шайналмаған тамақ тілімдерін екі рет құсқан. Содан кейін күніне 9-10 реттен болатын сары түсті сұйық нәжіс қосылған.

Аталған шағымдар бала -бақшаға барғаннан кейін басталды. Соңғы күндері шөлдің қанбауы байқалған.

Анасы өздігінен баласына кисель, күріш бұқтырмасын берді.

Қазіргі уақытта құсу, тырыспа жоқ.

Балада жөтел, тамағында, құлағында ауырсыну жоқ.

Екпесі жоспарға сәйкес

Бастан кешкен аурулары: ЖРВИ

Аллергиялық анамнез: ерекшеліксіз

Тұқым қуалаушылық анамнезі ерекшеліксіз.

Боткин, балалар инфекциясымен, Tbs-пен ауырмаған

Балаңыз мектепке дейінгі балалар ұйымының орта тобына барады.

Сізбен және күйеуіңізбен 3 бөлмелі пәтерде тұрады

Объективті: Баланың есі бар, мазасыз, ашушаң. Дене қызуы 36,80С дейін көтерілген. Салмағы 18 кг, бойы 110 см. Тері жамылғылары таза, құрғақ және ұстағанда жылы. Тері қатпары баяу жазылады. Перифериялық л/т үлкеймеген, ауырсынусыз. Тыныс алуы везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек шекаралары қалыпты. Жүрек үндері әлсіреген дыбыста, ырғақты, ТАЖ минутына 24 рет, ЖЖЖ минутына 100 рет, АҚ 100/60 мм сн.бғ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Тербеліс симптомы екі жақтан да теріс. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.

  1. Интерн-дәрігер науқастың жағдайын анықтау керек

  2. Интерн-дәрігер науқас баланың жағдайын бағалау мақсатында анасына сұрақ қою керек

  3. Интерн-дәрігер диариеяны топтастыру қажет: аздаған шөл бар

  4. Интерн-дәрігер алғашқы диагнозды қою керек: Орта ауырлық дәрежедегі диарея. Аздаған шөл

  5. Интерн-дәрігер емді анықтау керек: жоспар Б. ПРЗ (перориалдық заттар) санады: есептен 75мл/кг 18кг*75мл=1350мл. Цинк дәрі-дәрмегін тағайындады күніне 1 таб 10-14күн.

Интерн-дәрігер анасына үйде емдеудің 4 ережесін түсіндіру қажет:

        1. Қосымша сұйықтықтар беру

        2. Ішке цинк дәрісін беру

        3. Тамақтандыруды жалғастыру

        4. Баламен қашан келулерін білу

  1. Интерн-дәрігер жақсару болмаған жағдайда келесі келуді 5 күннен соң тағайындау керек

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]