Қазақ әдебиеті
1. «Кер құла атты Кендебай» ертегісіндегі кедейлер мекен еткен жерді атаңыз. A) Ақсу. B) Ертіс өңірі. C) Қаратаудың ойы, Қарасудың бойы. D) Жерұйық. E) Жиделібайсын. |
2. Көтібар батыр қай жырдың кейіпкері, табыңыз. A) «Айман - Шолпан» B) «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» C) «Алпамыс батыр» D) «Қобыланды батыр» E) «Қыз Жібек» |
3. Малайсары би Сырыммен қоштасарында есіңе салар үш сөзім бар: «Обал, сауап, борыш» - деді. Осы үш сөз есіңде болса, елің жаныңнан кетпес, елің барда басқа дұшпан басыңа теппес деген екен. Үзіндідегі шешендік сөз түрін табыңыз A) Шешендік өсиет B) Шешендік сын C) Шешендік дау D) Шешендік жұмбақ E) Шешендік нақыл |
4. Үмбетей жыраудың әкесінің атын белгілеңіз. A) Бәкей. B) Бәке. C) Тілеу. D) Сүлеймен. E) Барақ. |
5. Махамбеттің "Мұнар күн" өлеңі кімге арналғанын табыңыз. A) Баймағамбет сұлтанға. B) Исатайға. C) Бекмахамбетке. D) Зұлхарнайынға. E) Жәңгір ханға. |
6. Абайдың ең көп аударған ақынын табыңыз. A) И.Крылов. B) Ю.Лермонтов. C) А.Пушкин. D) И.Бунин. E) А.Мицкевич. |
7. Міржақып Дулатов Түркістан республикасының «Ақ жол» газетіне қай жылдары қызметте болғанын белгілеңіз. A) 1925 ж. B) 1926 ж. C) 1930 ж. D) 1927 ж. E) 1920 ж. |
8. М.Әуезовтің Н.В.Гогольден аудармасын белгілеңіз. A) "Любовь Яровая". B) "Асауға тұсау". C) "Отелло". D) "Ревизор". E) "Қорқыныш". |
9. Найман-Ана аңызындағы (Ш.Айтматов) оқиға қай жерде өтетінін табыңыз. A) Таразда. B) Шекер ауылында. C) Ош оймағында. D) Сарыөзекте. E) Ыстықкөлде. |
10. Алпамыс батыр жырындағы Гүлбаршын сұлудың анасының есімін көрсетіңіз. A) Ханым. B) Мақпал. C) Күміс. D) Аналық. E) Алтыншаш. |
11. Бұқар жыраудың өмір сүрген жылдарын табыңыз. A) 1670-1730 жж. B) 1706-1778 жж. C) 1465-1560 жж. D) 1668-1781 жж. E) 1675-1768 жж. |
12. Дулат Бабатайұлының шығармасын табыңыз. A) “Тілек” B) “Мінкен ер” C) “Нарын” D) “Бұл заманда не ғаріп” E) “Аягөз” |
13. «Үш қиян», « Өлім», « Әттең бір қапы дүние-ай» өлеңдерінің авторын табыңыз. A) Шәкәрім Құдайбердіұлы. B) Шортанбай Қанайұлы. C) Әбубәкір Шоқанұлы. D) Мұрат Мөңкеұлы. E) Абай Құнанбаев. |
14. Шоқанның Қашқарға барғандағы лақап атын көрсетіңіз. A) Әлімбай. B) Әзімбай. C) Шоқан. D) Мұхаммед-Қанафия. E) Әлімқұл. |
15. «Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды»,- деген кімнің пікірі екенін белгілеңіз. A) С.Сейфуллин. B) Ы.Алтынсарин. C) М.Дулатов. D) А.Байтұрсынов. E) М.Жұмабаев. |
16. Сұлтанмахмұт қызмет еткен журналды көрсетіңіз. A) “Сарыарқа”. B) “Түркістан уәлаяты”. C) “Серке”. D) “Қазақ”. E) “Айқап”. |
17. І.Жансүгіровтің халықтар достығына арналған әсем жырын табыңыз. A) ’’Гималай’’. B) ’’Экскаватор’’. C) ’’Октябрь’’. D) ’’Мәскеу - Қазақстан’’. E) ’’Алтын қазан’’. |
18. ²Дүние жүзінде қазақтан ұзақ амандасатын ел кемде-кем-ақ шығар. Әсіресе, осындай дау-жанжалдың арасында жүретіндер езіп-созып, тіпті ұзақ амандасады. Мал-жан, ауру-сырқау, ит-құсқа дейін қалдырмай сұрасады... ² - деген жолдары бар халықтық дәстүрдің небір ғибратты үлгілерін сипаттайтын Ғ.Мүсіреповтің шығармасын көрсетіңіз. A) ²Шұғыла² әңгімесі. B) ²Оянған өлке² романы. C) ²Жат қолында² романы. D) ²Этнографиялық әңгіме². E) ²Боранды түнде² әңгімесі. |
19. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз. A) Жазушының үндейтін белгілі бір пікірі, айтқысы келетін ойы. B) Қаламгердің өмір құбылысына берген бағасы. C) Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының түйіні. D) Оқиғалардың мазмұндық байланысы. E) Оқиға өтетін орынмен таныстыру. |
20. Қорқыттың кім екенін анықтаңыз. A) Өмірде болмаған, ол тек аңыз кейіпкері. B) Абыз, бақсы. C) Тек қана күйші. D) Жырау болған адам. E) VІІІ ғ. Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, күйші, аңыз кейіпкері. |
21. ’’Мұхаббат-наме’’ дастаны қай кезең әдебиетіне жататынын анықтаңыз. A) Түркі қағанаты дәуіріне. B) Ислам дәуіріндегі әдебиет. C) Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. D) Оғыз дәуіріндегі әдебиет. E) Кеңес дәуіріндегі әдебиет. |
22. Асан: ’’Ай, хан, мен айтпасам білмейсің, Айтқаныма көнбейсің...’’ - деп, қандай ханға қарата айтқанын көрсетіңіз. A) Әбілхайыр. B) Есім. C) Тәуке. D) Абылай. E) Жәнібек. |
23. «Ботагөз» романының ақырында Ботагөздің атқан таңды қарсы алған жерін табыңыз. A) Шортанды көлінің ортасындағы діңгек таста. B) Қалың орман ортасында. C) Сексенкөлдің ортасындағы діңгек таста. D) Бурабай көлінің ортасындағы діңгек таста. E) Шалқар көлінің ортасындағы діңгек таста. |
24. Шерхан Мұртазаның «41-жылғы келіншек» әңгімесінің жазылу себебін түсіндіріңіз. A) Той. B) Күнделікті өмір. C) Түс. D) Сағыныш. E) Тартыс. |
25. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шал тау асып, шекара бұзып, туған жерге өтісімен не істегенін табыңыз. A) Жер ананы құшақтап сүйе берді. B) Шекарашыларға берілді. C) Ауылдағы адамдарға жолықты. D) Отырып тамақ ішті. E) Ата-бабалар зиратына құран оқыды.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
