- •ҚаУіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық КамАз автосамосвалының жүргізушісі үшін
- •1 Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары
- •1 Кесте. Арнайы киім, арнайы аяқ киім және жққ беру нормасы
- •2 Жұмыс басталар алдындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары
- •Жұмыс уақыты кезіндегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау талааптары
- •4 Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары
- •5 Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары
- •6 Біліктілік пен жауапкершілік
- •8 Энергия үнемдеу шаралары
- •7 Қоршаған ортаны қорғау бойыгша шаралар
- •Танысу қағазы
- •Жіберу қағазы
- •Өзгеріс тіркеу қағазы
Жұмыс уақыты кезіндегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау талааптары
3.1 Сүйреп жүретін тіркемені қауіпсіз тіркеу және тіркеуден шешу келесі кезектілікте орындалады:
а) тіркеме доңғалағының астына 2 өздігінен жүруге қарсы тірек орнату;
б) тіркемені қауіпсіз тіркеу және тіркеуден шешу жұмысы дабылшының қатысуымен жүреді;
в) берік тіркеуді дәнекерленген тұтқашалар артында (4шт.) а/с сүйреп жүру құралына көтеру дабылшы командасы бойынша 2 кем емес адамдармен орындалады;
г) РВД, электр сымының ажырауын қосу және сақтандыу тросын бекіту;
д) тежеуіш жүйесі мен дыбыстық дабыл жүйесін тексеру.
3.2 Жол қағазында көрсетілген нысанға келгеннен соң КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі міндетті:
а) жүктеу және жүктен алу орнымен танысу, көлікпен келу қауіпсіздігі мен ыңғайлығына, алаңшаның жеткілікті жарықтылығына көз жеткізу;
б) а/жолдың күйіне ерекше назар аудару (арматура, шұңқыр көлшіктердің болуы, ал қысқы уақытта қар, мұз) .
3.3 Жұмыстар жүргізу кезінде КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі жұмыс орнының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру қажет, оның ішінде әрекет етуші қауіптерді анықтау тиіс;
а) тасымалданбайтын күйде ауыл шаруашылық, жол құрылыс және басқа машиналарды өтетін жер арқылы көлікпен өткізу;
б) темір жолдарды бекітілмеген жерлерде қиып өту;
в) шлагбаум алдында тұрған көлік құралдарын айналып өту;
г) шлагбаум өздігінен өту немесе айналып өту;
д) өтетін жерде тоқтау, берілісті қайта қосу;
е) темір жол өткеліктерінде және оларға 100м жақын қашықтықта басып озу.
ж) осы Ережелер талабын орындау темір жол өткеліктері арқылы қауіпсіз жүруді қамтамасыз етеді.
3.4 Қауіптілік анықталған жағдайда КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі оларды қосымша шаралар жүргізу арқылы жою мүмкіндігін анықтау керек. Егер қауіптілікті сол орында жою мүмкін болмаса, КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі шығару және жөндеу механигіне хабарлап, жұмысты тоқтату керек.
3.5 Егер анықталған қауіп қолда бар күштермен, құралдармен жойылуға қабілетті болса, КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі жұмысты тоқтатып, қажет шаралар қолданады және аяқталған соң жұмыс орындауға кіріседі.
3.6 Егер жұмыстар орындау кезінде қауіптіліктер анықталмаса, КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі жұмыс аяқталған соң профилактикалық шаралар қабылдап, жұмыс орындауды аяқтау керек.
3.7 Биіктен құлау, сүрінуден немесе сырғанаудан құлау қаупін болдырмас үшін КамАЗ автосамосвалының жүргізушісіне келесі талаптарды орындау қажет:
а) жұмыс орнын тазалықта ұстау, мерзімді тазалау және жұмыс алаңшалары мен өткеліктерде қосалқы бөлшектерді, металл сынығын қоймаламау;
б) алаңша қоршауларының сенімділігіне көз жеткізбей сүйенбеу;
в) баспалдақ өткеліктері бойынша қозғалыс кезінде тіреулерін қолмен ұстау;
г) аймақ бойынша тек осы өтпелі көпіршелер, баспалдақтар және алаңшалар бойынша қозғалу;
д) жұмыстар орындау кезінде КамАЗ автосамосвалы жүргізушісінің орын ауыстыруыга қажетті жұмыс кеңістігі арқылы жылжымалы жарық шамдар сымын тартпау. Сымдардың барлық орналасуы жұмыс алаңшасының шетін бойлай немесе жұмыс аймағынан тыс өту керек.
3.8 Механикалық қауіптердің алдын алу үшін:
а) қол және электр аспабымен жұмыс кезінде (кескіш, қайрау станогы) бет пен көздерді қорғау үшін міндетті түрде қорғау қалқаншасын қолдану (көзілдіріктер);
б) жұмыс кезінде қолданылатын құралдарды, жабдықты қауіпсіздік талаптарының сәйкестігіне, дұрыстығын ауысым сайын тексеру (сом балғалар, кілттер, балғалар және т.б.);
в) өндірістік алаңша аймағында болған кезде қорғау каскасы мен қорғау көзілдіріктерін міндетті түрде кию;
г) жүктен түсіру орнына қозғалыс кезінде сәйкес дыбыс дабылын міндетті түрде берумен жылдамдық режимін сақтау.
3.9 Шаң тәрізді минералды бөлшектердің теріге түсуін болдырмас үші арнайы киімнің барлық түмелері түймелену керек, бас киімнің болуы міндетті (каска).
3.10 Өрттің алдын алу үшін қажет:
а) ашық спиральды және өздігінен жасалған жылыту құралдары бар қыздыру құралдарын қолданбау;
б) жұмыс орнында ашық от қолданбау;
в) тек арнайы бөлінген орындарда темекі шегу;
3.10 Жұмыс орындау кезінде қауіпті күйден болатын жарақат алу қаупін тудырмас үшін (алға иілу, денемен айналу, ұзақ уақыт бойы вертикаль қалыпта болу қажеттігі) қажет:
а) үлкен өлшемді заттарды қолмен көтермеу;
б) қоқыстан тазартылған алаңдарда, арнайы киімде жұмыс жасау.
3.11 Жұмыс уақыты кезінде КамАЗ а/с жүргізушісі міндетті:
а) оңталандыру орындау, маневр қауіпсіздігіне алдын ала қол жеткізгеннен кейін және көлік құралдарына ақау болмаған жағдайда;
б) көлік құралын артқа беру алдында адамдардың жоқтығына және қозғалыс үшін бөгеттің болмауына көз жеткізу;
в) автокөлік кабинасынан шығу алдында қозғалтқышты өшіру, тұрақ тежеуішін және бірінші берілісті қосу, кабинадан шыққан соң есіктерді жабу;
г) кабинадан жолдың өту бөлігіне шығардан бұрын жолай және қарсы бағыттарда қозғалушы көлік құралдарының жоқтығына көз жеткізу;
д) автокөлікті тіркемеге тіркеу кезінде ең кіші мүмкін жылдамдықта беру;
е)желіде болғанда, мерзімді- 40-60 мин. сайын тіркеме мен сүреп тіркеме құрылғысының дұрыс күйін тексеру;
ж) аңғарда, құлама жарда немесе баурайда самосвалды жүктен түсіру қажеттігі кезінде доңғалақтарды құлама жар шетінен 1м кем қашықтықа орнатпау.
3.12 Ыстық су құю үшін қозғалтқыштың қызуы кезінде бағытталатын ағын тудыратын арнайы мұрыншасы бар шелектер қолдану. Су немесе ыстық ауа көмегімен қозғалтқышты қыздыру кезінде радиатор қылтасына біріктіріп, сенімді бекіту.
3.13 Қозғалтқышты қыздыру үшін калорифер қолданғаннан кейін автокөлік кабинасын желдету керек.
3.14 Еңістікте тоқтау кезінде доңғалақ астына кем дегенде екі өздігінен жүруге қарсы тірек қою.
3.15 Қорек жүйесінің ақаулығын тек қозғалтқыш суығаннан кейін ғана жою, ал қалдықты отын өткізгіштерді компрессор көмегімен үрлеу.
3.16 Автокөлікті домкратпен көтеру алдында бөгде тұлғаларды кабинадан жою, автокөлікті тежеуішпен тежеу, доңғалақ астына өздігінен жүргуе қарсы тіректер қою, домкрат астында алаңшаны теңестіріп, ағаштан жасалған кең төсеме қою.
3.17 Доңғалақ алумен байланысты жұмыстарды орындай отырып, жүргізуші тағандар, өздігінен жүруге қарсы тіректер қою.
3.18 Автокөліктен алынған доңғалақ шиналарын тарту кезінде тежеу сақинасының секіруі кезінде соққыдан қорғайтын құрылғы қолдану.
3.19 Самосвалдың көтерілген кузовы астында жұмыстар орындау үшін кузовты арнайы сақтандыру тіректерімен бекіту.
3.20 Жүргізушілерге тыйым салынады:
а) жол (бағыт) қағазында сәйкес жазба болмаса жолаушыларды тасымалдауға;
б) қозғалтқышты қыздыру кезінде ыстық су құю үшін камералар қолдану;
в) сөндірілген ілініспен немесе беріліспен қозғалу;
г) тіркеу құрылғысының ілегіне шынжыр немесе сақтандыру арқанын бекіту;
д) тиелген тіркемемен жүру;
е) қозғалтқышы жұмыс жасап тұрған автокөлік кабинасында демалу немесе ұйықтау;
ж) көтерілген кузовпен көлік құралының қозғалысын жүзеге асыру;
кз) көлік құралын жөндеуге бөгде тұлғаларды жіберу.
3.21 Самосвалдың көтерулі кузовы астында автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету бойынша жұмыстар орындауға тыйым салынады, сонымен қатар жүктеу жүктен алу жұмыстары кезінде.
3.22 Жүктеу жүктен алу жұмыстарын өндіру кезінде жүргізуші автокөлік кабинасынан шығып, жүктеу дұрыстығын бақылау керек. Жүргізуші төселудің автосамосвал кузовы мен тіркемесіне сәйкестігін тексеруге міндетті, ал жүктеу куәлігінің талаптары бұзылған жағдайда жүк тиеуіш машинисттен жүктеме дұрыстығын талап ету.
3.23 Жүктеу жүктен алу алаңшаларында автокөліктерді орналастыру кезінде бір бірінен кейін тұрған автокөліктер арасындағы қашықтық 1м кем емес болу керек, ал қатарда тұрған автокөліктер арасында - 1,5м кем емес. Егер автокөліктер жүктеу және жүктен алу үшін ғимарат жанында орналасса , онда ғимарат пен автокөлік кузовының арасындағы қашықтық 1,5м кем емес. Автокөлік пен жүк штабелі арасындағы қашықтық 1м кем емес.
3.24 Автосамосвал кузовы мен дайын өнім тіркемесін жүктеу кезінде жүктеу куәлігінің бұзылуы болмау керек.
3.25 жағымсыз жол жағдайлары кезінде автокөлікті пайдаланғанда жүргізуші міндетті:
а) тұман, жағбыр немесе қар қатты жауғанда жылдамдықты төмендетіп, жолаушы бағытта қозғалып келе жатқан көлік құралдарын басып озбау;
б) еңістен түсу кезінде тежеуді қозғалқышпен орнату және жұмыс тежеуішімен тоқтау;
в) жеткіліксіз көріну жағдайында көлік құралының тоқтауы немесе тұрағы кезінде габаритті немесе тұрақ оттарын қосу.
3.26 Жүргізуші бекітілген шектен аспайтын жылдамдықта көлік құралдарын жүргізу керек (автосамосвалдарға «Авто Граф» орнатумен және Центральная ст. Жүктеу бөлімшесіне «Тур» кенішінен марганец концентратын тасымалдауға бақылауды күшейту бойынша іс шараларға сәйкес. Жол бөлімдерінде қозғалыстың ең үлкен жылдамдығы - 60 км/сағ), сонымен қатар қозғалыс қарқындылығын, көлік құралының ерекшеліктері мен күйін, жол және метеорологиялық жағдайларды (жаңбыр, қар, боран) ескере отырып, жоғары шаңдылық, шектелген көргіштік кезіндегі ерекшеліктерді ескереді. Жылдамдық жүргізушіге көлік құралының қозғалысын тұрақты бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. Жүргізуші көре алатын қозғалыс қауіптілігіне бөгет пайда болған кезде ол кқлік құралының тоқтауына дейін жылдамдықты төмендетуге шаралар қабылдап, көтерелуге жүріп бара жатқан немесе автокөлік жолдарының бөлімшесінде түсіп бара жатқан кез келген тиелген көлік құралына жол беру.
3.27 Күзгі қысқы мерзімде автокөлік жұмысының маңызды талабы мерзімдік қызмет көрсетуді өз уақытында өткізу болып табылады, бұл кезде, кезекті ТО-2 жұмыстарынан басқа пайдаланудың күзгі қысқы мерзімінде жоғары сенімділікті қамтамасыз ету керек.
3.28 Бағытқа шығар алдында жел әйнектерінің терлеуін болдырмас үшін әйнекті толық жаппай, қозғалтқышқа он минут әр түрлі режимдерде жұмыс жасауға мүмкіндік беру,салонда жылы ауаның қалыпты және кезекті циркуляциясы пайда болады.
3.29 Жел әйнектері толықтай еріп, қажетті көргіштік қамтамасыз етілген соң, қозғалысты бастауға болады.
3.30 Тайғақ күзгі және қысқы жолдар бойынша бағытта жұмыс кезінде көктайғақ ерекше қауіп тудырады, ол автокөлік тұрақтылығына әсер етіп, басқаруды қиындатады. Тайғақ жолда жүргізуші әрекетіндегі басты фактор жолдың тайғақ бөлімшесінен өтудің оңтайды тәсілдерін таңдау болып табылады. Тайғақ жолда төмен жылдамдықтың қосулы берілісі кезінде қозғалып, басқару рөлінің күрт бұрылысын қозғалтқыш білігінің айналу жиілігін өзгертуді, тежелуді болдырмайды. Автокөлік тежеуін бірқалыпты, бірнеше тәсілде орындау, қозғалтқышты өшірмей, тоқтау алдында іліністі қосу. Басым түрде тежелу қозғалтқышпен, айналымдарды бірқалыпты тастаумен жүзеге асады. Пайда болған кіруді жою үшін рөл доңғалағын кіру жағына бұрып, іліністі өшірмейді, қозғалтқыщ білігінің жиілігін төендету, бұл тұрақты қозғалысты қамтамасыз етіп, басқаруды жоғалтпайды.
3.31 Тар жолдарда қарсы жүрулер кезінде автокөліктердің біреуіне тегістелген жолдан түсу қажет.
3.32 Жүру бөлігінен жол жиегіне еріксіз шығу кезінде автокөлікті бірден бастапқы күйге келтіру керек. Қозғалыс траекториясын өзгертпей, жылдамдықты минимумға дейін төмендету және содан кейін ғана автокөлікті жолға шығару.
3.33 Тайғақ жол жабыны бойынша қозғала отырып, жылдамдық режимін дұрыс таңдау өте маңызды. Күрт бұрылыстарды, күрт тежелуді, сонымен қатар бір уақытта тежелумен бұрылыстар орындауға болмайды. Ескеру керек, тежелу кезінде алдыңғы доңғалақтар бұғауланады және рөлдік доңғалақтың елеусіз бұрылысы кезінде де автокөлік қозғалысының бағытын өзгертуге болмайды. Автокөлікті басқару мүмкін болмайды, бұрылған доңғалақтармен түзу сызықты қозғалыстар жалғасады, бұл тежелу аяқталғаннан кейін автокөліктің күрт бұрылуы кезінде қауіптілік тудыру мүмкін.
3.34 Тежелудің бастапқы уақытында іліністі өшірмей тежелу керек және доңғалақтарды бұғаулауға жол бермеу қажет. Шамамен 10км/сағ дейін автокөлік жылдамдығын төмендеткеннен кейін іліністі сөндіруге болады. Осы жылдамдықтан төмен, бос жүріс режимінде жұмыс жасайтын автокөлік қозғалтқышы енді тежелуге жағдай жасамайды, керісінше, автокөлікті алға жүргізеді, сонымен қатар мұндай жылдамдық кезінде жолдан кету қаупі жоғары емес.
3.35 Тұман көргіштікті елеулі нашарлатады, бағдарлануды жабады, қызылдан басқа барлық түстегі сәулелер түсін өзгертеді. Осылайша, тұмандағы сары түс қызыл, ал жасыл түс-сары болады. Сондықтан, тұманда бағдаршамға жақындай отырып, автокөлік жүрісін баяулату керек, бағдаршам дабылдарына мұқият қарап, дабыл дұрыстығына толық сенімділік кезінде ғана қиылысқа шығу. Сонымен қатар, тұмандағы қозғалыс жылдамдығын жол көргіштігінің қашықтығын ескерумен орнату керек. Тұман пердесінің қоблығы сонша, қосылған шамдар кезінде бірнеше метрде ештеңе көрінбеуі мүмкін. Тәжірибеде анықталғандай, егер көргіштік 10м аспаса, қозғалыс жылдамдығы 5км/сағ артық болмау керек.
3.36 Тұман кезінде жолға жарық беретін шамдардың жақын жарығы кезінде ғана жүру керек. Дегенмен тұман арасында жақсы өтетін және жолға жақсы жарық беретін арнайы тұманға қарсы, жарықтың төмен және кең ені бар шамдар қолдану.
3.37 Тұманда басып озу маневрын орындауға, қозғалыс қатарынан шығуға, автокөлікті сүйреп тіреуге тыйым салынады. Егер солға бұрылу немесе алдында тұрған көлік құралын айналып өту қажет болса, жүргізуші алдын ала жан жағына қарап, артта қозғалып келе жатқан көлік жоқтығына көз жеткізу қажет. Жол қозғалысының Ережелерін қатаң сақтап, уақыт өте дыбыс дабылдарын беріп, басқа жүргізушілердің дабылдарына жауап беру керек. Тұрақта да, қозғалыс кезінде де жарықтандыруды қосу керек.
3.38 Барлық дерлік жағдайларда қараңғы уақытта қозғалыс жылдамдығы тәуліктің жарық уақытындағы қозғалыс жылдамдығына қарағанда төмен болу керек.
3.39 Жолдар бойынша қозғалыс кезінде шамдар сәулесі жарық жолағын құрады, одан тыс көргіштік жоқтың қасы. Сәйкесінше, жол жиегінде болатын автокөліктер мен жаяу жүргіншілер жарық жолағына түспей, абсолютті көрінбеуі мүмкін. Сонымен қатар автокөлік бояуы мен жаяу жүргіншілер киімі күңгірт түсте болып, айналамен нашар шағылуы жағдайды қиындатады. Жол жабынының түсі де әсер етеді. Ашық бет жақсы, ал күңгірт–жаман көргіштікті береді.
3.40 Жүргізушінің қарама қарсы автокөлік шамымен көзді шағылыстыру тудырады. Адаптация үрдісі, яғни шағылудан кейін көру қызметінің қалпына келуі елеулі шектерде өзгеріп, он секунд және одан артық болу мүмкін. Бұл уақыт ішінде 30-40км/сағ жылдамдық кезінде а/с жүз және одан артық метр жүріп өтуі мүмкін.
Бұл жағдайдарларда қауіптілікті таба алмайды, қажет тракторияны ұстай алмайды.
3.41 Қарама қарсы автокөлік шамының жарығының алдын алу, ең алдымен, қашық жарықтан жақынға қарай мерзімді және қажетті қайта қосумен мүмкін болады. Мұндай қайта қосуды қарама қарсы автокөлікке дейін 250-300м бұрын жүзеге асыру тиімді болады, бірақ ЖҚЕ талап ететіндей 150м кем емес. Егер қарама қарсы көлікпен шағылу болса, онда жылдамдықты минимумге дейін төмендетіп, тоқтап, қарсы көлікті өткізу керек.
3.42 Жарықтандырылмаған жолдарда қозғалыс кезінде жүргінші бөліктегі көлік құралы үлкен қауіптілік тудырады. Ақаусыз автокөлікті тоқтатуды жіберуге болмайды, ал ақау пайда болған кезде, басқа көлік құралдарының жүргізушілерін ескерту бойынша шаралар қабылдау керек. Бұл үшін жарық дабыл жүйесін қосып, оның ақаулығы кезінде, 100м төмен жол көргіщтігі кезінде механикалық көлік құралының жүргізушісі апатты тоқтау белгісін шығару керек. Түнде автокөлік алдында бір нүктеге қарау ұсынылмайды, назарды қашыққа жақын аудару және жолдың барлық ені бойынша, жарықтандыру бөлімшесінің шегінде. Мұндай бақылау шаршаудың келуін кідіртіп, көрудің үлкен қыралығын қамтамасыз етеді.
3.43 Бұрылыстар күндізгіге қарағанда, түнде нашар көрінеді. Олардың қисықтық радиусын, бұрылыс кезіндегі қауіпсіз жылдамдықты анықтау қиын. Бұрылыстар едәуір қауіпті деп бағаланады, тәжірибесіз жүргізушілерде қозғалыстың орташа жылдамдығын елеулі өзгертуді тудырады. Бұрылыста шамдар жарығы қисықтық бағытында бұрылмайды, тіке бағытталған болып қалады, сол себепті бұрылыс доғасының сыртқы жағын жақсы жарықтандырады.
3.44 Басып озатын автокөлікке жақындау кезінде жүргізуші артқы көрініс айнасы арқылы жүргізуші көзін шағылыстырмау үшін 150-200м қашықтықта одан қашық жарықты жақынға ауыстыру керек. Жол көрініп тұр: оны басып озатын автокөліктің бас шамдары жарықтандырады, жарық шамын алысқа ауыстыру керек, себебі басып озатын көлік құралына бұл ақау тудырмайды.
3.45 Басып озатын автокөлік басып озушы автокөлік жүргізушісін байқап, басып озу үшін жолды босату керек. Басып озу мезетінде жылдамдықты шамалы төмендетіп, маневр орындау уақытын қысқарту керек. Басып озатын автокөлік біршама алға шыққанда, басып озушы көлік жүргізушісі қашық жарықты жақынға ауыстырып, осы жарықпен алдында келе жатқан көлік шамының жарығында жолды анық көргенге дейін жүру қажет.
3.46 Ауыр нәтижелер, ережеге сәйкес, темір жол өткелдерінде болған ЖКО нәтижесі болып табылады. Сондықтан жүргізуші темір жол өткелдерінен өту Ережелерін қатаң сақтап, өту кезінде ерекше мұқият болу керек.
3.47 Темір жол өткелдері арқылы жүру реті жол қозғалысының Ережелерімен анықталған. Жүру алдында жүргізуші жақындаушы пойыз жоқтығына көз жеткізіп шлагбаум Ережесін, жарық дабыл жүйесін, жол бергілерін, сонымен қатар жүргізушіге кеудемен немесе жезлмен (қызыл ту) тұрған кезекші ережесін негізге алу қажет.
3.48 Жүргізуші жабық, немесе жабылып келе жатқан шлагбаум кезінде жүруге болмайтынын ескеру керек, сонымен қатар шлагбаум күйіне тәуелсіз бағдаршамның тыйым салушы дабылы кезінде. Егер бағдаршам сөндірулі, ал шлагбаум ашық немесе ол болмаса, жүргізушіге жақын пойыз жоқтығына көз жеткізгеннен кейін жүре беруге болады.
3.49 Жақындаушы пойызды өткізу және өткелік арқылы қозғалысқа тыйым салынған жағдайда, жүргізуші стоп-дабылда тоқтау тиім, бағдаршамның 2.5белгісі,егер олар болмаса– шлагбаумнан 5м кем емес қашықтықта,ал соңғысы болмаса– жақын рельске дейін 10м кем емес қашықтықта. Қозғалыс басталар алдында, қозғалыс кезінде, өткелік арқылы тоқтаудан кейін жүргізуші жақындаушы пойыз жоқтығына көз жеткізу керек.
3.50 Кептеліс пайда болған өткелге шығуға болмайды, жүргізушіні өткелікте тоқтауға мәжбүрлейді.
3.51 Өткелде еріксіз тоқтау кезінде, жүргізуші автокөліктен жолаушыларды мүмкіндігінше тез түсіріп, қозғалтқышты қарапайым әдіспен жіберу керек. Егер ол бірнеше секунд ішінде жұмыс жасамаса, тікелей берілісті қосып, қосылған стартерде қауіпсіз бөлімшеге дейін бірнеше метр жүру тиіс. Сонымен қатар пойыз жақындауын бақылау керек.
3.52 Егер көлік құралын өткеліктен жою мүмкін болмаса, жүргізуші міндетті:
а) мүмкіндік болса екі адамда жолды бойлай өткеліктің екі жағына 1000м (егер біреу болса, онда жолдың нашар көрінетін жағына) қашықтыққа жіберіп, оларға жақындаушы пойыз машинистіне тоқтау дабылын беру ережесін түсіндіру;
б) көлік құралының жанында болу және жалпы қауіп дабылын беру;
в) пойыздың пайда болуы кезінде оған қарсы жүгіру, қауіп дабылын беру;
г) пойыз пайда болған кезде, оған қарсы жүгіру, тоқтау белгісін беру.
ЕСКЕРТУ Қолдың шеңбер қозғалысы тоқтау белгісі болып табылады (күндіз - ашық материя кесіндісі немесе жақсы көрінетін зат, түнде факел немесе қол шам). Жалпы қауіп дабылы үш қысқа дабылдардың біреуі болып табылады.
3.53 Бір бағыттағы құрам өткеннен кейін қорғалмайтын өткелге шығуға болмайды. Пойыз жойылғанша күтіп, жақындаушы пойыз жоқтығына қол жеткізгеннен кейін ғана алға қозғалу.
3.54 Әрекет етуші өткеліктің дабыл жүйесімен жабдықталған өткелдер алдындағы автокөлік жолдарында екі көлденең бағытталған және кезекті жанушы оттармен бағдаршамдар қолданылады және келесі дабыл беріледі:
а) ЕГЕР:
1) қызыл дабыл оттары жанып тұр– шлагбаум күйіне тәуелсіз жол көлігінің қозғалысына тыйым салынған;
2) Дабыл оттары жанбайды– автокөлік жүргізушісі дабыл жүйесімен жабдықталмаған қорғайлмайтын өткел қозғалысы кезіндегіндей әрекет ету керек.
Бағдаршамдармен және екі жанып тұрған қызыл от, бір жасыл от болатын бағдаршамды дабыл жүйесі едәуір жетілген болып табылады:
б) ЕГЕР:
1) жасыл дабыл оты жанып тұр–автокөлік қозғалысына рұқсат етілген
2)қызыл дабыл оты жанып тұр– шлагбаум күйіне тәуелсіз автокөлік қозғалысына тыйым салынған;
3)дабыл оттары жанып тұрған жоқ– дабыл жүйесі ақаулы. Жүргізуші жүру дабыл жүйесімен жабдықталмаған, қорғалмайтын өткел қозғалысы кезіндегідей әрекет етеді;
4) өткелік арқылы өтпестен бұрын пойыз қозғалысының жоқтығына және қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізу.
3.55 Автоматты бағдаршамды дабыл жүйесі, сонымен қатар автоматты шлагбаумдар кезінде, пойыздың өткелікке жақындауына дейін өткеліктің көлік құралдарынан мерзімді босауы үшін қажетті уақыт ішінде автокөлік жолының жағына қарай тоқтау дабылын беру.
Сонымен қатар пойыз автокөлік жолының жағына қарай бағдаршамдарға жақындау бөлімшесіне келгенде қызыл оттар жанып, жаяу жүргіншілерді ескерту үшін акустикалық дабылдар беріледі. Егер өткел бұл кезде автоматты шлагбаумдармен жабдықталса, шлагбаумның қоршау брусьяларында біруақытта қызыл дабыл оттары жанады және есеппен анықталатын уақыттан кейін бшагбаумдар брусьясы көлденең бағытқа түсіріледі.
3.56 Қоршаған орта ластануын төмендету мақсатында автокөліктің шығыс газының түтінін өлшеу жүзеге асады.
