Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MIKRA.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
793 Кб
Скачать
☆

Вирустарға қарсы иммунитет

Макроорганизмдегі қорғаныштық иммундық жауап вирусспецификалық антигендерге дамиды. Антигендерге структуралы және структуралы емес вирус белоктары және олардың нуклеин қышқылдарымен көмірсутегімен және липидтер комплекстері жатады. Вирусты антигендер беткейлік немесе түрлі спецификалық және тереңдегі немесе топты спецификалық болып бөлінеді. Мысалы: тұмау вирусының гемагглютининдері мен нейраминидазалары түрлі спецификалық антигендерге жатады, ал нуклеокапсидтер – топты спецификалыққа, ЖИТС вирусының беткейлік антигендері др120 және др41 белоктарымен, сондай-ақ Т4 рецептордың структуралық компоненттерімен көрсетілген. Ал, тереңдік антигендер ішкі белоктық қабатындағы р12 және р24 белоктарымен көрсетілген.

Иммундық жауаптың күші мен ерекшелігі көбінесе түрлі-спецификалық антигендердің қасиетімен байланысты. Мысалы: тұмау вирусының гемагглютининдері бір жағынан нейтралдайтын антиденелердің синтезіне себеп болады, екінші жағынан олар цитотоксикалық Т-лимфоцит үшін зақымдалған клетканың бетіндегі нысана ретінде саналады.

Вирустарға қарсы иммунитет гуморальды және клеткалы иммундық жауаптан, сондай-ақ спецификалық емес қорғаныш факторлардан құралады. Вирусты инфекцияларда гуморальдық иммунитет вирус нейтралдаушы антиденелер пайда болуымен байқалады. Қандағы антиденелердің мөлшері көптеген вирустық инфекцияның резистенттілігінің көрсеткіші немесе иммундық қорғаныштық қаншалықты жоғары екендігінің көрсеткіші болып бағаланады (қызылша, полимиелит, эпидемиялық паротит инфекциялары). Ұтымдылығы төмендегі көрсетілген себептерге байланысты:

А) антиденелер вирустардың рецепторларымен байланысады және осы байланыс арқылы сезімтал клетка рецепторларына вирустардың адсорбциялануын тоқтатады:

Б) антиденелердің липопротеидті қабаты бар вирус бөлшектерімен комплементтердің қатысуына әрекеттесуі және вирустардың ыдырауына әкеп соқтырады:

В) вирустық бөлшектердің Ig C қатарына жататын антиденелермен қосылуы олардың мононуклеарлы клеткаларымен және полиморфты лейкоциттермен фагоцитозына әкеп соғады. Ig C, М кластарына жататын вируснейтралдаушы антиденелер қанның сарысуында ұтымды, ал Ig А класына жататын антиденелер – шырышты қабатта тиімді.

Г) антиденелер вирустық бөлшектердің нейтралдауынан басқа жойылуымен аггрегациясына мүмкіндік береді.

Иммундық қорғаныштың клеткалық формасы вирусты инфекцияларда басты орын алады. Зақымданған клетканың қабығына вирустар өздерінің белоктарын орналастырады, сонан соң зақымданған клеткалар иммундық қорғаныштық клеткалық механизмі туғызатын ыдырау процесіне сезімтал келеді.

Осылардың ішіндегі маңыздысы цитотоксикалық Т-лимфоциттердің индукциясы (Т-киллер). Олар вирустық антиегндерді клетка антигенінің комплексінің арасынан ажыратылады және зақымдалған клетканы, вирусты бөлшектеп бірге ыдыратады.

Спецификалық емес вирустардан қорғаушы факторға интерферондардың индукциясы жатады. Интерферондар – макроорганизм клеткаларында түзілетін белоктар. Интерферондардың 3 класы бар: лейкоцитарлы – альфа-интерферон, фибробластта түзілетін – бета-интерферон, және интерферондар лейкоциттерде түзілетін – гамма-интерферон. Интерферондардың синтезінің индукциясы әртүрлі факторлардың – интерферондардың - әсеріне байланысты. Олардың біріншісі болып вирусты инфекция, әсіресе РНҚ құрамды вирустар жатады. Интерферон клеткалық рибосомалардағы вирус спецификалық белоктардың трансляциясына әсер етеді, оларды тежейді. Интерферонның талғамдылығы вирустың иесіне байланысты. Интерферон клетка бетіндегі рецепторлармен талғамды әрекеттеседі. Мысалы: тышқанның интерфероны адам ағзасы үшін оншалықты пайдалы емес. Ал кейде интерферон басқаша әрекеттесуі мүмкін. Мысалы: адам интерфероны өгіздің клеткасын, өгіз интерферонына қарағанда жақсы қорғайды. Интерферон спецификалық емес, ол вирустардың көп түрінде тиімді қолданылады. Вирустарға қарсы спецификалық емес факторлардың арасында макрофагтардың және комплементтің рольдері маңызды. Макрофагтар вирус спецификалық антиегндерді Т-лимфоциттерге дайындайды, вируспен зақымдалған клетканы ыдыратуға қатысады. Альтернативтік және классикалық жолымен комплемент жүйесі антиденелермен байланысқан вируспен зақымдалған клеткалардың комплексін ыдыратады. Комплементтің спецификалық антиденелері жоқ болса да кейбір күрделі құрылысы вирустарды ыдырататындығы белгілі.

Вирустық инфекцияны бастан кешіргеннен кейін күшті және ұзаққа созылатын иммунитет пайда болады (қызылша, полимиелит, эпидемиялық паротит, шешек), бірақ ол тұрақсыз немесе қысқа мерзімді болып келеді (тұмау, синциальдық вирусты инфекция) жәневирустардың персистенциясы болуы мүмкін (адено-, ұшық вирустық инфекциялары). Иммунокомпетентті клеткаларда кейбір вирустар көбейеді және персистенцияланады. Мысалы: қызылша вирусы макрофагтарда, ЖИТС вирусы Т-хелперде.

№4-тақырып:Гепатит А, В, С, Д, Е. Герпесвирустар. Емдеу принциптері және алдын алу.

Гепатит А – фекальды-оральды жолмен берілетін, бауыр жасушалары зақымдалып, морфологиялық бұзылыстар туындап, жедел гепатит белгілері дамитын жұқпалы вирусты ауру.

Вирионы сфера пішінді, мөлшері 25-27 нм, өте ұсақ вирустар тобына жатады. Нуклеокапсиді 4 ақуыздан құралған. Суперкапсиді жоқ.

Гепатит А вирусының гепатотроптық қасиеті бар. Вирус асқазан-ішек жолдарына ас тағамдары немесе су арқылы түседі де, жіңішке ішектің шырышты қабаттарында және регионарлық лимфа түйіндерінде өсіп-өніп көбейеді. Гепатоциттердің зақымдануы дене сарғаюының дамуына және қан сарысуында трансаминаза деңгейінің артуына әкеледі.

Гепатит В – қан арқылы және қанмен жанасу арқылы берілетін, бауыр зақымданып, жедел және созылмалы гепатит дамуымен сипатталатын жұқпалы ауру.

Құрамында 4 антигені бар: HBs, HBc, HBe, HBx.

Гепатит В кезінде ену қақпасы қан болғандықтан, бірден қанға түсіп, гепатоциттерге орнығады. Бауыр жасушаларының зақымдану үрдісі жүреді. Жасырын кезеңі – 3-6 ай. Гепатит В көбіне дене сарғаюымен жүреді, дегенмен дене сарғаймайтын түрлері де кездеседі. Жедел гепатит 5-10% жағдайда созылмалы түрге айналып, бауыр циррозы мен өмірбақилық вирустасымалдаушылыққа ұласуы ықтимал.

Жұқтыру қаупі күшті негізгі топқа – медицина қызметкерлері, қан және қан препараттарын қабылдайтындар, гемофилиямен ауыратындар, гомосексуалистер, жезөкшелер және HBs-антиген тасымалдаушы анасынан туылған балалар жатады.

Гепатит С – флавивирустар тұқымдастығына жататын, РНҚ геномды вирустар. СГВ қоздыратын гепатит әдетте созылмалы түрде өтеді. Созылмалы түрі бауыр циррозы мен біріншілік бауыр карциномасын тудырады.

СГВ көбіне қан құю кезінде, трансплацентарлы жолмен, жыныстық қатынас арқылы жұғады. Инфекция көзі – инфицирленген адам. С гепатит эпидемиологиясының ерекшелігі – әйелден нәрестеге берілу және жыныстық қатынас кезінде берілуі В гепатитімен салыстырғанда төмен.

Алдын алу мақсатында жалпы медициналық сақтану шаралары жүргізіледі. Спецификалық профилактикасы жасалынбайды.

Гепатит Д – меншікті қабаты жоқ вирусты гепатит қоздырғышы. В гепатит вирусының сателиті.

ДГВ және ВГВ-мен бір мезгілде инфицирлену аурудың баяу түрінің дамуына әкеледі – коинфекция. В гепатитінің созылмалы түріне шалдыққан науқас ДГВ инфицирленсе, инфекция ауыр түрде өтеді, нәтижесінде бүйрек ауруы және бауыр циррозы дамиды.

Продромальды кезеңі өте қысқа, дене қызбасы көтеріледі, ірі буындары жиі ауырады. Сарғаю кезінде интоксикация арта бастайды, бауыр аймағында ауырсыну синдромы, қайталап құсу байқалады.

Гепатит Е – бауырды зақымдайтын, организмнің жалпы улануын, сирек жағдайда дене сарғаюын тудыратын жедел жұқпалы ауру қоздырғышы.

Вирионның сыртқы қабықшасы жоқ, сфера пішінді, капсиді икосаэдр типтес, диаметрі – 27-34 нм. Геномы сегменттелмеген біржіпшелі РНҚ-дан тұрады.

ЕГВ эндемиялық бұрқетпелер қоздырады. Инфекция көзі – ауру адам. Негізінен ластанғн су арқылы беріледі. Жасырын кезеңі 2-6 аптадан аспайды. Дәл диагноз қоюға мүмкіндік беретін клиникалық симптомдар байқалмайды: жалпы мазасыздану, сирек жағдайда дене сарғаюы болады. Болжамы – көбінесе қолайлы. Жүкті әйелдерде кесел асқынып, өлімге әкелуі мүмкін.

Емдеуі – симптоматикалық. Жүкті әйелдерге спецификалық иммуноглобулин енгізу ұсынылады.

Герпесвирустар

Грек тілінен герпес – қазақша жорғалаушы, жайылмалы мағына береді.

Вирустармен қоздырылатын, жиі терінің, шырышты қабаттардың және ішкі ағзалардың зақымдалуымен сипатталатын ауруды герпес деп атайды. Қазақ халқында бұрынан белгілі болып келе жатқан ұшық ауруын тудырады.

Басқа да вирустар секілді герпес вирусы да өзіне келесі құрылымдардан тұрады:

  • Вирион

  • ДНҚ молекулалық құрлымы

  • Нуклеокапсид

  • Суперкапсид

  • Сегмент

Herpesviridae тұқымдастығына жатады. Олар келесідей жіктеледі:

  • α герпес вирусы

  • β герпес вирусы

  • γ герпес вирусы

α герпес вирусы:

  • Қарапайым герпес вирусы

  • ВПГ-1 ВПГ -2

  • Желшешек вирусы

  • Белдемелі герпес вирусы

β герпес вирусы:

  • Цитомегаловирус

  • Герпестің 6 типі

  • Герпестің 7 типі

γ герпес вирусы:

  • Эпштейн Барр вирусы

  • Беркит лимфомасының

  • Капоши саркомасының

  • Мұрын жұтқыншағы карциномасының қоздырғыштары

Герпес вирустың негзгі жұғу көзі залалданған адам болып табылады. Ол жанасу арқылы, ауа тамшылы, жыныстық, вертикальді жолмен жұғады.

Герпесті инфекцияның патогенезі:

  1. Вируыс адам ағзасына шырышты қабаттары арқылы енеді;

  2. Эпителийде көбейіп залалданған жасуша некрозы пайда болады;

  3. Некроз ошақтары, везикулалар түзіледі;

  4. Вирусемия пайда болады;

  5. Антидене түзіледі;

  6. Вирус паравертебральды сенсорлы ганглийлерде лимфа түйіндерде сақталады;

  7. Рецидив береді;

Герпесті инфекция клиникалық көріністері:

  • Кең тараған түрі қарапайым герпес

  • Элементтері жиі ауыз айналасында, ерін шетінде, құлақ маңында

  • Алғашында бөрпелердің орнында қызу, шаншу сезімі, сосын қызарып ісінеді, тері және шырышты қабаттарда везикула пайда болады (0.1-0.3 см)

  • 1-2 аптаға созылады, қызба, жалпы әлсіздік, аймақтық лифма түйіндер улкейген. Көпіршік ішінде серозды сұйықтық, басқа ауру қосылса іріңді болады

  • 3-5 күннен кейін серозды сұйықтық жарылып қабыршақтанады

  • 7-9 күннен кейін іссіз жазылып кетеді

Герпес вирусынан келесі аурулар туындайды:

  • ВПГ1- жиі герпестік гингивостаматит түрінде

  • ВПГ2- генитальды герпес, жаңа туған балалар герпесі және герпесті менингоэнцефалит,

  • Желшешек- тері және шырышты қабаттарда папулезді везикулезді бөрпелермен,

  • Белдемелі герпес — жүйке талшықтарының үстіндегі тері зақымдалады. Бөрпелер жиі бетте, мойында, омыртқа аралық жүйкелер бойымен шығады

  • Жұқпалы мононуклеоз — қызба, лимфаденит, гепатоспленомегалия, тонзиллитпен

  • Цитомегаловирусты инфекция — қатерлі ісік түріне дейін білінеді.

Диагностика. Анықтау әдістері:

  • Цистоскопиялық- жағындарды Романовский Гимзе бойынша бояу, ЦПД ны табу үлкен көп ядролы клеткалар, вакуолизация, ядролардың қосылуы, Каудри денешіктері байқалады;

  • Вирусологиялық — тауық эмбриондарына жұқтыру, ИФ, ИФА, ПТР

  • Экспресс әдістері иммунохимиялық , биохимиялық, молекулярлы биологиялық

  • Серодиагностика

Зерттеуге алынатын жұғынды материалдар:

  • Бөрпелерден

  • Шайындылардан

  • Жұлын сұйықтығынан

  • Қаннан

  • Зәрден алынады

Герпесті вирусты инфекцияны емдеуде вирусқа қарсы препараттар:

  • Ацикловир

  • Валацикловир

  • Ганцикловир

  • Фамцикловир

  • Алпиразин

Жергілікті вирустарға әсер ететін майлар (мазь):

  • Бонафтон

  • Бромуридин

  • Теброфен

  • Флоренал

  • Оксалин

Иммунокорректорлар:

  • Эндогенді интерферондардың индукторлары

  • Циклоферон

  • Бактериальды сұйық интерферонның индуктроы

  • Интерферондар

  • Интерлейкин

  • Ронколейкин

  • Беталейкин

Витаминотерапия:

  • В1

  • В6

  • В12

  • Аскорбин қышқылы

  • Рутин

  • Антигистаминді препараттар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]