Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2028.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
685 Кб
Скачать
☆

Қазақ әдебиеті

1. «Тышқан мен жылан» ертегісі ертегінің қай түріне жатады, табыңыз.

A) Тұрмыс – салт ертегілер

B) Хайуанаттар жайлы аңыз

C) Шыншыл ертегі

D) Хайуанаттар туралы ертегі

E) Қиял – ғажайып ертегі

2. ’’Сыңсу’’ қандай өлеңдер түрінде келетінін белгілеңіз.

A) Романтикалық өлеңдер.

B) Лирикалық өлеңдер.

C) Фантастикалық өлеңдер.

D) Элегиялық өлеңдер.

E) Юморлы өлеңдер.

3. Абай қара сөздерінің жалпы санын көрсетіңіз.

A) 40

B) 50

C) 35

D) 25

E) 45

4. С.Торайғыров «Оқудағы мақсат не?» деген өлеңінде өз мақсатын қалай ашып көрсететінін табыңыз.

A) Шетелге барып, бай болу.

B) Әкім боп, шен тағу.

C) Молда болып, ескілікті бағу.

D) Тілмаш боп, жем табу.

E) Өнер табу, пайдалы іс табу.

5. С.Сейфуллиннің «Жемістер» хикаясының оқиғасы қанша жылды қамтығандығын көрсетіңіз.

A) 10 жыл.

B) 20 жыл.

C) 15 жыл.

D) 5 жыл.

E) 25 жыл.

6. Ақан сері өмірінен жазылған І.Жансүгіровтің поэмасын белгілеңіз.

A) ’’Жаңа туған’’.

B) ’’Мәйек’’.

C) ’’Күйші’’.

D) ’’Күй’’.

E) ’’Құлагер’’.

7. «Шоқпыттың шаруасы» өлеңінің авторын табыңыз.

A) Б.Майлин.

B) І.Жансүгіров.

C) С.Мұқанов.

D) Ж.Жабаев.

E) С.Сейфуллин.

8. Ғ. Мүсіреповтің алғашқы көлемді шығармасын табыңыз.

A) «Қазақ солдаты».

B) «Ашынған ана».

C) «Қос Шалқар».

D) «Тулаған толқында».

E) «Ер ана».

9. Ақын Қадыр Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасының негізгі тақырыбын табыңыз.

A) Достық.

B) Ауылды көтеру.

C) Махаббат.

D) Табиғаттың байлығын қорғау.

E) Соғыс.

10. ’’Күлтегін’’, ’’Тоныкөк’’ дастандарының тастағы жазулары қай жерден табылғанын анықтаңыз.

A) Ертіс аңғары.

B) Орхон-Енисей өзендері аңғары.

C) Жерорта теңізі аңғары.

D) Іле аңғары.

E) Балқаш аңғары.

11. Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерінде неше жасқа дейінгі өз өмірі суреттелгенін белгілеңіз.

A) 63.

B) 65.

C) 61.

D) 62.

E) 69.

12. Жиренше:

’’Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?’’-деген сөзді кімнің атынан айтқанын анықтаңыз.

A) Хан.

B) Қаңбақ.

C) Жиренше.

D) Нөкері.

E) Жұрт.

13. «Алпамыс батыр» жырындағы батырдың қарындасының атын табыңыз.

A) Қарашаш.

B) Гүлайым.

C) Таңсық.

D) Айсұлу.

E) Қарлығаш.

14. Асан қайғы әкесінің кәсібі не болғанын белгілеңіз.

A) Ақын.

B) Әнші.

C) Педагог.

D) Саятшы.

E) Малшы.

15. ’’Жарлысы мен байы тең,

Жабысы мен тайы тең,

Жары менен сайы тең...’’ Үзіндіде қай өзен туралы айтылғанын анықтаңыз. (Қазтуған жырау)

A) «Салп-салпыншақ анау үш өзен».

B) Шу.

C) Жайық.

D) Есіл.

E) Талас.

16. Махамбеттің шығармасын табыңыз.

A) «Еділ».

B) «Тілек».

C) «Үш қиян».

D) «Белгілі биік көк сеңгір».

E) «Әй, Махамбет, жолдасым».

17. Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс жыршысының бірі, күрескер ақынды табыңыз.

A) Үмбетей жырау.

B) Алмажан Азаматқызы.

C) Шернияз Жарылғасұлы.

D) Балқы Базар жырау Оңдасұлы.

E) Мұрат Мөңкеұлы.

18. ’’Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді. Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып-ақ сурет сала білетін,’’-деген сөздерді айтқан зерттеушіні белгілеңіз.

A) Ә.Марғұлан.

B) М.Әуезов.

C) Ф.Достоевский.

D) Г.Потанин.

E) А.Курелла.

19. Омар Хайям шығармасын табыңыз.

A) Сақынама.

B) Қасида.

C) Рубаилар.

D) Рисалат.

E) Егіз жолдар.

20. Бұқар жыраудың қай жерде дүниеге келгендігін табыңыз.

A) Баянауылда.

B) Жетісу жерінде.

C) Еділ бойында.

D) Жайық бойында.

E) Кереку жерінде.

21. Махамбеттің өлеңін табыңыз.

A) “Ағайының көп болса”

B) “Асқар, асқар, асқар тау”

C) “Қарағай шаптым шандоздап”

D) “Балпаң, балпаң кім баспас”

E) “Бұл заманда не ғаріп?”

22. «Еңлік - Кебек» поэмасының авторын белгілеңіз.

A) Хамит Ерғалиев.

B) Ілияс Жансүгіров.

C) Шәкәрім Құдайбердіұлы.

D) Сұлтанмахмұт Торайғыров.

E) Жүсіпбек Аймауытов.

23. М.Әуезов он бір жасынан бастап кімнің тәрбиесінде болатынын табыңыз.

A) Немере ағасы Қасымбектің.

B) Атасы Әуездің.

C) Оқу орындарының тәрбиесі.

D) Әкесі Омарханның.

E) Нағашыларының.

24. «Қуат алып Абайдың тіл күшімен,

жыр жазамын Абайдың үлгісімен» деген өлең жолдарыныңавторын табыңыз.

A) М.Әлімбаев.

B) М.Мақатаев.

C) Қ.Бекхожин.

D) О.Сүлейменов.

E) Қ.Мырзалиев.

25. Төмендегі шумақ көркемдеудің қай түрі екенін белгілеңіз.

Көрінсін Біржан салға ай секілді:

Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді.

Ұсынса қол жетпейтін арғымағым,

Біржанға баламайтын тай секілді.

A) Параллелизм.

B) Ирония.

C) Фигура.

D) Аллитерация.

E) Инверсия.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]