- •Халықаралық сауданың табысты бөлудегі ықпалы
- •М. Портердің бәсекелестік артықшылықтар теориясы. Елдің бәсекеге қабілеттілігі (ұлттық бәсекеге қабілеттілік): түсінігі және көрсеткіштері
- •Халықаралық сауда: түсінігі, құндық көлемің өлшеу және құрылымы
- •Елдің сыртқы саудасының негізгі көрсеткіштері: сыртқысаудалық айналым, сауда балансы және сауда сальдосы
- •Қазақстанның сыртқы саудасы: негізгі сипаттамасы
- •16. Сыртқы сауда саясаты, құралдары
- •17. Халықаралық сауданы реттеудің тарифтік әдістері
- •18.Халықаралық сауданы реттеудің тарифтік емес әдістері: кедендік тарифтен айырмашылығы және негізгі түрлері
- •20. Капиталдың халықаралық қозғалысы түсінігі және негізгі формалары
- •19. Халықаралық сауданы реттеудегі дсұ-ның рөлі
- •26. Технологияны қорғаудың құқықтық формалары. Лицензия саудасы және лицензиялық төлем түрлері
- •Халықаралық экономикалық интеграция: мәні, алғышарттары және мақсаттары
- •Әлемнің негізгі аймақтық интеграциялық бірлестіктері
- •Төлем балансының түсінігі және экономикалық рөлі. Төлем балансының құрылымы
- •Халықаралық валюта жүйесі: түсінігі және дамуының негізгі кезеңдері
- •31. Валюта бағамы: түсінігі және түрлері. Валюта бағамына әсер ететін факторлар
- •32. Әлемдік несиелік нарықтың құрылымы. Халықаралық қарыз мәселесі
- •33. Халықаралық валюта-қаржылық және несиелік ұйымдар. Хвқ және Әлемдік банк: мақсаттары және қызметінің принциптері
- •34. Адамзаттың негізгі ғаламдық экономикалық мәселелері
Халықаралық валюта жүйесі: түсінігі және дамуының негізгі кезеңдері
Әлемдік валюта жүйесі - мемлекет аралық келісімдермен бекітілген, тарихи қалыптасқан халықаралық ақшалай қатынастарды ұйымдастыру формасы болып табылады. Оның пайда болуы және дамуы халықаралық ақша саласында парапар шарттарды талап етуші капиталдың интернационализацияндырудың дамуының обьективті көрінісі ретінде қарастыруға болады.Әлемдік шаруашылық байланыстар - валюталық қатынастарды тұрақты жүйесіз елестету қиын. Валюталық қатынастар шаруашылық байланыстардың әр түрлі салаларында қызмет етеді.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік ақшалардың функциясын орындайды, атап айтқанда, әлемдік ақшалар айналдыру құралы, төлем құралы , байлық қорлану құралы ретінде қолданылады.
Халықаралық валюта жүйесіне бірқатар құрылымдық элементтер тән, олардың ішінде аса маңыздылары :
- халықаралық ақшалай тауар ;
- халықаралық өтемпаздық;
- валюта бағамы ;
- валюталық нарықтар ;
- халықаралық қаржы-валюталық ұйымдар ;
- халықаралық келісім шарттар.
Халықаралық ақшалай тауар - әрбір елмен, оның аумағынан әкетілген байлықтың эквиваленті ретінде қабылданады. Алғашқы халықаралық ақшалай тауар ретінде алтын болды. Кейіннен экономикасы жоғарғы дамыған елдердің валюталары әлемдік ақша болып қабылданды .
Валюта - бұл халықаралық экономикалық қатынастарда қолданылатын ақша. Оның негізгі екі түрі бар:
- халықаралық сауда валютасы ;
- халықаралық резервтік валюта .
Халықаралық сауда валютасы - халықаралық сауда операциялардың бағалауы үшін қызмет етеді (тауарлар мен қызметтердің экспортты және импорты), ол өзі сату - сатып алу объектісі бола алады.
Халықаралық резервтік валюта елдер арасындағы қатынастардағы халықаралық ақша айналымымен байланысты. Ол елдің валюта жүйесіне қажетті жағдайда көмек көрсетуге қолданылатын мемлекеттің валюта резерві.
Халықаралық валюта жүйесінің тұрақтылығы оның дүниежүзілік шаруашылқтың құрылымына сай болуына тәуелді. Егерде дүниежүзілік шаруашылығының құрылымы өзгерсе, сонымен қатар халықаралық валюта жүйесінің формасы жаңаға ауысуы тиіс.
Халықаралық валюталық қатынастар —ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:
нарықтық реттеу;
мемлекет тарапынан реттеу;
Халықаралық валюталық қор дегеніміз ұйым мүше-елдері арасындағы валюталық-несиелік қатынастарды реттеуге және оларға валюталық,қаржылык қиындықтар жағдайында қысқа және ұзақ мерзімді несиелер беру арқылы қаржылық көмек көрсетуге арналған халықаралық ұйым. Қор БҰҰ-ның арнайы ұйымы.Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы — Халықаралық Валюталық қор (ХВҚ) болып табылады.
ХВҚ-дың негізгі функциялары:
- халықаралық сауданы кеңейту;
- несиелендіру;
- ақша айырбастау бағамдарын тұрақтандыру;
- дебитор елдерге кеңес беру.
ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу құқығы) белгіленеді.
Егер де, ұлттық валюталық жүйе, ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе — бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Әлемдік валюталық жүйесі эволюциясының негізгі кезеңдері
Дүниежүзілік валюталык жүйенің мынадай эволюциялары белгілі:
Париж валюталық жүйесі (1867 жылы)
Генуэз валюталық жүйесі (1922 жылы)
Бреттон-вудс валюталық жүйесі (1944 жылы)
Ямайка валюталық жүйесі (1976—1978 жылдары)
Еуропалық валюталық жүйе (1979 жылы)
Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе стихиялы түрде XIX ғасырда өнеркәсіптік революциядан кейін, алтын монета стандарты нысанында, яғни алтын монеметализмі негізінде қалыптасты. Ол заңды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді және осы конференцияда алтын әлемдік ақшалардың бір ғана нысаны ретінде танылды, яғни, алтын ақшаның барлық қызметін бірдей атқарды.
Париж валюталық жүйесі мынадай құрылымдық қағидаларға негізделеді:-оның негізі алтын монета стандарты болып табылады;
-әрвалютаның өзіндікалтынғашаққандағықұрамыбелгіленеді (Ұлыбритания - 1816 жылы, АҚШ - 1837 жылы, Германия - 1875 жылы, Франция - 1878 жылы, Ресей — 1895 жылыбелгіледі). Алтын құрамынасәйкесвалюталардыңалтындықпаритетібекітілді.Валюталаралтынғаеркіналмастырылды. Алтын дүниежүзілікақшаретіндепайдаланылды;
-нарықтық сұраныс пен ұсынысты ескере отырып валюталарды еркін өзгермелі бағамдарының режимі қалыптасты.
Алтын монета стандартының тиімді қызмет ету уақыты бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болды. Кейіннен оның құлдырауына төлем балансындағы тапшылық одан сайын әсер етіп, алтын монета стандарты өз құнын жоғалтты. Сөйтіп, ол, ақша және валюта жүйесі ретінде қызметін толық тоқтатты.
Генуэ валюталық жүйесі мынадай кағидаларда қызмететеді:
-оның негізі болып алтын және девиздер, яғни шетел валюталары саналды. Бұл кезенде 30 елдің ақша жүйесі алтын-девиздік стандартқа негізделді. Ұлттық несиелік ақшалар халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қолданылды. Бірақ та, соғыс аралығында резервтік валюта ретінде ешбір валютаға мәртебе берілмесе де, фунт стерлинг пен АҚШ доллары бұл аумақта жетекші қызметге жүрді.
Бұл валюталық тұрақтылықта 30 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыстың әсерінен құлдырады
Бреттон-вудск келісімі дүниежүзілік валюталық жүйенің негізі ретінде алтынды пайдаланудың төрт нысанын карастырды:
-валюталардың алтынның құрамы сақталып, оларды ХВҚ-да тіркеу енгізілді.
-алтын халықаралық төлем және резервтік құрал қызметінде қала берді.
-АҚШ өзінің валюталық-экономикалық әлеуетінің және алтын қорының өсуімен байланысты долларды алтынға теңестіріп, оған басты резервтік валюта мәртебесін талап етгі.
-бірінші рет тарихта халыкаралық валюталық-несиелік ұйымдар: Халықаралық Валюта Қоры және Дүниежузілік қайта құру және даму банкі (ДКДБ) құрылды.
60 жылдардың аяғынан бастап, Бреттон-вудс валюталық жүйесі дағдарысқа ұшырады
Валюталар қоржынындағы басты валюталардың құнсыздануы, әсіресе доллардың тұрақсыздығына сәйкес, Ямайка валюталық реформасы жүргізіліп, доллар тек қана, халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қалдырылды. Ямайка валюталық реформасында валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ете алмады.
Ямайка валюталық жүйесінің тұрақсыздығына жауап ретінде Еуропалық қоғамдастық елдері өздерінің халықаралық (аумақтық) валюталық жүйесін құрды.
Еуропалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану үдерісін ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграционалдану үдерісінің даму себептеріне: шаруашылықтың интернационализациялануы, өндірістің қарсылас орталықтардың дүниежүзілік нарықтардағы өзара қарсы күресі және валюталық түрақсыздық жатады.
