Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tynys_alu_zholdar_aurularyny_1187_mikrobiologialy_1179_d.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47 Кб
Скачать
☆
  • Зерттеу әдістері:

  • 1.МИКРОСКОПИЛЫҚ (Циль-Нильсен бойынша бояу, РИФ аураминмен)

  • 2.Бактериологиялық – негізгі, қақырықты негіз және қышқылмен өңдеу арқылы бөгде микрофлораны жойып себеді. Себінділер 3 ай инкубацияланады.

  • Прайстың жедел әдісі – микродақылдар алуға және корд факторды анықтауға мүмкіндік береді. Материалды шыны бетіне орнатып, Н2SO4 өңдейді. Физиологиялық ерітіндімен шайып цитратты қанмен толықтырып қоректік ортаға енгізеді. Шыныны 3-4 тәуліктен соң алып, Циль-Нильсон бойынша бояйды.

  • БИОЛОГИЯЛЫҚ- туберкулезді анықтауда алтынды стандарт болып табылады. Сынама теңіз шошқасына жүргізіледі. Аурудан алынған 1-2 айдан соң өлімге әкелетін генерализацияланған инфекция дамиды. (туберкулин сынамасы (+) 3-4 аптада; лимфаденита 5-10 тәулік).

  • Резистентті штамдар пайда болатын интертестикулярлы енгізеді, және жануардың иммунитетін глюкокортикоид енгізу арқылы бұзады.

  • 4.АЛЛЕРГИЯЛЫҚ- Манту сынамасы.

  • 5.СЕРОЛОГИЯЛЫҚ- РСК, РА, РПГА Бойден бойынша, агрегатагглютинация- арнайылығы жоқ.

  • 6.Қосымша әдістер: иммунды жағдайды бағалау.

СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЕМІ:

  • Міндетті түрде госпитализациялау.

  • АНТИБИОТИКТЕРДІ ҚОЛДАНУ-ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРҒАНДАРДЫ ЕМДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

  • БІРІНШІ ҚАТАРДАҒЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ЖӘНЕ АЛЬТЕРНАТИВТІ ДӘРМЕКТЕР (мультирезистенттіліктің пайда болуына бейім болғандықтан)

  • 1 ҚАТАР ПРЕПАРАТТАРЫ:изониазид,рифампицин

  • 2ҚАТАРПРЕПАРАТТАРЫ:канамицин, этионамид, пиразинамид

  • 3 ҚАТАР ПРЕПАРАТТАРЫ: ПАСК (парааминосалицил қышқылы), тиоцетазон.

  • DOTS-терапия (ДДҰ ұсынған)

ДИФТЕРИЯ (күл)–жұтқыншақтың,көмейдің, кеңірдектің және басқа мүшелердің фибринозды қабынумен және организмнің жалпы интоксикациясымен сипатталады (diphtheria – үлбір, қабықша) Токсинемиялық жұқпалы ауруларға жатады (экзотоксин қанда айналады ).

Жіктелуі:

  • ТҰҚЫМДАСТЫҒЫ: Actinobacteriaceae

  • ТУЫСТЫҒЫ: Corynebacterium

  • ТҮРІ: C.diphtheriae 3 биоварлары: gravis, mitis, intermedius

  • C. xerosis (дифтероид)

  • C.pseudodiphtheriticum (Гоффман таяқшасы)

МОРФОЛОГИЯСЫ

Грам оң таяқша, қозғалыссыз, шеттері түйреуіш тәрізді.Жасуша ішінде полифосфатты метахроматин гранулалары (волютин дәндері) орналасады.

ДАҚЫЛДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ:

  • Аэроб немесе факультативті анаэроб,

  • оптимальды Т 37оС

  • рН = 7,6-8,0

  • Қан немесе кез келген жануардың ұйытылған сарысуы қосылған орталарда өседі.

  • ҚА немесе сарысулы агарда

  • Элективті орталары: Ру, Леффлер, теллуритті орталар, Клауберг, Тинсдаль

ПАТОГЕНДІЛІК ФАКТОРЛАРЫ:

1. ЭКЗОТОКСИН – термолабилді ақуыз, гистотоксин. Әсер ету механизмі - аминотрансфераза ферментінің спецификалық ингибиторы, ақуыз синтезінің төмендеуіне және жасушаның өліміне әкеледі (НЕКРОЗ). Коринебактериялармен токсиннің түзілуі, оларда профагтың болуымен сипатталады. (лизогенизация).

Анатоксинге жеңіл ауысады.

2. ПАТОГЕНДІЛІК ФЕРМЕНТТЕРІ : ДНК-аза, нейраминидаза,

3. ДЕРМОНЕКРОТОКСИН

4. ТЕМІРБАЙЛАНЫСТЫРУШЫ АҚУЫЗДАР - колонизация және инвазия

5. Адгезия - талшықтар , пильдер, фимбриялар

6. Корд-фактор - фосфорилденуді, бактериялардың тыныс алуын бұзады.

ПАТОГЕНЕЗІ

  • Қоздырғыш ауыз қуысының шырышты қабығы арқылы енеді (көбінесе көз, жыныс мүшелері, тері, жарақат беті арқылы).

  • Эпителиальді жасушаларға жабысады → колонизация → экзотоксиннің бөлінуі → ақуыз синтезінің блокадасы → некроз → токсиннің жұтылуы → жалпы және жергілікті әрекет → фибринозды қабыну → тамыр өткізгіштігінің жоғарылауы → фибринозды қабықтар →асфиксия → регионарлы лимфа түйіндерінің зақымдалуы → тамырлардың кеңуі → бітелуі, стаз → журек бұлшықеттерінің зақымдалуы → бүйрек, бүйрекүсті безі қыртысының зақымдалуы → перифериялық жүйке жүйесінің зақымдалуы → полиневриттер, жарақаттар, салдылық.

  • Экзотоксин ең алғаш эпителиальді жасушаларды, кейін жақын жатқан қан тамырларды, олардың өткізгіштігін жоғарылата отырып зақымдайды.

  • Қан тамырларынан шығатын эксудатта фибриноген анықталады, олар беткейде ақ-сұр қабық тәрізді,қоршаған ортамен тығыз байланысты дақ түзеді. Ол қиын алынады, және алыну кезінде эррозиялық беткей түзеді. Бұл қабықтардың үлкеюі, олардың ауа тамшылы жолдарға түсіп, асфиксияға әкеледі.

Клиникалық көріністері

Жалпы әйгіленімдері

    • дене қызуының көтерілуі

    • қалтырау

    • лоқсу

    • әлсіздік, бастың ауыруы

    • лимфаденопатия

    • тахикардия

Өзіне тән белгілері:

    • Бадамша бездерінде фибринозды қабықшаның пайда болуы (қиын алынатын, қансырайтын, лакуналарда ірің болуы мүмкін)

    • Тамақтың ауыруы

    • шырышты қабат гиперемиясы

    • Бадамша бездердің ұлғаюы

    • Инъекция және манипуляцияла жасалған орындарда қан ағу;

    • Жұтқыншақтың стенозы, жұтудың қиындауы, афония.

    • Миокардит, жүректің жиырылу ырғағының бұзылуы;

    • Полинейропатия;

Баспа, эпидемиялық паротит, инфекционды мононуклеоз, паратонзиллярлы абсцесстен ажырата білу.

ИММУНИТЕТІ

Тұрақты постинфекциялық,

токсинге қарсы. Кернеулі. Бактерия тасымалдаушылық, қайталануы– 6% жағдайда.

Токсинге қарсы иммунитетті Шик реациясы көмегімен анықтайды.Білектің үштен бір бөлігінің ортасына теріасты 0,2 мл дифтериялық токсин енгізеді. Нәтижесін (қызару, папулла) 48 сағаттан кейін анықтайды.

ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ

ИНФЕКЦИЯ КӨЗІ:

  1. Науқас адам

  2. Бактерия тасымалдаушы

Эпидемиологиялық маркеры:

  • коринефагтар – 9 түрлі фагтар

  • Коринециндер – бактериоциндер

ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ:

  1. Ауалы-тамшылы (жөтел, түшкіру)

  2. Ауалы-шаңды

  3. Қатынастық (ойыншықтар, киім, ыдыс, кітаптар)

Негізінен шақалақ және балабақшалық жастағы балалар АУЫРАДЫ

АРНАЙЫ САҚТАНДЫРУ:

АКДС – адсорбцияланған көкжөтел+дифтерия+сіреспе вакцинасы

АДС – адсорбцияланған дифтерия+сіреспе анатоксині

АД - адсорбцияланған анатоксин (дифтерия)

ЕМІ:

  • Дифтерияға қарсы сарысу

  • Антибиотиктер (пенициллин)

  • Дифтериялық анатоксин

КӨКЖӨТЕЛ - спазматикалық жөтел және тыныс алу жолдарының жедел шырышты қабынуымен сипатталатын жедел инфекциялық ауру.

ЖІКТЕЛУІ:

Тұқымдастығы:- шала жүйелік күй

Туыс: Bordetella

Түрі:B.PERTUSSIS

B.PARAPERTUSSIS

B.BRONCHISEPTICA

B.PERTUSSIS- көкжөтелмен ауыратын баланың қақырығынан бөлінген , 1906 ж. Борде мен Жангу қоздырғышты анықтаған.

БОРДЕТЕЛЛАЛАР МОРФОЛОГИЯСЫ :

  • Грам (-) таяқша, ұсақ, сопақша, қозғалмайтын таяқшалар, талшықтары жоқ Микрокапсуласы бар

  • Биполярлы боялған ( толуидиндік көкпен)

  • B.PERTUSSIS-капсула түзеді

  • B.BRONCHISEPTICA-бүйірлік жіпшелері бар

Бордетеллалардың дақылдық қасиеттері:

  • Облигатты аэробтар; қоректік орталарға өте талғамды

  • Мына орталарда дақылдандырады: Борде – Жангу агары (глицерин+ картоп + қан)- сұр-крем түсті колониялар

ККА (казеин-көмірлі агар)-сынап тамшылары тәрізді колониялар

ҚА- гемолиз аймағы

  • S- жаңа колониялар

R- ескі колониялар

ЕПА ортада бәрінен де жылдам өседі (1тәу)-B.BRONCHISEPTICA

2-і тәулікте - B.PARAPERTUSSIS

(ЕПА±)

3-і тәулікте - B.PERTUSSIS

Биохимиялық активсіз, белоктарды және көмірсуды ыдыратпайды, каталазаны түзеді, нитриттерді қалпына келтірмейді

Патогендік факторлары

Трахеальды токсин (функциональды блокатор)→ тыныс алу жолдарының шырышты қабығындағы рецепторлардың тітіркенуі

Дермонекротоксин- миокард жасушаларына әсер етеді→ гистамин-сенсибилизациялық және лейкоцитозды стимуляциялауға әсер етеді.

Бордетеллалардың резистенттілігі:

  • Көкжөтел қоздырғышы – организмнен тыс жерде ұзақ сақталмайды

  • Құрғақ қақырықта - бірнеше сағат

  • 50-55о- -та 30 мин

  • УКС –ге өте сезімтал, химиялық антисептиктерге, антибиотиктерге (полимиксин, левомицитин, стрептомицин, биомицин) сезімтал

  • Бордетеллалардың антигендері:

  • ортақ О- аг және әртүрлі спецификалық антигендері бар Бордетеллаларда беткейлік термолабилді 14 капсулалалық аг (агллютиногендер) бар, олардың 7-туыстық, барлық түрлеріне ортақ, ал басқалары тек түрлік болады

1аг- B.PERTUSSIS

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]