- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •7.Бақылау (сұрақтар, тест тапсырмалары, есептер):
- •1. Қазіргі уақытта «Денсаулық 2020» саясатының негізгі міндеті болып табылады:
- •2. «Денсаулық 2020» саясатын құрастырғанда келесі мүмкіндіктер қарастырылды, мынадан басқа:
- •5. Денсаулық-2020 саясатының орындалуының шаралар пакетінің құрамына келесілер кіреді, мынадан басқа:
- •6. «Денсаулық-2020 саясатының ережелерімен танысу» шаралар пакетінің бірінші компонентінің негізгі бағыттары болып табылады:
- •7. «Денсаулық-2020 саясатының призмасы арқылы мемлекеттегі жағдайды талдау» шаралар пакетінің бірінші компонентінің негізгі бағыттары болып табылады:
- •3. Денсаулық-2020 саясатының орындалуының шаралар пакетінің негізгі 3 тапсырмасы:
- •4. Денсаулық-2020 саясатының орындалуының шаралар пакетінің құрамына келесілер кіреді, мынадан басқа:
- •8. «Қоғамдық денсаулық сақтау потенциалы мен қызметтерін күшейту» шаралар пакетінің бірінші компонентінің негізгі бағыттары болып табылады:
- •10. Қандай жүйе аясында 22 мемелекетте «Денсаулық-2020» саясатын жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр:
- •E. «Таяу Шығыс» жүйесі
8. «Қоғамдық денсаулық сақтау потенциалы мен қызметтерін күшейту» шаралар пакетінің бірінші компонентінің негізгі бағыттары болып табылады:
А. саясат «призмасын» қолдана отырып стратегияларды құру үшін жағдайларды талдау;
B. алғашқы медико-санитарлық көмек қызметін күшейту;
C. саясат «призмасын» қолдана отырып стратегияларды құру үшін методология;
D. Денсаулықты нығайту және өазіргі уақыттағы барлық аймақтардағы салыстырмалы төмен назар аударылатын аурудың алдын алуға ең бірінші көңіл бөлу қажеттілігі (осыған қатысты сенімді экономикалық дәлелдер бар)
E. Кешенді медициналық көмек жүйесінің ары қарай дамуы.
9. БДСҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы әр 2-3 жыл сайын арнайы жоспарланған жаңа публикация – алдын ала «Еуропалық денсаулық қорғаудың статистикасы» атауы бойынша шығаруды ұсынады. Ол жерде арнай механизм арқылы алынған нәтижелер мәліметі жазылады. Публикация алдында аймақтық бюро мүше-мемлекеттермен жазбаша кеңес өткізеді. Есеп беру келесі формаларда жүргізіледі:
А. жұмыс нәтижелерін бағалау;
B. іс-әрекеттің нақты жоспары;
C. мәліметтерді толық талдау және оларды кесте мен график түрінде көрсету;
D. толық түсіндірілген текст жіне жұмысшы резюме;
E. жүргізілген жүмыстардың нәтижелерін қорытындылау.
10. Қандай жүйе аясында 22 мемелекетте «Денсаулық-2020» саясатын жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр:
А. БДСҰ ғаламдық жүйесі
B. «Денсаулық аймақтары» атты БДСҰ-ның жүйелері
C. «Дені сау қалалар» атты БДСҰ-ның жүйелері
D. «Үшінші әлем мемлекеттері» жүйесі
E. «Таяу Шығыс» жүйесі
Ситуациялық есептер:
№1 есеп
Медициналық университетте хирургия кафедрасының аспиранты демалыс уақытында өз отбасымен бірге өзінің жеке меншік көлігімен қала сыртындағы жазғы үйіне барды. Жол апаты нәтижесінде жол жабық болғандықтан, ол қаладан шыққан соң тоқтады. Көлігінен шыққан соң, ол жарақат алған, жол жиегінде ауыр жағдайда жатқан ер адамды көрді. Ол оң сан сүйегінің қансыраумен ашық сынығын байқады, автоинспектор жедел жәрдемді шақырғанын естіді. Осы кезде жол ашылды; дәрігер медициналық көмек көрсете алмаймын деп шешіп, жолын жалғастырды.
Сұрақтар:
1. Бұл жағдайда дәрігер медициналық көмек көрсетуге міндетті ме еді?
2. Дәрігерді заңды жауапкершілікке тартуға негіз бар ма?
3. Заң бойынша медициналық көмек көрсетуге құқылы тұлға, медициналық көмек көрсетпеген жағдайда, қандай себептері орнықты болуы мүмкін?
№2 есеп
68 жастағы М. атты науқас емхананың бас дәрігеріне емдеуші дәрігерін ауытыруы бойынша өтініш білдірді. Ол өзінің талабын, дәрігердің зейінсіз, өз ісіне мұқият қарамайтындығымен түсіндірді. Бас дәрігер науқас талаптарына үзілді-кесілді қарсы болып, өтінішін орындамай, науқасқа жеке клиникаға қаралуын сұрады. Бас дәрігер оның қоластындағы дәрігерлер шамадан тыс жұмыс істейтіндігін және олардың әр науқасты мұқият қарай алмайтындығын айтты.
Сұрақтар:
1. Емхана бас дәрігері іс-әрекетінің заңдылығына баға беріңіз.
2. Науқас емдеуші дәрігерін таңдау құқығына ие ма?
№3 есеп
59 жастағы Д. атты азамат жергілікті газеттегі жарнамалық хабарландырудан жаңа дәрілік препараттың сәтті қолданылып жатқанын оқып, осы медициналық фирмадан аталған дәрілік затты сатып алып, емделу үшін қолдана бастайды. Бірақ, 1 аптадан кейін дәрілік зат асқыну берген соң, ол дәріні қолдануды тоқтатады. Емдеу курсы 40 күнге есептелгендіктен, азамат фирмадан қалған ақшаны қайтаруды сұрайды. Фирма ақшаны қайтарудан бас тартып, келісімшарт бойынша емдеу курсын аяғына дейін қабылдауды ұсынды.
Сұрақтар: Науқас құқығының және жаңа дәрілік заттарды қолдану тәртібінің бұзылуы байқалады ма?
