4 Сурет. Капиллярдағы эритроциттің төменгі(а) және жоғары(б) жылдамдық кезіндегі көрінісі.
Тар қан тамырларында ағыс жылдамдығының артуы эритроциттің деформациялануын туғызады, бұл эритроцит пен тамыр қабырғасы арасындағы саңлаудың одан ары ұлғаюына алып келеді, нәтижесінде қанның тұтқырлығы одан ары төмендейді (4б- сурет).
Эритроцит өте созылмалы, майысқақ болып келеді, соның салдарынан оның қос ойыс дискі түріндегі формасы деформацияланып, диаметрі 3 мкм болатын капилляр ішіне оңай кіріп кетеді, бұл эритроцит мембранасының капилляр қабырғасымен жанасатын ауданын ұлғайтып, ондағы зат алмасуды жақсартады және капиллярдағы аққан қанның тұтқырлығын кемітеді (5-сурет). Капилляр жүйесіндегі осындай құбылыстар жүрекке түсетін күшті азайтады. Кей патология әсерінен эритроцит қабырғасының майысқақтығы (эластикалықтығы) төмендейді, нәтижесінде қан айналысы нашарлайды.
5 Сурет.
Эритроцит концентрациясының ұлғаюы немесе кемуі қан тұтқырлығын өзгертеді. Мысалы, қалыпты жағдайда қан тұтқырлығы 4-6 мПас болса, анемия (эритроциттің кемуі) кезінде 2-3 мПас дейін төмендейді, ал полицитемияда бұл көрсеткші 15-20 мПас дейін жоғарылайды екен.
Енді қанның гемодинамикалық сипаттамалары -қан қысымы мен ағу жылдамдығын қарастырайық.. Қан тамарлары: аорта артерияға, ол артериолаға, ол өз кезегінде капиллярларға тармақталып кетеді, бұл әр жеке тармақтың (тамырдың) диаметрінің кішірейуіне, бірақ осы тамырлар жүйесіне енетін барлық тармақтардың ауданының қосындысының ұлғаюына алып келеді. Ағыстың үздіксіздік теориясына сәйкес сұйықтың сызықтық жылдамдығы v түтіктің көлденең қимасының ауданы S кері пропорционал болатын, осы принципке сәйкес ең жылдам қан ағысы аортада байқалады, өйткені оның көлденең қимасының ауданы тамырлар жүйесінде ең кішісі болып саналады және қан жылдамдығы аортадан капиллярға қарай біртіндеп азая береді. Барлық капиллярдың ауданы аорта ауданынан 500-600 есе көп, сондықтан капиллярдағы қан ағысының жылдамдығы 500-600 есе аз, оның шамасы 1 мм/с төңірегінде. Қалыпты жағдайда аортадағы қан жылдамдығы 0,5м/с ден 1м/с дейін болса, үлкен физикалық жүктеме кезінде ол 20 м/с дейін жоғарылайды.
Капиллярдағы қан ағысының төмен болуы қан мен ұлпа арасындағы зат алмасуды қамтамасыз етеді, бұл мысал ағзадағы зат алмасу процесінің негізгі бөлігі капиллярларда өтетіндігін көрсетеді. Капиллярлар біріге келе вена тамырына айналады, вена тамырының саңлауы барлық капиллярларға салыстырғанда аз екендігі белгілі, соның салдарынан венедағы қан ағысының сызықтық жылдамдығы артады. 6 суретте тамырлар жүйесінің түрлі аймағындағы қан жылдамдығының өзгеруі көрсетілген.
50 40
V,
см/с
50 40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
30 20
10 0
аорта
арте-
артериола
капил
вена
pия
лярлар
