7. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.
2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.
3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
Орыс тілінде:
Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.
Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009
Қосымша әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы
1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.
2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.
3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.
Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007
Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011
Орыс тілінде:
Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.
Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии
Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
Аблаев Н.Р., Бейсембаева Ш.А. Клинически значимые биохимические показатели и их интерпретация: учеб пособие, Алматы, КазНМУ, 2007
Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008
8.Бақылау
Сұрақтар:
Сұрақтар:
Витаминдер, гипо-, гипер-, авитаминоздар, антивитаминдер, витамерлер, провитаминдер туралы түсінік
Витаминдердің жіктелуі.
В1 витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
В2 витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
В6 витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
В12 витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
Вс витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
РР витаминінің витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
Н витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
С витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
Р витаминінің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
А витамині, каротиндер, құрылысы, биологиялық ролі, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы, авитаминозы.
Д витамині, құрылысы, биологиялық ролі, Д витаминінің активті алмасу формалары, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы, авитаминозы, гипервитаминозы.
Е витамині, құрылысы, биологиялық ролі, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы, авитаминозы.
К витамині, құрылысы, биологиялық ролі, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы, авитаминозы.
Рольдік ойын
Студенттер 3-4 адамнан бірігіп 2-3 топқа бөлінеді. Топтағы бір студент дәрігер ролін, екіншісі науқас, үшіншісі – кеңесші-биохимик ролін орындайды.
1.Студент-пациентке белгілі бір витаминнің гипо- немесе гипервитаминозы көрсетілген карточка беріледі. Ол өзінің көңіл-күйі мен шағымын айтады.
2. Студент-дәрігер науқастың анамнезін жинайды, оның шағымын тыңдап, қанның биохимиялық талдамасының нәтижелерімен (егер қажет болса) танысады, науқасты тексеріп, оған диагноз қояды, ем және диета белгілейді.
3.Студент-кеңесші дәрігердің шешімімен келісуі де, келіспеуі де мүмкін, ол өзінің ойын айтып, дәрігерге кеңес береді және науқастың организмінде өтіп жатқан биохимиялық үдерістерді және оның жағдайын түсіндіреді.
Оқытушының ролі: ойын барысына бағыт беріп, оны жүйелендіріп, бақылау.
№1 ойын
1. Студент-пациент «С және Р витаминдерінің гиповитаминозы» карточкасын алады.
Науқастың шағымы: шынтағының бүгілетін жерінен нүктелі қан құйылу, қызыл иектің қанауы, тістерінде тіс жегісінің жиі байқалуы, тәбеттің болмауы, әлсіздік, аяқ, иық буындарының ауыруы, жүрек аймағының ауыруы, жиі суық тию.
2. Студент-дәрігер карточканы алады, онда науқастың қан талдамасының мәліметтері келтірілген: эритроциттердің, гемоглобиннің және темірдің мөлшері төмендеген. Дәрігер науқасты қарап шығып, қан көрсеткіштерінің зертханалық мәліметтерімен танысқан соң, науқастың өңі бозарғанын, петехия, қызыл иегі қабынғанын, тістерінің босағанын, буындарының ісінгенін байқайды. Дәрігер науқаспен әңгімелесу барысында оның ішетін тамағының құрамында көкөністер мен жемістердің жоқтығын және көмірсулардың басым екенін анықтайды.
Диагнозы: С және Р витаминдерінің гиповитаминозы, цинга мен гипохромды анемияның байқалуы.
Емдеуге ұсыныстар: аскорбин қышқылының препараттары (тәуліктік қажеттігі 150-200 мг дейін), аскорутин.
Диета: өсімдік тектес тағамдар: итмұрын, өсімдіктің жасыл бөліктері (пияз, ақжелкен, укроп), грек жаңғағы, цитрустар, бөріқарақат, қара қарақат. Жануар тектес тағамдар: бауыр, ет.
3.Студент-кеңесші: диагнозбен, ұсынылатын ем және диетамен келіседі (не келіспейді). С витамині дәнекер тінінің белогы – коллаген синтезіне қатысады, оның тапшылығы кезінде капиллярлардың жарылуы (петехия), тістердің босауы мен қызыл иектің қанауы байқалады, себебі коллаген қан тамырларының қабырғасының структуралық компоненті болып табылады. С витаминінің гиповитаминозы кортикостероидтардың синтезін бұзады, өйткені холестериннің гидроксилденуі тежеледі, одан кортикостероидтар түзіледі. Гипохромды анемияның байқалуын былайша түсіндіруге болады: фоль қышқылының ТГФҚ-на айналуы тежеліп, соған сәйкес гемоглобин синтезіндегі метилдену реакциясы бұзылған. С витаминінің тапшылығы кезінде белокпен байланысқан темір (трансферрин) босай алмайды да, сәйкесінше науқаста бос темірдің тапшылығы мен оның АҚЖ-да сіңірілуі бұзылған. Гемоглобин мен эритроциттердің синтезі үшін темір жетіспейді.
Аскорутиннің құрамындағы Р витамині С витаминінің әсерін күшейтеді, гиалуронидазаны ингибрлейді, бұл коллаген синтезін тездетеді және капилляр қабырғасын бекітеді. Р витамині катехоламиндерді (А мен НА) сақтайды, бұл гормондар гипофиз арқылы КС-ң бөлінуін стимулдейді де, қан тамырларының тонусын арттырады.
№2 ойын
1. Студент-пациент «РР витаминінің гиповитаминозы» карточкасын алады.
Науқастың шағымы: қол, бет, мойын терісінің, яғни денесінің ашық бөліктерінің қабынуы, қызаруы, ісінуі, тілінің ауыру, ұйқысының бұзылуы, ашуланшақтық, бас ауыруы, есте сақтауының төмендеуі, жиі іш өту.
2. Студент-дәрігер науқасты қарап шығып, күн сәулесінен қорғанбаған терісінің симметриялы аймақтарынан дерматитті, олардың қабыршақтануын, ісінуін, ауыз қуысы мен тілдің қабынуын байқайды.
Диагноз: РР витаминінің гиповитаминозы, пеллаграның байқалуы.
Емдеуге ұсыныстар: РР витаминінің препараттары (тәуліктік қажеттігі 25 мг кем емес).
Диета: өсімдік текті тағам: ірі тартылған ұннан жасалған нан, кебек, ашытқы.
3.Студент-кеңесші. РР витамині НАД және НАДФ коферменттерінің құрамына кіреді, сондықтан оның тапшылығы кезінде тотығу-тотықсыздану реакциялары, көмірсулар алмасуы, АТФ синтезі бұзылады, ҮҚЦ жылдамдығы тежеледі, тері, кілегей қабаттарының тіндерінің ДНҚ-лигазалық активтілігінің бұзылуы нәтижесінде дерматит пен диарея дамиды. Энергия алмасуы, АТФ-ң жетіспеуі ОЖЖ-гі бұзылыстарға: ұйқының бұзылуы мен есте сақтаудың төмендеуіне әкеп соғады. Ем қолданбаса, пеллагра – 3 «Д» ауруы (дермати, диарея, деменция) дамиды. Дегенмен, РР витаминінің артық мөлшері бауырдың майлануын тудырады.
№3 ойын
1. Студент-пациент «Н витаминінің гиповитаминозы» карточкасын алады.
Науқастың шағымы: ұзақ уақыт бойы антибиотиктермен емделгеннен кейін шашының түсуі, майлануы, тырнақтарының сынуы және пішінінің өзгеруі, терісі қабыршақтануы.
2. Студент-дәрігер науқасты қарап шығып, оның шағымына көз жеткізеді. Онымен әңгімелесу барыснда науқас шикі жұмыртқаны көп пайдаланатынын анықтайды.
Диагноз: Н витаминінің гиповитаминозы, себореяның байқалуы.
Емдеу: поливитаминдер.
Диета: әдеттегідей тамақтану, шикі жұмыртқаны рационнан алып тастау. Көп мөлшерде асбұршақ, соя, саңырауқұлақ, ет, бауыр жеу.
3.Студент-кеңесші. Н витаминінің гиповитаминозы дамуының 2 себебі бар: 1)тамаққа шикі жұмыртқаны көп пайдалану, оның құрамында овидин белогы – Н витаминінің антивитаминібар, бұл ащы ішекте Н витаминінің сіңірілуін бұзады; 2) антибиотиктерді ұзақ уақыт бойы қолдану эндогенді Н витаминін синтездей алатын ішек микрофлорасын азайтты. Осының салдарынан Н витаминінің гиповитаминозы науқаста «биотиндік» коферменттердің түзілуінің тежелуіне, ал ол өз кезегінде карбоксилдену реакцияларының, глюконеогенезге, БМҚ синтезіне, ҮҚЦде пропион қышқылы қалдықтарының тотығуына СО2-ні пайдаланудың тежелуіне әкелді.
Ойын шарты: Студент-пациент диагнозды дауыстап айтпауы керек.
