- •5 Станция Иықтағы уақытша қан тоқтату
- •3 Станция Беткей орналасқан бөгде денені алып тастау
- •Станция 1
- •V. Жүректің тікелей емес массажы- Компрессияны жүргізу
- •Станция 3 : жөмр «Амбу қапшығы көмегімен»
- •V. Жүректің тікелей емес массажы- Компрессияны жүргізу
- •2.Біріншілікті реанимация шараларын жүргіземіз.
- •3. Егерде тірі туылған көрсеткіш теріс болса , бала өлі туылды деп санайды,
- •VI.Жүректің тікелей емес массажы –Қолды дұрыс қою
- •VII.Жүректің тікеле емес массажы –Компрессия
- •Vі . Реанимация шарасы нәтижесі.
- •Станция 4 Нәрестеге жөмр « Ауыздан –ауызға әдісімен»
- •1. Бала жағдайын бағалау :Өмірінің алғашқы минутында 3 негізгі белгісі:
- •Станция 6 Оң жақ сирақ (балтыр) сүйектерінің ортаңғы 1/3 бөлігінің ашық, ығысқан сынуында тасымалдаушы шина салу
- •IV. Сирақтың жарасын өңдеу
- •VI.Сынық орнын тасымалдаушы шинамен бекіту
Станция 6 Оң жақ сирақ (балтыр) сүйектерінің ортаңғы 1/3 бөлігінің ашық, ығысқан сынуында тасымалдаушы шина салу
І. Жарақаттанған аяғына қараймыз.
1.Терінің түсін бағалау
2. Аяқтың дистальды бөлігінде пульсация және сезімталдықты тексеру.
3. Сынық орналасқан жерді анықтау.
4.Жараның жағдайын (Мөлшері, тері жағдайы, бос бқлшектердің болуы, қан кету) бағалаймыз.
ІІ. Манипуляцияны орындау үшін қолды өңдейміз.
Кран астында сумен қолды сабындап жуып, кептіреміз.
Қолды 70 % спиртке малынған шарикпен өңдеу.
Стерильді қолғап киеміз. Қолды 70% 3-4 мл спиртке малынған шарикпен қайталап өңдейміз.
ІІІ. Сирақтың ашық сынған аймағына Новокаинды блокада жасаймыз.
1.Жара шеттерін және айналасындағы тіндерді
70% Спирт немесе Йодонат ерітіндісіне малынған шарикпен 2 рет өңдейміз.
2. Бірреттік шприцке 0,5% 20-40 мл Новокаин сорамыз.
3. Анестетикті сынық аймағындағы қоршаған тіндерге барлық жағынан енгіземіз.
IV. Сирақтың жарасын өңдеу
+ Бөгде заттарды, бос сүйек бөлшектерін анықтаймыз.
Жараға ревизия жасап, оларды алып тастаймыз.
+Жараны 3% 20-50 мл Сутек шала тотығымен , кейін Фурацилинмен немесе Хлоргексидин ерітіндісімен жуамыз.
+Жараны дәкелі салфеткамен кептіреміз.
+ Жараға стерильді дәкелі салфетка жауып, лейкопластырьмен бекітеміз.
V. Тасымалдаушы шинаны таңдау және салуға дайындау
1. Аяққа арналған шинаны мөлшері бойынша (Крамер, сатылы шина ) таңдаймыз.
Оның мөлшерін сау аяқтың ұзындығын сантиметрлік лентамен немесе дәкелі бинтпен өлшеп аламыз.
2. Аяқтың контуры бойынша тасыалдаушы шинаны дайындаймыз.
VI.Сынық орнын тасымалдаушы шинамен бекіту
Аяқтың контуры бойынша даярланған шинаны жарақаттанған аяққа саламыз.
Тасымалдаушы шинаны жоғары және төмен буындарды қамтып, аяққа дәкелі бинттің жолақтарымен бекітеміз.
