Қазақ әдебиеті
1. Лиро - эпостық жырды табыңыз. A) «Ер Тарғын» B) «Жүсіп хан» C) «Қобыланды батыр» D) «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» E) «Толағай» |
2. Жыраулардың шығармашылығына тән ортақ сипатты белгілеңіз. A) Мәңгілік өлмес махаббат құдіретін жырлауы. B) Қысқа тұжырымдар арқылы берілуі. C) Торығу сарыны мол кездесуі. D) Араб поэзиясының үлгісінде келуі. E) Философиялық терең афоризм, шешендік сөз байлығы. |
3. Дулат Бабатайұлының өмір сүрген жылдарын табыңыз A) 1802 – 1874 ж.ж. B) 1857 – 1931 ж.ж. C) 1818 – 1881 ж.ж. D) 1846 – 1945 ж.ж. E) 1803 – 1846 ж.ж. |
4. Шоқан жазып алған жырды табыңыз. A) ’’Алпамыс’’. B) ’’Қобыланды’’. C) ’’Манас’’. D) ’’Қарадөң’’. E) ’’Телағыс’’. |
5. «Асыл шөп» , «Қыпшақ Сейітқұл», «Бақша ағаштары» , «Бір уыс мақта»әңгімелерінің авторын табыңыз. A) Спандияр Көбеев. B) Ыбырай Алтынсарин. C) Абай Құнанбаев. D) Сұлтанмахмұт Торайғыров. E) Сәбит Дөнентаев. |
6. І.Жансүгіровтің ’’Құлагер’’ поэмасындағы Құлагер кімнің жүйрік аты екенін табыңыз. A) Ақан сері. B) Қотыраш. C) Ілияс. D) Қобыланды. E) Біржан сал. |
7. С.Мұқановтың шығармасын табыңыз. A) «Адамдық негізі – әйел». B) «Ұлпан». C) «Қос шалқар». D) «Күй». E) «Сұлушаш». |
8. Қазақ әдебиетінде сырбаз, сұлу әйелдер галереясын жасаған қаламгерді табыңыз. A) М.Жұмабаев. B) М.Әуезов. C) Ж.Аймауытов. D) Ғ.Мүсірепов. E) Б.Майлин. |
9. Парижде болғанда дағыстандық суретшіні көргенін, қартайған суретшінің суреттерінде туған елге деген сағыныш тұнып тұрғанын әсерлі жазған қаламгерді табыңыз. A) Ғ.Гулям. B) М.Әуезов. C) Ш.Айтматов. D) Ғ.Мүсірепов. E) Р.Ғамзатов. |
10. ’’Қаңбақ шал’’ ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі екенін табыңыз. - Кел, жердің ішек- қарынын шығарайық. A) 1- дәу. B) Кемпір. C) Шал. D) 2- дәу. E) Түлкі. |
11. Аңыз әңгімедегі: ’’Ұрының әйелі өзіне лайық,’’- деген сөздің авторын табыңыз. A) Алдар. B) Жиренше. C) Халық. D) Уәзір. E) Қожанасыр. |
12. Қақырғаны қан татып, Түкіргені жын татып, Қақырғанда қан ішті Түкіргенде жын ішті ... –деген үзінді қай жырдан алынған, белгілеңіз. A) «Алпамыс батыр» B) «Қамбар батыр» C) «Ер Қосай» D) «Қобыланды батыр» E) «Ер Тарғын» |
13. Шалкиіздің ’’Алаштан байтақ озбаса’’толғауы қай жинаққа енгенін белгілеңіз. A) ’’Шолпан’’. B) ’’Асау тұлпар’’. C) ’’Алдаспан’’. D) ’’Серке’’. E) ’’Көктем’’. |
14. Махамбеттің Исатай қазасына арнаған өлеңін табыңыз: A) “Ереуіл атқа ер салмай” B) “Мұнар күн” C) “Соғыс” D) “Ұлы арман” E) “Мен едім” |
15. Шортанбай Қанайұлының шығармаларында кімдердің қатты сынға түскендігін анықтаңыз. A) Орыс патшасы, жандарал, майырлар. B) Әділетті жандар. C) Хандық дәуірді аңсаған қариялар. D) Аналар. E) Жас балалар. |
16. С.Торайғыровтың әкесінің атын белгілеңіз. A) Балқожа. B) Шорман. C) Торайғыр. D) Шоқпыт. E) Мырқымбай. |
17. С.Сейфуллиннің жарының атын табыңыз. A) Фатима. B) Зылиха. C) Шолпан. D) Гүлбаһрам. E) Күләнда. |
18. ’’Қазақ солдаты’’ романындағы Қайроштың прототипін табыңыз. A) Қ. Смағұлов. B) Р.Қошқарбаев. C) Б.Момышұлы. D) Т.Бигелдинов. E) Қ.Аманжолов. |
19. Ассонанс дегеніміздің не екенін табыңыз. A) Дауысты, дауыссыздар араласып келеді. B) Шумақтың басқы дыбыстары бірдей дауыстыдан басталады. C) Шумақтың басқы дыбыстары дауыссыздан басталады. D) Соңғы дыбыстардың ұйқасып келуі. E) Өлеңнің бірнеше бунақтан тұруы. |
20. Ежелгі түркі жеріндегі әйел тәңірі кім болғанын жазыңыз. A) Елбілге. B) Айша-бибі. C) Ұмай ана. D) Домалақ ана. E) Томирис. |
21. Сарай қаласынан шыққан Құтб ақын қай кезде өмір сүргенін белгілеңіз. A) XІ ғ. B) X ғ. C) XІІ ғ. D) XV ғ. E) XІV ғ. |
22. Ел шетіне жау келсе, Алдына, сірә, дау келсе. Батырсынған жігіттің Күшін сонда сынаса! – деп, Ақтамберді жырау қандай мәселені айтқандығын табыңыз. A) Сақтық. B) Адамгершілік. C) Туған жер. D) Ерлік, батырлық. E) Елдік, бірлік. |
23. Абайдың өз атымен баспа бетінде жарияланған тұңғыш өлеңін белгілеңіз. A) "Жаздыгүні шілде болғанда". B) "Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай". C) "Қыс". D) "Күз". E) "Қансонарда". |
24. Қ.Мұхамеджанов қандай жазушымен бірігіп пьеса жазғанын табыңыз. A) Ә.Әбішев. B) Ғ.Мүсірепов. C) Ш.Айтматов. D) М.Әуезов. E) О.Сүлейменов. |
25. Дулат Исабековтің «Әпке» пьесасындағы мына сөздердің қай кейіпкердікі екенін табыңыз. «Мамуля. Жылама, мен соғысқа бара жатқан жоқпын ғой. Енді жыласаң, тек қуаныштан ғана жылайтын боласың». A) Қанаттың. B) Тимурдың. C) Омардың. D) Қабеннің. E) Ермектің.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
