Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салық лекция дайын.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
380 Кб
Скачать
☆

Дәріс жоспары

1.Салық міндеттемесін орындау реті

2.Салық міндеттемесін орындау мерзімдері мен салық берешегін өтеудің тәртібі

3.Салық мiндеттемесiнің салық жүйесіндегі ерекшелікері 

4. Салық мiндеттемесiн орындау кезiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу ерекшелiктерi.

1. Салық міндеттемесі – салық заңына сəйкес салық төлеушінің мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті. Екіншіден, мемлекеттің салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден оның салық міндеттемесін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал салық міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда Салық Кодексіне көзделген тәртіппен оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.

Салық төлеуші салық міндеттемесін орындауды дербес жүзеге асырады. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:

1) салық органында тіркелу есебіне тұрады;

2) салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді;

3) салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді, салық базасы мен салық ставкаларын негізге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің сомасын есептейді;

4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына табыс етеді;

5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.

Салық төлеуші салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға тиіс. Салық төлеуші салық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауға да құқығы бар. Қолма-қол емес нысанда орындалатын салық төлеушінің салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі. Сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда - салық төлеуші көрсетілген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып саналады.

Салық Кодексінде белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсетеді. Салық төлеушінің салық агенті орындайтын, салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалған болып есептеледі.

Салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша міндеттеме Салық Кодексінде, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелерінде төлеудің заттай нысаны немесе шетелдік валютада төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындалады. Салық міндеттемесін орындау кезінде салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу ерекшеліктерін қарастырайық. Төлем көзінен ұсталатын салықтың сомасын есептеуді салық агенті жүзеге асырады.

2. Салық міндеттемесін орындау мерзімдері Салық Кодексінде белгіленеді. Бұл ретте, Салық Кодексінде белгіленген мерзімнің өтуі салық міндеттемесін орындау мерзімінің басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңдық іс-қимылдан кейін келесі күні басталады. Мерзім Салық Кодексінде белгіленген кезеңнің соңғы күнінің соңында аяқталады. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) бересі сомасы;

2) есептелген өсімпұлдар;

3) айыппұлдар сомасы.

3. Салық төлеушiнiң салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған сәйкес салық төлеушi салық органына тiркеу есебiне тұруға, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салық есептiлiгiн жасауға, оны белгiленген мерзiмде табыс етуге, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi. 

Мемлекет салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден - оның салық мiндеттемелерiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөнiндегi тәсiлдердi және осы Кодексте көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.  Салық міндеттемесінің негізгі элементтері:   Салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер   Мүлiк пен iс-әрекеттер салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушiнің салық мiндеттемесi туындайды. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемнiң әрбiр түрi бойынша салық салу объектiсi мен салық салуға байланысты объект сәйкес айқындалады. 

4. Салық мiндеттемесiн орындау кезiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу ерекшелiктерi: 

1. Төлем көзiнен ұсталатын салық сомаларын есептеудi салық агентi жүзеге асырады. 

2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң сомасын есептеу жөнiндегi мiндет салық органына және уәкiлеттi органдарға жүктелуі мүмкін.

Салық төлеушiнiң салық мiндеттемесiн орындау қажеттiгi туралы салық қызметi органының салық төлеушiге қағазға түсiрiлген немесе оның жазбаша келiсiмiмен электрондық тәсiлмен жiберген хабары хабарлама деп танылады.   Хабарлама түрлерi төменде аталған түрлермен шектеледi және олар салық төлеушiге мынадай мерзiмдерде: 

1) салық органы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы - есептеп шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей; 

2) салық тексеруi нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен өсiмпұлдардың есептелген сомасы туралы - салық тексеруi актiсiн табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей; 

3) мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiнiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде қолданылатын шаралар туралы, көрсетiлген мерзiмдер аяқталғаннан кейiн; 

4) салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алудың қолданылатын шаралары туралы - мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданыла бастағанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей; 

5) дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы - өндiрiп алуға дейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей; 

6) камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы - салық есептiлiгiнде бұзушылық анықталған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей; 

7) салық төлеушiнiң шағымын қарау нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы - шағым бойынша шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей; 

8) салық заңдарын бұзушылықты жою туралы - оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;

9) қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және орналасқан жерi өзгерген күннен бастап мұндай өзгерiстер туралы жиырма жұмыс күнi iшiнде салық органын хабардар етпеген тұлғаны есептен шығару туралы - қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жiберiледi. 

Хабарламада салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты немесе толық атауы; сәйкестендiру нөмiрi; хабардар етiлген күн; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда салық мiндеттемесiнiң сомасы; салық мiндеттемесiн орындау туралы талап; хабарлама жiберу үшiн негiздеме; шағымдану тәртiбi көрсетiледi. 

Хабарламалардың нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.   Хабарламаны жiберу фактiсi сол бойынша расталатын хабарламаны қоспағанда, хабарлама салық төлеушiнің жеке өзiне қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.   Хабарламаны салық төлеушi өзiне хабарлама тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс. 

Кілттік сөздер: бересі сомасы, есептелген өсімпұлдар, айыппұлдар сомасы, есепке жазылған сома, аванстық және ағымдағы төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу.