- •Ерніс назерке сабитқызы
- •4 Курс 11-001-01 топ «Даулет-Фарм» жшс базасында сасықшөп экстрактысын өндіру
- •5B074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша технолог және техник бакалавр дәрежесін алуға арналған дипломдық жоба
- •Алматы, 2015
- •Аппаратуралық сызбасы
- •Қолданылатын технологиялық жабдықтың негіздемесі
- •Негізгі жабдықтың сызбасы
- •Өндірістің технологиялық үрдісінің сипаттамасы
- •Өндіріс үрдісіндегі адамдар мен материалдар ағымының сызбасы
- •Материалдық баланс
- •Технологиялық режимді нормалау
- •Энергетикалық баланс
- •Өндірістік аумақтың сызбасы
- •Өндірісті бақылау және автоматтандыру
- •Техника-экономикалық негіздемесі
- •Қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Қоршаған ортаны қорғау
Технологиялық үрдіс және қондырғыларды зерттеу негізінде өндірістік кәсіпорында пайда болатын зиянды заттар, олардың агрегаттық күйлері (шаң, газ, булар) анықталады.
Олардың шекті рұқсат етілген мөлшері (ШРМ) және қауіптілік класы белгіленеді (кесте 6). Қарастырылып отырған ғимарат ішіндегі басқа бір қондырғының жұмысын есепке ала отырып, кеңесшінің нұсқауымен біртекті зиянды заттардың бөліну қарқындылығының шамасы алынады (шаң, газ, булар немесе төмендегі теңсіздік сақталуы тиіс болатын бір бағытта әсер ететін заттар):
Ғимаратқа келіп түсетін әрбір зиянды зат үшін оның қауіптілік көрсеткіші белгіленіп, басым зат анықталады және ол арқылы жалпы алмасымды желдетудің өнімділігі есептеледі. Қауіптілік көрсеткіші (мг/м3)
Ро = М / СШРМ ,
Мұндағы М – ғимаратқа келіп түсетін қарастырылып отырған зиянды заттың қосынды мөлшері, мг/м3;
СШРМ – оның ШРМ, мг/м3.
Басым зат Ро шамасының ең үлкен мәні арқылы анықталады.
Одан әрі нысанның орналасу аймағын сипаттау қажет (жергілікті рельеф, орман массивтерінің болуы – өрттің пайда болу көзі ретінде; өзен, көл маңайында орналасқан өнеркәсіптер үшін – су басу мүмкіндігі; автокөліктік және темір жолдарының, су көліктерінің болуы және т.б.). Өнеркәсіп алаңы құрылысының сипатын (құрылымын, тығыздығы мен құрылыс типін, өрттердің пайда болу және өршу мүмкіндіктерін, ғимараттар арасындағы өтпелдер мен қорғаныс паналарына кіре берістерде үйінділердің пайда болуы), жабдықтардың орналасу сипатын (ғимараттарда, ашық кеңістіктерде, үлдіріктерде), ғимартаттар мен үймереттердің техникалық сипаттамаларын (қабаттылығы, өлшемдері, қабырғалық толтырымы, жарық саңылаулары, төбе жабындысы, аралық жабындылары, ғимартаттың отқа төзімділігі, ғимаратқа қосарласып және оған жақын орналасқан қорғаныстық паналардың болуы) көрсету керек.
Ең үлкен ауысымдағы тұрақты жұмыс орындары мен қызметкерлердің болуы мүмкін орындарын көрсете отырып жұмыскерлер санын келтіру керек, энергетикалық және байланыс желілерінің сипатын (жер үстілік, жер астылық, эстакада бойында орналасқан, ор, топырақ қабатында, ғимарат қабырғаларының ішінде орнатылған), ішкі энергиямен қамамасыз ету көздерінің болуы, қажеттілік туындаған кезде (мысалы АҚ дабылы бойынша) жеке аймақтардың немесе барлық жүйенің электр желісінен қашықтықтан ажыратылу мүмкіндігінің болуын көрсету қажет.
Өндірістің газбен қамтамасыз ету жүйесінен автоматты түрде ажыратылу мүмкіндігін (егер мұндай мәліметтер бар болса), өндірісті ҚӘУЗ мен оттегімен, жарылыс қауіпті және жанғыш заттармен қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігі мен сенімділігі жайлы ақпараттарды зерттеу қажет.
Өндірісті басқару жүйесінің санімділігіне, қызметкерлерді жұмылдыру аймағымен байланыс, хабарлау жүйесіне, жұмыс күшін толықтыру және басқарушы қызметкерлерді өзара алмастыру мүмкіндігіне баға беру қажет.
Бөлімде дауыстап сойлегіштердің, сиреналар, таблолардың орналасу орындарын (өндірістік ғимараттардың, этажеркалардың және өндіріс аймақтарының белгілену өстерінің координаттарын, әкімшілік тұрмыстық ғимараттардың атауларын) көрсету қажет, сонымен қатар кәсіпорынның ТЖ және АҚ штабының дабылдарын цехтың ТЖ және АҚ құрылымдарының басшыларына тарату мақсатында қолданылатын ақпарат тарату микрофондары, сиреналарды қосу құрылғылары мен жарықтық таблолары орнатылған бөлмелерді атап көрсету қажет.
Жобада АҚ дабылдары бойынша өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкес жұмысты тоқтату, қызметкерлердің қорғаныс үймереттерінде жасырыну мүмкіндігін қарастыру қажет. Өндірістік технологиялық үрдіс немесе қауіпсіздік талаптарына сәйкес орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, арнайы кезекші қызметкерлерге қорғаныстық паналар ұйымдастырылуы қажет.
ТЖ зардаптарын жою ҚР Қарулы күштерінің, Азаматтық қорғаныс күштерімен, арнайы және Азаматтық Қорғаныстың әскериленбеген құрылымдарымен жүзеге асырылады.
Төтенше жағдай зардаптары құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар аяқталғаннан соң жойылған болып есептелінеді.
Жер ресурстарын пайдалану. Негізгі және қосымша ғимараттардағы бөлінген жер аудандары туралы мәліметтер келтіріледі, сонымен бірге административті тұрмыстық қызметтегі, территорияның қатты қаптама аудандары мен көгалдандыру газондары туралы мәліметтер келтіріледі. Сонымен бірге осы бөлімде уақытша пайдаланылатын бөлінген жер аудандары туралы мәліметтер беріледі: құрылыстық материалдар қоймалары, жолдар, құбыр өткізгіштер, электр берілісі желілері және басқада желілі үймереттер.
Өнім түріндегі қосымша материалдар қорлары мен шикізат шығыны. Мұнда қосымша қорлар мен шикізат түрі туралы, қолданылатын шикізат өнімдері мен шикізат шығыны атаулары, сонымен бірге жылдағы жалпы тұтынатын өнім бірлігі туралы мәліметтер келтіріледі.
Өнім түрі бойынша энергия қорының шығыны. Осы бөлімдегі ең маңыздысы, энергияға кететін өзіндік құнның артуымен байланысты, өндіріске кететін шығын мен өнім түрлері бойынша мәліметтер келтіріледі: электр энергиясы, газ, мазут, көмір және отынның басқа түрлері, сонымен бірге жылулық энергия; осы мәліметтерді өнім бірлігінде жалпы шығын бойынша беріледі, жылулық энергия бойынша қазандықта қанша шығындалады және қайтымды қорларды пайдаланғанда қанша болатындығы көрсетіледі.
Өндіріс бойынша толығымен атмосфераға тасталынған зиянды заттардың сипаттамасы. Мұнда бөлінетін зиянды заттардың атаулары, олардың мөлшері, сонымен бірге тазалаудан өтпеген тасталынған заттар және тазалуға жіберілген заттар, сонымен бірге соңғы мәліметтерінде қанша зиянды заттар ауланды және қаншасы залалсыздандырылды және қанша жойылды көрсетіледі. Өндірістің атмосфераға тасталған зиянды заттардың (жеке түрлері бойынша) жалпы көлемі, олардан қаншасы ауланды және қаншасы пайыздық мөлшерде рұқсат етілген мөлшердегі қалдықтар мен мөлшерден асып кеткен қалдықтардың мөлшері туралы мәліметтер келтірілген.
Атмосфераға зиянды заттардың қалдықтарын бөлетін көздердің сипаттамалары. Мұнда сызбаларда нөмірлеріне ұсыныстары көрсетілген мәліметтер, көздерден шыққан зиянды заттар мен олардың көлемдері туралы, шаң аулайтын жабдықтарды орнату туралы, оған кететін күрделі және пайдалану шығындары көрсетіледі, сонымен бірге атмосфеараға тасталынатын зиянды заттардың көлемі- максималды, жылдық-қосынды және өнім бірлігі мәліметтері келтіріледі, сонымен бірге қалдықтардағы (олардың көлемі мен температура) газ ауалы қоспалардың көрсеткіштері туралы мәліметтері келтіріледі.
Су объектілерінен алынған, судың көлемі. Мұнда су объектілерінің атаулары келтіріледі, сонымен бірге су өткізу жүйелері, суды жинау лимитін бекіту және жылдағы алынған мөлшері, технологиялық және қосымша қажеттіліктерге кететін суды пайдалану, сонымен бірге шаруашылық- ауыз су шығындары мен тасмалдау кезіндегі судың жоғалымы туралы мәліметтер.
Ағынды су көздерінің сипаттамалары Мұнда ағынды сулар көздерінің атаулары, жіберу режимі, бақылау-өлшеу аспаптары, ағынды сулардың максималды және орташа шығындары көрсетіледі (рН сутегілік көрсеткіштері, қалқымалы заттар, түсі, улылығы, арнайы нормативті қоспалары).
Тазалау үймереттерінің сипаттамалары. Мұнда тазалау құрылғыларының атаулары және ағынды суларды тазалау әдістері, оның жобаланған өткізу қабілеттілігі және ингредиенттер бойынша тазалау тиімділігі беріледі.
Су айналым жүйелерінің сипаттамалары (САЖ). Осы мәліметтер өндірістің экологиялық төл құжатында міндетті түрде көрсетілмейді. Олар айналымдық жүйелер туралы мәліметтерден (қызмет етілетін өндірістің атауы, судың шығыны, жүйелердің типтері, жазылу туралы мәлімет) және суды қайта пайдалану жүйелері (алғашқы және қайта пайдалану және судың шығындары туралы мәліметтер) туралы мәліметтер бар.
Өндірістегі пайда болатын қалдықтардың сипаттамасы. Мұнда қалдықтардың атаулары, олардың мөлшері және пайдалану туралы мәліметтер беріледі, сонымен бірге осы мақсатта берілген басқа өндірістер мен мекемелер, қалдықтарды залалсыздандыру (жою), оларды қоймалау, шақыру кезеңділігі және қалдықтарды пайдалану себептері туралы мәліметтері беріледі. Егер өндірістің, қалдықтарды көмуге (қоймалау) арналған полигоны мен жинайтын арнайы жерлері болса, оларды орналастыру орындары, қамтыған ауданы, санитарлы-қорғаныстық аймақтардың өлшемдері және осы үймереттерді сипаттайтын басқада мәліметтер келтіріледі.
Бұзылған жерлерді қайта өңдеу және топырақтың бұзылған қабатын аршып алу. Мұнда бұзылған жерлердің ауданы мен егістікке, ауылшаруашылыққа, орман ағаштарын отырғызуға, су қоймалары мен басқада мақсатта пайдалану үшін оларды қайта қалпына келтіру туралы, сонымен бірге топырақтың өнімділік қабатын пайдалану мен оларды аршу туралы мәліметтері келтіріледі.
Өндірістегі көліктер. Мұнда машиналардың типі және саны, олардың жүріп өткен уақыты, зиянды заттардың (СО, NОх, көмірсутегі) меншікті қалдықтары мен жылдық қалдығы туралы мәліметтер келтіріледі.
Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтарға төленетін ақы, қалдықтарды орналастыру. Мұнда рұқсат етілген, бекітілген лимиттері, осы лимиттер шегіндегі төлем мөлшерлері, мен осы мөлшерден асып кеткендегі төлемдері, бекітілген лимиттер шегіндегі жеке көлемдері және олардың асып кетуі туралы мәліметтер келтіріледі.
Өндірістік орындардың табиғатпен толық өзара байланысындағы экологиялық төл құжаты, жобаланатын және жұмыс істеп тұрған өндірістер үшін міндетті түрде болатын құжаты, соңғы уақытта осы құжат жыл сайын өндірістегі болып жатқан өзгерістермен жаңартылып отырады: өнімділіктің өзгеруі мен шығарылатын өнімнің түрі, жаңа тазалау қондырғыларының құрылғылары және т.б.
Дипломдық жобаларды жасау кезінде (жаңа немесе жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта қалпына келтіру) жобаның жазбасында экологиялық төл құжаттың алдыңғы немесе соңғы бөліміне жататын, экологиялық төл құжаттың барлық бөлімдерінің атаулары көрсетілуі керек; осы мәліметтер сандық материалдармен, кейде жазбаша түріндегі сипатта болуы мүмкін.
