Қазақ әдебиеті
1. «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар Кісі болмас баланың кісіменен несі бар, - Малайсарының сөзі шешендіктің қай түріне жатады, табыңыз. A) Шешендік парасат B) Шешендік өсиет C) Шешендік жұмбақ D) Шешендік ақыл E) Шешендік нақыл |
2. Баласын мақтар бас жаман, Қатынын мақтар қас жаман Алыстағы дұшпаннан, Аңдып жүрген дос жаман, - деген жолдарды айтқан авторды белгілеңіз. A) Сырым. B) Қазыбек. C) Төле. D) Абай. E) Үмбетей. |
3. ”Еділдің бойы ен тоғай- Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім“, - деген жолдарды жазған ақынды табыңыз. A) Махамбет. B) Шәкәрім. C) Абай. D) Асан қайғы. E) Доспамбет. |
4. Ыбырай Алтынсариннің қай жылдары уездік жаңа мектептер ашқандығын табыңыз . A) 1879-1883 жж. B) 1888-1889 жж. C) 1859-1861 жж. D) 1861-1863 жж. E) 1871-1875 жж. |
5. «Ашу мен ынсап» өлеңінің авторын белгілеңіз. A) Ыбырай Алтынсарин. B) Сәбит Дөнентаев. C) Мағжан Жұмабаев. D) Шәкәрім Құдайбердіұлы. E) Абай Құнанбаев. |
6. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тіл білімі институты кімнің атында екенін белгілеңіз. A) Қ.Сәтбаев. B) Ы.Алтынсарин. C) А.Байтұрсынов. D) Ш.Уәлиханов. E) М.Әуезов. |
7. Жамбылдың Құлмамбетпен айтысында қандай тақырыпқа бет бұрғандығын көрсетіңіз. A) Ерлікке. B) Байлардың өміріне. C) Білімге. D) Мал мүлікке. E) Байлыққа. |
8. "Қодар-Қарабайдың қара шоқпары, қараңғы күші есебіндегі сұмырай серігі". Кімнің пікірі екенін белгілеңіз. A) М.Әуезов. B) Б.Майлин. C) М.Мағауин. D) Б.Соқпақбаев. E) Ә.Әбішев. |
9. Ш.Айтматов қай ұлттың перзенті екенін анықтаңыз. A) Қазақ. B) Өзбек. C) Ұйғыр. D) Қырғыз. E) Түрік. |
10. Қай ертегіде түлкінің адамға көмектесетінін табыңыз. A) «Толағай». B) «Алтын сақа». C) «Қаңбақ шал». D) «Жүсіп хан». E) «Ұр, тоқпақ». |
11. "Алпамыс" жырындағы эпизодтық кейіпкерді табыңыз. A) Қараман. B) Гүлбаршын. C) Ұлтан. D) Қаракөзайым. E) Кейқуат. |
12. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз. A) Бауыржан Момышұлы. B) Рахымжан Қошқарбаев. C) Қасым Қайсенов. D) Мәлік Ғабдуллин. E) Талғат Бигелдинов. |
13. Мына шығармалардың қайсысы Бұқар жыраудікі екенін белгілеңіз. A) "Қызғыш құс". B) "Асқар, асқар, асқар тау". C) "Күркелінің бауыры күнде..." D) "Айналасын жер тұтқан". E) "Қамыстың басы майда, түбі сайда". |
14. Тауды екіге жарасың Тастың қашап арасын, Кесіп өтіп кезеңді ... қайда барасың?! – көп нүктенің орнына керек сөзді қойсаңыз, Дулат ақынның өлеңінің атын табасыз. A) Аягөз B) Еділ C) Ертіс D) Ақ Жайық E) Еспембет |
15. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы киім киіс, тәрбие түзеу мәселесіне наразылық білдіргендерді атаңыз. A) А.Құнанбаев, С.Торайғыров. B) М.Мөңкеұлы, Ш.Қанайұлы. C) М.Сералин, С.Дөнентаев. D) Ш.Уәлиханов, Б.Өтетілеуов. E) Ш.Құдайбердіұлы, М.Абайұлы. |
16. «Жұмасына екі ғана обед етем, құр шай мен нан.Сонда да қайғырмаймын.Бір тиыным қалғанша оқимын». Сөйтіп жүріп ауруға ұшыраған ақынды табыңыз. A) С.Торайғыров. B) М.Абайұлы. C) Ш.Уәлиханов. D) С.Көбеев. E) С.Дөнентаев. |
17. І.Жансүгіровтің эпикалық жанрдағы алғашқы және соңғы поэмасын табыңыз. A) ²Рүстем қырғыны² және ²Күй². B) ²Мақпал² және ²Құлагер². C) ²Кәмпеске² және ²Күйші². D) ²Жорық² және ²Дала². E) ²Жорық² және ²Көбік шашқан². |
18. Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы басты кейіпкерді табыңыз. A) Ұлпан. B) Таймас. C) Есеней. D) Игілік би. E) Шәкен. |
19. "-дай", "-дей" жұрнағы арқылы жасалатын көркемдік - стилистикалық құралды табыңыз. A) Синекдоха. B) Эпитет. C) Литота. D) Теңеу. E) Метафора. |
20. «Руна жазуы» деген ұғым қай халықтың сөзі екенін табыңыз. A) Үнді елінің сөзі. B) Ағылшын сөзі. C) Орыс сөзі. D) Түрік сөзі. E) Скандинавия халықтарының сөзі. |
21. Әбу Насыр Әл-Фараби туындылары ежелгі дәуір әдебиетінің қай кезеңіне жататынын белгілеңіз. A) Оғыз дәуіріндегі әдебиет. B) Хандық дәуіріндегі әдебиет. C) Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет. D) Ислам дәуіріндегі әдебиет. E) Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. |
22. Асан: ’’Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа’’- деп, неге шақырғанын белгілеңіз. A) Ұрысқа. B) Ерлікке. C) Адамгершілікке. D) Жауласуға. E) Бірлікке. |
23. Абайдың «Масғұт» поэмасында нені жақтағандығын анықтаңыз. A) сабыр мен төзімді. B) ер мен әйелдің теңдігін. C) байлық пен малды. D) адамдардың білімділігін E) ауылды. |
24. Әбіш Кекілбайдың «Шыңырау» повесіндегі Еңсеп қазған шыңыраудың қалай аталғанын есіңізге түсіріңіз. A) Шыңырау. B) “Еңсеп тұрған”. C) “Еңсеп өлген”. D) “Еңсеп қазған”. E) “Еңсептің шыңырауы”. |
25. Дулат Исабековтің «Дермене» повесіндегі дермене сөзінің мағынасын табыңыз. A) Дәрінің атауы. B) Ағаштың аты. C) Жусанның түрі. D) Шөптің тамыры. E) Жапырақ түрі.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
