Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аз құқ жалпы бөл силлабус.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
260 Кб
Скачать
☆

Қосымша з «Азаматтық құқық Ерекше бөлім» пәні бойынша оқу әдістемелік қамтамасыз етілу картасы

Пәннің аталуы

Студ. саны

Оқулықтар мен оқу құралдары

Кітаптар саны

Практикумдар және т.б.

Кітаптар саны

Семестр

Кітапханада

кафедрада

Кітапханада

Кафедрада

4сем

-

Азаматтық құқық Жалпы бөлім

123

Азаматтық құқық (Жалпы Болйм) Жеты Жаргы, Г.А.Жайлин, 2012.

50

-

Азаматтық құқық. Практикум. Жалпы және ерекше бөлім. Ынтымақов С.А. – Алматы: Заң әдебиеті, 2003.

3

-

Азаматтық құқық Жалпы бөлім

123

Гражданское право. Том І. Отв.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы. Издательство КазГЮА. 2000.

5

-

Азаматтық құқық. Практикум. Ерекше бөлім. Ынтымақов С.А. – Алматы: Сарын Баспасы, 2013.

25

1

Азаматтық құқық Жалпы бөлім

123

Гражданское право. Том І. Общая часть. Под ред. Суханова Е.А. М.; Волтерс Клувер, 2004

Жауапты редактор: М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. – Алматы, 2003.

7

-

123

62

-

28

1

7. Семинар сабақтарына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар.

«Азаматтық құқық» пәні бойынша семинар және тәжірибелік сабақтары әр-түрлі нысандарда өткізіледі (жалпы сұрау, есептер шешу, сот шешімдерін талқылау, мамандықты меңгеру ойындары, ауызша баяндамалар, рефераттарды қорғау, үй тапсырмасын талдау). Семинарды немесе тәжірибелік сабақты өткізу нысанын мұғалім әр сабақта анықтайды және алдын ала хабарлайды.

«Семинар» деген сөз латын тіліндегі "seminarium" сөзінен туындаған және аудармасында студенттердің белсенді қатысуымен өткізілетін топтық сабақтардың нысанын белгілейді. Семинар – ұсынылған қайнар көздер мен әдебиетті оқу бойынша студенттің дербес жұмысының нәтижесі. Семинардың мақсаты - әдебиет бойынша дербес жұмыстың нәтижелерін тексеру, түсініксіз мәселелерді талқылау, аудитория алдында баяндау дағдыларын беру.

Студенттің дербес жұмысы дегеніміз не? Дербес жұмысты атқару дегеніміз – ұсынылған әдебиетті, қайнар көздерді оқу, семинар сұрақтарына жауаптарға дайындалу мақсатында, пән бойынша білімдерді тереңдету мақсатында, курстың тақырыптары бойынша реферат немесе баяндама жасау мақсатында оқылғанға қысқаша мәнжазбаларды жасау.

Әдебиетті оқудың жалпы ережелері:

  1. Оқу кезеңдері:

  1. кітаппен алдын ала танысу;

  2. алғы сөзді немесе кіріспені оқу;

  3. мәтінді оқу.

  1. Мәтінді ұқыпты оқыңыз – түсініксіз жерлерге қайта оралып.

  2. Мәтінді мұқият оқыңыз – маңызды жерлерін жібермей.

  3. Мәтінді зейінділікпен оқыңыз – оқып жатқаныңызды ойдан тастамай.

  4. Мәтінді логикалық соңына дейін оқыңыз – абзац, параграф, тарау, бөлімінің және т.б. соңына дейін.

Тиімді оқу жолдарын дербес игеру үшін келесі оқу құралын ұсынамыз - Андреев О.А., Хромов Л.Н. Учитесь быстро читать.- М., 1991.

Есептер мен сот шешімдерін талқылауға байланысты нұсқаулар:

Сесептер мен сот шешімдерін талқылау кезінде ұстанылатын кезеңдерді төрт сатыда қарастырылуы тиіс. Олар:

  1. Есеп немесе шешімнің қысқаша мазмұнын анықтау. Алғаш есеп немесе сот шешімін құқықтық тұрғыдан маңызды мән жайларын қысқаша түйіндеуіміз керек. Себебі қысқаша мазмұндау, ойымыз және бағытымызды нақтылай түсуімізге көмегі тиіп, ойымыздың жан жаққа бөлінбеуінде маңызды.

  2. Шешілуі тиіс құқықтық мәселені (проблема) анықтау. Осы екніші кезеңде есеп немесе сот шешіміндегі құқықтық мәселе қандай құқықтық институт бойынша шешілетіндігін анықтауымыз тиіс. Мысалға есептегі шешілуі тиіс мәселе отбасы құқығымыздағы неке институына байланысты болып, некеге тұру шарттары. Осылайша құқықтық мәселені (проблеманы) анықтауымыз, бізге осы мәселе, қандай құқықтық қатынас (отбасылық, міндеттемелік, қылмыстық тб құқықтық қатынас), реттеген нормативтік актіні және заңнамадағы қандай нормаларды (баптарды) қолданатынымызды анықтауда тиімділік көрсетеді.

  3. Шешімі. Есеп немесе сот шешіміне байланысты проблеманы анықтағаннан кейін, шешім беруге кірісеміз. Себебі проблеманың қандай құқықық қатынас екенідігіне байланысты қандай құқықпен реттелгендігін анықтадық. Ал институтты анықтау арқылы заңнамадағы қандай нормалармен реттелгендігін анықтадық, осылайша нормативтік актіден осы мәселені реттеген нориаларды наықтап, осы нормаларға сәйкес мәселені алғаш нормативтік актіге сәйкес шешеміз. Нормативтік актіге сәйкес шешкеннен кейін тәжірибеде аталған мәселе (проблема) қалай шешім табуда екендігіне тоқталамыз. Яғни осы мәселе тәжірибеде, сот шешімдерінде қалай шешімге жетуде. Мұнда жергілікті сот, жоғарғы сот сешімдері, жоғарғы соттың нормативтік қаулыларында мәселе қалай шешілуде екендігіне тоқталамыз. Тәжірибеде мәселе қалай шеілгендігіне тоқталғаннан кейін, мәселеге (проблемаға) байланысты доктринадағы пікірлерге тоқталамыз. Яғни осы мәселеге байланысты осы саладағы ғалымдардың, мамандардың пікіріне тоқталамыз.

Сонымен қорытсақ есеп немесе сот шешімін талқылау кезінде шешім кезеңін үш бағытта қарастырамыз: біріншісі нормативтік актіге сәйкес, екіншісі тәжірибеге (практикаға) сәйкес, үшіншісі доктринаға сәйкес. Мұнда ескеретін жәйт барлық құқықтық мәселеге байланысты норма, тәжірибе, доктрина әрдайым әр пікірде болмауы мүмкін.

  1. Мәселеге (проблемаға) байланысты өз пікіріңіз. Осы орайда есепті немесе сот шешімін талқылап отырған студент құқықтық мәселеге байланысты өз пікірін жазуы мүмкін. Бірақ өз пікірін жазу міндетті емес. Ал өз пікірін жазғанда оны құқықтық негіздеуі тиіс. Құқықтық негіздеу дегеніміз, норманың аталған құқық саласының белгілі принципіне, субъектінің құқығы бұзылғандығы, конституцияға қайшылығы, жалпы негіздерге қайшылығы сияқты өз пікірін қолдайтын құқықтық дәйектердің болуы.

Есеп шығаруда пайдаланылатын оқулық:

1. С.А.Ынтымақов, Азаматтық құқық, Практикум. Алматы:2003, Заң Әдебиеті баспасы 230 бет.

2. С.А.Ынтымақов, Азаматтық құқық, Практикум, (Жалпы Бөлім) Сарын; Алматы 2013ж.