Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз модуль Жүйке.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
528 Кб
Скачать
☆

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқуалар

№ 1 тақырып. «Мый қанайналымы бұзылысының патофизиологиясы. Сезімталдықтың бұзылысы. Ауыру сезімі. Жоғарғы жүйке әрекетінің патологиясы».

Сабақтың мақсаты:

  1. Мый қанайналымы бұзылысының этиологиясын, патогенезін меңгеру

Оқыту міндеттері :

Тақырыпты меңгерген студент орындай алады:

  • Жүйке жүйесінің зақымдалуының этиологиялық жайттарына сипаттама беруді.

  • Жүйке жүйесі қызметінің зақымдалу патогенезін түсіндіруді

  • Ишемиялық және геморрагиялық инсульттің патогенезін түсіндіруді

  • Сезімталдық бұзылысына сипаттама беру және олардың патогенезін түсіндіруді

  • Невроздардың этиологиясы мен патогенезін түсіндіруді.

  • Ситуациялық есептерді қорытындылауды.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жүйке жүйесі ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі.

  2. Мый қанайналымы бұзылысының этиологиясы мен патогенезі (ишемиялық және геморрагиялық инсульт).

  3. Сезімталдықтың бұзылысы, түрлері, даму тетіктері.

  4. Ауырудың анықтамасы, түрлері, этиологиясы мен патогенезі.

  5. Жоғарғы жүйке қызметінің бұзылысы, невроздар.

Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтармен жұмыс жасау: «мылқау» сызбанұсқаны толтыру, ситуациялық есептерді шешу.

Тәжірибелік жұмыс

№ 1 тапсырма. Кестені толтырыңыз

Сезімталдық бұзылысының даму тетіктері

Тетіктері

Патогенезі

Қабылдағыштық

Өткізгіштік

Орталықтық

№ 2 тапсырма. Кестені толтырыңыз. Сезімталдық бұзылысының түрлеріне атау беріңіз

Бұзылыс түрлері

Түсініктің анықтамасы, патогенезі

Сезімталдықтың толық жойылуы.

Серпіндердің қабылдағыштардан өткізгіштер арқылы сәйкес қыртысты аймаққа өтуінде бөгеттердің болуымен байланысты.

Сезімталдықтың төмендеуі.

Қозу табалдырығының жоғарылауы нәтижесінде дамиды.

Сезімталдықтың жоғарылауы. Қозу табалдырығының төмендеуі нәтижесінде дамиды.

Ауыруға сезімталдықтың жоғары болуы

Сипап сезу және терең сезімдердің сақталғанына қарамай, ауыру және температуралық сезімдері жоғалған.

Тітіркендіргіштерді қабылдаудың бұрмалануы (жылу суық тәрізді, сипау ауыру тәрізді қабылданады).

Тітіркендіргішті дерттік қабылдау-ауыруды пайда болған жерінде емес дененің симметриялы қарсы бетінде сезіну.

Бір тітіркендіргіш бірнеше сияқты қабылдануы.

№ 3 тапсырма. Кестені толтырыңыз. Ауыру түрлеріне сипаттама беріңіз

Ауыру ерекшеліктері

Эпикриздік ауыру

Протопатиялық ауыру

Қоздырғыш көзі

Жасырын кезең

Қоздырғышты жойғаннан кейінгі ұзақтығы

Өткізетін талшықтың түрі

Қабылдау табалдырығы

Орналасуы

№ 4 тапсырма.

Ситуациялық есептерді шешіңіз

№ 1 есеп

Мед.қызметкер Д., 59 жаста, ауруханаға түсердің алдында, таңертең төсектен тұрған кезде тепе-теңдігін ұстай алмай үнемі солға қарай құлай беретіндігін байқаған. Оған төсекке жатуға көмектескеннен кейін ол қатты бас айналу мен жүрек айнуын сезген. Екінші рет көмекке шақырғанда, ол өзінде афония (а) дамығанына көңіл аударды. Бір сағат өткеннен соң ол денесінің оң жақ жартысында парестезия (б) (жалған сезім) дамығанын байқаған. Сұйық тамақ ішу барысында (жүрек айнуына байланысты қатты тағамды қабылдамаған) жиі регургитация (кері лықсу) (в) дамыған.

Неврологиялық зерттеу барысында: сол жақ жұмсақ таңдайдың парезі(шала салдану) (г); жанына қарағанда — көлденең нистагм (д), әсіресе сол жаққа қарағанда айқын байқалады; сол жақ беттің және дененің гемигипестезиясы (е); сол жақ аяқ-қолдың — бұлшықеттік гипотониясы (ж) мен гипорефлексиясы (з); саусақ-мұрындық және табан-тізелік, сол жақ аяқ-қолдың дірілі (и). АҚ 195/106 мм с.б.б., сол жақ жүрек шекараларының 1,5 см кеңеюі, пульсі 90 екендігі анықталды.

1. Науқаста патологияның қандай түрі дамыды?

2. Оның мүмкіндік себебі қандай? Пирамидалық және экстрапирамидалық жүйенің бұзылыстарының көріністері бар ма?

3. Әріптермен белгіленген әйгіленімдерді сәйкес медициналық сөздермен сипаттаңыз. Осы әйгіленімдердің пайда болуының мүмкіндік себептері қандай?

№ 2 есеп

Науқас А., 72 жаста, денесінің сол жақ бөлігінің әлсіздігіне шағымданып аурухананың қабылдау бөліміне түсті. Бұл көріністер тамақ қабылдау кезінде кездейсоқ пайда болған. Науқас сол аяғымен және сол жақ қолымен қозғалта алмаған, сөйлеу қабілеті қиындаған. Анамнезінде науқастың артериялық гипертензиямен, ЖИА-мен ауыратыны және холестериннің деңгейі жоғары екендігі анықталды. Зерттеу барысында: АҚ 190/100 мм.с.б.б., сол жақтық айқын гемипарез, сол жағында Бабинский рефлексі оң. Мыйдың компьютерлік томографиясында қан құйылу көріністері жоқ.

  1. Науқаста патологияның қай түрі туралы ойлауға болады? Көрсетілген бұзылыстар мыйдың қай артериясының зақымдалуынан болуы мүмкін?

  2. Көрсетілген патологияны дамытқан қандай қауіп-қатер жайттарын осы науқаста анықтауға болады?

  3. Осы науқастағы неврологиялық бұзылыстардың даму тетіктері қандай?

№ 3 есеп

Науқас Ч., 20 жаста, институт бітіруші түлек ауруханаға мынадай: ұйқысының нашарлығына, ашуланшақтыққа, жылаңқылыққа, тәбетінің болмауына, көңіл-күйінің тұрақсыздығына, бас ауыруы сияқты көптеген шағымдармен келіп түсті. Қарап тексергенде: соматикалық статусы қалыптыдан өзгермеген. Анамнезінен белгілі болғаны көрсетілген өзгерістер соңғы 10 ай көлемінде дамыған. Осы кезеңде тұрмысқа сәтсіз шығу, жолдамамен жіберілген жаққа кету қажеттілігі сияқты науқаста өте қиын өмірлік жағдайлар болған. Бөлімшеде жатқан уақытта үнемі медициналық қызметкерлерге көңілі толмайтындығына шағымданып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап еткен. Әрбір тамақ қабылдағаннан кейін (жиі науқастардың және қызметкерлердің көзінше) құсқан.

  1. Науқастағы әйгіленімдер жиынтығының шығу тегі қандай?

  2. ЖЖӘ-нің бұзылыстарының қай түрінде осындай бұзылыстар жиі дамиды?

№ 4 тапсырма

Науқас С., 42 жаста, оқу оған қиындыққа түскенімен, ол өмірдің негізгі мақсаты жеке табыстарға жету, қоғамдағы өз орнын табу деп есептейтін жанұяда өскен. Институтты аяқтағаннан кейін ұйымдастыру қабілеті мен білімінің жеткіліксіздігіне қарамай, цех бастығы қызметіне қол жеткізді. Цех бастығы қызметін атқару барысында көптеген қиындықтарға тап болып, бұл өз кезегінде әкімшілік пен ұжым жағынан ескертпелер мен сөгістер алды. Дәл осы кезеңде бас ауыруы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, ұйқысыздық, тез шаршағыштық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі пайда болған. Қарап тексергенде: АҚ – 170/90 мм.с.б.б., пульсі - 90 рет мин, ошақты неврологиялық әйгіленімдер анықталмаған.

  1. Жүрек аймағының ауыруының, тахикардия мен артериялық гипертензияның дамуына қандай себептер әкелді?

  2. Науқаста жүйке жүйесі патологиясының қай түрі дамыған?

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 596-616

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 456-457, 462-464, 465-470

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 568-578, 576 -585, 599-605.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009

  5. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 229-247

  6. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С.654-678, 200-206, 688-704

Қосымша

  1. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. –С.241-254.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 131-135.

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – C. 324-326, 351-359

  4. А.С. Никифоров., Е.И. Гусев. Частная неврология.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С.32-51

Бақылау (сынамалық тапсырмалар)

Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 447-465 негізделіп жасалған.

№ 2 тақырып. «Жүйке жүйесінің қозғалыс қызметінің бұзылысы. Гипокинезиялар. Гиперкинезиялар, құрысулық синдромы. Қояншық ауруының этиологиясы және патогенезі. Менингиттің патогенезі.»

Сабақтың мақсаты:

Төмендегі бұзылыстардың даму және пайда болуының патофизиологиялық тетіктеріне түсінік қалыптастыру.

  • жүйке жүйесінің қозғалыс қызметінің бұзылысы.

  • тырыспа селкілдек синдромы

  • нейрожұқпа кезіндегі мый қабықшасының бұзылуы синдромы.

Оқыту міндеті:

Тақырыпты меңгерген студент орындай алады:

  • Жүйке жүйесінің қозғалыс қызметінің бұзылысының этиологиясын және патогенезін түсіндіруді

  • Құрысу синдромының патогенезін түсіндіруді

  • Менингеалдық синдром патогенезін түсіндіруді

  • Тәжірибе жүргізіп және оны қорытындылауды.

  • Ситуациялық есептерді қорытындылауды

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қозғалыстың нейрогенді бұзылыстары. Гипокинездік жағдай. Шала салдану мен сал ауруы туралы түсінік, этиологиясы, патогенезі.

  2. Гиперкинездік жағдай. Құрысулық жағдай туралы түсінік, этиологиясы, патогенезі.

  3. Қояншық ауруының этиологиясы және патогенезі

  4. Нейрожұқпаның этиологиясы және патогенезі.

  5. Менингиттер, менингеалдық синдромның патогенезі

Оқыту әдістері және сабақ беру:

Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтармен жұмыс жасау: тәжірибелерді орындау, «мылқау» кестелерді толтыру, ситуациялық есептерді шешу.