Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәрілік түймедақ-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138 Кб
Скачать
☆

2 Кезең

2Кезең (Нұсқа – «е» дәрілік түймедақ гүлі) Студентке арналған тапсырма

Берілген гербардық үлгі бойынша дұрыс баяндаңыз:

1.дәрілік түймедағы гүлі –ДӨШ –ның ҚР МФ, МФХ1.талаптарына сәйкестігі жөнінде баяндаңыз.

2.дәрілік түймедағы гүлі –ДӨШ химиялық құрамын атаңыз.

3. дәрілік түймедағы гүлі –ДӨШмикроскопиясын жасаңыз.

4.дәріліктүймедағы гүлі –дәрілік өсімдік шикізатының анатомо- диагностикалық белгілерін санамалап беріңіз

Кезең бойынша жоғарғы балл - 20

Тапсырмаға берілген уақыт - 20 мин

2 2 Кезең кезең (нұсқа –«е» дәрілік түймедақ гүлі) Дұрыс жауап эталоны:

1.Гүлі -бүтін немесе жартылай түсіп қалған жарты шар пішінді гүл себеттері, гүл сағақтары 3 см–ге жуық. Гүлсебеті шеткі тілше және ортанғы сары түтікше гүлдерден тұрады. Гүл тұғыры қуыс, жартылай шар тәрізді немесе конус тәрізді.

Органолептикалық сараптама:

  • Тілше гүлдің түсі – ақ, түтікше гүлдің – сары, сыртқы қабаты сарғыш-жасыл.

  • Иісі күшті, жұпар иісті.

  • Дәмі кермек, аштылау,сәл шырышты.

2.түймедақ гүлінің химиялық құрамы. Шикізатта 0,2- 0,8% дейін көк түсті эфир майы бар, эфир майының ең басты компоненттері матрицин мен матрикарин,осы қосылыстардан хамазулен (7% жуық) түзіледі, бұлардан басқа эфир майының құрамына сесквитерпендер фарнезен, бисаболен, кадинен және монотерпен мирцин кіреді. Сонымен қатар эфир майында флаваноидтар, кумариндер, ұштерпен спирттер, салицил қышқылы, аскорбин қышқылы, каротин және т.б. заттар кіреді.

3.Микроскопиясы. Гүл себетінің бөліктерінде түтікше гүлдердің созылыңқы иірімді эпидермис клеткалары көрінеді; тілше гүлдерінің эпидермисі емізік тәрізді өсінділермен сипатталады; ал гүлдін жабынды жапырақшасының эпидермисі торлы, ұзыннан созылған қабырғалары қалынданған жасуша-лардан тұрады.Тілше және түтікше гүлдерінің беткі қабаттарында эфир майлы бездері байқалады,олар 6-8 жасушадан тұрады және 2 қатар мен 3-4яруста орналасады. Гүлдің жабынды жапырақшасының ортанғы жүйкесінде және гүл тұғырында сары түсті майлы сұйықтығы бар секреторлы жолдар кездеседі.Түтікше гүлдердің мезофилінде ұсақ кальций оксалатының друздары болады.

Кезең бойынша жоғарғы балл - 20

Тапсырмаға берілген уақыт - 20 мин

3 3 Кезең кезең (Нұсқа–«е» дәрілік түймедақ гүлі) Емтихан алушыға арналған ақпарат

Төмендегі берілген белгілерге сәйкес бітірушінің дәрілік өсімдік шикізатынан биологиялық белсенді заттарды бөліп алып, оның сапалық белгілерін (ылғалын, күлін, қоспасын және т.б.) анықтай алуын бағалауыңызды өтінеміз.

№

р/р

Адымдарды бағалау белгісі

Балдық баға беру

20

15

10

5

1

Дәрілік өсімдік шикізатынан биологиялық белсенді заттардың бөлінуі.

10

7

5

3

2

Сан көрсеткіштерді анықтау (ұсақталуы, ылғалды, жалпы күлін, органикалық және минералды қоспасын)

10

8

5

2

Кезең бойынша жоғарғы балл - 20

Тапсырмаға берілген уақыт - 15 мин