Қазақ әдебиеті
1. Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиетінің түрін белгілеңіз. A) Ертегі. B) Мысал. C) Айтыс. D) Наурыз жыры. E) Тұрмыс-салт жыры. |
2. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау екенін белгілеңіз. A) Қазтуған. B) Доспамбет. C) Ақтамберді. D) Шалкиіз. E) Бұқар. |
3. Махамбет өліміне себепші болған опасыз жанды табыңыз. A) Жәңгір хан. B) Қарауылқожа. C) Ықылас. D) Баймағамбет. E) Арыстан Жантөрин. |
4. Абайдың туған жылын анықтаңыз. A) 1857 жыл. B) 1845 жыл. C) 1848 жыл. D) 1846 жыл. E) 1852 жыл. |
5. Шәкәрімнің музыка зерттеушісі А.В.Затаевич нотаға түсіріп алған әнін табыңыз. A) «Ақындарға». B) «Жастарға». C) «Бостандық туы жарқырап». D) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек». E) «Дүние мен өмір». |
6. А.Байтұрсынұлының «Тәні саудың – жаны сау» мақаласында көтерілген мәселені белгілеңіз. A) Адам тәрбиелеудің тәсілдері. B) Заң, жер. C) Табиғат, экология. D) Халықаралық жағдай. E) Өлең құрылысы. |
7. Ғ. Мүсіреповтің М. Горькийден аударған әңгімесін табыңыз. A) «Талпақ танау». B) «Адамның анасы». C) «Шұғыла». D) «Қазақ солдаты». E) «Ашынған ана». |
8. М.Әуезов пен Р.Ғамзатов арасындағы байланысты табыңыз. A) Рухани үндестік. B) Достық байланыс. C) Үлкен сыйласым. D) Жақсы жолдастық. E) Туысқандық қатынас. |
9. Ж.Молдағалиевтің «Мен-қазақпын» шығармасы арқылы қандай ерекшелігі байқалатынын табыңыз. A) Романтик ақын. B) Лирик ақын. C) Реалист ақын. D) Патриот ақын. E) Сыншы ақыл. |
10. ’’Толағай’’ ертегісіндегі Толағайдың анасын белгілеңіз A) Қарагөз. B) Айсұлу. C) Саржан. D) Аналық. E) Қарашаш. |
11. Қамбар батырдың жарын табыңыз. A) Қарлығаш. B) Құртқа. C) Назым. D) Ақжүніс. E) Гүлбаршын. |
12. ’’Алла ісіне шара жоқ-ау! Жетпесті қуып алқынба! Қайырлы ғұмыр бере көр-ау, Қозыжанға артында.’’ Тұрмыс- салт жырының қай түрі (’’Қозы Көрпеш-Баян сұлу’’) көрініс тапқанын көрсетіңіз. A) Жоқтау. B) Жар-жар. C) Тойбастар. D) Қоштасу. E) Жұбату. |
13. Датыңды айтсаң майырға, Сібірге кеттің айдалып. Дулаттың осы өлең жолдарындағы «дат», «майыр» деген сөздерге анықтама беріңіз. A) Аға сұлтан және хат. B) Орыс және жағдай. C) Өтініш және майор. D) Әкім және реніш. E) Чиновник және арыз. |
14. Беріште Есет, Айтуар, Анайы туған Қарқуар- Солардан қалған бұ дүния, Өлімнің сондай жайты бар,- деген шумақ Мұрат Мөңкеұлының қай өлеңінен алынғандығын анықтаңыз. A) «Үш қиян». B) «Еділді тартып алғаны». C) «Әттең, бір қапы дүние-ай». D) «Дұспан-тазы, біз- түлкі». E) «Өлім». |
15. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы ұнамды кейіпкерлерді белгілеңіз. A) Сүйіндік, Сағынай. B) Ахмет, Омар, Қасен. C) Батыраш, Қотыраш. D) Серғазы, Жүніс, Бірке. E) Әнуар, Күлтай. |
16. С.Сейфуллиннің ²Көкшетау² поэмасының ²Бой жазу² бөлімінде сөз болатын жағдайды белгілеңіз. A) Табиғат суреті беріледі. B) Пәлсапалық ойлар айтылады. C) Ескі заман жырланады. D) Өнер психологиясынан сыр шертіледі. E) Болашақ келбеті суреттеледі. |
17. С.Мұқановтың 1928 ж. жазылған ’’Сұлушаш’’ поэмасы қандай шығарма екенін белгілеңіз. A) Романтикалық поэма. B) Драмалық оқиғаға құрылған поэма. C) Реалистік емес поэма. D) Сюжетсіз поэма. E) Лирикалық поэма. |
18. Параллелизм деген ұғымның мәнін табыңыз. A) Қайта айту деген мағынаны білдіреді. B) Керексіз, орынсыз, басы артық сөз. C) Екі нәрсені қатарластыра алып бейнелеу тәсілі. D) Басқа біреудің әдеби шығармасын иемдену. E) Қарама-қарсы ұғымдарды жақындату. |
19. Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат» драмалық шығармасының негізгі кейіпкерін атаңыз. A) Рашид, Шамиль. B) Тұрар . C) Нұрбедел. D) Қайсар. E) Ескендір. |
20. VІ-VІІ ғасырдағы туындыны табыңыз. A) «Қорқыт ата» кітабы. B) «Жамиғат тауарих». C) «Мұхаббат-наме». D) «Күлтегін», «Тоныкөк». E) «Қисса-сул әнбия». |
21. Құтбтың Низамиден аударған дастаны қалай аталатынын табыңыз. A) ’’Хұсрау-Шырын’’. B) ’’Мухаббат-наме’’. C) ’’Хисса-сул әнбия’’. D) ’’Кодекс куманикус’’. E) ’’Ақиқат сыйы’’. |
22. ’’Бұл заманда не ғаріп?’’ өлеңі алғаш қайда жарияланғанын белгілеңіз. A) ’’Әдебиет тарихы’’. B) Газетте. C) ’’Шайыр’’ жинағы. D) ’’Алдаспан’’. E) ’’Қазақ әдебиеті’’. |
23. Қамшыны сипаттаған жырауды табыңыз. Қарағайлы көдік бойында, Қамшым қалды ойында: Бүлдіргесі бұлан терісі, Өрімі құнан білдің қайысы, Шырмауығы - алтын, сабы - жез... A) Шалкиіз. B) Үмбетей. C) Жиембет. D) Қазтуған. E) Доспамбет. |
24. Ш.Уәлихановтың Петербург университетінің профессоры И.Н.Березинмен кім арқылы танысатынын табыңыз. A) Костылецкий. B) Ильминский. C) Потанин. D) Гонсевский. E) Радлов. |
25. «М.Әуезовтің «Абай жолын» оқыған адам өмірдің өнерге айналған академиясынан өткендей болады». Кімнің пікірі екенін табыңыз. A) Р.Нұрғалиев. B) Х.Әдібаев. C) З.Ахметов. D) З.Қабдолов. E) М.Базарбаев.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
