- •Дәріс комплекстері Фармакология -1 пәні бойынша
- •051301 «Жалпы медицина» мамандығына арналған
- •Тақырыбы: Кіріспе. Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы
- •Тезистері:
- •Әдебиет:
- •Тақырыбы: Холинергиялық заттар
- •Тезистері:
- •Тезистер:
- •Әдебиет:
- •Әдебиет:
- •Тақырыбы: Адренергиялық заттар
- •Тақырыбы: гамқ-рецепторларға әсер ететін заттар
- •Тезистер:
- •Әдебиет:
- •Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы: Туберкулезге қарсы заттар. Спирохеталарға қарсы заттар. Саңырауқұлақтарға қарсы заттар. Вирустарға қарсы заттар
- •Тезистер:
- •Әдебиет:
- •Қорытынды сұрақтары:
- •Тезистер:
- •Әдебиет:
- •Қорытынды сұрақтары:
Тақырыбы: гамқ-рецепторларға әсер ететін заттар
Мақсаты: ГАМҚ-рецепторларға әсер ететін заттар туралы студенттерге анықтама беріп?, Олардын фармакологиялық әсерлерімен, кері әсерлерімен, қолдану көресеткіштерімен таныстыру.
Тезистер:
Ұйықтатқыш заттар (нитразепам, фенобарбитал, зопиклон золпидем). Жіктелуі. Ұйқтатқыш заттардың мүмкін болатын механизмдері және ұйқы құрылымына ықпалы. Барбитурат қышқылы мен бензодиазепин туындыларының және алифатты қосылыстарының әсер ету ерекшеліктері және салыстырмалы сипаттамасы. Қысқа әсер ететін бензодиазепиндер (триазолам). Кері әсерлері. Дәріге тәуелді болудың даму мүмкіндігі.
Ұйқтатқыш әсер көрсететін басқа фармакологиялық топтардың препараттары.(мелотонин)
Ұйқтатқыш заттармен жедел улану және фармакотерапия қағидалары.
Иллюстрациялы материал: слайдтер
Әдебиеттер:
Негізгі:
Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 с. - Қазақшаға аудармасы
Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии., М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.
Қосымша:
Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 с.
6. Қорытынды сұрақтары:
- Бензодиазепин туындыларының ГАМК рецепторларын тигізетін әсерінін механизмы?
- Тырысуды басатын дәрілердін ГАМК рецепторларын тигізетін әсерінін механизмы?
Тақырыбы: Опиатты рецепторларға әсер ететін заттар.
Мақсаты: Наркотикалық заттардын әсерлерінін ерекшеліктерімен таныстырып, олардын әсер ету механизмдерін анықтау, фармакологиялық әсерлерінб кері әсерлерін, қолдану көрсеткіштерін көрсету.
Тезистер:
Наркотикалық (опиоидты) аналгетиктер (морфин гидрохлориді, промедол (тримеперидин), пентазоцин, фентанил, трамодол, просидол).
Жалпы сипаттамасы. Ноцицептивтік және антиноцицептивтік жүйелер. Опиатты рецепторлар және олардың эндогенді лигандалары. Аналгезияның мүмкін болатын механизмдері.
Опий алкалоидтары. Наркотикалық аналгетиктердің жіктелуі. Негізгі әсер ету ерекшеліктері. ОЖЖ байланысты әсер етуі. Жүрек-қан тамыр жүйесіне , асқазан-ішек жолдарына әсері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолдану көрсеткіштері. Нейролептаналгезия түралы түсінік. Кері әсерлері.
Наркотикалық аналгетиктермен жедел улану, және оның фармакотерапиясының негізгі қағидалары. Дәріге тәуелділік, оның алеуметтік аспектілері, емдеу қағидалары.
Наркотикалық аналгетиктердің антагонисттері (налоксон, налтрексон). Әсер ету қағидалары, салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы.
Иллюстрациялы материал: слайдтер
Әдебиет:
Негізгі:
Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 с. - Қазақшаға аудармасы
Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии., М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.
Қосымша:
Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 с.
Қорытынды сұрақтары:
Ноцицептивті және антиноцицептивті жүйелер.
Нейролептанальгезия туралы түсіндірме.
Дәрілерге тәуелділік
Тақырыбы: Қабынуға қарсы заттар
Мақсаты: Қабынуға қарсы әсер ететін негізгі дәрілері-дәрмектермен таныстыру. Олардын әсер ету механизмдерінін дәрінін әсерлеріне? Кері әсерлеріне, қолдану көрсеткіштеріне, кері көрсеткіштеріне қалай ықпал ететінін көрсету. Аллергиялық ауруларда қолданылатын негізгі дәрі-дәрмектермен таныстырып, олардын аллергиялық процессты тежейтін механизмдерін анықтау.
Тезистер:
Стероидты қабынуға қарсы заттар (гидрокортизон, преднизолон, дексаметазон, триамцинолон, флуметазон пивалаты). Дәрі-дәрмектердің қабынуға қарсы әсер ету механизмі. Фармакодинамикасы. Қолдану көрсеткіштері. Кері әсерлері.
Стероидты емес қабынуға қарсы заттар (ацетилсалицил қышқылы, бутадион, ибупрофен, индометацин, пироксикам, диклофенак-натрий, напроксен, кеторолак).ЦОГ2-нің таңдамалы ингибиторы – мелксикам, целекоксиб.
Мүмкін болатын қабынуға қарсы механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолдану көрсеткіштері. Кері әсерлері.
Баяу әсер ететін қабынуға қарсы заттар (хингамин, пеницилламин, кризалон). Қолдану көрсеткіштері. Кері әсерлері.
Базисті қабынуға қарсы заттар. Анықтамасы. Жіктелуі. Әсер ету ерекшеліктері.
Арнайы және арнайы емес гипосенсибилизация түралы түсінік. Аллергияға қарсы заттардың жіктелуі. Гиперсезімталдықтың жедел түрінде қолданылатын заттар (кромолин натрий, кетотифен, гидрокортизон, преднизолон, дифенгидрамин (димедрол), ), лоратадин (кларитин), тельфаст, астемизол.
Аллергиялық реакцияның медиаторларының босануына кедергі жасайтын дәрі-дәрмектер (кетотифен, кромолин-натрий, бета-адреномиметиктер, ксантиндер, глюкокортикоидтар) және олардың салыстырмалы сипаттамасы.
Аллергиялық реакциялар медиаторларының антагонистері. Жіктелуі.
Антигистаминді заттар. Н1-гистаминді рецепторларына әсер ететін препараттар. Н1-гистаминді тежеушілердің салыстырмалы сипаттамасы.Антисеротонинді (ципрогептадин) және антибрадикининді (пармидин т.б.) заттар. Жалпы сипаттамасы. Анафилактикалық шок кезінде қолданатын заттар (адреномиметиктер, миотропты әсер ететін бронхолитиктер, улпалардың зақымдалуын төмендететін заттар). Қолдану ерекшеліктері. Гиперсезімталдықтың баяу түрінде қолданылатын заттар. Иммуногенезді басатын заттар. Улпалардың зақымдалуын төмендететін заттар (қабынуға қарсы заттар және т.б ). Дәрі-дәрмектердің жалпы сипаттамасы. Мүмкін болатын кері әсерлері.
Иллюстрациялы материал: слайдтер
Әдебиет:
Негізгі:
Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 с. - Қазақшаға аудармасы
Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии., М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.
Қосымша:
Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 с.
Қорытынды сұрақтары:
Стероидті дәрілер қабынудын қандай кезендеріне әсер етеді?
Глюкокортикоидтердін қабынуға қарсы әсерінін механизмы?
Стероидті емес заттардын қабынуды басатын механизмы?
Тақырыбы: Антибиотиктер. Әр түрлі құрылымды микробқа қарсы синтетикалық заттар
Мақсаты: Антибиотиктердін негізгі топтарымен таныстыру. Олардын әсер ету механизмдерін анықтау. Антибиотиктерді қолданғанда пайда болатын кері және улы әсерлерді көрсету. Әртүрлі химиялық құрылысы бар жасанды антибактериалды заттармен таныстыру. Олардын әсер ету спектрін, қолдану көрсеткіштерін, механизмдерін анықтау.
Тезистер:
Антибиотиктердің негізгі әсер ету механизмі, жіктелу қағидалары. Негізгі және резервті антибиотиктер туралы түсінік. Препараттардың сипаттамасы.
Антибиотикотерапия туралы түсінік. Оған қойылатын талаптар. Антибиотиктердің негізгі әсер ету механизмдері, жіктелу қағидалары. Препараттардың сипаттамасы. Қолдану көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері. Кері әсерлері.
Бета – лактамды антибиотиктер.
Пенициллин тобының антибиотиктері: препараттардың жіктелуі, әсер ету механизмі мен спектрі және фармакокинетикасы. Жартылай синтетикалық пенициллиндердің қолданылуы және әсер ету ерекшеліктері. Уреидопенициллиндер. Бета-лактамазалар ингибиторлардың біріктірілген препараттары (аугментин). Кері әсерлері.
Цефалоспариндер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Фармакокинетикасы және әсер ету спектрінің ерекшеліктері, әр түрлі ұрпақтағы цефалоспариндердің қолданылуы. Кері әсерлері.
Басқа бета-лактамды антибиотиктер. Карбопенемдер (имипинем, меропенем) ерекшеліктері. Кері әсерлері.
Макролидтер. Әсер ету механизмі. Микробқа қарсы ерекшеліктердің спектрі, фармакокинетикасы және қолданылуы. Кері әсерлері. Жаңа макролидтер ( азитромицин ), олардың ерекшеліктері.
Линкозамидтер- линкомицин, клиндамицин. Әсер ету механизмі. Микробқа қарсы әсер ету спектрі, фармакокинетикасы, қолданылуы.Кері жағымсыз әсерлері.
Стафилакокқа қарсы антибиотиктер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Фармакокинетикасы қолданылуы және әсер ету спектрінің ерекшеліктері. Резервтегі антибиотиктер (ванкомицин). Қоланылуы. Кері әсерлері.
Тетрациклиндер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Жартылай синтетикалық тетрациклиндердің әсер ету ерекшеліктері. Әсер ету спектрі және фармакокинетикасы. Қолданылуы. Кері әсерлері.
Хлорамфеникол топтары (левомицетин). Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Фармакокинетикасы және әсер ету спектрінің ерекшеліктері, қолданылуы. Кері әсерлері.
Аминогликозидтер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әр түрлі ұрпақтағы препараттардың фармакокинетикасы және әсер ету спектрінің ерекшеліктері. Қолданылуы. Кері әсерлері.
Полимиксиндер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әсер ету спектрінің ерекшеліктері және қолданылуы. Кері әсерлері.
Рифампициндер. Рифампициннің механизмі және әсер ету спектрі. Қолданылуы. Кері әсерлері.
Әртүрлі химиялық құрылысы бар жасанды антибактериалды заттардын жалпы сипаттамасы. Әсер ету механизмі.Хинолин, 8- оксихинолин.Нитрофуран және фторхинолон туындыларының антибактериалды әсер ету спектрі. Хиноксолин туындылары (хиноксидин, диоксидин), әсер ету ерешкліктері. Қолдану көрсеткіштері. Кері әсерлері. Оксазолидинолдар.
