- •Алматы, 2015
- •Өнім түрлерін талдау
- •Көрсетілген құн бойынша өнімнің шығарылуына құрылымдық ығысудың әсер ету есебі (орта баға бойынша)
- •Тікелей есеп әдісі бойынша өнімнің құрылымын талдау және құрылымдық ығысу әсерінің есептелінуі
- •Товар өткерілу бағасы туралы арнаулы шешімдер
- •Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиет
Зиянсыздықтың экономикалық моделі
Зиянсыздықтың бухгалтерлік моделі
Өндіріс көлемінің зиянсыздық нүктесі
Товар өткерілу бағасы туралы арнаулы шешімдер
Сабақта жұмыс істеуге арналған жаттығулар, тапсырмалар, есептер
Зиянсыздықты анықтауға бағытталған есептер
12.1. Ксерокөшірме қызметімен жұмыс істейсіз. Бір парақ ксерокөшірменің сатылу бағасы - 4 теңге. Бір парақтың айнымалы шығыны –1,5 теңге (ұнтақпен есептегенде). Тұрақты шығындар (жалға алынған ғимарат) – 3000 теңге.
а) Зиянсыздық нүктесіне жетуі үшін қанша ксерокөшірме қажет?
ә) Жалға алынған ғимаратыңыздың құны 50%-ға көтерілді. Зиянсыздық нүктесі қанша болады?
б) 5000 тенге көлемінде пайда табуды көздейсіз. Сонда қанша ксерокөшірме жасау қажет? (жалға алынған ғимараттың бағасы көтерілген кезде)
в) 8000 ксерокөшірме жасаған кезде қауыпсіздік маржасы қандай болады? (жалға алынған ғимараттың бағасы көтерілген кезде).
12.2. Сіздің тобыңыз «Алтын орта» мейрам күнін атап өтеді және осы мейрамды өткізу үшін кафенің екі варианты ұсынылды (теңгеде):
|
Кафе «Пекин» |
Кафе «Палуба» |
1 адамға кететін айнымалы шығын |
800 |
600 |
Жал ақысы (жиынтық) |
2000 |
6600 |
Официанттардың қызметі |
Есепке алынбайды |
Жал ақысына қосылған |
Сыйлықтар шығыны 2500 теңгені, сонымен қатар ансамбль қызметі 3500 теңгені құрайды. Бір адамға кететін билет құны –1200 теңге.
Талап етіледі:
(а) әрбір кафе бойынша билеттердің зиянсыздық санын анықтау;
(ә) билеттердің саны қанша болуы тиіс, егерде екі кафенің шығындары бірдей болса?
12.3. Зиянсыздықтың факторлық талдауына бағытталған есеп
Келесі мәліметтер берілген:
Көрсеткіш |
Көрсеткіш деңгейі |
|
өткен кезең |
есептік кезең |
|
Өнімді өткізудің көлемі, дана |
5 000 |
4 500 |
Бағасы, теңге |
200 |
220 |
Бірліктің айнымалы шығындары, теңге |
80 |
85 |
Жиынтық тұрақты шығындар, теңге |
350 000 |
360 000 |
Талап етіледі: зиянсыздық нүктесіне және қауіпсіздік маржасына әсер ететін факторларға талдау жүргізу.
Кері байланыс түріне қолданылатын материалдар
Тест 1. Тұрақты шығындарға не жатады?
A) Жал төлемдері
B) Негізгі шикізат
C) Кесімді жалақы
Тест 2. Тұрақты және айнымалы компоненттерді қосатын шығындар – бұл:
А) айнымалы шығындар
В) тұрақты шығындар
С) жартылай тұрақты шығындар
D) жартылай айнымалы шығындар
Е) реттелетін шығындар
Тест 3. Айнымалы шығындар деп
A) өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтады
B) өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретін шығындарды айтады
C) тұрақты және айнымалы компоненттерді қосатын шығындарды айтады
Тест 4. Маржиналды (шекті) табыс – бұл:
өнімді өткізуден түскен табыс пен барлық айнымалы шығындардың арасындағы айырмашылық
өнімді өткізуден түскен табыс пен барлық тұрақты шығындардың арасындағы айырмашылық
өнімді өткізуден түскен табыс пен барлық өндірістік шығындардың арасындағы айырмашылық
Тест 5. Бір бірлікке шаққан маржиналды пайда – бұл:
бағамен бірлікке шаққан айнымалы шығындардың арасындағы айырмашылық
бағамен бірлікке шаққан тұрақты шығындардың арасындағы айырмашылық
бағамен бірлікке шаққан барлық шығындардың арасындағы айырмашылық
Тест 6. Зиянсыздық нүктесі – бұл:
0-ге тең өндірістік көлем
зиян әкелетін өндірістік көлем
не пайда, не зиян жоқ өндірістік көлем
пайда әкелетін өндірістік көлем
Тест 7. Зиянсыздық нүктеде:
өнімді өткізуден түскен табыс жалпы шығындарға тең болады
өнімді өткізуден түскен табыс жалпы шығындардан көп болады
өнімді өткізуден түскен табыс жалпы шығындардан кем болады
өнім өндірілмейді
Тест 8. Бір бірлікке айнымалы шығындар 7 теңгеге тең және де олар сатылу бағасының 70%-н құрайды. Тұрақты шығындар жылына 141000 теңге. Зиянсыздық нүктесі неге тең?
А) 33000 теңге
В) 38000 теңге
С) 44000 теңге
D) 47000 теңге
Әдебиеттер тізімі
Негізгі: 1, 3.7-тарау; 8, 14-тарау
Қосымша: 6, 7-тарау; 8, 17-тарау
13-сабақтың тақырыбы. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
Сабақтың мақсаты: инвестициялық шешімдер қабылдау барысында әртүрлі бағалау әдістерін қолдануды үйрету
Талқылауға арналған сұрақтар:
Инвестицияның мәні
Ақшаның ағымдағы құны және болашақ құны
Таза дисконтталған құн, ішкі толықтыру нормасы
Есептік толықтыру коэффицент
Инвестициялық проект бойынша шешімдердің талдауы
Инфляция жағдайындағы инвестициялық проектілердің талдауы.
Сабақта жұмыс істеуге арналған жаттығулар, тапсырмалар, есептер
13.1. «Восход» кәсіпорны көкөніс шербетін жасайтын жаңа құрал жабдық сатып алуды жоспарлап отыр. Құрал жабдық 450000 теңгені құрайды және оған 10 жыл кепілдік беріледі, ал жойылу құны – 50000 теңге. Сонда жылдық табыс пен шығыстар төмендегідей болады (теңгеде):
Өнімді өткізуден түсетін табыс |
|
300000 |
Минус: Операциялық шығындар: |
|
|
Жарнама |
100000 |
|
Операторлардың жалақысы |
70 000 |
|
Техникалық қызмет көрсету |
30000 |
|
Тозуы |
40000 |
240 000 |
Таза табыс |
|
60000 |
Талап етіледі:
а) көкөніс шербетін шығаратын құрал жабдықтың қайтылымдық кезеңін есептеу. «Восход» компаниясы құрал жабдықтың өзіндік құны 4 жылда ақталатын болса немесе 4 жылдан бұрын ақталатын болса ғана осы жаңа машинаны сатып алуы мүмкін. Сонда «Восход» компаниясының критерийсына сәйкес машина сатып алуы тиімді болады ма? Жауапты түсіндіру қажет.
ә) жаңа құрал жабдықтың рентабельділік индексін (табыстылық коэффициентін) анықтау.
Кері байланыс түріне қолданылатын материалдар
Тест 1. Жобаларды бағалау әдістері:
түзету әдісі, қосымша жазу әдісі
инвестицияның орташа табыс нормасы, өтеушілік кезеңі, табыстың ішкі нормасы, ағымдағы таза құн
кумулятивті әдіс, индекстік әдіс
Тест 2. Инвестицияның қайтарылымы:
несиені пайдалану кезеңінде пайыздық төлемдердің түсуі
таза пайданың алынуы
капиталға салған негізгі қарыз сомасының қайтарылуы
D) дисконтталған құн
Тест 3. Өтеушілік (кезең) әдіс:
нақты өндіріс кезеңі
салынған инвестицияларды қайтару үшін қажетті кезең саны
С) жылдық есеп беру кезең.
D) болашақтағы кіріс алатын кезең
Е) жобаға салынған инвестиция сомасы
Тест 4. Инвестиция өтелетін болуы үшін таза келтірілген құн:
пайдаланылатын капитал құнынан көп болуы керек
қаржылардың барлык түсімінің ағымдағы құнына тең болуы керек
таза келтіріліген құн күрделі салымнан жоғары болуы керек
нөлге тең болуы керек
Әдебиеттер тізімі
Негізгі: 1, 3.7-тарау; 8, 14-тарау
Қосымша: 6, 7-тарау; 8, 17-тарау
