Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2033.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
673 Кб
Скачать
☆

Қазақ әдебиеті

1. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.

A) А.Яссауи.

B) М.Қашқари.

C) Ж.Баласағұн.

D) Қорқыт.

E) С.Сараи.

2. Даналықты, шешендік пен тапқырлықты танытқан аңыз кейіпкерін табыңыз.

A) Төле би.

B) Сырым батыр.

C) Қазыбек би.

D) Әйтеке би.

E) Жиренше шешен.

3. Қазтуған туралы толғауда:

Жауды көрсе жайнаған,

Жай тасындай қайнаған.

Еділде тұрып оқ атса,

Жайыққа түсіп жоғалған,- деп қандай мәселе қозғалғанын анықтаңыз.

A) Дәстүр, салт.

B) Махаббат.

C) Адал қасиет.

D) Ерлік.

E) Табиғат.

4. Жаманды байқап қарасаң,

Күндердің күні болғанда

Өз басына өзі жау, - деген өлең шумағында Махамбеттің айтқан мәселесін анықтаңыз.

A) Адамгершілік.

B) Жастарға өнеге іс.

C) Батырға тән мінез.

D) Жаманнан кесапат.

E) Жақсыдан шарапат.

5. Ы.Алтынсариннің халық аңызына жаңаша мазмұн берген әңгімесін белгілеңіз.

A) «Бай баласы мен жарлы баласы».

B) «Талаптың пайдасы».

C) «Қыпшақ Сейітқұл».

D) «Бақша ағаштары».

E) «Атымтай Жомарт».

6. Мына өлеңнің авторын табыңыз.

Бұл ән –

Бұрынғы әннен өзгерек,

Бұған –

Ұйқасты өлең, сөз керек.

Өзіне орайлы.

A) Шәкәрім Құдайбердіұлы.

B) Тұманбай Молдағалиев.

C) Қадыр Мырза-Әли.

D) Жұбан Молдағалиев.

E) Ақан Қорамсаұлы.

7. С.Сейфуллиннің Қазан қаласындағы «Матбуғат Кәримия» баспасында басылған жинағын табыңыз.

A) «Домбыра».

B) «Өткен күндер».

C) «Қызыл ат».

D) «Асау тұлпар».

E) «Экспресс».

8. Жүз жыл жырлаған жүректің иесін белгілеңіз.

A) Бейімбет Майлин.

B) Сәкен Сейфуллин.

C) Жамбыл Жабаев.

D) Сәбит Мұқанов.

E) Ілияс Жансүгіров.

9. Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» шығармасындағы лирикалық кейіпкер кімнің атынан сөйлейтінін табыңыз.

A) Жастар атынан.

B) Өз атынан.

C) Халық атынан.

D) Тарих атынан.

E) Ақын атынан.

10. ’’Алтын сақа’’ ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі екенін белгілеңіз.

-Шеше, шаршаған шығарсың. Мен қаза тұрайын, сен ұйықтап дем ал!

A) Бай.

B) Қызыл түлкі.

C) Ақ түлкі.

D) Бала.

E) Қарлығаш.

11. Алпамыс батырға көмек беріп, дос болатын қалмақ батырын табыңыз.

A) Тайшық.

B) Қобыланды.

C) Көбікті.

D) Алшағыр.

E) Қараман.

12. Қозыны Баянмен табыстырған адамды табыңыз.

A) Ай мен Таңсық.

B) Әкесі.

C) Анасы.

D) Айбас.

E) Тазша.

13. Дулат Бабатайұлы туған облысты көрсетіңіз.

A) Көкшетау.

B) Қарағанды.

C) Қызылжар.

D) Шығыс Қазақстан облысы.

E) Кереку.

14. Шортанбай Қанайұлының өлеңінен алынған үзіндіде не туралы айтылғанын анықтаңыз.

Асылық азған заманда,

Алуан- алуан жан шықты.

Арам,араз хан шықты,

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты.

A) Жастардың бас бостандығы.

B) Қазақ даласына келген сауда.

C) Оқу, білім, өнер.

D) Адамгершілік қасиет.

E) Әйелдердің теңсіздігі.

15. «Кім жазықты» романының авторын табыңыз.

A) С.Торайғыров.

B) С.Көбеев.

C) Ж.Аймауытов.

D) М.Сералин.

E) Т.Жомартбаев.

16. «Ақтабан» деген тарау І.Жансүгіровтің қай поэмасынан екенін табыңыз.

A) «Көбік шашқан».

B) «Құлагер».

C) «Дала».

D) «Рүстем қырғыны».

E) «Күй».

17. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” пьесасындағы Жантыққа қарсы бейнені табыңыз.

A) Жарқын.

B) Қозы.

C) Қодар.

D) Қарабай.

E) Сердәлі.

18. ’’Жатқан жері даладай,

Екі өркеші баладай’’. Көркемдегіш құралдың қайсысы қолданылғанын табыңыз (Үмбетей жырау).

A) Теңеу.

B) Ауыстыру.

C) Эпитет.

D) Ассонанс.

E) Қолданылмаған, жай сөз.

19. Ш.Мұртазаның «41жылғы келіншек» әңгімесінде Хадиша түсінде кіммен сөйлескенін есіңізге түсіріңіз.

A) Ақшаймен.

B) Қызымен.

C) Мақсұтпен.

D) Шалабаймен.

E) Күләймен.

20. Ж.Баласағұнға берілген «хас хажиб» атағының мағынасын табыңыз.

A) Қазына ісін басқарушы.

B) Қолбасшы.

C) Уәзір.

D) Хат көшіруші.

E) Сарай министрі.

21. Доспамбеттің жерленген жерін табыңыз.

A) Атырау.

B) Азау.

C) Ақтау.

D) Астрахань.

E) Ақтөбе.

22. Бұқар жыраудың батырлық, ерлік туралы өлеңін табыңыз.

A) “Мінкен ер”

B) “Еңсегей бойлы Ер Есім”

C) “Батырым өтті Бөгембай”

D) “Бөгембай өліміне”

E) “Тарланым”

23. Абайдың "Мінез-ақыл мен ғылымды сақтайтын сауыт" деген афоризмі қай қара сөзінен алынғанын анықтаңыз.

A) Тоғызыншы.

B) Отыз екінші.

C) Он бесінші.

D) Төртінші.

E) Он екінші.

24. “Абай жолы” романындағы асы берілген адамның атын табыңыз.

A) Дәркембай.

B) Бөжей.

C) Қодар.

D) Қаратай.

E) Байдалы.

25. Парсы поэзиясының атасы саналған Рудакиден мұраға қалған қанша өлең жолы бар екенін табыңыз.

A) 2500.

B) 2000.

C) 3000.

D) 3500.

E) 5000.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]