Басым мақсаттар былайша түзілуге тиіс:
ілгері елдермен белсенді қарым-қатынас жасау, Қазақстанның энергетикалық секторына капитал тарту және еліміздің әскери доктринасын әзірлеу арқылы ұлттық қауіпсіздікті нығайту;
ауылдың неғурлым өткір проблемаларын шешу;
кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес;
ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның бірлігін нығайту жолымен экономикалық өркендеуге жету;
барлық әлеуметтік-экономикалық реформаларды аяқтау, ең алдымен бюджет саласындағы реформаларды аяқтау, соның нәтижесінде зейнетақыларды, жалақыны және әлеуметтік жәрдемақыларды толық көлемінде уақытылы төлеу;
қолайлы инвестициялық ахуал туғызу;
үкімет пен мемлекеттік қызмет реформаларын жеделдету, сыбайлас жемқорлық пен қиянатқа қарсы күресті күшейтуі.
Инфрақұрылымды дамыту жоспарында мыналар қарастырылған:
2000 жылың соңында „Достық" және „Ақтоғай" станциялары арасындағы теміржол инфрақұрылымын жақсарту, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында теміржол көлігінің қуаттарын ұлғайту;
1999 жылдың соңына қарай Ақтау қаласындағы теңіз аймағын қайта жаңартудың бірінші кезегін жүзеге асыру;
2000 жылдың соңына қарай Алматы — Ақмола — Бурабай жолын жаңғыру;
2002 жылдың соңына қарай Семей қаласында Ертістегі көпір мен оның кірме жолдарының құрылысын аяқтау;
2000 жылы Астанадағы әуежайды қайта жаңарту.
Біздің стратегиялық жолымыздағы алғашқы қадамдар мен алғашқы нәтижелерді неғүрлым тереңірек таңдау мен қадағалау мүмкіндігі бар. Солардың негізінде таңдап алған жолымыздың дұрыстығын терең пайымдайтын боламыз, мемлекетке деген сенім артады, ортақтық және отаншылдық сенім беки түседі
Экономикалық тепе-теңдіктің теориялары:
Экономистер көптеген жылдар бойы және қазіргі кезде тепе-теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін-бірі жоққа шығаратын екі тенденцияны қосады: экономикалық тепе-теңдік және экономикалық динамика. Тепе-теңдік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батист Сэйді (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай-ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс=шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең. Алайда нақты нарықтық экономика құрылымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады-табыс толық жұмсалмайды (бір бөлігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның бір бөлігін займ (несие) есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты өмірде Сэй моделінде көрсетілгендей, “сұраныс ұсыныс болып табылады”, яғни баланстанбайды. Себебі сұраныс жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыныс несие мөлшеріне артады. Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігі жинақталған инвестиция мен несиленген инвестиция теңдігін талап етеді.
Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымымынан шығып қалады. Сондықтан олар сұранымға айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды. Демек, жинақтау макроэкономикалық тепе-теңдікті бұзады... Экономикалық өсудің идеалды моделі мына ескереді: барлық жинақтау инвестицияға (күрделі қаржыға) айналады.
Жинақтау инвестицияның негізін құрайтынын және жинақтау мен инвестиция ылғи-да бір-бірімен тең екендігін Дж. Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен инвестициялар табыс пен тұтыныс арасындағы айырмашылыққа тең. Егер табысты ақшалай түрде емес натуральды заттай түрде қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарларға бөлінеді. Өндірістік және капиталдық тауарлардың жалпы шығарылуы нақты сұраным немесе инвестициялық сұраным болып табылады.Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден-бір ең маңызды динамикалық элемент болып есептелінеді. Бұл модельдің бірден-бір міндеті экономиканы тұрақты өсу жылына салу. Дж. Кейнс мынаны көрсетті: тепе-теңдік жағдайына жету (жиынтық сұраным = жиынтық ұсыным) инфляция, жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуімен сайма-сай келеді.
Жиынтық сұраным- тауар мен қызмет көрсетудің әр түрлі көлемін байқататын модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын.
Жиынтық ұсыным- кез- келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модель.
Тепе- теңдік жағдайы ресурстарды толық қолданғанды көрсетпейді.
