Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс №2.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
493 Кб
Скачать
☆

3.6 Сурет.

3.6 сурет. Түрлі жұмыс қалыптарындағы жұмысшыларға қажеттілік кеңістік

3.7 суретте ткомпьютерде жұмыс істеушінің типтік орыны және жұмыс істеу қалпы көрсетілген.

3.7 сурет. Типтік жұмыс орны

Адамның жұмыс қалпының маңызды эргономикалық мәні бар. «Тұрған» жұмыс қалпы үлкен энергетьикалық шығынды қажет етеді және тез шаршауға соқтырады. Ал «отырған» жұмыс қалпы азырақ шаршатады және сондықтан тиімдірек. Жұмыс орыны ойланып ұйымдастырылғаны дұрыс, ал басқару органдары адамның денесінің салмағы оның тірек ауданы орталығына түсетіндей етіп орналасылуы қажет (3.7 сурет). Ондай болмаған жағдайда адамның дене қалпы тұрақсыз болады және бұлшық еттің елеулі күш салуын қажет етеді. Бұл адамның тірек-қимыл аппаратын ауруға соқтыруы (мысалы, омыртканың қисаюына), тез қажуға, жарақатқа келтіруі мүмкін.

3.2. Адамның жұмыс кабілеттілігі

Жұмыс қабілеттілік деп жұмыстың белгілі бір көлемін берілген бір уақытта адамның орындай алатын мүмкіндігін айтады.

Өндірістік жағдайда әр түрлі факторлардың әсерінен ауысымда жұмыс қабілеттілігі өзгеріп отырады және шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең - жұмысты бастау, мұнда шартты тітіркендіргіштер әсерінен орталық жүйке жүйесінің белсенділігі артады, зат алмасу процесі денгейі өседі, жүрек-тамыр жүйесінің қызметі күшейеді, бұл жұмыс қабілетінің артуына келтіреді. Бұл құбылыс адам ағзасының қызметі деңгейін осы жағдайда қамтамасыз ететін түрлі психофизиологиялық функциялардың іске қосылуымен, әр түрлі реттегіш процестердің жүруімен шартталады.

Екінші кезең - салыстырмалы тұрақты жұмыс қабілеті, мұның негізгі белгісі орталық, жүйке жүйесінің қызметінің үйлесімді деңгейіне байланысты. Бұл кезеңде еңбек тиімділігі айтарлықтай үлкен.

Үшінші кезең - шаршауға байланысты жұмыс қабілетінің төмендеуі.

Төртінші кезең - жұмыс қабілетінің екіншілікті артуы. Мұның негізінде жұмыс бітуінің аяқталуы және одан кейін демалыспен байланысты шартты-рефлекторлық механизм жатады. Жалпы жұмыс қабілеті жұмыс ортасының жағдайына тәуелді болады. Жағымсыз микроклимат, шу, демалатын ауада әр турлі зиянды химиялық заттардың болуы жұмыс кабілетін елеулі төмендетеді.

Жұмыскерлердің денсаулығына және ағзаның қалыпты қызметіне әсер ететін еңбектің негізгі факторлары: бірқалыпты қайталанып отыратын бұлшық ет жұмысы, жұмыс қалпын ұзақ уақыт өзгертпеу, жүйкенің және мінез-сезімнің жүктемесінің артуы. Еңбек қызметінің негізгі түрлері процесінде жоғары жүктеме асқыш жүктемеге ауысуы мүмкін. Артық жүктеменің денсаулыққа зияны үш бағытта көрініс табуы мүмкін: асқын жүктеме түрлі кәсіби ауруға соқтыруға жағдай жасайды, жүйке-психика, жүрек-тамыр және т.б. аурулардың тәуекелділігіне апарады, ескі ауруларды қоздырады. Дәл осы факторлар өндірістік жазымға келтіруге себеп болады.

Өндірісті автоматтандыру және механикаландыру нәтижесінде дене еңбегі жеңілдеді, дененің ірі бұлшық еттері қатысуын кажет ететін жұмыс үлесі азайды; қазір көбіне бұлшық еттердің шағын саны қатысады, бірақ осы шағын бұлшық ет күштері бір ауысымда жүздеген және мыңдаған санға жетеді; жүрек-тамыр жүйесі, демалу жүйесі энергошығындары азайды. Бір қызығы адамның дене еңбегі азайған сайын оның жеңіл жұмыстың өзінде де шаршауы жиілейді.

Жеткіліксіз дене жүктемесі гипокинезияға келтіруі мүмкін, ягни, еттің немесе жүйке жүйесінің ауыруына байланысты ерікті қимылдар төмендейді, демек қозғалыс күшінің азайуына байланысты қимыл нашарлайды. Интеллектілік жүктеме шамасының азаюы жадтың, еріктің, назардың, логикалық ойлаудың және басқа жоғарғы психикалық қызметтердің төмендеуіне, сондай-ақ, орталық жүйке жүйесінің жағымсыз ойысуына әкеледі. Конвейірлік, ағындық, механикалық желілердің кең қолданылуы, аса күрделі емес бірқалыпты қозғалысты талап ететін операциялардың қарапайымдалуы, бөлшектенуі еңбектің бірсарынды болуына және төмен энергия жұмсалуына соқтырады. Бірсарынды жұмыс жағдайында сергектіктің деңгейінен төмендеуі айтарлықтай ерік күшін қажет етеді, бұл қолайсыз жағдайларда жүйкені ауыртады.

Еңбек пен демалыс режімін үнемді ұйымдастыру шаршауды азайтады. Жұмыс режімдерінің және демалудың жүйелігі оның оңтайлы ұзактығын, мазмұнын, ауысымын қарастырады.

Режімдер тәуліктік, апталықтық, жылдық болуы мүмкін. Жұмыс күнінің режіміне енгізілген қысқа уақытты үзілістер тиімді болуы үшін оларды жұмысшылар шаршамай тұрып ұйымдастырған дұрыс. Үзілістер жиілігі және ұзактығы жұмыс сипатымен анықталады. Жүйкенің үлкен жүктемесінде қысқа және жиі (3-5 минут) тыныстаулар қажет. Керісінше үлкен бұлшық ет жүктемесінде үзілістер 10 минутқа дейін, бірақ онша жиі болмауы қажет. Еңбек қызметінің сипатына байланысты демалыс кезінде қызметкерлер тыныщ арнайы физикалық жаттығулар, массаж жасай алады. Еңбек өнімділігін арттырудың тиімді құралы адамның шаршағанын жоятын,көңілін көтеретін, жазым алуын азайтатын өндірістік эстетика болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]