- •Мәтінді форматтау
- •Ақпараттың қолданбалы теориясы
- •3. Алгоритмдік.
- •Idf0,dfd инструменталдық құрылғы
- •Алгоритмдерді жазу жолдары
- •С тіліндегі арифметикалық операциялар, қатынас операциялары, инкремент және декремент операцияларын пайдалану.
- •С программалау тіліндегі мәліметтердің тіркестік (жолдық) типтері және солармен жұмыс істейтін функциялар.
Ақпараттың қолданбалы теориясы
Ақпарат түсінігі. Семантикалық, сиктаксистік және прагматикалық ақпарат
Ақпарат- информация сөзі латынның «informatio» деген сөзінен шыққан, яғни істің жай күйі немесе біреудің іс-әрекеті турвлы ақпарат мәлімдеме немесе қандай да бірннәрсе туралы деректер жиыны.Деректерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат ол қабылданып алынған түсінікті және бағаланған жаңа білім. Яғни қабылданды-түсінікті және бағаланды деген үш сүзгіден өткен мәлімет. Ақпаратты үш деңгейде синтаксистік, семантикалық және прагматикалық қарауға мүмкіндік береді. Ақпараттың қасиеттері: өзектілігі, толықтығы, объективтілігі, жеткіліктігі, адекваттылығы, қолжетімділігі.
Семантикалық ақпарат (семантическая информация; semantic information) — адам табиғи тіл көмегімен басқа адаммен немесе интеллектік жүйемен қатынас құру процесінде түсінілетін және түсініктеме беретін белгілі бір мағынаға ие ақпарат. Семантикалық ақпаратқа жатпайтын ақпаратқа мысал ретінде кодталған мәліметтерді алуға болады.
ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттің кейбір түрлерін, оның ішінде индекстеуді, автоматты реферлеуді, машиналық аударманы формальдау және автоматтандыру мәселелерін шешумен байланысты синтактикалық мәселелер топтарын зерттейді.
ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын – прагматикалық
Синтаксистік фильтр – тасымалдаушыда сақталынатын немесе жіберілетін таңбалар тізбегінде олардың мағыналық мәні жоқ бөліктері болуы мүмкін. Осы бөліктер синтаксистік шуды құрайды және оларды синтаксистік фильтр анықтайды. Фильтр дұрыс (мағыналы) және дұрыс емес (мағынасыз) таңбалар тізбектерін айыра алатын шешуші ережелердің жиынынан құралады. 2. Семантикалық фильтр – семантикалық шудың алғашқы аспектісі қабылданатын хабарламада жаңа мәліметтердің болмауымен байланысты, яғни хабарлама тұтынушының білімін кеңейтеді. Семантикалық шудың 2-ші аспектісі синтаксистік фильтрден жалған хабарламаның өтуімен байланысты. 3. Прагматикалық фильтр – ақпараттың тұтынушы үшін құндылық деңгейін анықтайды. Прагматикалық бағалау элементтері әдетте ақпараттың толықтығын ( құбылысты толық сипаттайтын) оның уақытқа сәйкестілігін, ықшамдылығын,қолданымдылығы және қол жетімділігін қамтиды.
Ақпараттың сандық мөлшері; Хартли мөлшері; Шеннон мөлшері:
ақпаратты өлшеу бірліктері. Бүгінгі таңда ақпаратты өлшеуге келесі тәсілдер қолданылады:
1. көлемдік,
2. энтропиялық (анықталмағандық),
3. Алгоритмдік.
1 – тәсіл ақпаратты өлшеудің ең қарапайым және дөрекі тәсілі болып табылады. Сондықтан бұл тәсілдегі ақпараттың өлшем бағасын ақпарат көлемі деп айтуға болады.
Хабардағы ақпарат көлемі – бұл хабардағы символдар саны.
Қандайда бір санды әртүрлі тәсілмен жазып көрсетуге болатындықтан: «жиырма бір», 21, 11001, ХХI – бұл ақпаратты өлшеу тәсілі хабарды бейнелеу түріне сезімтал болып келеді. Есептеуіш техникада барлық сақталған және өңделген ақпарат өзінің табиғи түріне (сан, мәтін, бейне) қарамастан екілік пішінде (формада) көрсетіледі. Бұл жүйеде екі символдан (0 және 1) тұратын алфавит пайдаланылады. Осындай стандартау екі стандарттық өлшем бірлікті: бит және байтты қолдануға мүмкіндік берді. Байт – 8 биттен тұрады.
Ақпаратты өлшеудің 2 – тәсілі ақпарат және ақпаратты кодтау теориясында қолданылады. Бұл жерде келесі модель іске асырылады. Ақпаратты қабылдаушы кейбір оқиғалар болуы мүмкін екенін біліп отырады. Көп жағдайда бұл оқиғалар жалған ақпарат әкелуі мүмкін, сондықтан қабылдаушы ақпаратты кейбір ықтималдылықпен қабылдайды. Жалпы анықталмағандық (энтропиялық) өлшемі осы ықтималдылықтар жиынының кейбір математикалық тәуелділігімен өлшенеді. Хабардағы ақпарат саны хабарды қабылдағаннан кейін осы өлшемнің қаншалықты төмендегенімен анықталады.
Мысыл ретінде 32 картадан біреуін таңдау ықтималдылығы.
Ақпарат теориясында ақпаратты өлшеуге келесі формула пайдаланылады:
H = log2m, (1)
Мұнда H – энтропия, m – бірдей ықтималдылықпен алынған таңдау саны (егер m=2, онда H = 1).
К.Шенон ақпаратты өлшеуге басқа формуланы ұсынды:
Формула Хартли: I = log2N
мұнда Pj – j символды таңдау ықтималдылығы.
Ақпаратты өлшеудің 3 – тәсілі алгоритмдік теориясында пайдаланылады
1 Ақпараттық жүйе (АЖ) басқару функциясын өндіру үшін ақпаратпен әртүрлі рангтегі жұмысшыларды қамтамасыз ететін объект туралы ақпаратты жинау, жіберу, қайта өңдеу бойынша коммуникациялық жүйені көрсетеді.
Ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеудің қазіргі индустриясының негізгі ерекшеліктерін қанағаттандырады. Олар басқару және шешім қабылдауды ұйымдастырады және қабылданатын шешімнің сапасын, толықтығын, нақтылығын, дұрыстығын және өз уақытында берілуін әлдеқайда жоғарлатады. Ақпараттық жүйелер функциялары есептің екі класымен өндіріледі: ақпараттық және технологиялық.
Ақпараттық есептер ақпаратты қайта өңдеу және көрсетуді қамтамасыз етеді, ол адаммен басқару және шешім қабылдау процесінде пайдаланылады. Технологиялық есептер деректер базасын белсендендірумен, оларды бүтіндік жағдайында қолдаумен, эксплуатациямен, ақпараттық жүйені баптаумен байланысты.
Ақпараттық жүйелерге келесі талаптар қойылады:
• Жаңа функционалды облыстарға өзгертуге және баптауға қабілеттілігі;
• Уақыттың қажет периодында пайдаланушылар сұранысына жүйенің реакциясы;
• Қосымшаларды кеңейту және жаңа қосымшаларды қосуға мүмкіндігі;
• Есептеу ресурстарын пайдалану тиімділігі.
Ақпараттық жүйлерді құрудың итерациялық процедуралары.
Ақпараттық жүйелер екі топқа бөлінеді: фактографиялық және құжаттық.Фактографиялық ақпараттық жүйелерде белгілі бір объект туралы нақты фактілер көрсетіледі. Фактографиялық ақпараттық жүйелер қойылған сұрағыңызға бір мағыналы, нақты жауап береді, мысалы: “ХҚФ бірінші курс студенттерінің арасында бокспен шұғылданатындары кімдер?” немесе “Астана қаласы Қазақстан республикасының бас ордасы болып қай жылы жарияланды?”. Жалпы фактографиялық акпараттық жүйелерде құрылымсыз түрде көрсетілген мәліметтер жиындары болуы да мүмкін (текстер, суреттер, дыбыс және бейне фрагменттері). Фактографиялық ақпараттық жүйелер барлық салаларда — ғылымда, өндірісте, мәдениетте, саудада, криминалистикада және т.б. қолданылады. Құжаттық акпараттық жүйелерде фактографиялық жүйелермен салыстырғанда, қойылған сұраққа бір мағыналы жауап берілмейді. Құжаттық акпараттық жүйелердің мақсаты- сұраныстағы қойылғанталаптарды қанағаттандыратын құжаттар тізімін немесе басқа объектілердің аттарын көрсету. Мысалы, (адам құқығы” деген сөз тіркесі кездесетін заң баптарының тізімін шығару.
Деректер қорының концепциясы.
Мәлімет қоры (database) - ол өзі бір немесе бірнеше қор астарынан тұрады (файлдар, кестелер, массивтер), олардың әрқайсысы өзінің агенттік қорларынан тұрады (құжаттар, жазбалар) жазбалар өздеріне ішкі аттар береді (ISN-intemel sequential number, ЖІН-жазбаның ішкі номері, SDN-Sequential document number және т.б. ).
ақпараттық жүйелердің мәліметтері операциялық жүйелерді сақтайтын файлдарда орналасады;
файлдардың физикалық құрылымы белгіленеді, ал мәліметтердің логикалық құрылымы оның негізінде көрсетіледі (мәліметтердің физикалық және логикалық құрылымы және бөлінуі);
мәліметтердің сұранысын өңдеу мәлiметтердi манипуляция жасайтын (ұйымның мәліметтерінен программаның тәуелсіздігі) арнайы интерфейс арқылы жүзеге асады;
программалар біртұтас пікірдің негізінде мәлiметтердi өңдейтiн процедурада жасалады.
Деректер банкіндегі қолданылатын тілдер: деректерді сипаттау тілі, деректерді түрлендіру тілі, сұраныс тілі.
МҚ-да қолданылатын тілдер: мәліметтерді сипаттау тілдері, сұраныс тілдері.
Access ортасына енгізілген VBA (Visual Basic for Applications) тілі – Microsoft Office ортасында қолдану үшін арнайы жасалған Basic тілінің бір нұсқасы. Ол – тәжірибелі маманға мәліметтер өңдеудің күрделі процедураларын программалауға мүмкіндік береді. Формалар мен басылымдарды (отчет) қарап отырып, олардың соңғы қағазға түсетін нәтижелік нұсқасының қандай болатынын білуге болады.
QBE тілі (Query By Example) – үлгі бойынша сұраныстар тілі;
SQL (Structurend Query Language) – сұраныстардың құрылымдық тілі.
SQL тілінің құрамы: Реляциялық операциялар. Мәліметтермен күрделі әрекеттер тілінің бұйрықтары. SQL тілі кестеде сақталынатын байланысқан ақпараттар жиыны болатын мәліметтердің реляциялық қорын құруға және жұмыс жасауға мүмкіндік береді. QBE тілінде сұраныстардың көмегімен келесі негізгі операцияларды орындауға болады: мәліметтерді модификациялау(өзгерту), жазбаларды жою, жаңа жазбаларды қою, мәліметтердегі есептеулерді жүргізу, мәліметтерді таңдау.
Деректермен манипуляция жасау тілі МҚБЖ ДИСОД файлдар жазбаларының элементтерінің аттары деңгейіндегі қордағы мәліметке ДИСОД-тың программалық компоненттері және iшкi баптан рұқсатын қамтамасыз етедi. Деректермен манипуляция жасау тілі мәселенiң бағдарламаларынан мәлiметке қарау үшiн қызмет көрсетедi. Язык манипулирования данными служит для обращения к данным из проблемных программ. Деректермен манипуляция жасау тілі қолданбалы программаларды жазу кезінде қолданылады. Деректермен манипуляция жасау тілі мәліметтің элементтерімен, сондай-ақ олардың логикалық сипаттамаларымен манипуляция жасау үшін тағайындалған. Функционалды түрде тіл тағайындау, орнату, алмастыру және алып тастау процедураларына бөлуге болатын жеке процедуралардан тұрады.
Мәліметтер қорының түсінігі мен анықтамасы. МҚ-ның архитектурасы туралы түсінігі.
Мәліметтер қоры — өзіндік құрылымы белгілі, деректерді сипаттаудың, сақтаудың және өзгертудің жалпы принциптеріне сүйенген қағидалар арқылы байланысқан деректердің жиыны. МҚ жай мәліметтер жиынына н ажыратудың 3 жолы бар:
1)МҚ арнайы бір есептеуіш техникасында сақталады және өңделеді.
2)МҚ-дағы мәліметтер жақсы құрылымдалған,негізгі елементтер ерекшеленген, типтері мен олардың арасындағы байланыстар анықталған, мүмкін болатын операцияларға шектеулер қойылған.
3)Мәліметтерді өңдеу мен іздеу қамтылған. Деректер қоры негізгі және туынды
обьектілерден тұрады.
Негізгі обьектілерге:
Өріс – деп обьектінің данасының белгілі бір сипаттамасын бір текті анықтайтын, екі өлшемді кестенің бағанын айтады.
Жазба – дегеніміз обьектінің нақты данасының мәліметтерінен тұратын екі өлшемді кестенің жолы.
Кесте –өрістер мен жазбалардан тұратын үлгі, сұраныс, қорытынды есеп және т.б обьектілерді құру үшін қолданылатын бастапқы мәліметтердің жиыны.
МS Access-тің туынды обьектілеріне:
Сұраныс– бір немесе бірнеше байланысқан кестелерден қажетті мәліметтерді табу үшін құрылады.
Қорытынды есепті баспаға шығатын құжатты жасау үшін құрады.
Үлгілер қордағы өзара байланысқан кестелерге мәліметтерді енгізу және оларды ыңғайлы түрде қарап шығу үшін құрылады.
Сонымен қатар макростар мен модульдер, олар осы процестерді автоматтандыру мүмкіндігін туғызып, жаңа меню жүйесін, сұқбаттасу терезелерін құру үшін қолданылады
Мәліметтер үлгілерінің классификациясы. Үлгілердің сипаттамасы.
Үлгі – бұл мәліметтер құрылымы тұратын және оларды өңдеу операциялары. Ол кестелер өрістерінен кұрылады да, өзгерту тәртібінде деректерді қарап шығу мүмкіндігін береді. Мәліметтердің тармақтық үлгісі қатаң тәртіппен байланысқан элементтерден тұрады. Тармақтық үлгінің негізгі түсініктеріне деңгей (уровень), элемент (түйін-узел), байланыс (связь) жатады.
Түйін — бұл қандай да бір объектіні сипаттайтын деректер атрибуттарының жиыны. Иерархиялық үлгінің схемасында түйіндер графтардың жоғарғы нүктесі ретінде көрсетіледі. Желілік үлгіде әр элемент басқа кез келген элементпен байланыса алады.
Қасиеттері:
Әр түйін бір ғана түйінмен байланысады, жоғарғы түйінді ескермегенде;
Бір ғана төбеден тұрады, басқаларға бағынбайды;
Әр түйіннен төбеге бір ғана жол бар;
Деңгейлері қатар емес түйіндерде байланыс орнамайды;
Алғашқы деңгейдің байланысы анықталмайды.
Қатынастарды нормалау. I, II,III, IV нормалау формалары. Нормалау шарттары.
Қатынастық деректер қорының жобасы дегеніміз – барлық атрибуттары, қатынастардағы бастапқы кілттер және де қордағы деректер бүтіндігін сақтау принциптерін қолдайтын кейбір қосымша қасиеттері анықталған өзара байланысқан қатынастарды топтамасы. Неліктен өзара байланысқан қатынастар дегенге келетін болсақ, сұраныстардың орындалуы барысында біз қатынастарды біріктіреміз, сондықтан да бірдей мәндер барлық кестелерде(қатынастарда) бірдей белгіленуі тиіс.
Қатынастық деректер қорында келесі нормальды формаларды қарастырамыз:
1) бірінші нормальды форма (1NF); Егер әрбір баған мен әрбір жолдың қиылысуында тек атрибуттардың элементарлы мәндері орналасқан болса, қатынас сонда ғана бірінші нормаланған формада болады.
2) екінші нормальды форма (2NF); Егер қатынас бірінші нормаланған формада болса және құрамына алғашқы кілттің атрибуттарынан толық емес функционалдық тәуелділікте болмайтын алғашқы кілт емес атрибуттар кірмесе онда ол екінші нормаланған формада болады.
3) үшінші нормальды форма (3NF); Егер қатынас екінші нормаланған формада болса және атрибуттар арасында транзитивтік тәуелділік болмаса онда ол қатынасүшінші нормаланған формада деп аталады.
4) Бойс— Коддтың нормальды формасы (BCNF); Егер қатынас үшінші нормаланған формада болса және қатынастың әрбір детерминанты қатынастың мүмкін кілті болатын болса, онда ол қатынас Бойс—Коддтың нормаланған формасында.
4) төртінші нормальды форма (4NF); Егер көпмәнді функционалды А -» В тәуелділігі болса және R қатынасының басқа атрибуттары Адан функционалды тәуелді болса, онда R қатынасы төртінші нормаланған формада (4NF).
5) бесінші нормальды форма, немесе проекция-біріктіру формасы (5NF немесе PJNF).
Нормальды формалардың негізгі қасиеттері:
-Әрбір келесі нормальды форма алдыңғысының қасиеттерін жақсарту нәтижесінде алынады;
-Келесі нормальды формаға өту барысында алдыңғы нормальды формалардың қасиеттері сақталады.
-Декомпозициялау барысында кері қайту проблемасы туады, яғни бастапқы схемаға оралу.
-Декомпозициябір схеманы келесісімен ауыстырған кезде МҚ-ның схемаларының эквиваленттілігін сақтауы керек.
Атрибуттардың функционалдық, транзитивтік тәуелділігі.
R қатынасының В атрибуттар тобының сол қатынастағы А атрибуттар тобынан функционалдық тәуелділігі дегеніміз R.A -> R.B немесе А -> В R[A] және R[B] проекцияларының арасындағы әрбір уақыт кезеңінде R[A] проекциясының кез келген элементіне R[B] проекциясының тек бір ғана элементі сәйкес келетіндей қатынасы.
Егер В атрибуттар тобы А-дан функционалды тәуелді болса, бірақ А-ның кез келген бағыныңқы жиынынан тәуелсіз болса, онда R.A -> R.B функционалдық тәуелділігі толық деп аталады, яғни R.A -> R.B толық деп аталады, егер: кез келген А-дан алынған А1 үшін => R.A -/-> R.B: A-ның бағыныңқы жиыны болып табылатын кез келген А1 үшін R.B R.A-дан функционалды тәуелсіз, кері жағдайда R.A -> R.B тәуелділігі толық емес деп аталады.
R.A -> R.B функционалдық тәуелділігі транзитивті деп аталады, егер келесі шарттарды қанағаттандыратын С атрибуттар тобы бар болатын болса:
С атрибуттар тобы А–ның бағыныңқы жиыны емес.
С атрибуттар тобына В кірмейді.
R.A -> R.C функционалды тәуелді.
R.C -> R.A арасында функционалдық тәуелділік жоқ.
R.C -> R.B функционалды тәуелді.
Өзара тәуелсіз атрибуттар дегеніміз — бір-бірінен функционалды тәуелді болмайтын атрибуттар. Егер бір қатынаста бірнеше функционалдық тәуелділік болатын болса, әрбір атрибут немесе атрибуттар тобынан басқа қандай да бір атрибут тәуелді болатын болса, онда оны қатынастың детерминанты деп атайды.
SQL-сұраныстар тілі. Тілдің негізгі өрнектерін сұраныстар құруға қолдану.
SQL (Structure Query Language) – сұранымдардың құрылымдық тілі. Осы тіл кестеде сақталынатын байланысқан ақпараттар жиыны болатын мәліметтердің реляциялық қорын құруға және жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Компьютерлік технологияға тәуелсіз болғандықтан және реляциялық МҚ-ң технологиясынын аумағындағы көшбасшыларының қолдауымен SQL тілі негізгі стандартты тілі болады. Сондықтан, кезкелген мәліметтер қорымен жұмыс істегісі келген адам SQL тілін білуі қажет. SQL стандарты ANSIмен анықталынған және қазіргі уақытта ISO (стандарттау бойынша халықаралық ұйым) қабылданған.
SQL тілінің құрамы. SQL тілі реляциялық мәліметтер қорында мәліметтермен қүрделі әрекеттер орындауға, мәліметтер қорының құрылымын анықтауға және көпшілік қолданатын ортадағы мәліметтерге кіру құқығымен басқаруға арналған.
Сондықтан, SQL тіліне құрамдық бөлімі ретінде:
1)мәліметтермен күрделі әрекеттер тілі (Data Manipulation Language, DML)-мәліметтер қорында мәліметтермен күрделі әрекеттер орындауға қолданылады. Ол 4 негізгі бұйрықтардан тұрады: SELECT(таңдау), INSERT(енгізу), UPDATE(жаңарту), DELETE (жою).
2)мәліметтерді анықтау тілі (Data Definition Language, DDL). Негізгі бұйрықтары: CREAT DATABASE(мәліметтер қорын құру), CREAT TABLE(кестені құру), ALTER DATABASE(мәліметтер қорын өзгерту), ALTER TABLE(кестені өзгерту), DROP DATABASE(мәліметтер қорын жою), DROP TABLE(кестені жою),т.б.
3)мәліметтерді басқару тілі (Data Control Language, DCL) қарастырылған.Ол негізгі екі бұйрықтан тұрады: GRANT(құқық беру), REVOKE(құқықты қайтарып алу).
SQL де операциялар көбінесе WHERE кілттік сөздің өрнектерінде қолданылады. SQL операторларында операциялар белгісі шарттарды беру және бірнеше шарттарды бір бірімен байланастыру үшін қолданылады.
Операциялардың келесі типтерін қарастырамыз:
салыстыру операциялар
логикалық операциялар
терістеу операция
арифметикалық операциялар
Салыстыру операциялары Салыстыру операциялар SQL операторларында жеке мәндерді салыстыру үшін қолданылады және =, <>, < және> белгілермен көрсетіледі.
Деректер қорының қолданушылары. ДҚ администраторының негізгі функциясы.
Мәліметтер базасымен оны құру мен функционалдау процесінде әр түрлі категориядағы пайдаланушылар бірге іс-әрекет жасайды. Пайдаланушылардың негізгі категориясы болып түпкілікті пайдаланушылар, яғни олардың қажеттіліктері үшін мәліметтер базасы құрылатын пайдаланушылар табылады. Мәліметтер базасын функционалдау мәліметтер базасын құруды, функционалдауды және дамытуды қамтамасыз етуші мамандардың қатысуынсыз мүмкін емес. Мамандардың мұндай тобы мәліметтер базасының администраторлары (МБА) деп аталады. Мәліметтер базасының администраторларының тобының құрамында олардың атқаратын функцияларына байланысты әртүрлі топшаларды бөліп көрсетуге болады. Мәліметтер базасының әкімшілігінің құрамында жүйелік аналитиктер, мәліметтер қорына қатысы бойынша сыртқы ақпараттық қамсыздандыруды жобалаушылар, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесстерінің жобалаушылары, жүйелік және қолданбалы программистер, операторлар, техникалық қамсыздандыру бойынша мамандар болуы керек. Егер әңгіме коммерциялық мәліметтер қоры жөнінде болса, онда бұл жерде маңызды рольді маркетинг бойынша мамандар ойнайды.
МҚ қолданушысы. Қолданушылардың ақпараттық талаптарын қамтамасыз етудің екі аспектісі бар: нақты пәндік аймақтың шекараларын анықтау және сәйкесінше ақпараттық модельдердің сипаттамасын жасау; әртүрлі категориядағы қолданушылардың сұраныстарына тиімді қызмет көрсетуге бағытталған.
Мәліметтер банкісін құру. Әртүрлі категориядағы қолданушылар: аналитиктер, жүйелік программистер, қолданбалы программистер, администраторлар, соңғы қолданушылар.
Мәліметтер базасының администраторлары жан-жақты қызметтердің үлкен шеңберін орындайды: Пәндік облыс анализі; Мәліметтер қорының құрылымын жобалау; Мәліметтер қоры мен МҚ-н өңдеу шараларының құрылымын жазбаша суреттеу кезінде толықтылықты шектеуді беру; Мәліметтер қорын алғашқы жүктеу және жүргізу; Мәліметтерді қорғау; МҚ-н қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету; МҚ-на пайдаланушылардың жолдауының анализі; МҚ-ның жұмыс жасау тиімділігінің анализі мен жүйенің дамуы; пайдаланушылармен жұмыс жасау; Жүйелік программалық жабдықтарды дайындау және қолдау; Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс.
Инфологиялық модельдеудің негізгі инструменталдық құралдары. Пәндік аймақтық ER- диаграммасы. Физикалық модельге көшу.
Ақпараттық-логикалық модель(информационно-логический, инфология- лық)-анықталған тақырып саласындағы ақпарат обьектілерінің және олардың өзара байланыстарының жиынтығы түрінде көрсетілетін құрылым.
Инфологиялық үлгілеудің негізгі конструктивті элементтері обьект, байланыс және олардың қасиеті (атрибуты) болып табылады.
Обьект— мәліметтер қорында ол туралы ақпаратты сақтау қажет болатын кез келген обьектіні айтамыз. Мысалы, адамдар, ғимарраттар, самолеттер, т.б обьект бола алады.
Атрибут – обьектінің аталған мінездемесі. Оның атауы обьектінің нақты типіне бірегейлі болуы қажет, бірақ обьектінің әртүрлі типіне бірдей болуы да мүмкін.
Байланыс— екі немесе одан да көп обьектілердің қатынасы.
1) бірдің-бірге қатынасы.
2) бірдің-көпке қатынасы .
Модель Сущность-Связь (ER-модель) (англ. entity-relationship model (ERM) или англ. entity-relationship diagram (ERD)) — модель данных, позволяющая описывать концептуальныесхемы.
Пәндік аймақтың ақпараттық объектілерін жүйелік талдау.
Пәндік аймақтың инфологиялық моделін жобалау — пәндік аймақтың
объектілерін қандайда бір семантикалық модельдің тарминдерімен формалды
түрде сипаттау, мысалы, Е-модельдің терминдері арқылы.
МҚ-ын даталогиялық немесе логикалық жобалау, яғни МҚ-н, объектілерін жалпы қабылданған терминдермен сипаттау.
МҚ-н физикалық жобалау, яғни МҚ-н қосымшалардың тиімді жұмысын
қамтамасыз ететін қандай да бір сыртқы жинақтауыштарда орналастыру.
Логикалық және физикалық модельдеудің инструменталдық құралдары. Деректер схемасы және бүтіндігі түсініктері.
