Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2035.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
663 Кб
Скачать
☆

Қазақ әдебиеті

1. Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз.

A) ’’Мұхаббат-наме’’.

B) ’’Оғыз-нама’’.

C) ’’Диуани хикмет’’.

D) ’’Құдатғу біліг’’.

E) ’’Кодекс-Куманикус’’.

2. Мұхтар Әуезов Қазақ ертегілерін неше жікке (жанрға) бөлгенін табыңыз.

A) Екі.

B) Бес.

C) Төрт.

D) Үш.

E) Бір.

3. ’’Қарлығаш әулие’’, ’’Қарлығаш би’’ атанған кім екенін анықтаңыз.

A) Бәйдібек.

B) Әйтеке.

C) Бөлтірік.

D) Төле.

E) Қазыбек.

4. Шалкиіз:

Бір жақсымен дос болсаң,

Азбас-тозбас мүлкі етер.

Бір жаманмен дос болсаң,

…Жімле ғаламға күлкі етер, - деп қандай мәселені қозғағандығын анықтаңыз.

A) Ерлік, бірлік.

B) Сақтық.

C) Тыныштық.

D) Ел қорғау.

E) Достық, жолдастық.

5. Махамбет:

Атадан туған аруақты ер

Жауды көрсе жапырар,

Үдей соққан дауылдай, – деген өлең шумағында қандай мәселені айтатынын табыңыз.

A) Өлім мен өмір.

B) Ерлік.

C) Адамгершілік.

D) Ақыл-өнеге.

E) Кек алу.

6. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» шығармасы әдеби жанрдың қай түріне жатады, белгілеңіз.

A) Лирикалық-эпикалық дастан.

B) Тарихи роман.

C) Ертегі.

D) Лиро-эпостық жыр.

E) Аңыз әңгіме.

7. А.Байтұрсынұлының өлеңін көрсетіңіз.

A) «Орал тауы».

B) «Көк есектерге».

C) «Пайғамбар».

D) «Гималай».

E) «Сыр сандық».

8. С.Мұқановтың тұңғыш жарық көрген өлеңін табыңыз.

A) «Егістік».

B) «Берлин алынды».

C) «Майға сәлем».

D) «Бостандық».

E) «Балқаш».

9. «Қаһарлы күндер» романының авторын табыңыз.

A) І.Есенберлин.

B) Ж.Сайн.

C) Ә.Нүрпейісов.

D) Т.Ахтанов.

E) Ә.Кекілбаев.

10. ’’Алпамыс батыр’’ жырындағы қалмақ ханын белгілеңіз.

A) Арыстан.

B) Тайшық.

C) Алшағыр.

D) Қаражан.

E) Көбікті.

11. ’’Қозы Көрпеш-Баян сұлу’’ поэмасында Қозының намысын қорғау үшін кім шығатынын белгілеңіз.

A) Көтібар.

B) Танаш.

C) Тазша.

D) Тайлақ.

E) Айбас.

12. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.

A) «Таза мінсіз асыл тас».

B) «Мадақ».

C) «Тілек».

D) «Ор, ор, ор қоян».

E) «Өзен».

13. Жеріңнің алды шұрайын

Дуан салып жайланып,

Датыңды айтсаң майырға,

Сібірге кеттің айдалып... – деген үзінді Дулат ақынның қай өлеңінен, табыңыз.

A) «Толағай»

B) «Аягөз»

C) «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

D) «Ақжайлау мен Сандықтас»

E) «Еспембет»

14. Шортанбай Қанайұлының туған жерін табыңыз.

A) Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Қаратау-Қарнақ жері.

B) Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті.

C) Торғай облысы, Жангелдин ауданы.

D) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.

E) Көкшетау облысы, Айыртау ауданы.

15. Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің негізі қай ақыннан алынғанын табыңыз.

A) Пушкин.

B) Некрасов.

C) Гете.

D) Фирдоуси.

E) Науаи.

16. “Байбол”

Берілген кейіпкердің қандай шығармадан екенін көрсетіңіз.

A) “Кім жазықты?” романынан.

B) “Кедей” поэмасынан.

C) “Адасқан өмір” поэмасынан.

D) “Айтыс” поэмасынан.

E) “Қамар сұлу” романынан.

17. Сексен көл Көкшетаудың саясында,

Әрқайсы алтын кесе аясында,

Ауасы – дертке дауа, жұпар иісті,

Көкірек қанша жұтса, тоясың ба? – үзіндінің авторын табыңыз.

A) “Құлагер” І.Жансүгіров.

B) “Көкшетау” Қ.Аманжолов.

C) “Батыр Баян” М.Жұмабаев.

D) “Көкшетау” С.Сейфуллин.

E) “Сұлушаш” С.Мұқанов.

18. Жұман, Игілік, Рязанов, Ушаковтар қай шығарманың кейіпкерлері екенін табыңыз.

A) ’’Қыз Жібек’’.

B) ’’Ұлпан’’.

C) ’’Оянған өлке’’.

D) ’’Ақан сері-Ақтоқты’’.

E) ’’Қазақ солдаты’’.

19. Аллитерация терминінің анықтамасын белгілеңіз.

A) Өлең сөздерінің басқы дыбыстарының біркелкі дауыссыз боп қайталануы.

B) Өлеңнің басқы ұйқасқа құрылуы.

C) Өлеңдегі әр жолдың біркелкі дауысты дыбыстан басталуы.

D) Дыбыстар арасындағы үндестік.

E) Өлең жолдарының басы дауысты, дауыссыз.

20. Көне түркі жазуын алғаш оқыған ғалымды белгілеңіз.

A) В.Томсен.

B) Н.Видзен.

C) Н.Ядринцев.

D) С.Ремезов.

E) В.Радлов.

21. Асан қайғының Еділ бол да, Жайық бол өлеңінің негізгі көтерген мәселесін табыңыз.

A) Лирикалық көңіл-күйді білдіру.

B) Ханды өткір сынау.

C) Тіл тазалығын дәріптеу.

D) Дала табиғатын суреттеу.

E) Береке, бірлік, татулыққа шақыру.

22. Шоқан Уәлиханов Әулиеатаға (қазіргі Тараз қаласы) қай жылы кімнің шақыруымен келгенін табыңыз.

A) 1866 жылы, И.И Захаров

B) 1862 жылы, Потанин.

C) 1860 жылы, Достоевский.

D) 1864 жылы, Черняев.

E) 1865 жылы, А.Майков.

23. ²Ұстаздық - ұлы нәрсе!²- деген пікірдің иесін көрсетіңіз.

A) М.Дулатов.

B) М.Әуезов.

C) Ж.Аймауытов.

D) А.Құнанбаев.

E) А.Байтұрсынов.

24. «Қымбат маған елімнің бар даласы –

Балтық пенен Сахалиннің арасы.

Қайда болсын қиям оған жанымды,

Туған жерден қазсын бірақ қабірді,» - үзінді қай ақынның өлеңінен алынғанын атаңыз.

A) Сырбай Мәуленов.

B) Нәсір Фазылов.

C) Расул Ғамзатов.

D) Шыңғыс Айтматов.

E) Мұса Жәлел.

25. Дулат Исабековтің туған жылын табыңыз.

A) 1942ж.

B) 1940ж.

C) 1941ж.

D) 1943ж.

E) 1939ж.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]