II. Гиперсезімталдық реакциясының цитотоксикалық түрі.
Бұл түрде аллергиялық реакция иммуноглобулин G (І§G4-тен басқасы) және І§М-мен жүреді.
Аллергендері - аутоантидене қасиетіне ие болған табиғи клеткалар (мысалы, закымданған қан клеткалары) және клетка сыртындағы қүрылыстар (мысалы, бүйрек шумағының базальды мембранасы).
Клеткалардың аутоантигендік қасиетіне ие болу себептері:
1) клетка антигендерінің қүрылысының өзгерістері;
2) мембрананың зақымдануымен жаңа «жасырын» антигендердің пайда болуы;
3) антиген + гаптен комплексінің қүрылуы.
Иммунды жауабында ІgG және ІgМ өнімі шығып, өзінің Ғ(ав) 2 - фрагменттерімен клетка антигендерімен байланысады, иммундық комплекстер қүрылады. Иммундық комплекстердің әсерімен үш түрлі механизм қосылады:
1) комплемент белсеніп, оның әсерінен цитотоксикалық реакция жүреді;
2) фагоцитоз белсенеді;
3) К-клеткалар белсенеді және антидене тәуелді клеткалық цитотоксикалық процесс жүреді.
Патохимиялық кезеңінде комплементтің белсенуімен қабындыру клеткалары опсонизацияға үшырап, миграциясы белсенеді, фагоцитоз күшейеді, СЗа; С5а-ның әсерімен, кининдердің пайда болуымен, клеткалардың мембранасы бұзылып, гистамин бөлініп шығады.
Нейтрофильдердің, моноциттердің, эозинофиддердің белсенуі, олардан лизосомальды ферменттерді шығарады, супероксидтің анионрадикал және синглеттік оттегі қүрылады. Осы заттардың бәрі клеткалар мембранасының зақымдануына қатысады және клетка мембраналарының липидтерінің бос-радикальды тотығуының басталуына және оның әрі қарай жүруіне үнемі ықпал жасайды.
Аллергияның 2 - түріне аутоиммунды гемолиздік анемия, аутоиммунды тиреоидит, аллергиялық дәрілік агранулоцитоз, тромбоцитопения, нефротоксикалық нефрит және басқалар жатады
Ш. Гиперсезімталдық реакциясының иммунды комплекстік түрі. Цитотоксикалық П түрге үқсас, ІgG және ІgМ қатысады. Одан айырмашылығы, антиденелер ерітінді антигендермен байланысады. Осының салдарынан қан айналымында жүретін айналымды иммундық комплекс құрылады (АИК). Микроциркуляциялық жолдарда олар тоқтап-бекіп қалса, комплемент белсенеді, лизосомалық ферменттер босап шығады,
кининдер, супероксидтік радикалдар құрыльш, гистаминнің және серотониннің бос шығуына, эндотелийлер зақымданып, тромбоциттердің агрегациясына, тіндердің зақымдануына әкеледі
Гиперсезімталдық реакциясының Ш түріне сарысу ауруы, Артюс феноменінің жергілікті реакциясы, экзогендік аллергиялық альвеолиттер (фермер өкпесі, көгершін өсірушілердің өкпесі және басқалар), гломерулонефрит, тағам және дәрілік аллергаяның кейбір түрлері, аутоиммундық патология жатады.
Аллергиялық реакцияның үшінші түрінің жүруі мына факторларға байланысты:
І.Иммундық комплекс еритін болуы керек, антигеннің саны антиденелерден аздаған көп, молекулалық масcа - 900-1000 кД.
2.Иммундық комплекстің құрамына иммуноглобулин ІgG мен ІgМ-ді белсендіретін комплемент кіреді.
З.Иммундық комплекс қан айналымында ұзақ уақыт жүруі керек. Ол антигеннің организмге ұзақ уақыт түсуіне және иммундық комплекстің организмнен шығуының бұзылуына байланысты. Иммундық комплекстің организмнен шықпауы фагоцитоз жүйесінің жүктемесінің көбеюінде, Ғс-, СЗв - С4в рецепторларының блокадасында болады.
4.Қан тамырларының қабырғасының өткізгіштігі жоғары болуы керек. Ол базофильдердің (екі түрінің) және тромбоциттердің тамыр кеңіткіш аминдерінің, лизосомальды ферменттердің әсерінен дамиды.
Қабыну ошағында әуелі нейтрофилъдер, одан кейін макрофагтар, ақырында лимфоциттер орналасады.
IV. Гиперсезімталдық раекциясының баяу түрі (клетка арқылы жүретін немесе туберкулиндік гиперсезімталдық). Бұл гиперсезімталдықтың негізі цитотоксикалық (сенсибилизациясы бар) Т-лимфоциттің арнайы антигенмен байланысы. Т-лимфоциттен көптеген цитокиндер шығып баяу жүретін гиперсезімталдықтың клиникасын береді.
Клеткалық механизмнің жүру себептері:
І. Гуморальдык иммунитеттің нәтижесіздігінде (мысалы, микробтар клетка ішінде орналасқан - туберкулез, бруцеллез инфекциялары).
2.Антиген рөлінде бөтен клеткалар (кейбір бактериялар, қарапайымдылар, саңырауқүлақтар, клеткалар мен мүшелердің трансплантациясы) немесе антигені өзгерген өз тіндерінің клеткалары (мысалы, тері белогына кірген антиген - гаптен жанасулық дерматит дамытады). Сонымен, иммунологиялық кезеңінде организмде цитотоксикалық (сенсибилизацияға үшыраған) Т-лимфоциттері жетіледі.
Патохимиялық кезеңінде (аллергенмен қайтадан кездескенде) сенсибилизациясы бар цитотоксикалық Т-лимфоцитгері мынандай цитокиндерді шығарады:
І.Фагоцитозды белсендіретін және гранулема қүрылуына қатысатын макрофагтардың миграциясын тежейтін фактор (МТФ);
2.Эндогендік пирогендердің құрылуын белсендіретін фактор (ИЛ-1);
3.Митогендік (көбею) факторлары (ИЛ-2, ИЛ-3; ИЛ-6 және басқалар);
4.Лейкоциттердің әр түріне арнайы хемотаксистік фактор, әсіресе ИЛ-8;
5.Гранулоциттік-моноциттік колония белсендіретін факторлар;
6. Лимфотоксиндер;
7.Ісік некроз факторы (ШФ);
8.Интерферондар (альфа, бета, гамма);
Сенсибилизациясы бар Т-лимфоциттен шыққан цитокиндер моноцит-макрофаг клеткаларын белсендіріп қабыну ошағына жинайды.
Егерде лимфоциттердің әсері вирустарға немесе трансплантация агенттеріне қарсы жүрсе, Т-лимфоцштер белсеніп киллер клеткаларына айналады. Мұндай аллергиялық реакциялар кейбір инфекциялық ауруларға, трансплантатқа, кейбір аутоиммунды зақымдануға қарсы жүреді.
Сөйтіп, тіндер мен клеткалардың зақымдануы:
І. Т-лимфоциттердің тура цитотоксикалық әсерінен;
2.Т-лимфоциттердің цитотоксикалық әсері арнайы емес факторлармен де белсенеді (қабыну беретін цитокиндер, апоптоз және басқалар).
З.Белсенген моноцит-макрофаг клеткаларымен және лизосомальды ферменттер, басқадай цитотоксикалық заттармен де зақымданады.
Аллергиялық реакцияның IV - түрінде қабыну ошағында клеткалардың көбі макрофагтар, екінші орында Т-лимфоциттер, ең азы нейтрофильдер орналасады.
Гиперсезімталдықтың баяу түріне аллергиялық жанасулық дерматит, трансплантатты алшақтау реакциясы, туберкулез, алапес, бруцеллез, микоздар, қарапайымды инфекциялар, кейбір аутоиммунды аурулар жатады.
