Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
цсп ответы.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3.. Pdh кемшіліктері. Sdh-тің артықшылығы.

SDH стандарты - синхронды цифрлы иерархия, жоғарғы өнімді, жоғарғы жылдамдықты оптикалық байланыс желісі. Бұл синхронды цифрлы иерархия қарапайым, экономикалық жағынан тиімді және байланыс желісінің иілгіш инфрақұрылымы. Плезиохронды цифрлы иерархия (ПЦИ) құрылымының дамуына және беру жылдамдықтарының артуына байланысты ПЦИ (РDH)-ң кемшіліктері пайда бола бастады.

Оның негізгі кемшіліктері – сигналдың құрамында желіні басқаратын жабдықтың болмауы және жоғарғы жиілікті ағындардан негізгі сигналды бөліп алудың қиындығы.

ПЦИ (РDH)- жүйесіндегі ағындар шындығында, негізгі 2 Мбит/с сигналды 140 Мбит/с ағыннан бөліп алу үшін, біріншіден 140 Мбит/с ағындарды толығымен бөліп, содан кейін басқа деңгейдегі сигналдарды

( -140, 34, 8 Мбит/с) жылдамдықтарына байланысты 1 суретте көрсетілген схема бойынша бөледі.

Е1 Е2 ЕЗ Е4

1 сурет Ағындардың бірігу және бөліну схемасы.

Бұл ыңғайсыз және қымбат, сандық ағындарының беру жылдамдығы жоғары болған сайын ол қымбаттайды. Сондықтан 80 жылдардың ортасында цифрлық беру жүйесі үшін жаңа стандартты жасау мүмкіндігі туды. 1986 жылы маусым айынан бастап SDH стандартын жасауға кірісті.

Стандартты жасау мақсаты, ол талшықты оптикалық беру жүйесіне жалпы стандарт жасау, желілік операторлардың қарапайым, экономикалық жағынан тиімді және иілгіш жұмысын желілермен қамтамасыз етуі. Бірінші стандарт 1988 жылы SDH стандарты 6.707, 6.708 и 6.709 бекітілді.

Бұл стандарттар транспорттық жүйенің ерекшеліктерін және синхронды мултиплексірлеу әрекетіне негізделген фунционалдық мүмкіндіктерін анықтайды.

Pdh пен sdh жүйелерінің бір-бірінен айырмашылықтары

PDH

- Синхронизация тірек генераторынсыз

- Мултиплексирлеу асинхронды

- Мултиплексирлеу бит арқылы

- Уақтылы синхронизация бит арқылы оң келістіру

- Беру жылдамдығы 140 Мбит/с

SDH

- Желідегі синхронизация тірек генераторы арқылы

- Мултиплексирлеу синхронды

- Мултиплексирлеу байт арқылы

- Уақытылы синхронизация байт арқылы оң / нольдік/ теріс келістіру

- Беру жылдамдығы 155,52 Мбит/с жоғары

PDH ерекшеліктері

- PDH –тің иерархиялық циклі аз артық элементті. Олар желіні басқару және беру сапасын тереңдетіп бақылау үшін қосымша каналдар жоқ (қарастырылмайды).

- PDH – те сызықтық сигналдарға стандарт жоқ, PDH аппаратураларында сигналдың дірілдеуі жеткіліксіз нормаланған.

- PDH жолында негізгі ағындардан субағындарын аралық пункіттерде бөліп алу және оларды ендіру қиын (топтық сигналдарды көптепкішектерге бөлу арқылы қамтаматсыз етеді).

- Әртүрлі PDH –тің ЦТЖ сипатамаларың бір-бірінен айырмашылығы бар, сондықтан глобалді желіні құру қиынға соғады.

SDH – құрылымы болашақта дамуына, мүмкіндігі бар жүйе, себебі оның жылдамдығын арттыруға болады PDH және SDH жүйелерінің концепциясы және сигнал құрылымы бір-біріне ұқсас. Негізгі айырмашылығы – оның терминологиясы мен төменгі деңгейдегі сигналында. PDH және SDH иерархиясы бір-бірімен SDH жүйесінде PDH ағындарын мультиплексірлеу және демультиплексірлеу процедурасын орындау арқылы байланысады.