Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2029.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
758 Кб
Скачать
☆

Қазақ әдебиеті

1. ’’Қой сүйеді баласын ’’қоңырым’’ деп,

Ештеңені білмеген момыным деп.’’

Қай жырдан алынған үзінді екенін анықтаңыз.

A) ’’Ойсыл қараға’’.

B) ’’Сексек атаға’’.

C) ’’Малдың баласын сүюі’’.

D) ’’Жылқышы атаға’’.

E) ’’Шопан атаға’’.

2. ’’Алпамыс батыр’’ жырында Алпамыс батырды зынданнан Қаракөзайымның шығаруына не себеп болғанын белгілеңіз.

A) Дос болуы.

B) Ғашық болуы.

C) Аяп кетуі.

D) Адамдығы.

E) Көмектескісі келуі.

3. Алтынсариннің үнемі хат жазысып, пікірлесіп отыратын досын табыңыз.

A) Ф.М.Достоевский.

B) В.В.Катаринский.

C) А.А.Мазохин.

D) В.В.Григорьев.

E) Н.И.Ильминский.

4. Мағжанның «Қазағым» өлеңі лириканың қай түріне жататынын атаңыз.

A) Философиялық лирика.

B) Әлеуметтік лирика.

C) Махаббат лирикасы.

D) Табиғат лирикасы.

E) Көңіл күй лирикасы.

5. ’’Қартқожа’’ романының авторын табыңыз.

A) М.Әуезов.

B) Б.Майлин.

C) Ж.Аймауытов.

D) С.Жүнісов.

E) Ә.Кекілбаев.

6. Б. Майлиннің "Раушан - коммунист" повесіндегі Раушанның Қамар, Ғайшалардан ерекшелігін табыңыз.

A) Ақылы.

B) Білімі.

C) Саяси санасы.

D) Өнері.

E) Көркі.

7. Қазақ мәдениетінде театр өнері тұңғыш қай жерде пайда болғанын табыңыз.

A) Қазақтың тұңғыш театрында.

B) Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында

C) Семей қаласында.

D) Орынборда.

E) Шыңғыстаудағы Жидебайда.

8. Ғ. Мүсіреповтің «Ер ана» әңгімесіндегі кейіпкерді табыңыз.

A) Наталья.

B) Ақлима.

C) Мәрзия.

D) Қапия.

E) Нағима.

9. Ә.Тәжібаевтың туған жерін көрсетіңіз.

A) Өскемен.

B) Қызылорда.

C) Алматы.

D) Семей.

E) Қарағанды.

10. Көне заман ескерткіштерінің жазылу тілінің бірі шағатай тілі делінеді, оның қандай тіл екендігін көрсетіңіз.

A) Қазақ-қырғыз тілінің араласқан түрі.

B) Ұйғыр тілі.

C) Араб, парсы тілі.

D) Араб, парсы тілі араласқан түркі ру тайпасының кітаби тілі.

E) Түрік-қазақ тілінің араласқаны.

11. Ахмет Иүгінекидің еңбегінің атын белгілеңіз.

A) ’’Құдатғу білік’’.

B) ’’Ақиқат сыйы’’.

C) ’’Тоныкөк жыры’’.

D) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.

E) ’’Диуани хикмет’’.

12. Қазақ лиро-эпостарының ішіндегі ең көне поэманы атаңыз.

A) ’’Қозы Көрпеш-Баян сұлу’’.

B) ’’Алпамыс батыр’’.

C) ’’Қобыланды батыр’’.

D) ’’Айман-Шолпан’’.

E) ’’Медғат-Қасым’’.

13. ’’Біржан-Сара’’ айтысындағы Жиенқұл сипаттамасы көркемдік тәсілдің қай түрі екенін анықтаңыз.

Кісі емес ел намысын ұққандай-ақ,

Ербиіп елсіз тауға шыққандай-ақ...

Жиенқұл күжірейіп келер ме екен,

Он мата арқасына тыққандай-ақ.

A) Ирония.

B) Параллелизм.

C) Фигура.

D) Инверсия.

E) Сарказм.

14. Зерттеушілердің пікірінше, Доспамбет жырау Айнала бұлақ басы тең толғауын шығарған мезгілін көрсетіңіз.

A) Қамауға түскен уақытта.

B) Жорық үстінде.

C) Елін сағынған кезде.

D) Өмірмен қоштасар сәтте.

E) Қартайған мезгілінде.

15. «Қанын ішіп қанбаққа,

Жанын отқа салмаққа…

Хан ие, ісің жол емес,» - деп, Жиембет жырау кімге айтқанын анықтаңыз.

A) Әбілқайырға.

B) Кене ханға.

C) Абылай ханға.

D) Есім ханға.

E) Тәуке ханға.

16. Семей облысы Аягөз ауданында туған, орыс отаршыларының зымияндық саясатын әшкерелеген ақынды табыңыз.

A) Дулат.

B) Ақтанберді.

C) Доспамбет.

D) Шортанбай.

E) Абай.

17. Көшпелі қазақ тұрмысын қанағат тұтқан ақындар тобын көрсетіңіз.

A) Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев.

B) М.Абайұлы, Ш.Құдайбердіұлы.

C) Ш.Қанайұлы, М.Мөңкеұлы.

D) С.Торайғыров, С.Дөнентаев.

E) Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев.

18. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» романында суреттелетін, 6 жасар кезінен есінде сақталған азамат, өзі кедей болса да, Сәбиттің үй ішіне көп көмегін тигізген саятшының есімін табыңыз.

A) Сүлеймен.

B) Ораз.

C) Мүсілім.

D) Әмірқан.

E) Саят.

19. Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы мазардың қалай аталатынын табыңыз.

A) Жер Ана.

B) Айша Бибі.

C) Ана-Бейіт.

D) Жоламан.

E) Аруақты-Ана.

20. Бұдырайған екі шекелі

Мұздай үлкен көбелі - үзінді қай өлеңнен алынғанын анықтаңыз.

A) Мадақ.

B) Алаң да алаң...

C) Еділ.

D) Белгілі биік көк сеңгір.

E) Әрайна, билер...

21. Махамбет ақынның «Арқаның қызыл изені» өлеңі қай лирикаға жатады, белгілеңіз.

A) Көңіл-күй лирикасы

B) Табиғат лирикасы

C) Махаббат лирикасы

D) Философиялық лирика

E) Саяси-әлеуметтік лирика

22. ’’Керуеннің 8 киіз үйі, 100 түйесі, 65 аты, 34 қызметкер адамы және 20000 сом күміс ақшалық товары бар еді. Мен құрметті керуен басы Мұсабайдың туысы болып саналдым...’’ Шоқан өзінің қай сапары туралы айтып отырғанын көрсетіңіз.

A) Әулиеатаға баруы.

B) Аягөзге сапары.

C) Оңтүстікке сапар.

D) Қашқар сапары.

E) Қырғыз саяхаты.

23. Абайдың ²Әнді сүйсең, менше сүй² деген өлең тармағындағы көркемдегіш құралды көрсетіңіз.

A) Теңеудің кеңінен қолданылған түрі.

B) Көркем ауыстыру бар.

C) Кейіптеу бар.

D) Айқындауды (эпитет) қолданған.

E) Теңеудің сирек пайдаланылатын түрі.

24. "Жеті жаста садақ тартты,

Атқан оғы тасты уатты.

Жай оғынан кейін емес,

Темірден де өткізеді,

Күндік жерге жеткізеді."

Осы өлеңде көркемдегіш сөздің қай түрі кездесетінін табыңыз.

A) Гипербола.

B) Эпитет.

C) Метафора.

D) Аллегория.

E) Теңеу.

25. Бір жылы туған қос қаламгерді табыңыз.

A) С.Торайғыров, С.Дөнентаев.

B) С.Сейфуллин, М.Жұмабаев.

C) Д.Исабеков, Т.Әбдіков.

D) М.Мақатаев, М.Шаханов.

E) С.Иманасов, Қ.Баянбаев.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]